Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі




НазваниеКурсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі
страница10/11
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.33 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://repository.kaznmu.kz/13086/1/менеджмент-делопроизв.-2013.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Түйіндеме дегеніміз не?

  2. Мінездеме жаза аласыз ба?

Операционалды – дағды компетенциясы бойынша


1. Үгліге қарап өзіңіздің өмірбаяныңызды жазыңыз

Мен,__________ (аты – жөні), ________ жылы, ________қалада (облысында, ауданда, ауылда), ________, _________отбасында дүниеге келдім. _______жылы________ қаласындағы (облыс, аудан, ауылында) №______ орта мектепке бардым. Орта мектепті _______жылы бітрдім. ______жылы ______ университетінің _______факультетіне түстім.

Әкем,____________(аты-жөні) _______________зейнеткер.

Анам,___________(аты – жөні) _____________

Отбасылық жағдайым _____________________

Балаларым _______________________________

Мекен – жайым ___________________________



Коммуникативті компетенция бойынша

1-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз

Жан – жақты, тұжырым, тырысу, дағдылы өмірбаян, мүмкіндік беру.


2-тапсырма. Кәсіби біліктілігіңіз туралы не жазар едіңіз


3-тапсырма. Мына тақырып бойынша эссе жазыңыз.

«Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады» (Абай)


Өзін-өзі дамыту компетенциясы

1-тапсырма.Өзіңіз туралы мінездеме беріңіз.


2-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Я хотела бы заполнить личный листок.

Сотрудники отдела хотели бы обсудить проект закона о налоговой политике в Республике Казахстан.

Я хотел бы узнать о Вашем здоровье.

Мы хотели бы поехать в командировку за границу.

Ты хотел бы работать в больнице.

Собрание не состоялось.

Ректор не принял.

До сих пор не дан ответ.

Врач не смог этого сделать.

План работы не выполнен.

Нам не дано разрешение.

Директору нужно хорошо организовать работу коллектива малого предприятия.

Чтобы достич успехов, нужно много работать.

С коллегами по работе поддерживает деловые отношения.

Способен самостоятельно принять правильное решение в сложной обстановке.

По характеру общителен, иногда недостаточно сдержан.


  1. Пайдаланған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет: Ә.Ж.Хазимова Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу: Оқу құралы. Алматы: 2010ж. 57-81 бет.

Қосымша әдебиет: А.Құрманов, С.Құлманов. Ресми – іскери тіл (Официально – деловой язык) Алматы 2007 ж.


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


12 тақырып: Бұйрық түрлері.


2012ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.


Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай



  1. Тақырыбы: Бұйрық түрлері.




  1. Мақсаты: Өкілеттік құжаттың маңыздылығын, ерекшелігін түсіндіре отырып білімін арттыру.




  1. Міндеті:

  1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру.

  2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша бұйрықтың үлгілері арқылы құжатты дұрыс толтырып, құрастыруға дағдыландыру.

  3. Коммуникативті компетенция бойынша болашақ маман ретінде адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға машықтандыру.

  4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы жаттығу, бақылау жұмыстары, бұйрық үлгілерімен жұмыс жасай отырып білімін, тәжірибесін арттыру.




  1. Негізгі ұғымдар: Өкілеттік құжаттар, бұйрық мәтіні: 1) констатациялык; 2) өкімдік.




  1. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты)

Ұйымдастыру барысы – 5 минут

Үй тапсырмасын сұрау – 20 минут

Жаңа тақырып – 20 минут

Жаңа сабақ бекіту – 5 минут

Мәтінмен жұмыс – 25 минут

Бақылау жұмыстары – 15 минут

Үй тапсырмасын беру – 5 минут

Студенттің білімін бағалау – 5 минут


  1. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, жаттығу жұмысы.




  1. Көрнекі құралдар: Құжат үлгілері, кесте, үлестірмелі карточкалар.




  1. Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Бұйрық

Өкілеттік құжаттарға мекеменің қызметтік іс-әрекеттеріне және қызметкерлеріне байланысты жазылатын бұйрықтар мен нұсқаулар жатады. Мұндай құжаттарға мекеме, ұйым, бірлестік жетекшісі қол қояды.

Бұйрыққа қол қойылған соң ол тіркеуге алынады, түп нұсқасы немесе оның көшірмесі я үзіндісі бұйрықта орындаушыларға беріледі және оларға бақылау жасалады.

Бұйрықты безендірудің ең негізгі бөлігі — оның мәтіні. Бұйрық мәтіні өкілеттік бөлімдерден құралып, "БҰЙЫРАМЫН" деген сөзбен беріледі және жеке жолға жазылады.

Орындалуы міндетті бұл өкілеттік құжат мәтіні нақты, түсінікті, қысқа жазылады. Онда іс-әрекеттің орындалу мерзімі, орындаушының аты-жөні көрсетіледі. Бұйрықта түсініксіз сөз орамдары мен сөйлемдер болмауы керек.

Бұйрық - жетекшінің мекемені басқарудың барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауға тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттың бір түрі.

Бұл құжаттың жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды адамға жүктеледі. Бұйрық ауызша да жазбаша да беріледі, төменде біз жазбаша берілетін бұйрық түрлерін қарастырамыз. Жұмыс жүргізу ыңғайлы болу үшін мекемеде бұйрықты екі топқа бөледі: 1) мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты; 2) жеке құрамға байланысты. Ірі мекемелердің маңызды іс-әрекетіне байланысты бұйрықтар А4 форматты қағазда басылады. Бұйрықтың мынадай реквизиттері бар: елтаңба, мекеме немесе кәсіпорынның аты және оның қандай ұйымға қарасты екені, құжат аты, жазылған күні, орны, индекс, тақырып, қол, қол қойылған адамның аты-жөні, келісім туралы белгі. Бұйрық мәтіні әдетте екі бөліктен тұрады:

1) констатациялык; 2) өкімдік.

1. Констатациялық (айқындаушы, анықтаушы, фактіні көрсетуші бөлігі) бөлікте, бұйрықтың мақсаты, бұйрықты беруге негіз болған факті көрсетіледі. Өкілеттік құжаттың тақырыбы, нөмірі, датасы жазылады.

Егер бұйрықтың берілуіне жоғары тұрған ұйымнан келіп түскен құжат негіз болса, онда ол құжаттың аты, нөмірі, күні осы бөлікте жазылады.

Егер берілетін бұйрық түсіндіруді қажет етпесе констатациялык бөлік жазылмайды.

2. Өкімдік бөлік "БҰЙЫРАМЫН" деген сөзден басталады да, бұйрық мазмұны жаңа жолдан басталып, әр бөлімі араб цифрларымен белгіленді.

Мекеменің ішкі іс қағазына жататын қызметтік құжаттың бұл түрін сипаттай отырып, мынадай бұйрықтарды атап көрсетуге болады:

  • жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты бұйрықтар;

  • күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар;

  • арнайы бұйрықтар;

  • төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар;

  • басқа да бұйрық түрлері.

сөздік

бұйрық - приказ

жеке құрам бойынша бұйрық - приказ по личному составу

бұйрық беру- отдать приказ

бұйрық шығару - издавать приказ

бұйрықпен танысу - ознакомиться с приказом

бұйрыққа бағыну- подчиниться приказу

басқа жұмысқа ауысуына байланысты - в связи с/со переходом на другую работу

зейнеткерлікке шығуына байланысты - в связи с/со уходом на пенсию

денсаулығына байланысты -в связи с/со здоровъем

тағайындау -назначитъ

қабылдансын- принять

босатылсын- освободить

ауыстырылсын- заменить

уақытша атқару- временно возглавить

жүктелсін- возложить

бұрыштама- виза

Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Бұйрықтар құжаттың қай түріне жатады ?

Бұйрық кімнің атынан, қандай жағдайларда шығарылады?


2-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Приказ – является одним из наиболее важных и распространеннных видов распорядительных документов предприятия. Приказ – это нормативный документ, издаваемый руководителем предприятия для решения каких-либо задач. Распоряжения – это документ, издаваемый по оперативным вопросам повседневной деятельности предприятия либо организации. Текст распоряжения должен содержать конкретное задание, ответственность исполнителя и срок исполнения.


Операционалды – дағды компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Аударыңыз.

Бұйрық қандай да бір міндетті шешу үшін кәсіпорын басшысы шығаратын құжат. Бұйрық мекеменің немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің құрылу, таратылу, қайта ұйымдастырылу; оларға өзгеріс енгізу мақсатында ережелерді нұсқаулықтарды, қағидаларды бекіту болып табылады. Кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, жабдықтау, басқа да өндірістік мәселелер, сондай-ақ кадр мәселелері бойынша жұмысқа қабылдау, ауыстыру, босату бойынша шығарылады.


Коммуникативті компетенция бойынша

1-тапсырма. Үлгілермен танысықыз. Орыс тіліне аударыңыз.

I. БҰЙРЫҚ

Перспективалық даму департаментінет жұмысқа қабылдау туралы

Жәнібек Темірғалиев Перспективалық даму департаментіне штаттық кестеге сәйкес жалақы көлемі -150000 теңге, бас маман қызметіне қабылдансын. Айрықша жұмыс жағдайлары ушін 20% көлемінде үстем ақы белгіленсін.

Директор (қолы)


II. БҰЙРЫҚ

Медициналық колледж директорын уақытша ауыстыру туралы

Алматы медициналық колледжі директорының 3 айға Англияға ресми сапарға кетуіне байланысты оның міндеттерін уақытша атқару директордың орынбасары Шөкира Аманқызына жүктелсін.

Директор (қолы)


Өзін-өзі дамыту компетенциясы

1-тапсырма. Бұйрықтағы мәтіннің орналасу тәртібіне назар аударып, жаңа бұйрық шығарыңыз.

I. БҰЙРЫҚ

Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ға жұмысқа қабылдау туралы

Гүлсім Бақытжанқызы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің қазақ тілі кафедрасына штаттық кестеге сәйкес оқытушылық қызметіне қабылдансын.

Ректор (қолы)

  1. Пайдаланған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет: Ә.Ж.Хазимова Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу: Оқу құралы. Алматы: 2010ж. 57-81 бет.

Қосымша әдебиет: А.Құрманов, С.Құлманов. Ресми – іскери тіл (Официально – деловой язык) Алматы 2007 ж.


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


13 тақырып: Жұмысқа орналасуда қажетті құжаттар


2012ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.


Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

  1. Тақырыбы: Жұмысқа орналасуда қажетті құжаттар




  1. Мақсаты: Күнделікті өмірде, еңбек қарым-қатынасында кездесетін кеңселік құжаттарды талаптарға сай мемлекеттік тілде толтыра білуі және оларды бір-бірінен ажырата білуге машықтандыру.




  1. Міндеті:

  1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін жаттықтыру.

  2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.

  3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.

  4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту.




  1. Негізгі ұғымдар: Жеке куәлік, ТСН және әлеуметтік жеке код, өтініш, түйіндеме, өмірбаян, еңбек кітапшасы т.б.




  1. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты)

Ұйымдастыру барысы – 5 минут

Үй тапсырмасын сұрау – 20 минут

Жаңа тақырып – 20 минут

Жаңа сабақ бекіту – 5 минут

Мәтінмен жұмыс – 25 минут

Бақылау жұмыстары – 15 минут

Үй тапсырмасын беру – 5 минут

Студенттің білімін бағалау – 5 минут


  1. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, жаттығу жұмысы.




  1. Көрнекі құралдар: Құжат үлгілері, кесте, үлестірмелі карточкалар.




  1. Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Жұмысқа орналасу кезіндегі қажетті құжаттар

Еңбек келісімшартын жасау үшін қажетті құжаттар тізімі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 31-бабында белгіленген. Осы құжаттар тізімі төмендегідей:

  1. жеке куәлік немесе төлқұжат (16 жасқа толмаған тұлғалар үшін туу туралы куәлік);

  2. азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты өмір сүретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін);

  3. білім, біліктілігі туралы құжат;

  4. еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар ұшін);

  5. әскери есеп құжаты (әскери міндетті адамдар мен әскери қызметке шақырылуға тиісті тұлғалар үшін);

  6. алдын ала медициналық тексеруден өткен туралы құжат (Қазақстан Республикасының Кодексі мен Заңына сәйкес медициналық тексеруден өтуге міндетті тұлғалар үшін);

  7. ТСН және әлеуметтік жеке кодтың берілуі туралы куәліктердің көшірмелері.

Осы тізімде белгіленбеген құжаттарды талап етуге жұмыс беруші құқылы емес!

Назар аударыңыз! Жұмыс берушілер көп жағдайда ұсыным әкелуді сұрайды. Бір жағынан, заңға сәйкес бұл осы қосымша құжат, оны жұмыс беруші талап етуге құқылы емес, ал, екінші жағынан, ұсынымды әкеліп беру – іскерлік дәстүр. Бірқатар жағдайда ол шынында да қажет. Мысалы, бала бағушылар мен үйде бала тәрбиелеушілер қызметін ұсынатын агенттік әрқашан қолында жақсы ұсынымы бар адамды таңдайды, өйткені агенттік ұсынатын қызметтер қызметкердің сенімді болуын талап етеді. Сізден бұрынғы жұмыс орныңыздан бірнеше адамды атауды сұрайды, олардан Сіз туралы ұсыным алады, соған дайын болыңыз. Алдын ала атайтын адамдар кім болуы мүмкін, соны ойланыңыз.


  1. Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз.

Еңбек келісімшартын жасау кезінде ерекше назар аударатын кейбір жағдайлар:

  1. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық және еңбек келісімшарты бір-біріне дәлме-дәл сәйкес болуы керек. Көптеген жағдайда жұмыс беруші жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта белгіленген маңызды тармақтар келісімшартта жазылмайды. Бірақ еңбек келісімшарты алғашқы болып саналады, сондықтан барлық дау келісімшарт негізінде шешіледі.

  2. Еңбек келісімшартында міндетті түрде Сіздің жұмыс орныңыз құрылымдық бөлімшесі белгіленіп жазылуы керек.

  3. Сіздің міндеттеріңіз еңбек келісімшартында міндетті түрде нақты жазылып көрсетілуі керек. Көптеген жағдайда келісімшартта қызметкердің міндеттері өте қысқа, анық емес жазылады. Жұмыс берушінің еңбек келісімшартында белгіленбеген жұмыстарды орындауды талап етуге құқығы жоқ. Сондықтан «бұл менің міндеттеріме жатпайды» - деген сөздерге жұмыс берушінің қарсыласуы қиын болады.

  4. Көптеген жағдайда жұмыс беруші еңбек келісімшартында қызметкер міндеттерін лауазымдық нұсқауларға сәйкес орындауы керек деп белгілейді. Осы нұсқаумен таңысыңыз! Мұның екінші жолы да бар: келісімшартта лауазымдық нұсқау «келісімшарттың бөлінбейтін бөлігі» болып табылады деп белгілеуге болады. Бірақ осы жағдайда ол келісімшартқа қоса салынып, Сізге қол қоюға ұсынылады. Келісімшартқа қосымша ретінде техникалық тапсырма беріледі. Мұнда Сізге орындауға қажетті жағдайлар толық жазылады.

  5. Жұмыс берушіге келісімшартта минималды окладты белгілеп, ал қалғанын әртүрлі үстеме төлемдер ретінде төлеу тиімді. Өйткені егер келісімшартта еңбекақының маскималды молшерін белгілесе, оны төмендету мүмкін емес. Келісімшартта еңбекақының тек шынайы мөлшері белгіленбей, сондай-ақ келісімшарттың жарамдылық мерзіміне қосымша жағдайлар, мысалы, сыйлық ақы, түскен түсімнен/пайдадан пайыздық ақы төлеу және т.т.

  6. Егер еңбек пен демалыс тәртібі еңбек келісімшартында жазылмаса, жұмыс берушіге Сізбен жұмыс жағдайларын өзгерту туралы келісуге қажеті жоқ. Осыған назар аударыңыз!

  7. Жұмыс беруші еңбек келісімшартын екі данада жасауға міндетті. Бір данасы – кадр бөлімінде, екіншісі қызметкерге беріледі. Міндетті түрде қолыңызды қойып, еңбек келісімшартын қолыңызға алыңыз.

Операционалды – дағды компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Сынау мерзімі туралы мәліметпен танысып, орыс тіліне аударыңыз.

Еңбек келісім шартында қызметкердің біліктілігінің берілген жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатымен сынау мерзімі туралы шарт белгіленеді (ҚР ЕК 36-бабы). Еңбек келісімшартында осы шарт белгіленбесе, қызметкер жұмысқа сынау мерзімсіз қабылданды деп есептеледі. Және қызметкерді сынау мерзімінен өтпеген ретінде жұмыстан шығаруға болмайды.

Назар аударыңыз! Сынау мерзімі қызметкердің еңбек өтіліне қосылады және 3 айдан артық болмайды. 1) Жұмысқа тиісті лауазымды ауыстыру конкурсы бойынша орналасатын тұлғаларға; 2) орта, жоғары білім беретін оқу орындарын бітірген және алынған мамандықтары бойынша жұмысқа алғаш рет орналасатын тұлғаларға; 3)мүгедектерге сынау мерзімі белгіленбейді.


Коммуникативті компетенция бойынша

1-тапсырма. Түйіндеме үлгісімен танысып, басқа саладағы мамандық бойынша түйіндеме үлгісін жасаңыз.

Т Ү Й І Н Д Е М Е

Сұлтанова Назира Айханқызы

1914 ж. 4-сәуірде Талдықорған қаласында тудым.

Мекен-жайым: Алматы қаласы, Н. Тілендиев көшесі, 21, 3.

Үй телефоны: 41-00-43

Мамандығым; заңгер, тарихшы.

Бағыт: Жоғары оқу орнының оқытушысы, мемлекеттік аппарат қызметкері.

Білімі мен қызметі туралы мәлімет:

Қазақ мемлекеттік заң университетінің аспиранты 1997-2000 жж.

Ілияс Жансүгіров атындағы университеті тарих факулътетінің оқытушысы 1995-1997 жж.

Ілияс Жансүгіров атындағы Талдықорған университеті тарих және құқық факулыпетінің студенті — 1991-1995 жж.

Негізгі мәліметтер.

Казақстан тарихы, құқықтану мәселелерімен айналысып, зерттеу жұмыстарын жүргіздім. "Әлихан Бөкейхановтың саяси, құқықтық көзқарастары" тақырыбында кандидаттық диссертация жаздым. Республика, қала, жоғары оқу орындары көлемінде өткен конференцияларда баяндама жасадым. Жоғары оқу орнында жұмыс істеген тәжірибем бар. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласамын.

Қосымша мәліметтер: Ана тілім — қазақ тілі. Ағылшын және орыс тілін жақсы білемін. Компьютермен жұмыс істей аламын. Туристік сапармен Түркия, Қытай, Корея мемлекеттерінде болдым. Жеңіл машина жүргізе аламын (1998 жылдан). Көпшілікпен жұмыс істегенді ұнатамын. Ұйымдастырушылық қабілетім бар. Тапрсырған іске жауапкершілікпен қараймын.

Театрға, спорт жарыстарына барғанды ұнатамын.

Кепілдеме туралы мәлімет: Қазақ мемлекеттік заң университеті Мемлекеттік құқық кафедрасының меңгерушісі берген кепілдеме қосымша беріліп отыр.

4 наурыз 2000 жыл Султанова Н.А.

(қолы)


Өзін-өзі дамыту компетенциясы

1-тапсырма. Визит карточкасының жаңа үлгісін жасаңыз.

Визит карточкасы – жеке тұлғаның қызмет орны, аты-жөні, байланыс мәліметтері қысқаша жазылған, ресми қатынас мәдениетіне лайықталған, белгілі бір пішінмен рәсімделген құжат.

  • Визит карточкасы іскерлік қатынас үшін өте керек іс қағазы, құжат.

  • Визит карточкаларының мазмұны бірдей болғанмен, безендірілуі әр түрлі болуы мүмкін.

  • Визит карточкалары негізінде Times New Roman 14 -шрифтімен жазылады.

  • Аты-жөнін жазғанда фамилиясы үлкен әріппен теріледі.

  • Мысалы: БЕКБОЛАТОВ Асан Қайырбекұлы.

  • Қызметі. Тек ресми атқаратын қызметі жазылады. «Міндетін атқарушы, уақытша орындаушы» деген сөздер жазылмайды.

  • Ғылыми дәреже, әскери т.б. атақтар кажеттілігіне карай көрсетіледі.

  • Жұмыс телефоны. Алдымен хатшының телефонын көрсеткен дұрыс. Қажет деп санаған жағдайда өзіңіздің жеке телефоныңызды көрсетуге болады. Егер мобильді жүйедегі байланыс болса, жеке кодымен көрсетіледі.

  • Визит карточкасы 50x90 миллиметрлік көлемдегі қатты қағазда жасалады.

  • Визит карточкаларының түр-түсі әр адамның қызмет бабына карай жасалады.




  1. Пайдаланған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет: Ә.Ж.Хазимова Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу: Оқу құралы. Алматы: 2010ж. 57-81 бет.

Қосымша әдебиет: А.Құрманов, С.Құлманов. Ресми – іскери тіл (Официально – деловой язык) Алматы 2007 ж.


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


14 тақырып: Санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылық


2012ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.


Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

  1. Тақырыбы: Санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылық




  1. Мақсаты: Күнделікті өмірде кездесетін құбылыстар жөнінде сөйлесе білуді, құжаттарды дұрыс толтыра білуге машықтандыру.




  1. Міндеті:

  1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша тіл жүйесін, кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.

  2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.

  3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.

  4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту.




  1. Негізгі ұғымдар: Медициналық бақылаулар, санитарлық заңдар.




  1. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты)

Ұйымдастыру барысы – 5 минут

Үй тапсырмасын сұрау – 20 минут

Жаңа тақырып – 20 минут

Жаңа сабақ бекіту – 5 минут

Мәтінмен жұмыс – 25 минут

Бақылау жұмыстары – 15 минут

Үй тапсырмасын беру – 5 минут

Студенттің білімін бағалау – 5 минут


  1. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, жаттығу жұмысы.




  1. Көрнекі құралдар: Құжат үлгілері, кесте, үлестірмелі карточкалар.




  1. Тапсырмалар:

1-тапсырма. «Халықтық санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылғы туралы» Заңның бабымен танысып, аударыңыз.

Халықтың денсаулығын қорғау, жұқпалы және паразиттік ауруларды болдырмау, кәсіптік аурулар мен уланулардың, бақытсыз оқиғалардың алдын алу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлері мен азаматтары алдын ала және мерзімдік бақылаулардан, арнайы медициналық тексерулерден өтеді. Өндірістік зиянды факторлардың, алдын ала және мерзімдік бақылаулардан өтуге міндетті мамандық иелері, халықтың жекелеген топтарының тізбесін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі белгілейді. Кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың лауазымды адамдарды алдын ала немесе мерзімдік медициналық тексерулерден өтпеген немесе денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жібермейді.


  1. Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Төмендегі ережелер бойынша сараптама жасап көріңіз.

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға мыналар жатады:

1) атом энергетикасы және өнеркәсіптердің, ғарыштық қызмет атқаратын және жер қойнауын пайдалану нысандарын, қоршаған ортаға химиялық, биологиялық заттарды, физикалық факторларды сыртқы ортаға шығаратын нысандарды, өзіне ғана тән басқаларға ұқсастығы жоқ жаңа технологиялық үдеріс нысандарын орналастырып, қайта жаңартып және ұлғайтқан кезде;

2) өндіріс күштерінің, қалалық және ауыл елді мекендерінің, шипажай зоналары құрылысының бас жоспарының даму және орналасу схемасын, техникалық-экономикалық негіздемесін, өнеркәсіптік және азаматтық деңгейдегі объектілер құрылысын және жаңарту жобалары жасағанда;

3) қызметінің кәсіби түрінің өзгеруіне байланысты қайта жаңартылатын құрылыстардың немесе нысан учаскесінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы материалдарды;

4) кәсіпорындарды орналастыруға, құрылысын жүргізуге, қайта жаңартуға, дамуына, зиянды заттар мен зиянды физикалық факторлардың қоршаған ортаға, санитарлық күзет және санитарлық қорғау зонасына рұқсат етілген деңгейде түсуіне жасалған техникалық-экономикалық негіздемелерді және геологиялық тексеру мен технология жобасына байланысты басқа да құжаттамаларды;

5) шикізатқа, тамақ өнімдеріне, тағам өнімдеріне, тауарларға, бұйымдарға, заттарға, механизмдерге, машиналарға, құрал-жабдықтарға, құрылыс материалдарына, балалардың заттарына, сондай-ақ, оқу, тәрбие беру, еңбектенудің, физикалық тұрғыдан даму, мекендеу, демалу, сумен қамту, тұрғындар тобына медициналық қызмет көрсету режимдеріне арналған нормативті-технологиялық құжаттаманың жобаларын;

6) өндіру, тасымалдау, сақтау, шикізаттарды, тағам өнімдерін, ауыз суды, құрылыс материалдарын, көпшілік тұтынуға арналған тауарларды, балалардың заттарын, уытты, радиоактивті және биологиялық заттарды қолдану және сату, сол сияқты жұмыстың орындалуы мен қызмет көрсету жағдайларын;

7) оқу, тәрбие беру, еңбектің физикалық тұрғыда дамуы, еңбек ету және өмір сүру, тамақтану, сумен қамту және әртүрлі тұрғындар тобына медициналық қызмет көрсету жағдайлары;

8) санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды, өнімдердің қауіпсіздігін, тұрғындар денсаулығының жағдайын сипаттайтын материалдар, олардың арасындағы кәсіби және жұқпалы аурулар мен улану туралы мәліметтер;

9) жерге, су қоймаларына және атмосфералық ауаға жүргізілетін химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық және пестицидттік тұрғыдан анықталған жүктемелер туралы материалдар;

10) жаңа өнімдер, оның ішінде тағамдық, технологиялар;

11) халық денсаулығы үшін қауіптілігі ықтимал және (немесе) маңызды, жоспарланатын, салынатын және пайдаланылатын өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілер, өнеркәсіптік бұйымдар мен көлік, сондай-ақ басқа да объектілер


Операционалды – дағды компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Төмендегі көрсетілген құжаттардың үлгісін дайындаңыз.

Жобаларды санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өткізу үшін тапсырысшы ұйымдастырушыға мынандай құжаттарды береді:

1) санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы өткізуге арналған өтініш;

2) санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өтетін нысандардың жобалау алдындағы және жобалау барысындағы құжаттамалары мен материалдары;

3) қолданылатын шикізаттардың, тағам өнімдерінің, негізгі және қосымша материалдар мен заттарды сипаттайтын түсініктеме хат;

4) санитарлық-індетке қарсы іс-шаралар мен айғақтарының тізбесі, ұсынылатын құжатты дайындау кезінде пайдаланылған нормативтік құжаттамаға сілтеме;

5) еңбектің санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсізідігіне қойылатын талаптар мен өнімді, оның ішінде тағам өнімі, ингредиенттердің өндіру және қызметтер көрсету, технологиялық процестерді орындау кезіндегі жұмыстың зиянды жағдайларының тізбесі;

6) қажетіне қарай өнімдердің үлгілері;

7) сынақтардың, зерттеулердің хаттамалары, дегустация жасайтын комиссияның хаттамасы, сызбалары, басты жоспарлардың көшірмелері, фотосурет, өндірістік ортаның химиялық және физикалық факторлары деңгейінің есептемелері;

8) өнімді, оның ішінде тағам өнімін сәйкестендіруге, оны қолдану қауіпсіздігі мүмкіндігіне септігін тигізетін мәліметтерден тұратын өзге де материалдар;

Тамақ өнімдері және материалдар мен бұйымдардың санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасы санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы өткізуге арналған өтініш және өнімдердің үлгілері негізінде өткізіледі.


Коммуникативті компетенция бойынша

1-тапсырма. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама рәсімін орыс тіліне аударып, есіңізге сақтаңыз.

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама рәсімі мыналарды қамтиды:

1) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу туралы өтінішті тіркеу;

2) жоспарланып отырған шаруашылық жүргізу қызметі қоршаған орта мен халық денсаулығына әсерін және олардың қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бағалауды қоса алғанда, сараптауға берілген тиісті материалдардың болуы мен толықтығын тексеруден тұратын алдын ала сараптамасы (алдын ала сараптауды);

3) сараптаманың тиісті деңгейін көздейтін негізгі сараптау сатысын, материалдарды талдамалық өңдеуді, жоспарланып отырған немесе жүзеге асырылатын қызметтің санитарлық-эпидемиологиялық қауіптілік деңгейін, сараптау объектілерін сату негізінің жеткіліктілігі мен растығын салыстырмалы түрде талдау мен жеке бағалауды жүргізуді;

4) материалдарды бекітуге ұсынымдар немесе олардан бас тарту туралы қорытындысы бар сараптаманың қорытынды сатысын.


Өзін-өзі дамыту компетенциясы

1-тапсырма. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің міндеттерін жаттап алыңыз.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлер:

1) тиісті аумақта, көлікте санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы бақылауды жүзеге асырады және басқарады;

2) санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізу әдістерін анықтайды;

3) қолданыстағы санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтер талаптарына жауап бермейтін санитарлық-эпидемиологиялық сараптауға ұсынылған материалдарды кейін қайтарады;

4) санитарлық-эпидемиологиялық заңдар бұзылған, оны түзету қосымша сынақтар мен зерттеулерді, ізденіс жұмыстарын талап ететін материалдар мен құжаттарды қайта жасау үшін кейін қайтарады;

5) санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасының қорытындысына қол қояды;

6) халық денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін жағдай қайта анықталғанда, тапсырысшы қорытынды талаптарын орындамаған жағдайда, жеке және заңды тұлғалар атқаратын қызметтің санитарлық ережелер мен нормалар талаптарына сай болмаған кезде, сондай-ақ, заң бұзылған санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды берілгенде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаудың бұрын берілген санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысын қайтарып алады;

7) сараптама өткізу үшін керекті қосымша ғылыми, жобалау, әдістемелік немесе басқа да керекті материалдарды сұратады;

8) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілген кезде оң қорытынды алмаған нысандар бойынша банктерге және басқа да қаржыландыру органдарына материалдарды ұсынады;

9) заңнамаға сәйкес әкімшілік шараларды қолданады, қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуда кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы мәселелерді шешу үшін тиісті құқық қорғау және өзге де органдарға тиісті материалдарды дайындайды және тапсырады.


  1. Пайдаланған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет: Ә.Ж.Хазимова Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу: Оқу құралы. Алматы: 2010ж. 57-81 бет.

Қосымша әдебиет: А.Құрманов, С.Құлманов. Ресми – іскери тіл (Официально – деловой язык) Алматы 2007 ж.


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


15 тақырып: Стационардан шыққан адамның статистикалық картасы


2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.


Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

  1. Тақырыбы: Стационардан шыққан адамның статистикалық картасы




  1. Мақсаты: Күнделікті өмірде, еңбек қарым-қатынасында кездесетін кеңселік құжаттарды талаптарға сай мемлекеттік тілде толтыра білуі және оларды бір-бірінен ажырата білуге машықтандыру.




  1. Міндеті:

  1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін жаттықтыру.

  2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.

  3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.

  4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту.




  1. Негізгі ұғымдар:




  1. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты)

Ұйымдастыру барысы – 5 минут

Үй тапсырмасын сұрау – 20 минут

Жаңа тақырып – 20 минут

Жаңа сабақ бекіту – 5 минут

Мәтінмен жұмыс – 25 минут

Бақылау жұмыстары – 15 минут

Үй тапсырмасын беру – 5 минут

Студенттің білімін бағалау – 5 минут


  1. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, жаттығу жұмысы.




  1. Көрнекі құралдар: Құжат үлгілері, кесте, үлестірмелі карточкалар.




  1. Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.

"Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы (есепке алу) медициналық құжаттамаларының нысандарының тізбесі және оларды сақтау мерзімдері" деген 7-1 қосымша осы бұйрыққа 140-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың басшылары осы бұйрықпен бекітілген бастапқы медициналық құжаттама нысандарын денсаулық сақтау ұйымдарына енгізсін және бастапқы әкімшілік деректердің құпиялылығын қамтамасыз етсін.

  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Е.Р. Әмірғалиев) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

  4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманы енгізу туралы" 2007 жылғы 27 тамыздағы № 520 (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылы 27 қыркүйекте № 4946 тіркелген және 2007 жылы 23 қарашадағы №180 (1209) "Заң газетінде" жарияланған) және "Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманы енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 27 тамыздағы № 520 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылы 28 сәуірде № 5202 тіркелген және 2008 жылғы 21 мамырдағы № 75 (1475) "Заң газетінде" жарияланған) 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 196 бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

  5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

  6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




  1. Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз.

Профиль койки, вид травмы, плановая операция, исход лечения, источник финансирования, прочие, причина смерти, социальный статус, сопутствующее заболевание, уличная травма, пенсионер, заключительный клинический диагноз, осложнения, положительно, школьная травма, отрицательно, бытовая травма, хозяйка, дорожно-транспортная травма, экстренная операция, послеоперационное осложнение, регистрационный медицинский номер, категория льготности, служащий, безработный, тип госпитализации, сам обратился, криминальный аборт, диагноз при поступлении, дата и время выписки (смерти), роддом, скорая помощь.


Операционалды – дағды компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Берілген сөздерді бағанға бөліп жазыңыз.

ҰОСМ, қызметкер, тұрмыстық, қайтыс болу, жазылу, әскерге шақырылушы, қоныс аударушылар, жақсару, зейнеткер, үй шаруасындағы әйел, еңбек мүгедегі, сәуле әсерін алған адам, жұмыссыз, өзгеріссіз, жұмыскер, фермер, мектепке дейінгі, нашарлау, спорттық, өндірістік.

Жарақаттың түрі Емдеу нәтижесі Әлеуметтік мәртебе Жеңілдік категориясы

–––––––––––––––– –––––––––––––– –––––––––––––––––– –––––––––––––––––––––

Коммуникативті компетенция бойынша

1-тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.

Патологоанотомиялық диагноз




Аутопсия




Анестезия




Жұқпа




Аборт




Стационар




Реанимация




Резус-фактор







  1. Пайдаланған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет: Ә.Ж.Хазимова Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу: Оқу құралы. Алматы: 2010ж. 57-81 бет.

Қосымша әдебиет: А.Құрманов, С.Құлманов. Ресми – іскери тіл (Официально – деловой язык) Алматы 2007 ж.


ПӘН БОЙЫНША БІЛІМІН, ІСКЕРЛІГІН ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН

БАҚЫЛАУШЫ-ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАР


Қазақ тілі кафедрасы латын тілі курсымен


Қазақ тілі пәні бойынша, коды KRYa 1104

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconКурсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі
Жоғары оқу орнының атауы: С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconКурсы Оқу сағатының көлемі
Маќсаты: студенттерді жалпы нозологияның негізгі түсініктерімен, аурудың маңызы туралы қазіргі көзқарастармен және аурулардың алдын...
Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconКурсы Оқу сағатының көлемі
Маќсаты: Сыртқы ортаның әсерінен, аурудың ағымы мен ауырлығы айқындалатын организмнің ауыру немесе ауырмауы шешілетін, организмнің...
Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconОқу сағатының көлемі 90/2

Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі icon5В110300 «Фармация» мамандығы үшін (оқу түрі) Оқу сағатының көлемі (кредиттер*) 90 с. (2 кредит) II курс
Кафедра меңгерушісі: Ахметова Сауле Балтабаевна – м.ғ. к., доцент, микробиология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, педагогикалық...
Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconПән коды: 5В 130100 Мамандық: жалпы медицина Сабақ уақытының көлемі 135 Курс 5 оқу семестрі IX

Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconОқу сағаттың көлемі: 162 Курс және оқу семестрі
...
Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі icon5В110300 «Фармация» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 (2 кредит) курс
Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл
Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconКурсы және оқу семестрі 4 курс, 7,8 семестрлар Семей 2013

Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі iconКурсы және оқу семестрі: 3 курс, 6 сместр Семей 2014

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница