Мазмұны




НазваниеМазмұны
страница1/5
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.73 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/33162937-39b9-11e3-9713-f6d299da70eeсинтаксистік стилистика УМКД.
  1   2   3   4   5




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3-деңгейлі СМЖ

құжаты


ПОӘК



ПОӘК 042-16.1.32/03-2013


ПОӘК «Синтаксистік стилистика» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар

______2013 жылғы

№ басылым





5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

«синтаксистік стилистика»


ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ








СЕМЕЙ

2013


Мазмұны

1 Глоссарий...........................................................................................................

2 Дәрістер..............................................................................................................

3 Практикалық сабақтар.....................................................................................

4 Курстық жұмыс...............................................................................................

5 Студенттердің өздік жұмысы..........................................................................


1 ГЛОССАРИЙ


Синтаксис – сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркесін, сөйлем және оның түрлерін, сөйлем мүшелерін зерттейтін тіл білімінің бір саласы.


Синтаксистік форма – синтаксистік тұлғалардың тиісті грамматикалық амалдар арқылы қалыптасқан грамматикалық тұрпаты.


Синтаксистік мағына – грамматикалық абстракция сапасындағы мағына.


Сөз тіркесі – толық мағыналы ең кемі екі сөздің грамматикалық байланысқа түсуі негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік.


Меңгеру – бағыныңқы сыңардың басыңқымен табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып байланысуы.


Қабысу – сөздердің ешқандай жалғаусыз орын тәртібі арқылы тек іргелес тұрып байланысуы.


Жанасу - сөздердің ешқандай жалғаусыз орын тәртібі арқылы іргелес те алшақ та тұрып байланысуы.


Матасу – ілік септікті сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысы


Қиысу – бастауыш пен баяндауыштың жақ-жағымен жекеше-көпше түрде сәйкесіп байланысуы.


Басыңқы сыңар – сөз тіркесінің құралуына негіз болатын тірек сыңар


Бағыныңқы сыңар – басыңқы сыңарға тұлғалық және мағыналық жақтан тәуелді болатын сыңар


Есімді сөз тіркесі – басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркесі


Етістікті сөз тіркесі – басыңқы сыңары етістік сөзден болған сөз тіркесі


Құрмалас сөйлем - синтаксистік тұлға, ең кем дегенде екі предикаттық қатынастың негізінде құрылады.


Салалас сөйлемнің құрамындағы синтаксистік компоненттер өзара теңдік дәрежеде байланысады.


Сабақтас сөйлемнің, әсіресе, бағыныңқы компоненттерінің баяндауыштары тиянақсыз тұлғада келеді. Осыған байланысты ол компоненттердің арасындағы интонация да тиянақсыз, яғни құрмаластырушы, ұластырушы интонация болады.


Басыңқы сыңар – сөз тіркесінің құралуына негіз болатын тірек сыңар


Бағыныңқы сыңар – басыңқы сыңарға тұлғалық және мағыналық жақтан тәуелді болатын сыңар


Дәстүрлік немесе логика-грамматикалық таптастыру бойынша құрмалас сөйлемдер салалас құрмалас, сабақтас және аралас құрмалас болып бөлінеді


Аралас құрмалас сөйлем -компоненттері әрі салаласа, әрі сабақтасу арқылы байланысқан құрмалас сөйлем түрі.


Шартты салалас сөйлемдерде компоненттердегі оқиға мазмұны бір-біріне шарттастық мәнде құрылады.


Аналитикалық принцип салалас құрмалас сөйлемнің жасалуында айрықша мән атқарады. Салалас құрмаластың жеке компоненттері сондай-ақ әр мәндегі жалғаулықтар арқылы да байланысады. Осыған орай салалас құрмаластар жалғаулықсыз салалас және жалғаулықты салалас деп ажыратылады.


Түсіндірмелі салаластың бір компонентінде баяндауыш та жалпы айтылып, келесі компоненттерде нақтыланады.


Кезектес салалас әрекеттің кезек-кезек өзара ауысып келетінін көрсетеді


Талғау мәнді салалас сөйлемнің синтаксистік компоненттеріндегі оқиғалардың орындалу барысы бір-бірімен талғау, таңдау ретінде жұмсалады.

Көп компонентті салалас сөйлемдерде хабарланған ойдың мазмұны толығырақ ашыла түседі, кейбір жайлардың мазмұн көрінісі саралана жіктеліп, талдана жинақталу сипаты орын алады.


Қарсылықты бағыныңқылы сабақтаста синтаксистік компоненттерде хабарланған оқиға нәтижесі бір-біріне қарама-қайшы қойылады.

Шартты бағыныңқылы сабақтаста синтаксистік компоненттерде баяндалған оқиға-әрекеттердің орындалу барысы бір-біріне шарт мәнінде байланыса құрмаласады.


Түсіндірмелі сабақтаста мұндай мағыналық көрініс керісінше болады. Мұнда айқындаушы, түсіндіруші қызмет қызмет басыңқының үлесіне тиеді.

Салыстырмалы сабақтас сөйлемде бағыныңқы компонент басыңқыда хабарланған қимыл-әрекетті әр түрлі мағыналық жақтан айқындап, толықтап жатпайды.


Себеп бағыныңқылы түрінде бағыныңқы компонент басыңқыда хабарланған ой желісінің себебін білдіріп тұрса, осы себептің нәтижесінде басыңқыда оның салдары келіп шығады


Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқы компонент басыңқы компонентте айтылатын оқиғаның, қимыл-әрекеттің болу немесе болмау мақсатын білдіреді


Амал бағыныңқылы сабақтас сөйлемде бағыныңқы компонент басыңқы компонентте жүзеге асып жатқан немесе жүзеге асатын іс-әрекеттің амалын, тәсілін білдіреді.


Көп бағыныңқылы сабақтас бір басыңқыға қатысты бірнеше бағыныңқыдан тұратын сабақтас құрмалас сөйлем.


2 ДӘРІСТЕР

1-тақырып: Сөз тіркесінің табиғаты және оған тән белгілер

Дәріс жоспары:

1.Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі пәні және оның зерттеу нысаны; Синтаксистің басқа салалармен байланысы; Қазақ тіл білімінде синтаксистің зерттелуі.

2.Сөз тіркесінің табиғаты және оған тән белгілер

3.Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формалары туралы көзқарастар

4.Сөз тіркесінің түрлері

Дәрістің мақсаты: Сөз тіркесінің табиғаты және оған тән белгілерді меңгерту

Қысқаша мазмұны:

Синтаксис - / грекше syntaxis / - грамматикалық , морфология сияқты, өзекті саласының бірі. Грамматиканың тең праволы, әрі өзара тығыз байланысты бұл екі саласының қарастыратын обьектілері тілдің грамматикалық құрылысының мәселелері болады: морфология сөздердің грамматикалық жүйесін, құрылысын, сөз таптарының грамматикалық мағыналары мен тұлғаларын зерттейді; синтаксис сөз тіркесінің және сөйлемнің грамматикалық жүйесін, құрылысын зерттейді. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынандай негізгі екі салаға бөлінеді: С ө з т і р к е с і н і ң с и н т а к с и с і. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі , тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түр- түрі қарастырылады. Синтаксис бұл мәселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі ілімнен бөліп алып, олардан оқшау тұрған нәрсе деп қарамайды, өзара тығыз байланыста қарастырады. Сондықтан сөздердің морфологиялық құрылысы ситаксистің де грамматикалық талдауының негізі болады. Лексикология мен морфология тіл ғылымының дербес салалары болуымен қатар, олар да синтаксиспен байланысын үзбейді.

Қазақ тілінде сөз тіркестерінің байланысу формалары мен тәсілдерінің синтаксистік қатынастары оның бағыныңқы сыңарына қарай, ал сөз тіркестері түрлері басыңқы қатарына қарай айқындалады.

Осы күнгі орыс тіл білімінде сөз тіркесінің басыңқы сыңарын бірнеше топқа бөліп қарастырады, ал қазақ тілінде есімді және етістікті деп екіге бөледі.

Сөз тіркесін көптеген ғалымдар сөз таптары негізінде топтаса, кейде сөйлем мүшелері аясында да топтайды.

А.Поцелуевский детерменативті салалас бағыныңқылық, сөйлемдіктип деп топтау жасайды.

Жалпы алғанда, сөз тіркестерінің басыңқы сыңарына қарай көбінесе сөз таптары негізінде топтау басым. Бірақ осы ұстанымды көптеген ғалымдар қолданғанымен түрколог ғалымдар арасында бірізділік жоқ.

Виноградов сөз тіркесінің басыңқы сыңарына қарай есімді, етістікті, үстеулі деп бөлсе, Шведова етістікті, субстантивті, обьективті, немесе үстеулі деп бөледі.

Максимова есімді, етістікті, үстеулі, категория состояния деп жіктейді.

Әбілқаев сөз тіркесінің бағыныңқы сыңараының негізінде топтайды.

Ал Кононов, Баскаков, Әміров есімді, етістікті деп бөлсе, Балақаев есімді, етістікті, ортақ байланысу, Жаппаров комплексті форма дегенді ұсынады.

Аханов, Серғалиев есімді , етістікті сөз тіркестеріне қоса үстеулі тіркесті қосады.

Сөз тіркестерінің байланысу формалары мен қатар олардың басыңқы сыңарларының қызметі ерекшеленеді. Сөз тіркестерінің басыңқы сыңары болып кез-келген сөз тіркесі қолданыла бермейді. Мұндайда барлық сөз табына ұйытқы болатын бір ғана сөз табы қатысады.

Сөз тіркестерінің басыңқы сыңары көбінесе есімді, етістікті делінсе, ал сөйлемдегі тиянақтаушы баяндауыштарды есімді, етістікті және құрама деп үшке бөліп қарастырамыз. Осындай құрылымдардың сөз тіркесінің аясына келгенде бір ғана байланысу формасы қарастырылады. Профессор Балақаев «О комбинированном управления прямого дополнения» деген мақаласында арнайы сөйлем мүшесі туралы сөз қозғай келіп, сөз тіркесі мәселесіне ауысады.

Сөйтіп ортақ меңгеру деген термин 1962,1971 жылдары шыққан «Қазіргі қазақ тілі» оқулығына енгізілді. Автор оқулықта «меңгеру – сөз тіркесінің бағыныңқы сөздің басыңқы сөзбен мағыналық үйлесімділік негізінде септік жалғауының бірінде тұрып байланысады. Меңгерілетін сөз табыс, барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде тұрады да етістік, есім және сол екеуінің ортақтастық тобы болады. Осыған орай ортақ меңгеру қалыптасады» дейді.

Соңғы жылдары көптеген жаңа идеялар мен ұғымдар пайда болды. Олардың әрқайсысының өзіндік теориялық мәні бар.

«Сөз тіркесі – бағыныңқы грамматикалық байланыс – қиысу, меңгеру, қабысу және сол байланыстан туатын қатынас негізінде толық мағыналы екі немесе одан да көп сөздің бірігуінен жасалған синтаксистік бірлік.»(Сов.рус.яз.1980)

А.Н.Гвоздев «мағынасы мен грамматикалық жағынан бірігіп, ұғымдардың арасында қатынас тудыратын сөздерді сөз тіркестері деп атайды» (Сов.лит-ый яз. 1973)

«Салалас тіркес бағыныңқы тіркесіне қосымша қызмет атқарады да, кез келген сөйлемде ұшыраса бермейді, соның өзінде сөйлемдегі сөздердің кейбірін ғана біріктіреді»

Боронникованың анықтамасы бойынша «сөз тіркестері дегенді предикативтік емес қатынастарды (атрибутивтік, обьектілік, релятивтік) әр дәрежедегі сөздердің тіркесі деп ұғыну керек» (Введение в языкознание)

Сөз тіркесіне қатысты барлық пікірлерде тән ортақ тұжырым төмендегідей:

  1. сөз тіркестерінің бірыңғай ұғымды білдіретіні;

  2. белгілі бір тілдің ішкі заңдылығына сәйкес құрылатын грамматикалық бірлік;

  3. коммуникативтік емес единица

В.А.Белошапкова «Предикативтік қасиеті жоқ синтаксистік жағынан ұйымдасқан тіркестердің кез келген және сөз формаларының синтаксистік жағынан байланысқан тіркесінің барлығы сөз тіркесі деп танылады»

Г.А.Золотова «сөз тіркесін тек басыңқы-бағыныңқы компонентерімен байланысуы тұрғысынан ерекшелейді.» сөз тіркесіне қатысты пікір қозғап жүрген зерттеушілердің қай-қайсысының еңбегін қарасақ та, синтаксистің басты екі категориясын,сөз тіркесі мен сөйлемді бір-бірінен ажырата білу қажеттілігін атап, мүмкіндігінше оның шартын ұсынады.

Н.А.Баскаков қазіргі түркі тілдеріндегі сөз тіркестерінің төмендегідей ерекшеліктерін атап көрсетеді.

1. Оларға атрибутивтік, релятивтік, обьектілік қатынастардың тән екендігі, предикаттық қатынастың болмайтындығы;

2. Сөздердің грамматикалық байланысын меңгеру, қиысу, қабысу, матасу, жанасу түрінде келетіндігі.

3. Сөз тіркесінде интоннация бомайтындығы

4. Сөз тіркесі белгілі бір сөз табына жататын сөзден жасалатындығы

5. Сол негізде сөз тіркесі есімді не етістікті болып бөлінетіндігі

6. Сөз тіркесі синтаксистік ыңғайдан басыңқы-бағыныңқы және салалас ретінде жіктелетінін айтады

(Историко-типологическая характеристика стуктура тюркских языков 1975)

Сөз айналадағы обьективті шындыұтың адам басындағы сәулесі ретінде жеке-жеке ұғымды білдірсе, с ө з т і р к е с і олардың грамматикалық қарым- қатынасын білдіреді. Ал сөйлем сол жеке ұғымдардың синтезі ретіндегі байымдауды, хабарлауды сұрауды, модальділікті білдіреді. әдетте бұлар жеке сөйлемнен тиянақталып, ойымыз жеке сөйлемнен аяқтала бермейді. Сөйлемнің аяқталған ойды білдіруді оның маңындағы басқа сөйлемдермен қатынасына қарай да айқындалады. Мысалы: Түн. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар . Екі кісі даңғыл жолмен жүріп келеміз деген үш сөйлемнің алдыңғысын /Түн/ соңғылармен байланыстыра қарамасақ , сөйлем демей , жеке сөз деп таныр едік. Сол сияқты, Аспанда жымыңдаған жұлдыздар деген сөйлемнің де тиянақтылығы айналасындағы басқа сөйлемдермен байланыстыра қарағанда я талдағанда анық байқалады. Контекспен бөліп алынған сөйлемдер әр уақытта мүлде аяқталған ойды білдірмейді, біршама ғана аяқталған ойды білдіреді. Тағы бір- екі мысал келтірейік:

Күн сары белге шұқшиып барып қалыпты. Тұс- тұстан

көтерілген қою шаң тымық әуеде жайымен ыдырап барады.

  1. Әлдеқайда шырқаған ән естіледі . Ойды өзіне тартып ап,

бойды тербеп тұрғандай. Ауыл шымыр-шымыр қайнайды: Өрістен мал қайтты, көшеде ойнаған бала , жүгірген ит-құс.

Сөйлем бір сөзден тұрса да, өз ара байланысты бірнеше сөзден құралса да, ол дауыс ырғағы жағынан тұтастанып, айналасындағы басқа сөйлемдерден пауза арқылы оқшаулануымен қатар , олармен мағыналық қатынасқа еніп, ұласып, ұштасып жатады.


2-тақырып: Есімді және етістікті сөз тірестері

Дәріс жоспары:

  1. Есімді тіркестер туралы жалпы түсінік

  2. Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері

  3. Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері

  4. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері

  5. Етістікті тіркестер туралы жалпы түсінік

  6. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері

  7. Меңгеріле байланысқан етістікі сөз тіркестері

Дәрістің мақсаты: Есімді және етістікті сөз тірестерінің ерекшеліктерін меңгерту.

Қысқаша мазмұны:

Сөздер сөйлем құрау үстінде өзара түрлі функциялық қатынасқа түседі, ол функциялық қатынас сөздердің грамматикалық байланысы арқылы көрінеді. Мысалы, Күн ұясына қонды деген сөйлемді алайық. Мұнда сөйлем құрамына енген сөздер өзара мынандай грамматикалық / синтаксистік / байланыста тұр: Күн - қонды; ұясына – қонды.

Синтаксистік қатынасты білдіру үшін толық мағыналы екі / немесе одан да көп/ сөздің сабақтаса, салаласа байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз.

Сыртта ол аспандағы жұлдыздарға қарап тұрды. Бұл сөйлемде мынандай сөз тіркестері бар:

Ол қарап тұрды; Жұлдыздарға қарап тұрды; Аспандағы жұлдыздарға қарап тұрды .

Бұл сөз тіркесіне берген анықтамада оған екі шарт қойып отырмыз. Біріншіден, сөз тіркесі деп тану үшін сөздер бағыныңқы қатынаста болуға тиіс, яғни екі сөздің бірі екіншісіне грамматикалық формасы, қызметі жағынан бағыныңқы қатынаста тұруға тиіс.

Жұлдыздарға деген сөзге аспандағы бағынынқы болып байланысып тұр. Қарап тұрды деген сөзге жұлдыздарға бағыныңқы болып байланысып тұр. Сөздер сөйлемде салаластық қатынасқа түсіп байланысуы да мүмкін. Мысалы, бірыңғай мүшелердің байланысуы.

Көкшетау мен Айыртаудың сылқылдаған бұлағы, күрсінген көлі, шулаған орманы, ақынды ерте әлдиледі. /Т.Ә./

Тіл білімінде бірыңғай мүшелердің өзара қатынасын , сөз тіркесіне жатқызбау керек деген де пікір бар. Көпшілік ғалымдар бірыңғай мүшелерді сөйлемнің өз құрылымына байланысты оның өрбуіне қатысты компонент деп қарамайды. Оны дара-дара сөйлемдердің сыйысу амалы деп атайды:Көкшетаудың бұлағы әлдиледі. Айыртаудың бұлағы әлдиледі. Бірақ тіл біліміне арналған бірталай еңбектерде сөйлемдегі бірыңғай мүше болып келген сөздерді де сөз тіркесінің қатарына жатқызады. Сондағы дәлелдері мынандай: сөйлем құрамындағы бірыңғай мүшелер өзара белгілі бір грамматикалық қатынасқа түседі: ыңғайластық, талғаулық, қарсылықты т. т. Бұл қатынастар шылау сөздер, интонация арқылы білдіріледі.

Бірыңғай мүшелердің қатысумен құрылған сөз тіркестері салаласып байланысқан тіркес деп аталып жүр. Ілгеріде келтірілген сөйлемде Көкшетау мен Айыртаудың деген сөздер бұлағы деген сөзге бағыныңқы мүше ретінде байланысып тұр: Көкшетаудың бұлағы, Айыртаудың бұлағы. Ал бұлар өзара тең салалас қатынаста: Көкшетау мен Айыртау.

Сөз тіркесі синтаксистік қызметі жағынан, лексикалық мағынасы жағынан даралығын жоғалтпаған сөздерден құралады.

Мысалы, өршіген жел, биік мая, тоты құс. Сөз тудыру, сөздің грамматикалық мағынасын құбылту үшін пайда болған тіркестер сөз тіркесі қатарына жатпайды: қызыл балық, ақ боз ат, ақ баттауық, көк ала. Мысал ретінде келтірілген сөздер - күрделі сөздер. Бұлардың компоненттері бастапқыда синтаксиске тән тәсілдер арқылы қосылғанмен, қазір бір ұғымды атайтын сөз қалпына енген. Көп жағдайда осылай құралған тіркестер жүре келе бірігіп, біріккен сөзге айналып кетеді. / Ашқарақ, шетел, қолғап, жапалақ/. Сөз тіркесі сөйлемнің сөздерден гөрі күрделі, сөздердің өзара бастапқы байланысқа түсуі арқылы пайда болған бөлшегі , единицасы деп санаймыз. Осыған қарай матыриал деп те атауға болады. Өйткені сөздер сөйлемге дара-дара кірікпейді, өзара мағыналық граммтикалық байланысқа түсіп кіреді. Күлімдеген ай шалқып тұр: ай шалқып тұр, күлімдеген ай. Сөз тіркесі, сонымен, екі сөздің арасындағы қатынасты білдіреді. Құамы жағынан бұл сөзден де, сөйлемнен де бөлек екені анық, ал мағына жағынан қалай десек, сөз тіркесі де атауыштың /номинативтік/ қызмет атқарады: оқыған бала, жаңа қалада, далада жайылған, т. т. Сөз тіркесі сөздер бағыныңқылық қатынасқа түсіп те жасайды дедік. Солай болғандықтан олардың бірі басыңқы, екіншісі грамматикалық қызметі, формасы жағынан соған бағынышты болады. Бірі басыңқы компонент деп аталады, екіншісі бағыныңқы компонент деп аталады: судың ағысы.

Басыңқы компоненттің лексикалық мағынасы, грамматикалық бітімі бағыныңқы компонеті түгелдей өзіне лайықты етіп, бағындырып тіркестіреді. Бағыныңқы компонент басыңқы сөз арқылы айтылған ұғымды толықтырады: анықтайды, мекенін, мезгілін білдіреді, обьектісін анықтайды т. б. Осынысына орай сөз тіркесінің құрамындағы басыңқы компонент пен бағыныңқы компоненттің арасындағы қатынасты негізінен анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық деп топтап, жинақтап атауға болады.

Сусыған құм. Аспанды бұлт торлаған.

Сөз тіркесінің грамматикалық бітімін басыңқы сөздің сипаты белгілейді. Басыңқы сөздің ыңғайына қарай сөз тіркестері былай топталады: етістікті тіркестер, есімдік тіркестер / сын есім тіркестер, зат есім тіркестер, есімдікті тіркестер / ; алыс жол, асау өзен. Алыс жол - зат есімді тіркес, өйткені басыңқы сөз – жол ,өзен. Олар - зат есімге жатады.

Аспанды торлаған - етістікті тіркес, өйткені басыңқы сөз – торлаған, ол - етістік. Синтаксистік байланысқа түскен екі сөздің құрамын сөз тіркесі деп тану үшін ол сөздер мағына жағынан, синтаксистік қызметі жағынан дербес дара болуы керек екенін айттық. Осы шартпен құралған тіркестер еркін тіркес деп аталады. Өйткені тіркестің құрамындағы сөздер еркін қатынаста тұрып, өзгеріп алмасып жатады: кеңседен шықты, кеңсеге жиналды, ауылға оралды, қаладан оралды Тіркес тек сөйлем құрауға немесе сөз тіркесіне, ғана қатысты пайда болмайды. Лексикалық, грамматикалық тұлғалар тудыру де тіркестер пайда болады

Лексикалық, грамматикалық форма тудыру мақсатында жұмсалатын тіркестерді туйдекті тіркес деп атайды.

Экспрессивті лексиканың қатары да көп жағдайда тіркестер арқылы қорланып жатады. Аузы қышиды, ала аяқ т. т.

- Бұлар фразеологиялық , идиомдық тіркестер немесе тұрақты тіркес деп аталады. Өйткені тіркес тұтас күйінде бір ғана ұғымның атауы ретінде жұмсалады. Тіркестегі сөздер даралауға келмейді, дара, дербес алынғанда бастапқы ортақ лексикадық мағына жойылады.

Түйдекті тіркес те, тұрақты тіркес те синтаксис , соның ішінде сөз тіркесі синтаксисі зерттейтін обьект емес. Бұларды атағанымыз - тіркестің пайда болатын жайларын , олардың түрлетін байқату үшін ғана. Ескертіп кететін нәрсе - тіркес, сөз тіркесі деген екі терминдік атауды, ажыратып тану керек. Тіркес - тілдегі процестің атауы, сондықтан бұл атауды жалпы мағынада жұмсаймыз. Сөз тіркесі – тіркестің белгілі шартқа сай көрінісі. Сөз тіркестері компоненттерінің құрамына қарай жай сөз тіркесі , күрделі сөз тіркесі деп екі топқа бөлінеді.

Екі жай сөзден құралған сөз тіркесі жай сөз тіркесіне жатады. Егер тіркестің бір компоненті ретінде күрделі сөздер қатынасса, оны күрделі сөз тіркесі деп атаймыз: көлге қонды - жай тіркес, көлге қонып жатыр - күрделі тіркес.


3-тақырып: Сөздердің сөйлем мүшесі болуының негізгі шарттары

Дәріс жоспары:

1. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі пәні және оның зерттеу нысаны; Синтаксистің басқа салалармен байланысы; Қазақ тіл білімінде синтаксистің зерттелуі.

2. Сөздердің сөйлем мүшесі болуының негізгі шарттары

3.Дара, күрделі, үйірлі мүшелер

4.Сөйлем мүшелерінің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері.

Дәрістің мақсаты: Сөздердің сөйлем мүшесі болудың негізгі шарттарын меңгерту.

Қысқаша мазмұны:

Тілдің адам өміріндегі қызметін айтып жатудың қажеті бола қоймас. Өйткені тіл — адамның мақсатты тіршілігінде бір-бірімен түсінісетін, пікір алысып, өткендегісі мен бүгінгісін, болашақтағы әрекетінің түрлі моделін білдіретін құрал.

Міне, осы бір ой адам басында (миында) сыртқы ортаның әсерінен пайда болады. Сол сыртқы тітіркендіргіштердің ықпалымен болған мидағы қозу нүктесінде қалыптасқан әсерлеріміздің сапасы, оның қалдырған ізі де әр алуан болады. Одан әрі сол әсерлерімізді тіл арқылы жарыққа шығарғанда біз белгілі бір жүйеге түскен сөздер тіркесімен береміз. Ондай тіркестер мағыналық жағындығы бар, толық лексикалық мәндегі сөздерден болатыны бұдан бұрын талданған болатын.

Осылайша өз ойымызды айтып жеткізуді соған қа­жет болатын тілдік материалдарды жинақтап, сөйлем деп аталатын жүйеге келтіреміз. Сонда сөйлем жүйелі ойдың көрінісі болады. Ал сол сөйлеміміздің өзі шындық дүниенің көрінісі бола отырып, жеке мүшелерден тұрады. Бұл ретте оның мүшелері тұтас ой деп аталатын механизмнің қозғалысқа келтіретін тетігіне, тетігі болғанда жетекші тетігіне қатты ұқсайды. Грамматикада мұны сөйлем мүшелері деп атайды. Қазақ тілінде ондай мүшелер бесеу.

Дәстүрлі грамматикада осы сөйлем мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз деп бөлу ғасырымыздың бас кезінде-ақ ғалым Ахмет Байтұрсынұлы жазған еңбектерде қалыптасқан болатын. Ғалым «Тіл тағлымы» атты еңбегінде тұрлаулы мүшенің екеу екенін көрсетіп, оларды 1) бас мүше; 2) баяншы мүше деп атағаны мәлім. (А.Байтұрсынов. Тіл тағлымы. Алматы, 1992. 265-6.). Сонымен қа­тар жеңілдік үшін бас мүшені — бастауыш, баяншы мүшені — баяндауыш деп атады, Осылайша Ахмет Байтұрсынұлы көрсеткен атауларды қазақ тіл білімінің көрнекті ғалымдары жалғастырды, сол арқылы күні бүгінге дейін қазақ оқушылары атап келеді.

Тұрлаусыз мүшелер сол кезде қалай аталса, қазір де солай айтылып жүртолықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш. Тілде, қалай болғанда да, басы артық сөз жоқ. Солардың бәрі де өзімізге қызмет етеді. Бар нәрсені ойлау деп аталатын кең дүниенің көрігінен өткізіп, керегімізге жаратқанда, біз үнемі қарапайымнан күрделіге қарай қадам жасап келе жатқанымызды тіл ғылы-мында да ескеріп отырғанымыз дұрыс болады. Асылы, сөйлем мүшесі дегеннің, өзі ойға құрылған сөйлем-күмбездің тірегі болмақ. Мысалы:

1. Мен мұны босқа айтып отырған жоқпын.

2. Қазақ тарихындағы ең қайғылы кезең кеңес үкіметі орнаған кезден басталады. (М.Тәтімов)

Келтірілген мысалдарда әртүрлі ой бар. Ал сол ойларды білдіріп тұрған бүкіл сөйлемнің бойында өзара байланысқа түскен мүшелер бар. Сонда ойды толық білдіріп тұрған сөйлемдеріміз тек өзінің мүшелері арқылы ғана басқаларға түсінік беріп тұр. Ойды білдірудің бұдан басқа тілдік дерегі байқалмайды.

Бұл — сөйлемнің тұрлаулы мүшесі, бас мүшесі. Сондықтан ол сөйлемдегі айтылған ойдың қазығы, негізі болады. Бастауыштың сұрақтары да әр алуан. Бірақ грамматикалық жағынан тұлғаланған көрсеткіші — атау септігінде тұру. Ал атау септігінің тегінде жататын сұ­рақтары — кім? не? (С.Аманжолов, М.Балақаев, Р.Әміров, М.Серғалиев, Т.Сайрамбаев т. б.)

Бірақ бұған қарай бастауышты тек қана осы сұрақтармен анықтауға болмайды. Өйткені бастауыш бола­тын сөз таптары да, олардың атау септігінде тұратын тұлғалық көрсеткіштері де үнемі кім? не? дейтін сұрақтарға жауап бермейтіні былай тұрсын, олар сөйлемдегі бастауыш мүшенің қай сөз табынан болғанына және тұлғалық көрсеткішіне қарай өзгеріп отырады. Мәселен,жоғарыда келтірілген екі мысалдың алғашқысындағы бастауыш — мен. Сұрағы — кім? Грамматикалық тұлғасы — атау септік. Ал екінші сөйлемнің, бастауышы — кезең. Сұрағы — не? Грамматнкалық көрсеткіші — атау септік.


4-тақырып: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Дәріс жоспары:

  1. Тұрлаулы мүшелердің ерекшеліктері;

  2. Бастауыш, оның жасалу жолдары;

  3. Баяндауыш, оның жасалу жолдары.
  1   2   3   4   5

Похожие:

Мазмұны iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
Мазмұны icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
Мазмұны iconМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Мазмұны iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны

Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница