2 012 жылғы 9 қазандағы Астана, Үкімет Үйі от «9» октября 2012 года




Скачать 251.84 Kb.
Название2 012 жылғы 9 қазандағы Астана, Үкімет Үйі от «9» октября 2012 года
страница1/3
Дата конвертации14.02.2016
Размер251.84 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://mgov.kz/wp-content/uploads/2013/01/PPRK-1280-po-sf-kaz.doc
  1   2   3




ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ

ҮКІМЕТІНІҢ

Қ


АУЛЫСЫ





ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВИТЕЛЬСТВА

РЕСПУБЛИКИ

К


АЗАХСТАН



2012 жылғы 9 қазандағы Астана, Үкімет Үйі от « 9 » октября 2012 года

1280 № 1280


данасы экз. №


Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы


«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 5-бабының 6) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.

  1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі мынадай мазмұндағы 158-2-тармақпен толықтырылсын:

«158-2. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруды және пайдалануды жүзеге асыру кезінде мамандандырылған ұйымға ақша қаражатын аудару 100 (жүз) пайыз мөлшерінде біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.».

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын

  2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С. Ахметов


Қазақстан Республикасы

Yкіметiнің

2012 жылғы « »

№ қаулысымен бекітілген


Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру

қорларын қалыптастыру және пайдалану

қағидалары


1. Жалпы ережелер


  1. Осы Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану тәртібін айқындайды.

  2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

  1. азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры (бұдан әрі – тұрақтандыру қоры) – облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған астықты қоспағандағы азық-түлiк тауарларының жедел қоры;

  2. азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру – сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларына азық-түлік тауарларын орналастыру және сақтау.

  1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы және сапалы қалыптастыру мен пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөнінде комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.

  2. Комиссия төрағасы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), әкімінің орынбасары болып табылады, Комиссия мүшелері кәсіпкерлік және сауда, ауыл шаруашылығы басқармаларының (бөлімдерінің) қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болып табылады. Комиссияның сандық құрамы тақ және тоғыз адамнан кем болмауы тиіс. Бұл ретте Комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болуы тиіс. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

  3. Комиссияның құрамы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің өкімімен бекітіледі.

  4. Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.

  5. Тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін жұмыс органы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тіркелген мамандандырылған ұйымнан тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып алады.

  6. Жұмыс органы әр үш жыл сайын мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып алуды көздейді және мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) жасасады.

  7. Шарт осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша үш жылға жасалады. Шартты тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалануға қатысты басқа да талаптармен толықтыруға жол беріледі.

  8. Мамандандырылған ұйым шарт жасасқаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде сатып алу жоспарын әзірлейді және бекітеді, ол мынадай мәліметтерді қамтиды:

  1. тиісті қаржы жылына арналған сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, азық-түлік тауарларының атауы мен көлемі;

  2. сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері;

  3. тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімі және орны;

  4. кестеге және көзделген сомалар шегінде жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды жеткізудің жоспарланған мерзімі.

    1. Мамандандырылған ұйым сатып алу жоспары бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсына орналастырады.

    2. Шартқа облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі шешім қабылдағаннан кейін сатып алу және тауарлық интервенцияларды жүзеге асыру жөніндегі шарттар қосылады.

    3. Мамандандырылған ұйым шарт бойынша міндеттемелерді орындау аяқталғаннан кейін азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджеттік қаражаттардың жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді. Егер Комиссияның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын сату сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылған жағдайда соманы қайтару сатып алу және сату бағаларының айырмасын шегере отырып жүзеге асырылады.

  1. Тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану бойынша мамандандырылған ұйымның үстеме шығындары азық-түлік тауарларының бекітілген және нарықтық бағалары айырмасы есебінен, сондай-ақ уақытша бос қаражаттарды екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне орналастырудан түскен табыстар есебінен жабылады.

2. Тұрақтандыру қорын қалыптастыру тәртібі


  1. Тұрақтандыру қоры Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлiк тауарларының тізбесіне сәйкес азық-түлiк тауарлары бойынша қалыптастырылады.

  2. Комиссия ұсыныс пен сұраныстың өңірлік теңгерімі, жұмыс органының егістік алаңдары (жоспарлы), болжамды өнім түсімі, өткен күнтізбелік жылда қалыптасқан бағалар туралы мәліметтері, сондай-ақ өзге де мәліметтер негізінде азық-түлік тауарларының тізбесін, көлемін, оларға бекітілген бағаны айқындайды және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкіміне сатып алу интервенцияларын жүргізу туралы ұсыным енгізеді.

  3. Сатып алу интервенцияларын жүргізу туралы Комиссияның ұсынымы хаттама түрінде жасалады және оған Комиссия мүшелері отырыс өткізілген күні қол қойып, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкіміне бір жұмыс күні ішінде шешім қабылдау үшін енгізіледі.

  4. Тұрақтандыру қорын қалыптастыру туралы Комиссияның хаттамасында сатып алуға жататын тауарлардың тізбесі, олардың көлемі және оларға бекітілген сатып алу бағалары көрсетіледі.

  5. Сатып алу интервенциялары үшін азық-түлік тауарларына бекітілген баға отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында Комиссия шешімімен нарықтық бағадан жоғары деңгейде белгіленеді.

Бекітілген және нарықтық бағалар арасындағы айырмашылықты Комиссия дербес айқындайды, бұл ретте бекітілген баға азық-түлік тауарларының рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспауы тиіс.

Тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарларын сатып алу делдалдарды болдырмау мақсатында отандық тауар өндірушілерден басым тәртіппен жүзеге асырылады. Импорттық өнімдерді сатып алуға жол берілмейді.

  1. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің сатып алу интервенцияларын жүргізу туралы шешімі Комиссияның сатып алу интервенцияларын жүргізу туралы ұсынымы енгізілген сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қабылдануы тиіс.

  2. Жұмыс органы мамандандырылған ұйымды тұрақтандыру қорын қалыптастыру қажеттілігі туралы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің шешімі қабылданған күні жазбаша хабардар етеді.

  3. Мамандандырылған ұйым облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің шешім қабылдағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап, тұрақтандыру қорын қалыптастыруға кіріседі.

  4. Көкөністер мен картоп бойынша тұрақтандыру қоры маусымдық өнім жинау (тамыз-қазан) және бағалардың төмендеу кезеңінде қалыптастырылады.

Комиссияның шешімі бойынша азық-түлік тауарларының жоспарланған көлемін кепілді сатып алу, сондай-ақ азық-түлік тауарларын өндірумен байланысты шығындарды алдын-ала қаржыландыру жолымен отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында мамандандырылған ұйыммен азық-түлік тауарларын сатып алуға фьючерстік және форвардтық шарттар жасасуына жол беріледі. Бұл ретте осы шарттардың орындалуына жауапкершілік тиісті шарттар жасасқан мамандандырылған ұйымдарға жүктеледі.

  1. Тұрақтандыру қорларына сатып алынатын азық-түлiк тауарлары «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес тамақ өнімдерін сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.

  2. Мамандандырылған ұйым тұрақтандыру қорының орналастырылуын, сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ сатып алынған азық-түлiк тауарларының сақталу мерзімдерінің есебін жүргізеді.

  3. Тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарлары мамандандырылған ұйымдардың қоймаларында және (немесе) мамандандырылған ұйымдар мен жауапты сақтау жөнінде қызмет жеткізушілер арасында жасалған шарт бойынша қоймаларда осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайлар орын алғанға дейін сақталады.



3. Тұрақтандыру қорын пайдалану тәртібі


  1. Тауар интервенцияларын жүргізу тәртібі




  1. Тұрақтандыру қорын пайдалануды Комиссия ұсынымы негізінде облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің шешімі бойынша:

1) тауар интервенциялары;

2) азық-түлiк тауарларын жаңарту үшін мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.

  1. Жұмыс органы өңірдің ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешені өнімдерінің нарықтарына тұрақты негізде талдау жүргізеді (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауар қозғалысы, запастардың болуы, баға) және Комиссияның қарауына енгізеді.

  2. Баға аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету қажет деңгейге дейін көтерілген жағдайда Комиссия облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкіміне тауар интервенцияларын жүргізу туралы шешім қабылдауды ұсынады.

  3. Комиссияның тұрақтандыру қорын пайдалану туралы ұсынымы хаттама түрінде жасалады және отырыс өткізілген күні Комиссия мүшелері оған қолдарын қояды.

  4. Комиссияның тұақтандыру қорын пайдалану туралы хаттамасында сатылуға жататын азық-түлік тауарларының тізбесі, олардың көлемі және бөлшек саудада сату үшін оларға белгіленген бағалар көрсетіледі.

  5. Маусымаралық кезеңде тауар интервенцияларын жүргізу үшін азық-түлiк тауарларының белгіленген бағасы нарық бағасынан төмен деңгейде белгіленеді.

Белгіленген баға мен нарық бағасының айырмашылығын Комиссия дербес айқындайды.

  1. Тауар интервенцияларын жүргізу туралы шешімді облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі жұмыс органы аграрлық азық-түлiк нарығына реттеушілік ықпал етуге қажетті баға деңгейінің көтерілгендігін анықтаған сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қабылдайды.

  2. Жұмыс органы мамандандырылған ұйымға тұрақтандыру қорын пайдалану қажеттігі туралы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі шешім қабылдаған күні жазбаша түрде хабарлайды.

  3. Мамандандырылған ұйым облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің қабылдаған шешімі туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап, тұрақтандыру қорын пайдалануға кіріседі.

  4. Көкөністер мен картоп бойынша тауар интервенциялары міндетті түрде қыс-көктем мезгілінде оларды осы кезең аралығына тең бөлу арқылы жүзеге асырылады.

  1. Жұмыс органы тауар интервенцияларын жүзеге асыратын сауда нүктелерінің орналасқан жері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жеткізу бойынша ақпарат жұмысын жүргізеді.




  1. Азық-түлік тауарларын жаңартуды жүргізу тәртібі




  1. Мамандандырылған ұйым тұрақты негізде тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларының сақтау мерзіміне бақылау жүргізеді және азық-түлік тауарларының сақталу мерзімінің аяқталуына алпыс күндік мерзім қалған жағдайда жұмыс органына жазбаша түрде хабарлайды.

  2. Жұмыс органы бес күнтізбелік күн ішінде Комиссияның қарауына азық-түлік тауарларын жаңартудың қажеттілігі туралы мәселені енгізеді және Комиссия облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкіміне тұрақтандыру қорын жаңарту туралы шешім қабылдауды ұсынады.

  3. Тұрақтандыру қорын жаңарту туралы Комиссияның ұсынымы хаттама түрінде әзірленеді және отырыс өткізілген күні Комиссия мүшелері оған қолдарын қояды.

  4. Комиссияның тұрақтандыру қорын жаңарту туралы хаттамасында жаңартылуға жататын азық-түлік тауарларының тізбесі, олардың көлемі және бөлшек саудада сату үшін оларға белгіленген бағалар көрсетіледі.

  5. Тұрақтандыру қорын жаңарту кезіндегі азық-түлік тауарының белгіленген бағасы нарықтық баға деңгейінде белгіленеді.

  6. Тұрақтандыру қорын жаңарту туралы шешімді облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі Комиссия ұсыныс енгізген сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде қабылдайды.

  7. Тұрақтандыру қорын жаңартуды Комиссия ұсынымы негізінде облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің шешімі бойынша мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.

  8. Жұмыс органы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі шешім қабылдаған күні мамандандырылған ұйымға тұрақтандыру қорын жаңартудың қажеттілігі туралы жазбаша хабарлайды.

  9. Мамандандырылған ұйым облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің қабылдаған шешімі туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап тұрақтандыру қорын жаңартуға кіріседі.

  10. Тұрақтандыру қорын жаңарту азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін отыз күннен кешіктірмей, тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын сату және азық-түлік тауарларын тең мөлшерде және ұқсас сапада сатып алу жолымен жүзеге асырылады.

  11. Тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын жаңарту жағдайында сатуды мамандандырылған ұйым өзінің сауда нүктелері арқылы және (немесе) келісілген сауда үстемесімен сату туралы алдын ала шарт жасасқан сауда желілері арқылы жүзеге асырылады.


________________________________


Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларына

қосымша

  1   2   3

Похожие:

2 012 жылғы 9 қазандағы Астана, Үкімет Үйі от «9» октября 2012 года icon2013 жылғы 19 маусым №627 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы №33 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2012 ж., №22, 316-құжат) мынадай...
2 012 жылғы 9 қазандағы Астана, Үкімет Үйі от «9» октября 2012 года icon2011 жылғы 3 қараша №1285 Астана, Үкімет Үйі
Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргiзу ережесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы...
2 012 жылғы 9 қазандағы Астана, Үкімет Үйі от «9» октября 2012 года icon2013 жылғы 31 желтоқсан №1514 Астана, Үкімет үйі Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6, 16-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
2 012 жылғы 9 қазандағы Астана, Үкімет Үйі от «9» октября 2012 года icon2011 жылғы 9 тамыз №919 Астана, Үкімет Үйі Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы...
2 012 жылғы 9 қазандағы Астана, Үкімет Үйі от «9» октября 2012 года icon2013 жылғы 31 желтоқсан №1584 Астана, Үкімет Үйі Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3 тармақшасына сәйкес...
2 012 жылғы 9 қазандағы Астана, Үкімет Үйі от «9» октября 2012 года iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №1415 қаулысы
РеспубликасыҮкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2 012 жылғы 9 қазандағы Астана, Үкімет Үйі от «9» октября 2012 года icon13-15 апреля 2012 года в Астрахани состоится Международная научно-практическая конференция
Материалы в формате статей следует направлять до 1 октября 2011 года по электронной почте на имя Миталевой Марины Владимировны –...
2 012 жылғы 9 қазандағы Астана, Үкімет Үйі от «9» октября 2012 года icon3 заседание Ученого Совета состоится 30 октября 2012 года в 15. 00 часов в зале Славы Университета (учебный корпус №1)

2 012 жылғы 9 қазандағы Астана, Үкімет Үйі от «9» октября 2012 года iconОблыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану
Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»...
2 012 жылғы 9 қазандағы Астана, Үкімет Үйі от «9» октября 2012 года iconУчебный словарь стилистических терминов
Печатается по решению кафедры общего и русского языкознания от 3 октября 1998 года и по решению ученого совета гуманитарного факультета...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница