Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі




НазваниеКурсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі
страница4/11
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.33 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://repository.kaznmu.kz/13086/1/менеджмент-делопроизв.-2013.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Аралық бақылауды бағалау критериі

Әріптік жүйе бойынша

Цифрлік эквиваленті

%

Бағалау критериі

А

4.0

95-100

Тапсырмаларды жоғарғы деңгейде орындау. Сұрақтарға логикалық түрде дұрыс жауап беру, жазу. Тест жұмыстарын толық орындай білу. Лексикалық, грамматикалық тақырыпты толық біліп, айту. Компетенция бойынша игеру.

А-

3.67

90-94

Мәтінмен жұмыс түрлерінің толық болуы. Аударма жұмыстарын жасау, сұрақтарға жауап беру. Берілген тапсырмаларды дұрыс орындау.

В+

3.33

85-89

Берілген тапсырмаларды толық, түсінікті орындай білу. Берілген сөздер мен сөзтіркестердің қателерін тауып, өз бетімен жұмыс істеу.

В

3.0

80-84

Берілген сұрақтарға жауап бере білу. Сөйлемді дұрыс құрастыра білу. Тапсырмалардағы берілген қателерді тауып олармен жұмыс жасау.

В-

2.67

75-79

Тапсырмаларды біле тұра, түсінікті түрде орындамауы. Жауап беруінде грамматикалық, лексикалық қателердің болуы. Сұрақтарға толық жауап бермеуі.

С+

2.33

70-74

Лексикалық, грамматикалық тапсырмаларды толық қолдана білмеуі. Ойын толық жеткізе алмауы. Сөздердің дұрыс айтылмауы.

С

2.0

65-69

Лексикалық, грамматикалық тапсырмаларды толық қолдана білмеуі, меңгермеуі. Коммуникативтік дағдыларды қолдана алмауы.

С-

1.67

60-64

Тақырыпты меңгере алмауы. Логикалық, лингвистикалық қателердің көп болуы.

D+

1.33

55-59

Тақырып бойынша сөйлей алмауы. Жіберген қателерін дамыта алмауы. Сөздік қорларының нашар болуы.

D

1.0

50-54

Тақырыптарды білмеуі. Коммуникативтік дағдыларды толық меңгермеуі.

F

0

0-49

Білім, дағды, коммуникативтік, өзін-өзі дамыту компетенциялары бойынша тақырыптарды толық білмеуі. Пәнге деген қызығушылығы төмен.



СӨЖ-ді бағалау критерийі

Әріптік жүйе бойынша

Цифрлік эквиваленті

%

Бағалау критерийі

А

4.0

95-100

Білім, дағды, коммуникативтік, өзін-өзі дамыту компетенциялары бойынша тақырыптарды толық біліп, меңгеруі. Грамматикалық заңдылықтарды, дыбыс жүйесін, сөз жүйесін т.б. қолдана алуы. Ғылымға деген ынтасы жоғары және белсенділік танытуы. Сөздік қорының мол болуы.

А-

3.67

90-94

Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Керекті ақпаратты табу. Жауап беруінде мағыналық және грамматикалық қателердің болмауы. Ғылыми шығармашылығы толық. Тұсаукесердің мағынасы өте жақсы деңгейде болуы.

В+

3.33

85-89

Жұмысын толық меңгеру. Берілген сұрақтарға сенімді, жауап беру. Өз бетімен жұмыс түрлерін орындау.

В

3.0

80-84

Тапсырмалардағы берілген қателерді тауып, олармен жұмыс жасау. Шығармашылық жұмыстарды толық орындау. Тұсаукесердің мағынасы жақсы деңгейде болуы.

В-

2.67

75-79

Тапсырмаларды толық біле тұра, мағынасыз, түсініксіз орындауы. Жауап беруінде грамматикалық, лексикалық қателердің болуы.

С+

2.33

70-74

Ойын толық жеткізе алмауы. Сөйлем құрылысы мен сөздердің дұрыс айтылмауы. Сұрақтарға дұрыс жауап бере алмауы. Ғылыми шығармашылығы орта.

С

2.0

65-69

Жұмысты толық меңгермеуі және білмеуі. Сөздік қоры нашар. Ғылыми тақырыптың мағынасы түсініксіз болуы.

С-

1.67

60-64

Тақырыпты меңгере алмауы. Логикалық, лингвистикалық қателердің көп болуы.

D+

1.33

55-59

Тақырыпты толық білмеуі және сөйлей алмауы. Жіберген қателерін дамыта алмауы.

D

1.0

50-54

Ғылыми жұмысының белсенділігі мүлдем төмен, сапасы мен мағынасы нашар.

F

0

0-49

Ғылыми, шығармашылық қабілеті жоқ, ынтасы төмен. Қызығушылығы нашар.


2.10 Пайдаланылатын әдебиеттердің тізімі:

Негізгі:

1. Ақыжанова А.Т. «Қазақ тілі мәтіндер мен жаттығулар». Алматы, 2005 ж.

3. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.

4. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1994 ж.

5. Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары. Алматы, «Ана тілі», 1994 ж

6. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2001 ж.

7. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Алматы, 2002 ж.

8. Жиенбаев С. Қазақ тілі. Алматы, Мектеп, 1987 ж.

9. Жапбарова А. Основы методики изучения стилистики казахского языка. 1991.ж.

10. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі сабақтары, Алматы, 2011 ж

11. Искаков А. Современный казахский язык. Алматы, 1991ж.

12. Қалиев Б. Лаб. работы по современному каз. языку. Алматы, 1992ж.

13. Құлмағамбетова Б. Қазақ тілі. Алматы, 1990 ж.

14. Құлмағамбетова Б. Уроки казахского языка для взрослых. Алматы, 1990ж.

15. З.Күзекова Қазақ тілі. «Таным». Астана 2003ж.

16. С.Қ.Суатай «Іс-қағаздармен жұмыс», Алматы, 2011 ж.

17. Т.Қ.Зайсанбаев, Б.Н.Канленова «Мемлекеттік тілді үйренейік» Алматы, 2012ж.


Қосымша:

1. Оралбаева Н. Изучаем казахский язык. Алматы, 1989 ж.

2. Хабдин Қ.Е., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы, 2004ж.

3. Медицина білімі-мемлекеттік тіл аясында. Алматы, 2009ж.

Сөздіктер:

1. Ақыжанова А.Т. Қазақша –орысша сөздік. Алматы, 2000 ж.

2. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Алматы, «Рауан» 2000, 344 б.


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


Қазақ тілі кафедрасы, коды – KRYa 1104


Мамандығы - 5В110200 Қоғамдық денсаулық сақтау


ҚҰРАСТЫРУШЫ: оқытушы Э.О.Жақсыбаева


2012 ж.


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


1 тақырып: Стиль және оның түрлері (публицистикалық стиль, ауызекі сөйлеу тілі стилі, ресми іс қағаздар стилі, көркем стиль, ғылыми стиль)


2012ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.


Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

  1. Тақырыбы: Стиль және оның түрлері (публицистикалық стиль, ауызекі сөйлеу стилі, ресми іс-қағаздар стилі, көркем стилі, ғылыми стиль).

  2. Мақсаты: Стиль түрлерінің айырмашылығын білуге үйрету, стиль түрлерін жазу барысында дұрыс пайдалануға дағдыландыру, мәтіннің мазмұнын айтуға дағдыландыру, әр түрлі тапсырмалар арқылы стиль түрлерін ажырата білуге үйрету.

  3. Міндеті:

  1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша қазақ тілінің медицинаға, тиісті құжаттарға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркестерін үйрету.

  2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігін айқындап, бір ізбен жүйелі жазуға икемдеу.

  3. Коммуникативті компетенция бойынша тілдің қолданылу заңдылықтарын, тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын игерту.

  4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша өмірде ең жиі қолданылатын құжаттардың заңдылықтарын меңгеріп, күнделікті күнделікті өмірге қолдануға дағдылану.

  1. Негізгі ұғымдар:

Стиль және оның түрлері. Публицистикалық стиль, ауызекі сөйлеу стилінің ерекшелігі, ресми іс-қағаздар стилі, көркем стилі, ғылыми стиль.

  1. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты)

  1. Ұйымдастыру барысы – 5 минут

  2. Жаңа тақырып – 35 минут

  3. Жаңа сабақ бекіту – 10 минут

  4. Мәтінмен жұмыс – 25 минут

  5. Бақылау жұмыстары – 15 минут

  6. Үй тапсырмасын беру – 5 минут

  7. Студенттің білімін бағалау – 5 минут

  1. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, аударма жұмысын жасату, жаттығу жұмысы.

  2. Көрнекі құралдар: кесте, ақпарат құралдары.

  3. Тапсырмалар:

Тіл стильдері

Ауызекі сөйлеу стилі

Кітаби тіл стилі






Көркем әдебиет Ресми стиль, Ғылыми Публицистикалық

стиль іс қағаздар стиль стиль

стилі


1-тапсырма. Жаңа сөздерді оқып, аударыңыз.

әдеби тілі – литературный язык

қоғамдық – общественный

ғылым саласында – в сфере науки

белсенді – активный

құқықтық – правовой

басқару - управлять.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.


Қазақ тіліндегі стильдер туралы

Қазіргі біз кеңінен қолданып жүрген қазақ әдеби тілі – стильдік-жанрлық тармақтары айқын, ауызша және жазбаша түрде қызмет ететін тіл. Мәдени жұртшылықтың бәріне ортақ нормасы бар, қоғамдық өмірдің барлық саласында белсенді қолданысқа ие.

Қазақ әдеби тілінің бес түрлі стильдік тармақтары қалыптасып сараланған: білім мен ғылым саласында – ғылыми стиль, басқару мен құқықтық, іскерлік саласында – ресми іс-қағаздар стилі, қысқаша айтқанда, ресми стиль, әдебиет пен өнерде – көркем әдебиет стиль, бұқаралық ақпарат саласында – публицистикалық стиль, тұрмыстық қарым-қатынаста сөйлеу тілі стилі.

Қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтары, түптеп келгенде, үлкен екі арнаға саяды. Жоғарыда аталған публицистикалық стиль, ғылыми стиль, ресми стиль, көркем әдебиет стилі – кітаби тіл стильдері деп аталады. Кітаби тілдің осы айтылған стильдерді жазбаша және ауызша түрде де қызмет атқарады. Ал сөйлеу тілінің стильдік тармақтары болмайды. Қарым-қатынас, негізінен, ауызша түрде жүзеге асады.


3-тапсырма. Мәтінді көшіріп жазып, стиль түрін анықтаңыздар.

Табиғаты ғажап Қазақстан

Қазақстанның жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба байлықтардың барлық түрі (90-нан астам) орасан зор көлемде бар деуге болады. Қазақстанда ең ірі өзендер – Ертіс, Сырдария, Іле, Есіл және Тобыл. Қазақстанда ең биік шың республикамыздың оңтүстік-шығысындағы Тянь-Шань тауындағы Хан Тәңірі шыңы болып табылады. Оның биіктігі – 6996 метр.

Қазақстанның өзіне тән өсімдіктері сан алуан, әрі бай. Бір ғана дәрі жасайтын өсімдіктің өзі 150-ге жуық. Қазақстанда 158 түрлі сүтқоректі, 485 түрлі құс, 15-ке жуық балық пен көптеген жануарлар кездеседі.

Қазақстанда 6 мемлекеттік қорық бар. Көптеген жануарлар мен өсімдіктер өкімет қамқорлығында. Олардың ішінде Алматы қаласының рәмізіне айналған тау барысы мен Республика байрағында бейнеленген нұрлы болашаққа самғап бара жатқан елді көрсететін бүркіт те бар.


  1. Бақылау жұмыстары:

  1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Тақырып бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Стиль деген не?

2. Стильдің қандай түрлері бар?

3. Көркем стиль мен ғылыми стильдің айырмашылығы қандай?

4. ауызекі сөйлеу қандай стиль?

5. Публицистикалық стиль мен ресми іс-қағаздары стилінің ерекшелігі неде?

  1. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша Стиль түрлеріне мысал келтіріп, талқылаңыздар.

  2. Коммуникативті компетенция бойынша

1-тапсырма. Шағын топтарға бөлініп, әр топ төмендегі кестеде көрсетілген бағытта бір стиль түріне шағын материал дайындап, талқылау ұйымдастырыңдар.

Тақырып

Мамандық иесі

Стилі

Ұлттар татулығы – ынтымақ бастауы!

Журналист

Публицистикалық стиль

Спид - ғасыр дерті

Дәрігер

Ғылыми стиль

Жетісу-жер жанаты

Студент

Көркем әдебиет стилі

Қазақстан Республикасы туралы ақпараттық хабарлама

География пәні мұғалімі

Ресми стиль




  1. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша

Іс-қағаздарының қызметтерін еске сақтаныздар:

- жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші;

- жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші;

- әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;

- мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші;

- жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы;

- мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;

- тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі;

- мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;

- мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.


  1. Пайдаланған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет: С.Қ.Суатай Іс қағаздарымен жұмыс: Оқу құралы. – Алматы: «Елтаным баспасы». – 2010ж. 4-9 бет.

Қосымша әдебиет:

А.Құлманов, С.Құлманов Ресми іскери тіл. Алматы 2007ж.

А.А.Қасымбек Қазақ тілі. Астана 2009ж

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconКурсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі
Жоғары оқу орнының атауы: С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconКурсы Оқу сағатының көлемі
Маќсаты: студенттерді жалпы нозологияның негізгі түсініктерімен, аурудың маңызы туралы қазіргі көзқарастармен және аурулардың алдын...
Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconКурсы Оқу сағатының көлемі
Маќсаты: Сыртқы ортаның әсерінен, аурудың ағымы мен ауырлығы айқындалатын организмнің ауыру немесе ауырмауы шешілетін, организмнің...
Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconОқу сағатының көлемі 90/2

Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі icon5В110300 «Фармация» мамандығы үшін (оқу түрі) Оқу сағатының көлемі (кредиттер*) 90 с. (2 кредит) II курс
Кафедра меңгерушісі: Ахметова Сауле Балтабаевна – м.ғ. к., доцент, микробиология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, педагогикалық...
Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconПән коды: 5В 130100 Мамандық: жалпы медицина Сабақ уақытының көлемі 135 Курс 5 оқу семестрі IX

Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconОқу сағаттың көлемі: 162 Курс және оқу семестрі
...
Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі icon5В110300 «Фармация» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 (2 кредит) курс
Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл
Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconКурсы және оқу семестрі 4 курс, 7,8 семестрлар Семей 2013

Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconКурсы және оқу семестрі: 3 курс, 6 сместр Семей 2014

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница