3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042 –18-17. 17/03-2013




Скачать 439.11 Kb.
Название3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042 –18-17. 17/03-2013
страница1/4
Дата конвертации14.02.2016
Размер439.11 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/48059bfe-9a2e-11e3-8e6b-f6d299da70eeумм жап.doc
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042 –18-17. 1.17/03-2013

ПОӘК


Оқытушыға арналған

«Жазбаша аударма практикасы» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы

Басылым №1




«Жазбаша аударма практикасы» пәні бойынша

050207 «Аударма ісі» мамандығына арналған


OҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей

2013

Мазмұны

  1. Дәрістер

  2. Машықтану сабағы

  3. Студенттің өздік жұмысы



1 ДӘРІСТЕР

Дәріс 1. Аударма үрдісінің пайда болуы.

1.Жазбаша аудармаға ќойылатын талаптар.

2.Аудармадаѓы эквиваленттік деңгейлері.

3.Жазбаша аудармашының жұмысындаѓы сөздіктер мен аныќтамалардың маңыздылығы.

4.Редакторлық аударма жєне аудармалыќ құжатты рәсімдеу.



Дәріс 2. Жазбаша аудармадағы грамматикалық мәселелер.

1.Аударма кезіндегі әртүрлі факторлардың (шет тілі мен ана тілдегі грамматикалық құрылымдардың сәйкессіздігі, мәтіннің әртүрлілігі)әсерінен сөйлем құрылысының өзгеруі.

Орыс тілінде мүлдем кездеспейтін ағылшын сөйлем конструкцияларындағы екі жақты меңгеруді аудару аудармашыдан сөйлемді аудару кезінде оны түпкілікті құруға әкеліп соқтырады.Екіжақты меңгеру әр түрлі формада кездеседі.Ол етістік те, зат есім де,екі немесе одан да көп предлогтармен меңгерілген сын есім де (предлогсыз да кездеседі) бола алады.Олар әр түрлі меңгерудегі толықтауыш немесе анықтауыштағы бірыңғай мүшелер де бола алады. Төмендегі мысалдарды қарастырайық.

Not a day goes by since I’ve been alive in which I haven’t seen or heard of the most startling things… (Th. Dreiser)

Драйзер говорит о потоке изобретений на рубеже ХХ века. Поэтому нельзя перевести:

Не проходит дня с тех пор, как я живу на свете, чтобы мне не приходилась видеть или слышать о самых поразительных вещах.

Ведь после глагола видеть требуется дополнение в винительном падеже без предлога.В русском языке необходимо раздельное управление, свойственное каждому глаголу:

…чтобы мне не приходилось видеть самые поразительные вещи или слышать о них.

G.B.S. showed little concern for, and gave little credit to the working class.(W.Gallacher)

Джордж Бернард Шоу проявлял мало интереса к рабочему классу и недооценивал его значение.

Здесь потребовалась передать раздельно разнопредложное управление, свойственное английским существительным. В следующем примере разного управления требует прилагательные:

In 1888 it was again a miner, Keir Hardie, who stood for Mid-Lamark as the first Labour candidate, independent of, and opposing the Liberals.(W. Gallacher)

В 1888 году другой шахтёр, Кейр Харди, выступал как первый кандидат из рабочего класса от Мид-Ламарка не только независимо от либералов, но и противовес им.

Орыс тіліндегі меңгру аудару кезінде шешуші фактор болып табылады.

Атау септігіндегі инфинитив.

Кейбір жағдайларда мынандай сөйлемдерді аудару қиындықтар туғыздырады:He is said to know this man.-Говорят, что он знает этого человека.This man is know to be a good carpenter.-Известно, что этот человек хороший плотник.The train is understood to have arrived in time.-По имеющимся сведениям, поезд прибывал вовремя. Бұл сөйлемдерде бастауыштың рөлін «he», « this man», ғана емес сонымен қатар «he» есімдігімен бірге «to be» инфинитиві де болады. Мұндай құрылыс (you… to know, this man… to be, the train… to have arrived) атау септігіндегі инфинитив деп аталады.. Бұл оралым баяндауыш қызметіндегі пікірді, қанатты сөздерді білдіретін етістіктермен үйлеседі.Сондай-ақ бұл етістік әдетте ырықсыз формасына қойылады.Бұл оралым мынандай жағдайларда қолданады:

1.Етістік-баяндауыштың ұзақтығын көрсететін, етістік-баяндауыштың қимыл-қозғалысын сипаттау үшін қолданылады:Mr.Babbit is said to be writing a book.-Говорят, что мистер Баббит сейчас пишет книгу.

3.Етістік-баяндауыштың алдында болған оқиғаларды сипаттау үшін:Mr.Babbit is said to have been writing many books.-Говорят, что мистер Баббит все эти годы писал много книг.Бұл сөйлемді аудару барысында аудармашыда етістік-баяндауышты қалай аудару жайында сұрақ туындайды.Төменде мұндай баяндауыш ретінде қолданылатын етістіктермен оларға сәйкес аудармалардың мысалдары берілген:

To announce it is announced-объявлено, что

To believe it is believed –полагают, что

To consider it is considered-считают, что

To expect it is expected-ожидается, что

To hear it is head-имеются сведения, что

To know it is known-известно, что

To report it is reported-сообщают(имеются сообщения),что…

To say it is said-говорят, что…

To see it is seen-убедились(как убедились),что…

To state it is stated –было указано, что

To suppose it is supposed-предполагается(есть основания предполагать),что…

To think it is thought-думают(есть основания думать, считают),что…

To understand it is understood –по имеющимся сведениям(имеются сведения,что…)

To be certain it is certain-несомненно,что…

To be likeiy it is likely-вероятно,что

To be unlikely it is unlikely-мало вероятно,чтобы…

«To understand» «имеются сведения, что...» деп аударылады, яғни бұл аударманың мағынасы сенімді немесе сенімсіз ақпараттың бар болуы.Яғни мұндай құрылыста ырықсыз септігінің бар екенін ескерген жөн.

Аударманыың ең қарапайым және жеңіл түрі нөлдік аударма, бұл дегеніміз эквивалентсіз сөздерді түсіру. Бұған ағылшын тіліндегі артикльдерді аударуды жатқызуға болады. Орыс тіліне мынадай сөйлемді аударғанда мысалы « His extraordinary strong personality powerfully impressed the imagination of his contrymen», аудармашыға артикльді аудару қажет емес, себебі оның бұл сөйлемде тек грамматикалық рөлі ғана бар «Он поражал вооброжение соотечествинников беспримерной силой духа».


Дәріс 3. Аударма үрдісіндегі грамматикалық трансформациялар: 1.құрылымдардың толыќтай және жартылай өзгеруі,

2.сөз таптарының өзгеруі,

3.сөйлемдердің орналасу тәртіптерінің ауысуы.

Аударма жағынан алып қарағанда ағылшын тілі мен қазақ тілінің грамматикалық құрылымдарының айырмашылықтары аударма мәселелерінің екі категориясымен беріледі: тілдік бірліктердің грамматикалық қасиеттерінің ұқсастығы жағдайындағы аударма мәселелері және бастапқы және аударма тілдеріндегі тілдік бірліктердің грамматикалық қасиеттерінің әртүрлілігі жағдайындағы аударма мәселелері. Сонымен бірге, ерекше қиындықтар дара грамматикалық бірліктер (сөз формалары негізіндегі морфологиялық қайта құру) мен біріккен грамматикалық бірліктерді (сөз тіркесі, сөйлем және фразадан тыс бірліктер негізіндегі синтаксистік қайта құру) қайта құрумен байланысты болады.

Тілдік бірліктердің грамматикалық қасиеттері бірқатар тілдік құбылыстардан: сөз, сөз тіркестері, сөйлем формалары, элементтердің орын тәртібі, формалардың грамматикалық мағыналары, форма мен мағынаның контексттік атқаратын қызметтерінен тұрады. Аударылатын белгілі бір тілдік бірліктің ақпараттық маңыздылығын қарастырғанда, біз тек сөз және сөз тіркестерінің лексико-семантикалық мағыналарын ғана емес, сонымен бірге олардың аударма мәліметінің жеткізілу мөлшеріне біршама әсер ететін грамматикалық қасиеттеріне де ден қоямыз.

