АҒабекова балжан нұртазақызы aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ұлттық мәдени сипаты




Скачать 498.37 Kb.
НазваниеАҒабекова балжан нұртазақызы aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ұлттық мәдени сипаты
страница1/6
Д Д Шайбакова
Дата конвертации14.02.2016
Размер498.37 Kb.
ТипДиссертация
источникhttp://old.ablaikhan.kz/upload/avtoreferats/avtirefagabekovoi.doc
  1   2   3   4   5   6


ӘОЖ 81’367:81’23:[811.111+811.512.112 Қолжазба құқығында


АҒАБЕКОВА БАЛЖАН НҰРТАЗАҚЫЗЫ


Aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің

ұлттық мәдени сипаты


10.02.20 - салыстырмалы-тарихи, типологиялық және

салғастырмалы тіл білімі


Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


авторефераты


Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010


Жұмыс Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің роман-герман тілдері және аударма кафедрасында орындалды.


Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының кандидаты,

профессор М.Т. Сабитова


Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының докторы,

профессор Қ.Т. Рысалды

филология ғылымдарының кандидаты,

доцент Б.С. Жұмагулова


Жетекші ұйым: аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық

университеті


Диссертация _______________ _______сағат ____ Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті жанындағы 10.02.20 – салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл білімі мамандығы бойынша филология ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д14.14.01 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050022, Алматы қаласы, Мұратбаев көшесі, 200).


Диссертациямен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады.


Автореферат ________ жылы _____________ таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғылыми хатшысы филология

ғылымдарының докторы, доцент Д.Д. Шайбакова

Кіріспе


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Соңғы жылдары тіл білімінде қазақ тілін генетикалық және типологиялық жағынан туыстығы жоқ тілдермен салыстыра-салғастыра зерттеу мәселесі кеңінен өріс алып келеді.

ХХ ғасырдың соңғы жылдары дами бастаған тіл білімінің антропологиялық парадигмаға көшу үрдісі "адам-тіл-мәдениет" және "адам-тіл-ойлау" үштігіне сүйенетін гуманитарлық зерттеулердің жаңа бағыттарына жол ашты. Бұған дейінгі салыстырмалы-салғастырмалы түрде жүргізілген зерттеу жұмыстары құрылымдық-мағыналық бағытта ғана қарастырылып келсе, бүгінгі таңда антропоцентристік бағыттағы уақыт көшінде әртүрлі тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеу ерекше қызығушылық танытуда. Тілді, тілдік бірліктерді адами факторлармен, адами құндылықтармен бірлікте қарастыру қазіргі тіл білімінің алға тартып отырған басты бағыттарының бірі. Бүгінгі күні адами факторларға ерекше мән беріп, тіл иесінің тілдік бірліктерді дұрыс, ұтымды қолдану, мән-мағыналарын терең түсіну мәселесі ғылыми еңбектерде жиі көтерілуде. Осындай зерттеу жұмыстарында ұлттық құндылықтарға қатысты мәдени деректерге көп көңіл бөлініп, тіл тек тұлғалық (формалық) жағынан ғана емес, сонымен қатар ол мағыналық, ұғымдық, мәдени-концептілік тұрғыдан жиі қарастырылып, талданатын болды. Тілді ұлттың тарихымен, мәдениетімен, рухани қазынасымен, яғни дүниетанымымен тығыз қарым-қатынаста, бірлікте алып қарастырылған жағдайда ғана ұлттық тілдің табиғатын шынайы танып білуге жол ашылады.

Ұлт мәдениетінің қай түрінде болмасын, онда сол ұлттың бүкіл таным болмысы мен тұрмыс-тіршілік суреті сақталған. Белгілі бір ұлттың тарихынан, мәдениетінен, таным болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен хабардар ететін тілдік бірліктерге ең алдымен тілдегі фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жатады, себебі бұл тілдік бірліктер белгілі бір ұлттың өзге ұлттардан менталдық айырмашылығын көрсететін, салт-дәстүр ерекшеліктерін білдіретін ұлттық өмір көріністерінің айнасы болып табылады.

Біздің елімізде қазақ тілі мен орыс тілін салғастыра зерттеуге арналған еңбектер құрылымы әр түрлі тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеудің үлгісі болды. Қазіргі Қазақстан тіл білімінде енді-енді ғана бой көтеріп, кейінгі жылдары ғана тұсауы кесілген саланың бірі-қазақ және герман тілдерінің фразеологизмдерін кешенді түрде тіл біліміндегі жаңа бағыттардың ұстанымдарына сүйене отырып зерттеу. Түркі-герман, оның ішінде, қазақ және ағылшын тілдерін салыстыра-салғастыра зерттеу кейінгі уақытта ғана қолға алына бастағандықтан, әлі де болса шешімін таппаған талай мәселелер, міндеттер баршылық. Осындай тың, қиын, өзекті мәселелердің бірі-қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің кешенді түрде лингвомәдени және лингвокогнитивтік тұрғыдан салғастыра зерттелуі.
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

АҒабекова балжан нұртазақызы aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ұлттық мәдени сипаты iconЗукай шырынгүл неміс-қазақ тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің лексика-семантикалық, коммуникативтік-прагматикалық сипаты
...
АҒабекова балжан нұртазақызы aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ұлттық мәдени сипаты iconДуйсенова Мөлдір Мейрамханқызы Ағылшын және қазақ тілдеріндегі зоонимдік метафоралардың танымдық сипаты
Шетел тілі: екі шетел тілі педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
АҒабекова балжан нұртазақызы aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ұлттық мәдени сипаты iconОрдабаева жанар мергалиевна қазақ,орыс және ағылшын тілдеріндегі шығармаларда ауыспалы мағыналардың Қолдану ерекшеліктері мамандығЫ
Азақ,орыс және ағылшын тілдеріндегі шығармаларда ауыспалы мағыналардың Қолдану ерекшеліктері
АҒабекова балжан нұртазақызы aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ұлттық мәдени сипаты iconХ сынып қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Ақан сері шығармаларындағы заман сипаты мен
Ақан серінің өмірі мен өмір сүрген қоғамның ерекшеліктері мен шығармашылығы – әдеби-мәдени мұрасы туралы оқушылардың жинаған мәліметтері...
АҒабекова балжан нұртазақызы aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ұлттық мәдени сипаты iconАлаш қозғалысы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда орын алған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің
Гізінен әлеуметтік табиғаты жөнінен әртекті ұлттық-демократиялық қазақ интеллигенциясының сасяи ұйымы болды «Алаш партиясы» деген...
АҒабекова балжан нұртазақызы aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ұлттық мәдени сипаты iconБайтелиева жанар дәрібекқызы қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестердің этномәдени уәждемесі
Тіл білімі институты жанындағы 10. 02. 02 – қазақ тілі және 10. 02. 06 – түркі тілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының...
АҒабекова балжан нұртазақызы aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ұлттық мәдени сипаты iconҚазақ тілін ересектерге жеделдетіп оқытуға арналған «Мәдениет» тақырыбы бойынша
Негізгі бағыты – облысымызда тұрып жатқан халықтардың мәдени мұрасын насихаттау, халықтың демалысын ұйымдастыру, халық шығармашылығы...
АҒабекова балжан нұртазақызы aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ұлттық мәдени сипаты iconМаретбаева марина әбілжанқызы әңгімелеу мәтінінің тілдік-стилистикалық сипаты
Ол өз кезегінде психолингвистикалық, этнолингвистикалық, когнитивтік, прагматикалық, компаративтік, әлеуметтік лингвистикалық, тілдік-мәдени,...
АҒабекова балжан нұртазақызы aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ұлттық мәдени сипаты iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Р мәдениет және ақпарат министрлігінің Көшпенділер мәдени мұрасы институты «Тарихи-мәдени мұра және замануи мәдениет» халықаралық...
АҒабекова балжан нұртазақызы aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ұлттық мәдени сипаты iconҚазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
Кітапты студенттер қазақ әдеби тілінің жалпы курсын оқу кезінде хат мәтіні тілінің өзіндік ерекшеліктерін тануда, көркем мәтіндегі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница