Скачать 402.99 Kb.
|
БІЛІМ НЕГІЗІ – БАСТАУЫШ МЕКТЕП Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселе-леріне терең бойлауға бастайтын, күнде-лікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілі-гінің, белсенділігінің қалыптасуы мектеп-ке дейінгі тәрбие мен бастауыш сынып-тарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығарма-шылық қабілетінің, жалпы мүмкіндікте-рінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптас-тыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Х ![]() Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагоги-каның нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейіл-ділік қасиеттерін қалыптастыруға, бала-ның жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс. А ![]() Кіші мектеп оқушылары үшін мұғалім олар еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жү-ріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да, жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады. Сабақ түрлері және оның құрылымы ![]() ![]() Пысықтау сабақтары: бекіту, саяхат, семинар, қайталау, жарыс, конференция, талқылау т.б. Сынау сабақтары: сынақ, диспут, ойын, сахналау, жұмбақ т.б. Жаңа сабақ – жаңа білім беру мақсатында. Біріккен сабақ – жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету мақсатында. Зерттеу сабағы – іздендіру мақсатында. Панорамалық сабақ – сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында. Бекіту сабағы – білімді меңгеру деңгейін байқау. Саяхат сабақ – танымдық қабілетін дамыту. Семинар сабақ – оқушының білімін тереңдету. Қайталау сабағы – пәндерден алған білімді толық қалыптастыру. Жарыс сабақ – оқушылар ойларының жетіктігін байқау. Конференция сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру. Сынақ сабақ – білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру. Диспут сабақ – білімі мен дағдысын қалыптастыру. Ойын, жұмбақ – оқушылар зейінін дамыту. Сахналау сабағы – оқушылар шығармашылығын дамыту. Т ![]() Сабақ жоспарын жасаудағы талаптар
а) дамытушылық ә) тәрбиелік б) жалпы білімділік
а) ұйымдастыру кезеңі ә) тіл дамыту б) жаңа тақырыпты енгізу, сол бойынша жұмыс в) бекіту г) үй тапсырмасы (үйге берілген тапсырма, өтілген сабақтың 30 пайызынан көп не аз болмауы керек) д) балалардың жұмысын бағалау
Сабақ беру кезеңіндегі талаптар
![]() Сабақтың құрылымдық сәттері
Әдістері: сұрақ-жауап, жазба жұмысы арқылы, әңгімелесу, жаттау, оқу, талдау, тест.
Әдістері: әңгіме, баяндау, көрнекі, техникалық құралдар, өткенмен байланыс т.б.
Әдістері: сыныптағы жұмысқа ұқсас, нормаға сай 1/3 бөлік, түсіндіру, жас, жеке ерекшелікті ескеру.
![]() Сабаққа қойылатын негізгі талаптар І. Сабақ мазмұнының халықтығы. ІІ. Оқу материалының ғылымилығы. Сабақ барысында берілетін мәліметтерді айрықша тексеріп барып пайдалану. Материал сенімді, дәлелді болуы керек. Негізгі айтылар ой алдын ала саралану керек. ІІІ. Сабақтың тәрбиелік мәні төмендегі тәрбие түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін қамтиды.
а) ұлтжандылық; ә) ұлтаралық қатынас сыйластығы; б) мейірімділік, ізгілік, имандылық.
ІV. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар. Бұл талаптар негізгі сабақ жұмыстарында көрсетіледі. Сабақ мерзімі, тақырыбы, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсат, көрнекілік, қолданылатын әдістер жүйесі. Өткен сабақпен байланыс, проблемалық жағдайларды шешу жолдары да көрсетіледі. V. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар. Мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, дұрыс көңіл-күйі, балалармен ұстаздық этикаға сай қатынаста болуы. VI. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар. Бұл балалардың артық шаршамауы, физкультминут, ойын элементтерін дұрыс қолдану. Сынып бөлмесі, кабинеттердің, ойын алаңдарының талапқа сай болуы. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы Мұғалімнің сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрады – пәнді оқытуға жалпы дайындық және әрбір сабаққа дайындық. Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнпарақтық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-саймандарды, приборларды т.б. реттеуден тұрады (құралады). Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады. Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет. Сұрақтар мен тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу жүйелілігін, маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал ететін іскер ойынның элементтерін (немесе толығымен сценарийін), өндірістік жағдайлардан мысал келтіре отырып, сүйеніш білімнің белсенділігін арттыратын сұрақтарды ерекше ойланып, дайындауы қажет. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет. Оқу материалдарын талдау қорытындысында туындайтын сабақтың мақсаттары, мұғалімге оқу әдісін, мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің түрін оқыту әдістері, олардың ең қолайлы түрін таңдау «Арнаулы орта білім» журналының 1990 ж. №4 санында жарияланған педагогикалық ғылымдар кандидаты П.Б.Олейниктің мақаласында кеңінен қамтылған. Сабаққа дайындық негізгі оқулықпен танысып қоюмен шектелмеуі тиіс. Мұғалім материалды білуі, кеңінен, тереңінен түсінуі қажет. Бұл оған сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан басқаша түсіндіруге, оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерілеу әдісімен беруге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде сабақта қолданылған әдістемелердің нәтижелілігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді. Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, педагогикалық еңбегін Ю.А.Львова нақты сипаттап көрсеткен. Ол мұғалімнің сабаққа дайындалуына көмектесетін, педагогтың шығармашылық жұмысын ұйымдастыратын ұтымды ұсыныстар жасады:
- Сен сабаққа дайынсың ба? Бұл ұсыныстардағы педагогикалық іс-әрекеттер тиімді, өйткені осылардан сабақ туындайды, сабақты ойластырудың үлкен шығармашылық еңбек екендігі айқындалады. Ал осыған сабақтың тиімділігі мен нәтижелілігі байланысты. Сабақты талдау Көбіне сабақты талдау алға қойылған мақсаттардың дұрыстығын, оқушыларды қорыту және тәрбиелеу тәсілдерінің тиімділігін, олардың кеңестік дидактика көзқарасына, мазмұны мен мақсаттарына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуын бағалаудан басталады. Сосын идеялық және оқытылатын пәннің ғылыми-теориялық (немесе материалдық) деңгейі, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, ғылыми-техникалық өрлеудің заманға сай деңгейін ашып көрсету, өмірмен байланысы қаралады. Содан соң сабақ құрылымы, оның ұйымдастырылуы, уақыттың ұтымды қолданылуы қаралады. Мұғалім әр түрлі білім көздерін (оқулық, үкімет, ғылыми құжаттар, саяси-қоғамдық, техникалық, анықтамалық әдебиет, тізбелер, үлгілер, кестелер, оқытудың техникалық құралдары т.б.) қолдана отырып, өтілген материалдың терең де мықты ұғынылуына қол жеткізуі керек, оқушылардың ой-санасын оятып, ынталандырып, оларды өз беттерімен жұмыс істеуге үйретуіне ерекше көңіл бөлу қажет. Сабақта қолданылған оқу-көрнекі, есептеу құралдарының тек көрсетуге пайдаланылғанын немесе оқушылардың өз беттерімен жаңа тұжырымға келіп, білімді алу көзі болғандығын талқылау да маңызды болып табылады. Сабақты талқылауды келесі үлгімен жүргізуге болады:
Оқушылар тәжірибелік дағды алатын сабақтарды талдау үшін жоғарыда айтылғандарға қоса келесі жағдайлар ескерілуі қажет:
Кез келген сабақты талдау кезінде оның танымдық мағынасын ғана емес, сонымен бірге тәрбиелік жағын да көрсету қажет, өйткені болашақ маман бойында келесі қасиеттерді тәрбиелеу керек: жұмыста ұқыпты болу, нақтылық, жылдамдық, жұмыс орнындағы жинақтық, жабдықтарға жанашырлық. Сабақты талдаудың бұл үлгісін толығымен немесе жартылай, түрін өзгертіп те қолдануға болады. Сабақ – оқытудың негізгі түрі Оқыту жүйелері І. Сыныптық-сабақтық жүйе Сабақ түрлері:
ІІ. Лекциялық-семинарлық жүйе Сабақ түрлері:
Оқыту әдістері:
Бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық ТАҚЫРЫБЫ:
Сабақты талдау
а) білімдік мақсат – нақты тақырып бойынша. ә) тәрбиелік мақсат – тәрбиенің кешенді берілуі немесе бір тәрбиенің ерекше көрінуі. б) дамытушылық мақсат – баланың іс-әрекетте белсенділігінің артуы.
Дамыта оқыту жүйесінде сабақты талдау үлгісі
Қазіргі білім беру технологиясы
Ынтымақтастық педагогика, ізгілікті тұлғалық технология. Ш.Амоношвили – Е.Н.Ильин жүйесі: адамды қалыптастыру пәні ретінде әдебиетті оқыту.
Ойын технологиясы: проблемалық оқыту, шет тілі, мәдениетті оқытудағы коммуникативті технология (Е.И.Пассов). Оқу материалының белгілеу моделі мен сызбасы негізінде оқытудың интенсивтендіру технологиясы.
Түсіндірмелік басқарудағы тірек сызбасын пайдалану арқылы перспективалық оқыту (С.Н.Лысенкова).
Бастауыш сынып мұғалімдерінің Моделі
Кабинет безендіру ережесі І Кабинет құжаты
ІІ Оқу бағдарламасына қосымша
ІІІ Жаңа технология
ІV Дидактикалық материалдар
V Шығармашылық жұмыстар
VІ Пән бойынша сабақтан тыс жұмыстардың материалдары
VІI Практикалық жұмыс материалдары
VІII ТСО
IX Көрнекті құрал
X Кабинет кітапханасы
XІ Әдістемелік бөлім
XIІ Бүгінгі сабақтар бұрышы
XIIІ Кабинет безендірілуі
Кабинеттің түсі Сары – күннің түсі, көңіл-күйді көтеріңкі ұстайды. Күлгін және көк түс – белгісіздік, өзіне-өзі сенімсіздік тудырады. Аспан көк (көгілдір) – жеңіл түс. Ашық жасыл – жеңіл, жасыл түс ұйқы келтіреді, армандатады. Қоңыр – ауыр. Қызыл – күшті (белсенділік). Сыныпта жасыл алдыңғы, сары жанындағы қабырға болса, жылылықты білдіреді, көздің шаршамауын қамтамасыз етеді. Қалалық «Ең үздік бастауыш кабинеті» байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕ 1. Байқаудың мақсаты мен міндеті:
2. Байқаудың кезеңдері: І кезең – мектепішілік, 13 желтоқсан ІІ кезең – қалалық, 15 желтоқсан ІІІ кезең – облыстық, 25-26 желтоқсан 3. Байқау шарттары:
4. Тапсырылатын құжаттар:
|
![]() | Заурбеков талғат талапбекұлы педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі математика) | ![]() | Диплом жұмысы Тақырыбы: «Бастауыш мектеп білім мазмұнындағы Абай шығармаларындағы құлықтық тәрбие мәселелері» Тақырыбы: «Бастауыш мектеп білім мазмұнындағы Абай шығармаларындағы құлықтық тәрбие мәселелері» |
![]() | «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Стандарт: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі... | ![]() | «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Стандарт: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі... |
![]() | «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Стандарт: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі... | ![]() | Мазмұны мектепке дейінгі және Бастауыш білім беру Т. И. Бастауыш мектепте тұЛҒаны ұжымда тәрбиелеудің ерекшеліктері |
![]() | Терістаңбалы ауылдық округінің 2015 жылғы Зейнеткерлер саны 52 адам. Өндірістік мекемелер саны – шаруа қожалық – 16, бастауыш мектеп – 1, негізгі мектеп – 1, фельдшерлік пункт... | ![]() | Ж аңа педагогикалық технологияларды пайдалану Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен және... |
![]() | Тақырыбы. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмау Жоспар Кіріспе | ![]() | І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесіндегі ролі Кіріспе |