Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі




НазваниеКурсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі
страница9/11
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.33 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://repository.kaznmu.kz/13086/1/менеджмент-делопроизв.-2013.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтінді оқып аударыңыз.

Өтініш – азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, жазбаша түрде баяндалатын, өтіну, сұрау туралы ресми құжат.

Өтініш жазылатын негізгі жағдайлар төмендегідей:

  • жұмысқа қабылдау

  • жұмыстан босату

  • басқа жұмысқа ауыстыру

  • кезекті демалыс сұрау

  • кезектен тыс демалыс сұрау

  • материалдық көмек (пәтер бөлу), балабақшадан орын бөлу және т.б. туралы сұрау

  • жалақыны көтеру туралы өтініш айту және т.б.

Арыз. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды адамдардың аттарына хабарламалар (обращение) жібереді. Хабарламалар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Хабарламада аты-жөні көрсетілген лауазымды адам немесе мемлекеттік өкімет пен басқару органының басшысы хабарламаны дер кезінде карауға, ол жөнінде тиісті шешім қабылдауға және белгіленген мерзімде нақты жауабын беруге міндетті.

Хабарламаның үш түрі бар: арыз, өтініш және ұсыныс. Олар мазмұны жағынан әртүрлі болып келеді: мысалы, өтініште азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын хабарлама жасалады. Жеке адам өзіне берілген құқықтарды пайдалану үшін өтініш жазады, сонымен қатар өзі жұмыс істейтін ұжымдарда, мекемелерде, өзі тұратын тұрғын үйлерде, мемлекеттік органдар қызметінде байқалған кемшіліктерді атап жазады.

Арызда - азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке құқықтары мен мүдделерінің бұзылу фактісі туралы хабарлама жасалып, оны қалпына келтіру туралы талап-тілек айтылады, хабарлама жасаушының ойынша іс-қимылы дұрыс жүргізілмейтіндіктен өзінің құқықтары мен мүдделерін бұзып отырған мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың атына сын айтылады.

Ұсыныс — белгілі бір мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің жұмысын жақсартуға жетілдіруге назар аударатын, осыған байланысты қойылған міндеттердің шешудің жолдары ұсынылатын хабарлама түрі.

Хабарламаның барлық түрі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың кеңсесінде тіркеуден өтеді. Арнайы тіркеу карточкасы, аннотациялык парақ толтырылады.


сөздік

заявление-өтініш

прошу -сұраймын

проживающий -тұратын

прилагается-тіркелген


  1. Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз :

  1. Өтініш дегеніміз не?

  2. Өтініш жаза аласыз ба?

  3. Өкімдер құжаттың қай түріне жатады ?

  4. Өкімдерді кім шығарады?


2-тапсырма. Аударыңыз.

Қарсы емеспін, қарсымын, келісемін, қайта қараймын, өтінемін, мүмкіндік болса, өкінішке орай, қамтамасыз ету, мырза, ханым, мақұл, қажет, рұқсат етуіңізді сұраймын.


3-тапсырма. Қазақ тіліне аударып, сөйлем құраңыз

Заявление, Прошу Вас, прошу дать разрешение, начиная с этого года, начиная с понедельника, начиная со следующей недели.


Сөйлемдерді оқыңыз

Бөлім бастығы бізді қабылдамады, өтінішімізді қарамады. Декан өтінішке қол қоймады. Берілген тапсырма орындалмады. Бір жылға акдемиялық демалыс алдым.

Отбасымның жағдайына байланысты. Жіберуіңізді өтінемін. Мен кеше демалысқа шықтым.


Операционалды – дағды компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Қазақ тіліне аударып, осы үлгі бойынша өтініш жазыңыз.


Начальнику Департамента

господину Аскарову К.Л.

от заместителя начальника

общего одела Арыстанова А.А.


ЗАЯВЛЕНИЕ

В связи с семейными обстоятельствами прошу Вас разрешить внеочередной отпуск с 25 марта по 12 апреля 2009 года.

Пожалуйста, рассмотрите мое заявление и дайте удовлетворительный ответ.


Коммуникативті компетенция бойынша

2-тапсырма. Университет ректорының және факультет деканының атына өтініш жазыңыз.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы.

3-тапсырма. Өтініштің үлгісіне қарап жаңа өтініш жазыңыз.


Жұмысқа қабылдау туралы

__________қаласы(______ауданының)

Әкімі __________________(аты – жөні)

________________________________ мекен-жайында тұратын

________________________ (аты – жөні)



ӨТІНІШ

Мені_______________________________айлығымен штаттық кестеге сәйкес «____»_______________200___ж. бастап_________________________________­­­­­­­­­­­


лауазымына қызметке алуыңызды сұраймын


«____»___________200___ж. _______________(қолы)


2-тапсырма. Ситуациялық тапсырма.

Сіз факультет деканысыз. Қандай да бір мәселелерді шешу үшін өкім үлгісіне сүйеніп өз нұсқаңызды жазыңыз.


Мекеменің, ұйымның атауы

(қазақ тілінде)

Мемлекеттік елтаңбаның немесе диаметрі 20 мм-ден аспайтын фирмалық белгінің орны

Ведомстваның, мекеменің, ұйымның атауы

(орыс тілінде)










00.00.00.№ ­­________

____________ қаласы





______№ _______

г. _____________

Шығарылған орны

(қазақ тілінде)




Шығарылған орны

(орыс тілінде)










__________________

Не туралы екендігі








________________________________________________ өкім шығарады


___________________________________________________


____________________________________________________ міндеттеймін


____________________________________________________

____________________________________________________ белгілеймін

Негіздеме ___________________________________________

Мекеменің басшысы _______________ ___________________

(қолы) (аты-жөні)



  1. Пайдаланған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет: Ә.Ж.Хазимова Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу: Оқу құралы. Алматы: 2010ж. 57-81 бет.

Қосымша әдебиет: А.Құрманов, С.Құлманов. Ресми – іскери тіл (Официально – деловой язык) Алматы 2007 ж.


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


10 тақырып: Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы. Сауалнама.


2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.


Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

  1. Тақырыбы: Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы. Сауалнама.




  1. Мақсаты: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге байланысты білімін тереңдетіп,

бағыт беру



  1. Міндеті:

  1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кадрлар жөнінде жеке іс парағы туралы толық мәлімет беріп, бағыт-бағдар беру.

  2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша іс қағаздарын дұрыс толтыруға дағдыландыру.

  3. Коммуникативті компетенция бойынша іс қағаздарымен дұрыс жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

  4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бақылау жұмысы мен жаттығулар арқылы білімін жетілдіру.

  1. Негізгі ұғымдар: Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы. Сауалнама.




  1. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты)

Ұйымдастыру барысы – 5 минут

Үй тапсырмасын сұрау – 20 минут

Жаңа тақырып – 20 минут

Жаңа сабақ бекіту – 5 минут

Мәтінмен жұмыс – 25 минут

Бақылау жұмыстары – 15 минут

Үй тапсырмасын беру – 5 минут

Студенттің білімін бағалау – 5 минут


  1. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: Іс қағаздарының үлгісімен жұмыс, аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, жаттығу жұмысы.




  1. Көрнекі құралдар: Құжат үлгілері, кесте, үлестірмелі карточкалар.




  1. Тапсырмалар:

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы дегеніміз не?

  2. Сауалнаманы толтыра аласыз ба?




  1. Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Кадрлар жөніндегі жеке іс парағының құрылымдық негізін атап беріңіз.

Операционалды – дағды компетенциясы бойынша


2-тапсырма. Өзіңіздің кадрлар жөніндегі жеке іс парағыңызды толтырыңыз

1. Аты – жөні___________________________________________________

2. Туған жылы, айы, күні__________________________________________

3. Туған жері____________________________________________________

4. Ұлты_________________________________________________________

5. Әлеуметтік жағдайы____________________________________________

6. Білімі және мамандығы, қашан және қандай жоғары оқу орнын бітірді

________________________________________________________________

________________________________________________________________

7. Ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы _____________________________

8. Ғылыми еңбектері мен өнертабыстары_____________________________

________________________________________________________________

9. Қандай шетел тілдерін білесіз және қандай дәрежеде?________________

________________________________________________________________

10. Шетелде болдыңыз ба, қай жерде және қашан?_____________________

________________________________________________________________

11. Еңбек қызметіңізден басталуы


Коммуникативті компетенция бойынша

1-тапсырма. Аударып, жауап беріңіз

Чем увлекаетесь в свободное время?

Какие свойства больше всего цените в людях?

Какие основные достоинства (недостатки) выделяете в себе?

Какую должность хотели бы занимать на новом месте работы?

Что Вам больше нравится: работа с людьми или техническая работа с документацией?

Какими иностранными языками владейете?


Өзін-өзі дамыту компетенциясы

1-тапсырма. Сөздермен сөйлем құрыңыз.

Қасиет, еңбек, мінез, қызмет, ұжым, ұнау, табыс


2-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңыздар.

Мекеменің басшысы, жұмыстан босату, кәсіпкер, тағайындау, бақылау, лауазымды тұлғалар, мәселелер, ұйым, өнеркәсіп, бас маман, кадр жұмыстары.


3-тапсырма. Кадрлар жөніндегі жеке іс парағында келтірілген сұрақтарға қай жауапты таңдайсыз?


Білімі

жоғары білімді

орта білімді

аяқталмаған жоғары білімді білімі жоқ

Әскери қызметке қатысы

әскери міндетті

запастағы (лейтенат т.б.)

әскери міндетті емес

Отбасы жағдайы

отбасым бар

үйленген/үйленбегент

тұрмысқа шықан/ тұрмысқа шықпаған

ажырасқан

Әлеуметтік жағдайы

жұмысшы

қызметші

Азаматтығы

Қазақстан Республикасының азаматтығы

қосазаматтығы бар

азаматтығы жоқ




  1. Пайдаланған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет: Ә.Ж.Хазимова Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу: Оқу құралы. Алматы: 2010ж. 57-81 бет.


Қосымша әдебиет: А.Құрманов, С.Құлманов. Ресми – іскери тіл (Официально – деловой язык) Алматы 2007 ж.


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


11 тақырып: Мінездеме, түйіндеме, өмірбаян.


2012ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.


Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

  1. Тақырыбы: Мінездеме, түйіндеме, өмірбаян.




  1. Мақсаты: Біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, үйрену.




  1. Міндеті:

  1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша мінездеме, түйіндеме, өмірбаян туралы түсінік бере отырып білімін арттыру.

  2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша құжаттарды сауатты, тыңғылықты, тапсырманы жедел орындауға, машықтандыру.

  3. Коммуникативті компетенция бойынша сұраққа жауап беру арқылы ойын дамыту.

  4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы әр түрлі ойындар, тапсырмалар, жаттығулар арқылы жеке адам өміріне қатысты құжаттардың маңыздылығын жете түсіндіру. Оларды дұрыс құрастыруға дағдыландыру.




  1. Негізгі ұғымдар: Мінездеме, түйіндеме, өмірбаян




  1. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты)

Ұйымдастыру барысы – 5 минут

Үй тапсырмасын сұрау – 20 минут

Жаңа тақырып – 20 минут

Жаңа сабақ бекіту – 5 минут

Мәтінмен жұмыс – 25 минут

Бақылау жұмыстары – 15 минут

Үй тапсырмасын беру – 5 минут

Студенттің білімін бағалау – 5 минут


  1. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, жаттығу жұмысы.




  1. Көрнекі құралдар: Құжат үлгілері, кесте, үлестірмелі карточкалар.




  1. Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Түйіндеме. (Резюме)

Резюме француз тілінен алынған термин. “Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді.

Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.

Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында бірден ұғатындай болу керек Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Мәселен, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттеріңіз жазылуы керек. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі.

Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.

Түйіндеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

- аты-жөні;

- туған жылы, күні, айы, туған жері;

- ұлты;

- жынысы;

- мекен-жайы, телефоны;

- отбасы жағдайы;

- азаматтығы;

- білімі;

- бітірген оқу орындары;

- кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі;

- тілдік дағдылары;

- компьютерлік сауаттылығы;

- жеке қасиеттері (жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас т.б.)

- қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т.б.) туралы мәлімет, қосымша ақпараттар (мақтау грамоталары, сертификаттар, наградалар, патенттер т.б.)

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconКурсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі
Жоғары оқу орнының атауы: С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconКурсы Оқу сағатының көлемі
Маќсаты: студенттерді жалпы нозологияның негізгі түсініктерімен, аурудың маңызы туралы қазіргі көзқарастармен және аурулардың алдын...
Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconКурсы Оқу сағатының көлемі
Маќсаты: Сыртқы ортаның әсерінен, аурудың ағымы мен ауырлығы айқындалатын организмнің ауыру немесе ауырмауы шешілетін, организмнің...
Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconОқу сағатының көлемі 90/2

Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі icon5В110300 «Фармация» мамандығы үшін (оқу түрі) Оқу сағатының көлемі (кредиттер*) 90 с. (2 кредит) II курс
Кафедра меңгерушісі: Ахметова Сауле Балтабаевна – м.ғ. к., доцент, микробиология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, педагогикалық...
Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconПән коды: 5В 130100 Мамандық: жалпы медицина Сабақ уақытының көлемі 135 Курс 5 оқу семестрі IX

Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconОқу сағаттың көлемі: 162 Курс және оқу семестрі
...
Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі icon5В110300 «Фармация» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 (2 кредит) курс
Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл
Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconКурсы және оқу семестрі 4 курс, 7,8 семестрлар Семей 2013

Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconКурсы және оқу семестрі: 3 курс, 6 сместр Семей 2014

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница