Скачать 1.33 Mb.
|
2. Бағдарлама:2.1 КіріспеТәуелсіз Қазақ елінің соңғы он жылдағы қарқынды даму үрдісі мен әлеуметтік жағдайы, шетелдермен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік қауымдастықтағы беделінің артуы, біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті жоғары білімді сапалы мамандарды даярлаудың қажеттілігін туғызып отыр. Мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – олардың мемлекеттік тілді толық меңгеруі мен оны тәжірибе жүзінде қолдана алуы. Ұсынылып отырған типтік оқыту бағдарламасы ЖОО-дағы қазақ тілінің қолданыс аясын барынша кеңейтіп, мемлекеттік тіл ретінде өмірлік қажеттілікке айналдыру мақсатында білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформаларды басшылыққа алып, бүгінгі күннің талаптарына толық жауап беруді нысан етіп отыр.«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» деп аталатын бұл арнайы курстың бағдарламасы қазақ тілін меңгерген, қазақ тілінің грамматикалық ішкі заңдылықтары туралы, лексикалық қабаттары туралы түсінігі қалыптасқан жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес «Қазақ тілі - мемлекеттік тіл» болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 4106 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында», сондай-ақ 1998 жылғы 14 тамызда қабылданған № 769 «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің аясын кеңейту туралы» қаулысында көзделген шараларды жүзеге асыруға үлес қосу мақсатында жасалып отыр. Бұл құжаттарда Жоғары және кәсіптік орта оқу орындарының бағдарламаларына «Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу» деп аталатын арнайы курстың енгізілуі туралы, «Іс жүргізу», «Хатшы-референт» мамандықтары бойынша мемлекеттік тілде мамандарды мақсатты жоспарлы түрде дайындау туралы және мекемедегі әрбір кеңсе қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білуін үнемі назардантыс қалдырмау туралы мәселелер қарастырылады. Қазіргі таңда тілдік құзіреттілікті қалыптастыру коммуникативті-функционалдық грамматика тұрғысанан қарастырылуда. Тіл бірліктерінің қолданыстағы қызметтері, белгілі бір мағына түрлерін жеткізу функционалды грамматика арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыдан алғанда, ең басты мақсат – тұрмыстық, әлеуметтік тақырыптардағы мәтіндер негізінде тіл үйренушілерлің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін дамыту. Тілді меңгертудің стратегиясы мен тактикасы:
2.2. Пәннің мақсаты:
2.3. Міндеттері: 1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша тіл жүйесін, кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру. 2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру. 3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру. 4. Құқықтық компетенция бойынша Қазақстан республикасының «Тіл туралы заңы» және «Білім туралы заңын» білу. 5. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту.
2.4.Оқытудың нәтижелері: Студенттердің білуі және меңгеруі керек:
қағидаларын;
2.5. Пәннің пререквизиті: Қазақ тілі, психология, анатомия, әлеуметтану т.б. 2.6. Пәннің постреквизиті Жалпы гигиена, физиология, микробиология т.б. 2.7 Тәжірибелік сабақтар мен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарының (СӨЖ) және оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмыстарының (ОСӨЖ) тақырыптық жоспары
2.8. Сабақ беру және оқыту әдістері: Тәжірибелік сабақты өткізу түрі: мәтінмен жұмыс, жағдайлық есептер беру, презентациялар жасау, пікірталас, сұхбаттасу, тест тапсырмаларымен жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап, әңгімелесу т.б. Аралық бақылауды өткізу түрі: тест жұмыстары, сұрақтарға жауап беру, мәтінмен жұмыс, ауызша баяндау т.б. ОСӨЖ-ді өткізу түрі: мәтінмен жұмыс түрлері, терминологиялық, түсіндірмелі сөздікпен жұмыс, жаттығу жұмыстарын орындау т.б. |
![]() | Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі Жоғары оқу орнының атауы: С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті | ![]() | Курсы Оқу сағатының көлемі Маќсаты: студенттерді жалпы нозологияның негізгі түсініктерімен, аурудың маңызы туралы қазіргі көзқарастармен және аурулардың алдын... |
![]() | Курсы Оқу сағатының көлемі Маќсаты: Сыртқы ортаның әсерінен, аурудың ағымы мен ауырлығы айқындалатын организмнің ауыру немесе ауырмауы шешілетін, организмнің... | ![]() | Оқу сағатының көлемі 90/2 |
![]() | 5В110300 «Фармация» мамандығы үшін (оқу түрі) Оқу сағатының көлемі (кредиттер*) 90 с. (2 кредит) II курс Кафедра меңгерушісі: Ахметова Сауле Балтабаевна – м.ғ. к., доцент, микробиология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, педагогикалық... | ![]() | Пән коды: 5В 130100 Мамандық: жалпы медицина Сабақ уақытының көлемі 135 Курс 5 оқу семестрі IX |
![]() | Оқу сағаттың көлемі: 162 Курс және оқу семестрі ... | ![]() | 5В110300 «Фармация» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 (2 кредит) курс Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл |
![]() | Курсы және оқу семестрі 4 курс, 7,8 семестрлар Семей 2013 | ![]() | Курсы және оқу семестрі: 3 курс, 6 сместр Семей 2014 |