Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі




НазваниеКурсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі
страница5/11
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.33 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://repository.kaznmu.kz/13086/1/менеджмент-делопроизв.-2013.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


2 тақырып: Іс-қағаздары және олардың түрлері.


2012ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.


Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай



  1. Тақырыбы: Іс-қағаздары және олардың түрлері.

  2. Мақсаты: Іс-қағаздары туралы толық мағлұмат беру, оның түрлерімен таныстыру, үлгісін көрсете отырып, практикалық жолмен түсіндіру, әр түрлі тапсырмалар арқылы іс-қағаздарының ерекшелігін білуге үйрету.

  3. Міндеті:

  1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша іс-қағаздарының түрлері, қызметтері, сипаттары туралы мәлімет беру.

  2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша құжаттау үрдісінің элементтерін (құжаттарды дайындау, құжаттарды жолдау, тіркеу, сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу, құжаттарды қолдануға дайындау, құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау, құжаттарды мұрағат қорына дайындау) меңгерту.

  3. Коммуникативті компетенция бойынша тілдің қолданылу заңдылықтарын, тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын игерту.

  4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша өмірде ең жиі қолданылатын құжаттардың заңдылықтарын меңгеріп, күнделікті күнделікті өмірге қолдануға дағдыланыру.

  1. Негізгі ұғымдар:

Іс-қағаздарының түрлері, қызметтері, сипаттары, құжаттарды дайындау, құжаттарды жолдау, тіркеу, сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу, құжаттарды қолдануға дайындау, құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау, құжаттарды мұрағат қорына дайындау.

  1. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты)

  1. Ұйымдастыру барысы – 5 минут

  2. Үй тапсырмасын сұрау – 20 минут

  3. Жаңа тақырып – 20 минут

  4. Жаңа сабақ бекіту – 5 минут

  5. Мәтінмен жұмыс – 25 минут

  6. Бақылау жұмыстары – 15 минут

  7. Үй тапсырмасын беру – 5 минут

  8. Студенттің білімін бағалау – 5 минут

  1. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, аударма жұмысын жасату, жаттығу жұмысы.

  2. Көрнекі құралдар: кесте, үлестірмелі карточкалар.

  3. Тапсырмалар:


Ресми іс-қағаздар стилі





Мақсаты

Қолданылу аясы

Стильдік сипаты

Тілдік амал-тәсілдері

Хабарлау, ақпарат, анық мәлімет беру

Іс-қағаздар, нұсқау хаттар

мен кеңсе және қызмет құжаттарында

Ресми, ақпарат- тық, есептік,

дәл, нақты

Кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер



Стильдің бұл түрі – құқықтық қарым-қатынас, әкімшілік саласында, кеңсе қызметінде

қолданылады. Іс-қағаздары қолданылу аясына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Арнайы орындарда (мекеме, пошта, банктерде, қызметке орналастыру бөлімдерінде) алдын ала дайындалған үлгілері де болады.


1-тапсырма. Үлгіні пайдалана отырып, (кеш, кездесу, конференция т.б.) өткізуге рұқсат сұрап өтініш жазыңыздар

ӨТІНІШ

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Тәрбие ісінің меңгерушісі _______________ А.Асылбеков


Мектеп директоры _______________ А.Бейбітқызы


ЖЕДЕЛХАТ

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Мекеме әкімшілігі

Мекеме бастығы

ТҮСІНІКТЕМЕ

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


10.03.2008ж. С.Досымбеков


2-тапсырма. Мәтінмен танысқан соң, Қазақстан Республикасындағы өзге ұлт тілдері туралы ой өрбітіңіз.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілде, ал ұлт топтары жинақы тұратын жерлерде солардың тілдерінде жұмыс істейтін мектепке дейін балалар мекемелерін құру қамтамасыз етіледі.

Балалар үйлерінде және оларға теңестірілген ұйымдарда оқыту, тәрбие беру ісімен жергілікті атқарушы органдар олардағы балалардың ұлттық құрамын ескере отырып белгілейді.

Қазақстан Республикасы орта, арнаулы орта және жоғары білімді мемлекеттік тілде, орыс тілінде, ал қажетіне қарай және мүмкіндігі болған жағдайда басқа да тілдерде алуды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік де, мемлекеттік емес оқу орындарында мемлекеттік тіл мен орыс тілі міндетті оқу пәні енгізілетін пәндер тізбесіне кіреді.

(Тіл – білім беру саласында. ІІІ тарау, 16-бап)

  1. Бақылау жұмыстары.

  1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Тақырып бойынша негізгі сұрақтарға жауап беріңіз.

Іс-қағаздары қай стиль түріне жатады?

Іс-қағаздары қандай құжаттар?

Іс-қағаздарының қандай түрлерін білесіздер?

Іс-қағаздары не үшін қажет?

Іс-қағаздарының қандай айырмашылығы бар?

  1. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша


1-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

Ресми іс қағаздар стилі

Стиль – латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «жазу мәнері» дегенді білдіреді.

Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көздейді.

Қазақ әдеби тіл стильдері:

  1. ауызекі сөйлеу стилі

  2. көркем-әдебиет стилі

  3. публицистикалық стиль

  4. ресми іс қағаздар стилі

  5. ғылыми стиль

Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда акт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.

Қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс тілінің ықпалымен жасалған : қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау.

Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б.

Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда – клиент, ауруханада – науқас, санаторииде – демалушы, тынығушы, транспортта – жолаушы т.б. болып табылады.

Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері болады.


  1. Коммуникативті компетенция бойынша

1-тапсырма. Үш топқа бөлініп, өткен жиынның хаттамасын жазып, нұсқаларды салыстырып талқылаңдар.

  1. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша

Тест сұрақтарына жауап беріңіз:

1. Автордың өзі туралы жазатын құжатты____________дейді

а) мінездеме

ә) сенімхат

б) өтініш

в)+өмірбаян

2. Сенімхаттың мәтіні_____________оқылды.

а) дауысты

ә) +дауыстап

б) қазақша

в) орысша

3.Өтініш жазылатын мекеменің толық аты ____________жазылады.

а) сол жақ бұрышқа

ә) +оң жақ бұрышқа

б) ортаға

в) соңына

4. Өз_____________жұмыстан босатуыңызды сұраймын

а) қалауыммен

ә) ойыммен

б) шешіміммен

в) +еркіммен

5.Отбасы__________________байланысты.

а) шартына

ә) +жағдайына

б) қаулысына

в) демалыс

6. Кандидатты жұмысқа қабылдай алмайтыныңыз туралы хабарлағанда, қандай коммуникативтік репликаны қолданар едіңіз?

а) нақты айтқанда

ә) +өкінішке орай

б) демекші

в) таңғаларлық

7. Өтініш қаралып, бекітілгенен кейінгі ... табылады?

а) ештеңе болып

ә) ескерту болып

б) +құжат болып

в) қосымша болып

8. Бұйрықта етістік қалай беріледі?

а) босату

ә) +тағайындалсын

б) қабылдайды

в) тыйым салыңыз

9. «Мамандық» ұғымына сәйкес келетін сөздерді белгілеңіз.

а) даңғыл, көше

ә) орналасқан, түскен

б) баспа, әкімшілік

в) +дәрігер, мұғалім

10. Бұйрық - ____________құжат.

а) өкім

ә) +өкімдік

б) өкілетті

в) кімдік


Пайдаланған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет: С.Қ.Суатай Іс қағаздарымен жұмыс: Оқу құралы. – Алматы: «Елтаным баспасы». – 2010ж. 10-14 бет.


Қосымша әдебиет:

А.Құрманов, С.Құлманов. Ресми іскери тіл. Алматы 2007ж.

А.А.Қасымбек. Қазақ тілі. Астана 2009ж


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


3 тақырып: Ақпараттық - анықтамалық құжаттар. Анықтама, жұмыс істейтіндігі туралы, мәлімет


2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.


Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай



  1. Тақырыбы: Ақпараттық - анықтамалық құжаттар.

  2. Мақсаты: Ақпараттық-анықтамалық құжаттар туралы айту. Жеке құжаттар түрлері туралы түсінік беру, үлгісін көрсете отырып, практикалық жолмен түсіндіру.

  3. Міндеті:

  1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша жеке құжаттар түрлері туралы түсінік беру.

  2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша іс қағаздарының мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші екенін ашып көрсету.

  3. Коммуникативті компетенция бойынша тапсырмалар арқылы ұйымдастырушылық, тілдік белгілерді дұрыс қолдану икемділігін қалыптастыру.

  4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша құжаттардың заңдылықтарын меңгеріп, күнделікті күнделікті өмірге қолдануға дағдыланыру.

  1. Негізгі ұғымдар:

Ақпараттық-анықтамалық құжаттарға: анықтамалар, баянхаттар, түсініктемелер, актілер, хаттар туралы түсінік.

  1. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты)

Ұйымдастыру барысы – 5 минут

Үй тапсырмасын сұрау – 20 минут

Жаңа тақырып – 20 минут

Жаңа сабақ бекіту – 5 минут

Мәтінмен жұмыс – 25 минут

Бақылау жұмыстары – 15 минут

Үй тапсырмасын беру – 5 минут

Студенттің білімін бағалау – 5 минут

  1. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, жаттығу жұмысы.

  2. Көрнекі құралдар: кесте, үлестірмелі карточкалар.

  3. Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Мекемелер дайындайтын құжатттардың көп бөлігі ақпараттық-анықтамалық құжаттар болып табылады. Бұл құжаттар нақты істер туралы ақпараттардан тұрып, шешімдер қабылдау және бұйрық сипатындағы құжаттарды дайындауға негіз болады.

Ақпараттық-анықтамалық құжаттарға анықтамалар, баянхаттар немесе түсініктемелер, актілер, әртүрлі хаттар және т,б, жатады. Олар ұйымдастырушылық-бұйрық құжаттарға қосымша болып келеді де, міндетті түрде орындауға жатпайды, Олардағы ақпарат іс-әрекетті орындауға қозғау салғанымен, мәлімет ретінде ғана қабылданады.

2-тапсырма. Берілген үлгілерді негізге ала отырып, өзіңіз жазып құжаттар түрлерін дайындаңыз.

Анықтама

Хабарландыру

Хаттама т.б.

3-тапсырма. Тақырып бойынша негізгі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар деген не?

2. Оған қандай құаттар жатады?

3. Бұл құжаттардың айырмашылығы неде?

4. Бұл құжаттар қандай жағдайда қажет?


  1. Бақылау жұмыстары

  1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша:

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндап беріңіз.

Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар.

ҚОЛХАТ, СЕНІМХАТ, КЕПІЛХАТ – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алыс- берісін куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Құжаттың бұл түрлері міндетті түрде мөрмен бекітіліп, құқықтық сипатқа ие болады.

ҚОЛХАТ - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады.

Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

- құжаттың аты;

- қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);

- қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);

- алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);

- қайтарылатын нақты уақыты;

- қайтара алмаған жағдайдағы шарты;

- қолхат жазылған күн;

- тараптардың қолы;

- мекеме мөрі.


  1. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша:

1-тапсырма. Сөздердің аудармасын есте сақтаңыздар.

Сөздік:

қолхат- расписка

азамат- гражданин

мерзім-срок

кепілақы- задаток

қарыз- долг

ақша- деньги

уәде- обещание

қайтарып беру- вернуть, возвращать

алу-брать

кабылдап алу- принять

уақытында-вовремя

кепіл ақы- задаток


  1. Коммуникативті компетенция бойынша:

1-тапсырма. Төмендегі үлгі бойынша құжат дайындаңыз.

СЕНІМХАТ – сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті асыруға құқық беретін, олардың өзара келісімін куәландыратын құжат. Сенімхат мекеме атынан да, жеке адам атынан да беріледі. Ол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да түрлі әрекеттер жасауға сенім білдіріп, құқық береді. Ресми сенімхаттар мекеме бланкіне рәсімделеді.

Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке жазылады да, мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады.

Егер сенімхат жеке адам тарапьшан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, құжатының аты мен нөмірі жазылып, колы қойылады. Төменгі жағына мекеме басшысы не нотариус сенімхат иесінін қолын растап, мөр басады.


  1. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша:

1. Мекеменің алдында тұрған мәселелерді шешу мақсатында шығарылатын құжат ...

а) хаттама

ә) +бұйрық

б) мінездеме

в) сенімхат

2. Мен сенімхат мәтінімен _______________________

а) оқыдым

ә) жаздым

б) куәландырдым

в) +таныстым

3. Бұйрықтың соңғы тармағында бұйрықтың орындалуын қадағалайтын жауапты адам ______________________

а) беріледі

ә) +көрсетіледі

б) оқылады

в) айтылады

4. Белгілі бір адамның өз өкілеттілігі мен құқығы екінші бір адамға берілгенін жазбаша растайтын құжат __________________ деп атайды.

а) +сенімхат

ә) сұраныс хат

б) ресіми хат

в) ұсыныс хат

5. «Вне очередной отпуск» тіркесінің дұрыс баламасын көрсетіңіз

а) кезексіз демалыс

ә) +кезектен тыс демалыс

б) мерзімсіз демалыс

в) уақытша демалыс

6. Түсінік хаттың негізгі бөліміне не жазылады?

а) түсініктеме хат атауы

ә) тақырыбы

б) +себеп, дәлелдемелер

в) қолданылатын шара

7. Студенттің сабақта болмауының себебін баяндайтын құжат қалай аталады?

а) анықтама

ә) арыз

б) өтініш

в) +түсініктеме

8. Жасы 35 ке ... маман

а) шейін

ә)+ дейінгі

б) конкурс жариялаған мекеме

в) дейін

9. Мәжіліс ... кеш өтеді

а) залда

ә) +залында

б) залға

в) залы

10. Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмысшыға ...жариялануы қажет

а) мадақтау

ә) мақтау

б) +сөгіс

в) шарт




  1. Пайдаланған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет: Ә.Ж.Хазимова Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу: Оқу құралы. Алматы: 2010ж. 53 бет.

Қосымша әдебиет: А.Құрманов, С.Құлманов. Ресми іскери тіл. Алматы 2007ж


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconКурсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі
Жоғары оқу орнының атауы: С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconКурсы Оқу сағатының көлемі
Маќсаты: студенттерді жалпы нозологияның негізгі түсініктерімен, аурудың маңызы туралы қазіргі көзқарастармен және аурулардың алдын...
Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconКурсы Оқу сағатының көлемі
Маќсаты: Сыртқы ортаның әсерінен, аурудың ағымы мен ауырлығы айқындалатын организмнің ауыру немесе ауырмауы шешілетін, организмнің...
Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconОқу сағатының көлемі 90/2

Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі icon5В110300 «Фармация» мамандығы үшін (оқу түрі) Оқу сағатының көлемі (кредиттер*) 90 с. (2 кредит) II курс
Кафедра меңгерушісі: Ахметова Сауле Балтабаевна – м.ғ. к., доцент, микробиология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, педагогикалық...
Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconПән коды: 5В 130100 Мамандық: жалпы медицина Сабақ уақытының көлемі 135 Курс 5 оқу семестрі IX

Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconОқу сағаттың көлемі: 162 Курс және оқу семестрі
...
Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі icon5В110300 «Фармация» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 (2 кредит) курс
Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл
Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconКурсы және оқу семестрі 4 курс, 7,8 семестрлар Семей 2013

Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconКурсы және оқу семестрі: 3 курс, 6 сместр Семей 2014

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница