Скачать 1.33 Mb.
|
Қосымша әдебиет: А.Құрманов, С.Құлманов. Ресми – іскери тіл (Официально – деловой язык) Алматы 2007 ж. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР №6 тақырып: Хаттама 2012ж. Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды №____хаттама «_____»___________20____ ж. Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
Ұйымдастыру барысы – 5 минут Үй тапсырмасын сұрау – 20 минут Жаңа тақырып – 20 минут Жаңа сабақ бекіту – 5 минут Мәтінмен жұмыс – 25 минут Бақылау жұмыстары – 15 минут Үй тапсырмасын беру – 5 минут Студенттің білімін бағалау – 5 минут
1 – тапсырма. Мәтінді аударыңыз. Хаттама Хаттама – жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім кабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. Толтырудың тәсілі мен көлемі жағынан хаттамалар стенография, фонография, конспект түрінде және сөйлеген сөздердің мазмұны жазылмаған ықшамды түрде болып келуі мүмкін. Қысқа хаттамаларда күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні, сөйлеген сөздердің тақырыбы және кабылданған шешімдер көрсетіледі. Сөйлеген сөздердің толық мәтіні келтірілмейді. Толық хаттамаларда сөйлеген сөздердің барлығы көрсетіледі. Хаттаманың толықтық дәрежесін жиналыстың өзі айқындайды. Бұл жағдайда құжаттың заңдылық жарамдылығын қамтамасыз ету қажет. Құжаттың заңдылық жарамдылығы барлық қажетті деректермен, олардың дұрыс толтырылуымен және хаттамадағы мәліметтердің шындыққа сәйкестігімен анықталады. Мысалы, жиналысқа катысушылардың санының көрсетілуі маңызды, ол қабылданған шешімнің жеткілікті дауыспен қамтамасыз етілгенін көрсетеді. Хаттаманың деректемелері: мекеменің атауы; құжаттың атауы; мәжілістің өткен күні; индексі (нөмірі); мәжіліс өткен орын; бекіту грифі (егер қажет болса); тақырыбы (жиналыстың, алқалық органның атауы); мәтін. Мәтіннің кіріспе бөлігінде катысушылардың құрамы, күн тәртібі; негізгі бөлігінде тыңдалған мәселе, сөйлеген сөздер және қабылданған қаулы көрсетіледі. Құжаттың соңында төраға мен хатшының қолы қойылады. Сөздік хаттама - протокол мәжіліс, отырыс - заседание жиналыс - собрание төраға - председатель хатшы - секретаръ тізім - список күн тәртібі - повестка дня баяндама - доклад қысқаша жазба - краткая запись есеп -отчет құжат - документ міндет - задача мәселе - проблема, вопрос, задача ұсыныс - предложение бірауыздан - единогласно қатысу - участвовать, присутствовать сөйлеу - выступать тыңдау - слушать қаулы қабылдау - постановить қабылданған қаулы - постановление мақұлдау - одобрить бекіту - утвердить қосымша беру - прилагать қосымша беріліп отыр - прилагается ұсыну - предлогать енгізу - внести мекеме - учреждение корытындылау - подытожить, заключить 2 – тапсырма. Мәтінге қатысты сөздердің аудармасын жаттап алыңыз
Когнитивті – білім компетенциясы бойынша
Операционалды – дағды компетенциясы бойынша 1 – тапсырма. Үлгі бойынша жаңа хаттама үлгісін жасаңыз. ХАТТАМА Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитет пен «ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС-нің жыл сайын 28 сәуірде атап өтілетін – Еңбекті қорғаудың Халықаралық күніне арналған Қазақстан жұмыс берушілерінің арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөнінде конкурс өткізу турасындағы кеңесі. Астана қаласы 2011 жылғы 4 наурыз Төрағалық етуші: Комитет төрағасы - С.Ғ.Бисақаев Қатысқандар: «ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС-нің бас директоры – Б.А.Әшірова, «Қазақстанда еңбекті қорғау» журналының редакторы – Р.Ж.Еділов, Комитет төрағасының орынбасары – Т.К.Оспанқұлов, бас сарапшы, заңгер – Н.А.Тілеуов. Күн тәртібінде
ТЫҢДАЛДЫ: Бірінші мәселе бойынша Комимтет төрағасы – С.Ғ.Бисақаев сөз сөйледі, ол жыл сайын 28 сәуірде атап өтілетін Еңбекті қорғаудың Халықаралық күніне арналған Қазақстан жұмыс берушілерінің арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша конкурс өткізу жөнінде Комитет пен «ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою туралы ұсыныс жасады. Ұсыныс кеңеске қатысушылар тарапынан қолдау тапты. Екінші мәселе бойынша «ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС-нің бас директоры - Б.А.Әшірова сөз сөйледі. Ол кеңеске қатысушылардың назарына конкурс жеңімпаздары атағын беретін комиссия туралы Ережені, конкурсты өткізу жөніндегі Ережелерді, Қазақстан жұмыс берушілері арасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша конкурсқа қатысушылар толтыратын Сауалнаманы ұсынды, әзірленген жобалардың бәрі мақұлданды. Кеңеске қатысушылардың сөздерін тыңдай отырып, мынадай шешім қабылданды:
«ХҚЭДО-Қазақстан» ЖШС:
Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитет:
Төраға С.Бисақаев Хаттаманы ресімдеген: Н.Тілеуов Коммуникативті компетенция бойынша бақылау жұмысы: Төмендегі үлгіні аяқтаңыз. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы кіреберіс темір жолдарындағы бағыт ауыстырғыштарын және түсіргіш үштіктерін орталықтан электрлендіруді қайта құру» құрылысы аяқталмаған нысанды консервациялау жұмыстары бойынша конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі 5, 3 қабат, 301 бөлме.07.08.2012 жыл. Сағат 11.00 Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия : Конкурстық комиссия төрағасы Ж. Мелдешов, Комиссия мүшелері : Х. Райымбеков, А. Ибадуллаева, Конкурстық комиссия хатшысы А. Қапанов «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы кіреберіс темір жолдарындағы бағыт ауыстырғыштарын және түсіргіш үштіктерін орталықтан электрлендіруді қайта құру» құрылысы аяқталмаған нысанды консервациялау жұмыстары бойынша конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қарады. Конкурсқа қатысуға өтінімдерде ұсынылған жұмыстардың техникалық ерекшелікке сәйкестігі жөнінде қорытындыларды берген сарапшыларды тарту туралы ақпарат: сарапшылар тартылған жоқ. Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін белгіленген мерзімде өтінім берген мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімі : «ЖолЭнергоҚұрылыс» ЖШС, Шымкент қ., Аль-Фараби ауданы. Самал- м/а. 565. Ашылды және конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу кезінде барлық қатысушыларға таныстырылған мыналарды қамтиды: «ЖолЭнергоҚұрылыс» ЖШС: Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тапсырма: Белгілі бір мекеменің қызметін басшылыққа алып, екі топқа бөлініп, мәжіліс өткізіп, хаттаманың түрлеріне өз үлгілеріңізді құрастырыңыздар.
Негізгі әдебиет: Ә.Ж.Хазимова Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу: Оқу құралы. Алматы: 2010ж. 57-81 бет. Қосымша әдебиет: А.Құрманов, С.Құлманов. Ресми – іскери тіл (Официально – деловой язык) Алматы 2007 ж. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР №7 тақырып: Азаматтық қатынастар жөніндегі құжаттар. Аралық бақылау 2012ж. Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды №____хаттама «_____»___________20____ ж. Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
Ұйымдастыру барысы – 5 минут Үй тапсырмасын сұрау – 20 минут Жаңа тақырып – 20 минут Жаңа сабақ бекіту – 5 минут Мәтінмен жұмыс – 25 минут Бақылау жұмыстары – 15 минут Үй тапсырмасын беру – 5 минут Студенттің білімін бағалау – 5 минут
1 – тапсырма. Мәтінді аударыңыз. Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар. ҚОЛХАТ, СЕНІМХАТ, КЕПІЛХАТ – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алыс-берісін куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Құжаттың бұл түрлері міндетті түрде мөрмен бекітіліп, құқықтық сипатқа ие болады. ҚОЛХАТ - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады. Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі: - құжаттың аты; - қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); - қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); - алынған заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі); - қайтарылатын нақты уақыты; - қайтара алмаған жағдайдағы шарты; - қолхат жазылған күн; - тараптардың қолы; - мекеме мөрі. Сенімхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі : -құжат атауы; - күні, айы, жылы, мекен-жайы ; - сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); -сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); - алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі); - қайтарылатын нақты уақыты; - қайтара алмаған жағдайдағы шарты; - нотариалдық мекеме мөрі. Сенімхат берілетін жағдайлар: Сенімхат кез-келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы алу үшін, сондай-ақ заттай корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт құралдарын иемдену, мұрагерлік құқық туралы куәлік алу үшін т. б. толып жатқан жағдайларда беріледі. Сенімхат 1 дана болып дайындалады Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы - 3 ай. Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы - 3 жыл. Жарамдылық мерзімі жазбаша жазылуы керек. Сөздік: қолхат- расписка азамат- гражданин мерзім-срок кепілақы- задаток қарыз- долг ақша- деньги уәде- обещание қайтарып беру- вернуть, возвращать алу-брать кабылдап алу- принять уақытында-вовремя кепіл ақы- задаток Сенімхат - доверенность жеке куәлік - удостоверение личности жалақы- зарплата мөр - печатъ Қол -подпись Сену -верить сеніп тапсыру- доверять беру - давать , выдавать куәландыру - удостоверять алу - получать қою, басу- поставить
І – нұсқа Когнитивті – білім компетенциясы бойынша 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Азаматтық қатынастар жөніндегі құжаттар туралы білесіз бе? 2. Қолхат, сенімхат, кепілхат дегеніміз не? 1. Ескерту. Шарт (договор) – тараптар арасында олардың құқықтары мен міндеттерін белгілеуін, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін ресми құжат. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша 1-тапсырма. Аударып, сөйлем құраңыз Келісу, келісім, келісімшарт, үлестеме, табысты, үлестестік, қадағалау, салымға беру, үйлестіру, ұлғайту, куәландыру, құқығы жоқ, тіркелген. Коммуникативті компетенция бойынша 1-тапсырма Бір – біріңізге сұрақ қойып жауап беріңіз Как надо составлять договор купли-продажи квартиры? Какие существуют виды акции? Можешь ли ты составить договор на аренду квартиры? Өзін-өзі дамыту компетенциясы Жазып алыңыз, еске сақтаңыз. Бір жылға бекітіледі – устанавливается на один год Шектеусіз мерзімге бекітіледі - устанавливается на неограниченный срок Аударым арқылы – путем перевода Осы шартты бұзуға құқылы – вправе расторгнуть настоящий договор Осы шарттың әрекетін тоқтатуға құқылы – вправе остановит действие настоящего договора Өсімпұл – пеня Айыппұл - штраф |
![]() | Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі Жоғары оқу орнының атауы: С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті | ![]() | Курсы Оқу сағатының көлемі Маќсаты: студенттерді жалпы нозологияның негізгі түсініктерімен, аурудың маңызы туралы қазіргі көзқарастармен және аурулардың алдын... |
![]() | Курсы Оқу сағатының көлемі Маќсаты: Сыртқы ортаның әсерінен, аурудың ағымы мен ауырлығы айқындалатын организмнің ауыру немесе ауырмауы шешілетін, организмнің... | ![]() | Оқу сағатының көлемі 90/2 |
![]() | 5В110300 «Фармация» мамандығы үшін (оқу түрі) Оқу сағатының көлемі (кредиттер*) 90 с. (2 кредит) II курс Кафедра меңгерушісі: Ахметова Сауле Балтабаевна – м.ғ. к., доцент, микробиология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, педагогикалық... | ![]() | Пән коды: 5В 130100 Мамандық: жалпы медицина Сабақ уақытының көлемі 135 Курс 5 оқу семестрі IX |
![]() | Оқу сағаттың көлемі: 162 Курс және оқу семестрі ... | ![]() | 5В110300 «Фармация» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 (2 кредит) курс Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл |
![]() | Курсы және оқу семестрі 4 курс, 7,8 семестрлар Семей 2013 | ![]() | Курсы және оқу семестрі: 3 курс, 6 сместр Семей 2014 |