Ағылшын тілі мен қазақ тілінің грамматикалық қасиеттерінде ұқсастықтары (сын есімнің шырайлары, етістіктің шақтары, сөздердің орын тәртібінің функционалдық маңыздылығы, т.б.) мен айырмашылықтары (ағылшын тіліндегі артикль, қазақ тіліндегі септіктер, ағылшын тіліндегі герундий, қазақ тіліндегі көсемше, т.б) бар.

Сонымен қатар, грамматикалық формалар, олардың атқаратын қызметтері мен мағыналары арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтардың толық немесе толық емес болатындығын естен шығармаған жөн. Осыған сәйкес толық аударма немесе толық емес аударманың әртүрлі нұсқаларын жасауға болады. Шын мәнінде толық теңестіруге келмейтін айырмашылықтар толық ұқсастық сынды аз кездеседі. Сондықтан, ең басты аудармашының кезігетін мәселесі – біріншіден, теңестіруді қажет ететін деңгей, екіншіден, грамматикалық формаларды аудару барысындағы теңестіру сипаты.

Осы мәселені шешудің басты амалы әдетте бастапқы контекст болғанымен, кейде белгілі бір мәтін түрін грамматикалық безендіру салты сияқты әсерлерді де есепке алу керек. Мысалы, грамматикалық формалар мен құрылымдарды бір үлгіге салу талаптары, белгілі бір грамматикалық формалардың стилистикалық бекітілуі, мәтіндегі хабардың нақты не нақты айтылмауы арасындағы дәстүрлі қатынас және тағы басқалары. Осыған сәйкес, дәстүрлі түрде ағылшын мәтінінде тәуелділік есімдіктері зат есімді анықтаушы ретінде нақты түсіндірілсе, қазақ тілінде оны қолдану кейде хабардың көлемін ұлғайтып жібереді. Мәселен, «He raised his hands» – «Ол қолдарын көтерді» («Ол өзінің қолдарын көтерді» формасы көптеп кездескендігімен аудармада мәнерлілік үшін түсіп қалуы мүмкін). Осыдан келе мұндай мысалдарда ішінара немесе нөлдік аударма қолданылғаны дұрыс.

Ең басты мәселені жалпы қарастыру морфологиялық жағынан ұқсас грамматикалық формаларды аударуда толық аудармамен бірге басқа да жағдайларды қарастыруға көмектеседі. Жоғарыда айтылған нөлдік аударманы қолдану формалардың ұқсастығы негізінде дәстүрлі-функционалдық сәйкессіздік жағдайында нәтижелі келеді. Жоғарыда келтірілген мысалдардан басқа есімдік түрлерінің сәйкессіздігі жағдайында нөлдік аударманы қолдану туралы айтуға болады. Мәселен:

they say дейді, деп айтады

you see түсінесің бе

before one can say a word аузыңды ашып та үлгермейсің

say it айт.

Есімдіктерді аударудағы басқа тәсіл – ішінара аударма, яғни толық форманы емес, ішінара қызметіне сай келетін форманы қолдану. Мәселен, қазақ тіліндегі өздік есімдіктің өзіндік есімдік формасы болуы мүмкін. Осыған байланысты, толық не ішінара аударма қолданылады.

He could not break himself out of his habit of flushing.

Ол өз әдеті қызарудан арыла алмады.

He pulled himself together quickly.

Ол өз - өзін тез қолға алды.

Аудармашылар көбінесе функционалдық сәйкестік (функционалдық ауыстыру) тәсілін пайдаланады. Әсіресе, екі тілде де тура сәйкестігі бар етістіктің шақтарын аудару барысында қолданылады. Дегенмен, екі тілде олардың атқаратын қызметтері үйлеспей қалуы мүмкін. Мәселен, Ол қонақ үйге орналасады сөйлемін контексттің қосымша уақытына сәйкес түрлі әдіспен беруге болады: She will stay at a hotel (келу уақыты немесе басқа жағдайлар маңызды емес, деректің өзі берілгенде), She will be staying at a hotel (нақты уақыт контекстке байланысты) немесе She is staying at a hotel (ниет немесе келісім контекстке байланысты). Соңғы форма, шындығында қазақ тіліндегі форманың тура баламасы бола алмайды, тек оны ниет немесе келісімді білдіру үшін функционалдық жағынан ауыстырады.

Грамматикалық формаларды функционалдық қайта құру грамматикалық айырмашылықтар, бастапқы және аударма тілдерінің лексико-семантикалық ерекшеліктері және тілдік дәстүрдің айырмашылықтарына сай жасалады. Бір ғана форма кейбір контексттерде толық немесе ішінара аударма арқылы берілсе, басқа контексттер дәстүрлі түрде тілде қолданылатын функционалдық ауыстыру арқылы аударылады. Мысалы, қазақ тіліндегі кешіріңіз формасы көптеген контексттер (уақытылы жауап қайтармағанымызға кешіріңіз, келеңсіздіктер үшін кешіріңіз, алаңдатқаным үшін кешіріңіз) мен жағдаяттарда (жеке қарым-қатынас, іскерлік хаттар, ресми қарым-қатынастар) бірдей қолданылады. Ағылшын тіліне аударуда бұл форманың толық – ішінара (excuse me, excuse his manner) және функционалдық (sorry for being late, we must apologise for the delayed answer, inconveniences) баламалары табылуы мүмкін.

Әдетте функционалдық ауыстыру берілген форманың контекстте немесе жағдаятта қолданылуына сәйкес морфологиялық өзгеріс мүмкіндіктеріне негізделуі мүмкін. Мысалы:

Presumably Egypt is the oldest highly advanced civilization and is often seen as a symbol for everything ancient and secret.

Білуімізше, Египет ескі жоғары дамыған өркениет болып табылады және әдетте барша ескі мен құпияның белгісі ретінде қарастырылады.

Ауызекі тілдік контекстте толық сәйкестік болуы мүмкін (мүмкін, болжам бойынша), бірақ бастапқы контекстте (ғылыми мақала) ол қазақ тілінде мәтіннің стилистикалық айтылуын өзгертіп жіберер еді. Бұл жердегі ашық түрдегі предикативті форма (білуімізше) қазақ тілінің дәстүріне сай ғылыми стильге келеді.

Кейбір жағдайларда осы сынды немесе басқа да сыртқы түрі сәйкес келетін грамматикалық формалар аудармада атқаратын қызметінің айырмашылығы мен айтылу дәстүріне байланысты күрделі қайта құруды талап етеді. Осындай тәсілдердің қатарына грамматикалық формаларды үйлестіру, өзгерту және антонимдік аударманы жатқызуға болады.

Үйлестіру, яғни әртүрлі грамматикалық формаларға жалпы грамматикалық қасиеттерді беру тәсілі ағылшын тілінің инфинитивті құрылымдарын аударуда қолданылады. Мәселен, әдеттегі немесе қайталанатын іс-әрекетті білдіретін инфинитив қазақ тілінде формасы өзгертіліп аударылады:

He glanced up just to see a stranger on the neighbouring roof.

Ол жоғары қарап, көрші үйдің шатырынан бейтаныс біреуді көрді.

When he passed a florist’s he was very apt to drop in and order some roses for her.

Гүл сататын дүкеннің жанынан өтіп бара жатқанда, ол онда соғып және қызы үшін раушан гүлдеріне тапсырыс беріп шығуға бейім болды.

Аудармашылық өзгерту, немесе форманың морфологиялық атқаратын қызметін өзгерту әдетте хабардың элементтерінің нақтылық деңгейі немесе нақтылықтың стилистикалық жағынан сәйкес келмеуі жағдайында қолданылады. Мәселен, «as long as I live» тіркесі контекстке сай «өмірімнің соңына дейін» функционалдық баламасы арқылы немесе грамматикалық жағынан өзгерген «өмірімде» формасы арқылы берілуі мүмкін:

And, help me God, I’ll never eat spinach again as long as I live.

Және мен, Құдай қаласа, өмірімде енді шпинат жемеймін.

I’ll take care for her as long as I live.

Мен оған өмірімнің соңына дейін қамқор боламын.

Бірінші контекстте live етістігі өзінің салтанатты айтылуын сақтай отырып, мәтінге шпинат пен антты сәйкестендіре отырып ирониялық рең береді. Ал қазақ тілінде бұл стилистикалық жағынан келеңсіз болғандықтан өзгеріске ұшырайды. Екінші сөйлемдегі етістіктің қолданылуы қазақ тілі дәстүрінде «анттық, сөз берушілік» контекстке сай келеді. Сондықтан, бұл жерде толық аударманы қолданған жөн.

Бұл тәсілді қолдану бәрінен бұрын бастапқы сөздің морфологиялық өзгерісіне әкеледі. Зерттеулердің көрсетуінше, ағылшын тілінде предикативтік қатынасты жеткізуде басты орында етістіктік тәсілдің тұруы қазақ тілімен ұқсас келеді. Бірақ, кейде ол атаулы қайта құруды талап етуі мүмкін. Мәселен:

Ол фирмасын аса белгілі компаниялардың қатарына қосу үшін бар күшін салды.

He did his best to place his firm among the most notable companies.

Julia was paying no attention to what they said.

Джулия олардың айтқандарына мән бермеді.

Джулия олардың бос сөзіне көңіл аудармады.

Ағылшын тілінен немесе қазақ тілінен аударма жасау барысында ұзақ сөйлемді бөліктерге бөлу немесе жаңа ойды, тізбектелген іс-әрекеттерді өзгерту аудармашының шығармашылығына байланысты болады.

Мәселен:

Жаппай құндылықтарды жеке меншіктен кәмпескелеу жорықтары кезінде Петербургтың көптеген сарайлары өздерінің көркем өнер жинағынан айрылды.

1 As a result of the campaigns of mass confiscations of artistic values from private collections, many palaces of St. Petersburg lost their arts collections.

2 – In the course of confiscating campaigns, many palaces of Petersburg lost their arts collections as private.

Аударманың бірінші нұсқасы грамматикалық формаларды сақтай отырып, ұзарған of – формасын құрып, логикалық құрылымы жағынан бұлыңғыр болып тұрса, ал екінші нұсқада өзгеріс арқылы логикалық жағынан бірізді және дұрыс құрылған сөйлемді құрастыруға мүмкіндік тудырады.

Антонимдік аударма аудармашыға грамматикалық форма лексикалық үйлесімділік ережелеріне қарама-қарсы болып, аударма мәтінін көркемдігінен айырған кезде аударма тілінде грамматикалық құрылымды дұрыс қалыптастыруда қолданылады:

He did not have much time at his disposal.

Оның уақыты аз қалды.

  1   2   3   4

Похожие:

3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042 –18-17. 17/03-2013 icon3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042. 18-24 10/03 2013
В120100 «Ветеринариялық медицина» және «5В120200» «ветеринариялық санитария» мамандығына арналған «Зертханалық іс» пәнінен
3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042 –18-17. 17/03-2013 icon3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042–18-18 5/01-2014
Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросында
3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042 –18-17. 17/03-2013 iconМазмұны
Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 46/01-2014 поәК
3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042 –18-17. 17/03-2013 icon1 Қолданылу аясы
Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 48/01-2014 поәК
3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042 –18-17. 17/03-2013 iconБілім беру мекемелеріндегі
Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 54/02-2014 поәК
3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042 –18-17. 17/03-2013 icon1 жалпы мәлімет оқытушы және пән бойынша жалпы мәлімет
Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 66/02-2014 поәК
3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042 –18-17. 17/03-2013 icon1 жалпы мәлімет оқытушы және пән бойынша жалпы мәлімет
Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 66/02-2014 поәК
3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042 –18-17. 17/03-2013 icon«музыкалық білім» кафедрасы құжат смк 3 уровня поәК поәК 042-18 32/02-2013 поәК
Музыкалық білім беру тарихы – музыканы оқытудың теориясы мен әдістемесінің мәселелерін тарихи аспектіде қарастырытын пән
3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042 –18-17. 17/03-2013 icon«музыкалық білім» кафедрасы құжат смк 3 уровня поәК поәК 042-18 32/02-2013 поәК
«Вокалдық музыка» – (вокале-дауыс деген сөз). Музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға арналып жазылған...
3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042 –18-17. 17/03-2013 icon3 деңгейлі смж құжаты
«08» 05. 2015ж. Ахмерова Н. М «Аударма теориясы мен практикасы» кафедрасының аға оқытушысы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница