«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты




Скачать 140.37 Kb.
Название«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Дата конвертации14.02.2016
Размер140.37 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.pavlodar.gov.kz/upload/files/GovServices/Standarts/Opredelenie_kadastrovoj_(ocenochno


Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы 27 наурыздағы

№ 272 бұйрығына

16-қосымша


«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.


2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні;

2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

ХҚКО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актісі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі.

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау үшін мемлекеттік қызметті көрсету құны 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабына сәйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде есептеледі.

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау үшін ақы төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен екінші деңгейдегі банктер арқылы көрсетілетін қызметті берушінің есеп шотына жүргізіледі, олар төлемнің мөлшері мен күнін растайтын төлем құжатын (түбіртек) береді. Төлем құжатының (түбіртектің) нысаны осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі;

2) ХҚКО - демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті тұлға; құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлға) көрсетілген қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға өтініш;

2) таңдау актісі және (немесе) жер учаскесін орналастыру схемасы;

3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

4) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек).

Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауын растайтын - құжаттарды қабылдаған күн мен уақыты, қабылдаған тұлғаның тегі мен аті-жөні көрсетілген талон.

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жер учаскесін сәйкестендіру туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және ХҚКО қызметкері «электрондық үкімет» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауын растайтын - құжаттарды қабылдаған күн мен уақыты, қабылдаған тұлғаның тегі мен аті-жөні көрсетілген талон.

Қазақстан Республикасының заңдарында өзге көзделмесе, ХҚКО қызметкері көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын мәліметтерді құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

ХҚКО арқылы көрсетілген қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

ХҚКО-да құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға (не оның нотариалды расталған сенімхаты бар өкіліне) беруді оның қызметкері жеке басын куәландыратын құжат және сенімхат ұсынылған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті алушы дайын құжаттарды алуға ХҚКО-ға бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде ХҚКО бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚКО-ға жібереді, одан кейін ХҚКО дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.


3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі


11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚКО және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілген қызметті берушінің басшысының атына мына Министрліктің мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымда көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе оған ілеспе хатта қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады.

ХҚКО-ның қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚКО басшысының атына жіберіледі.

Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымды ХҚКО кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша не порталда алуға болады.

Портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.

Шағымда:

1) жеке тұлға үшін - оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлға үшін - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚКО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚКО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.


4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар


13. Заңнамада белгіленген өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарын қабылдау үшін ХҚКО-ның қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы өтініш жасау көмегімен тұрғылықты орнына барып жүзеге асырады.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратының стендінде;

3) көрсетілетін қызметті берушінің www.aisgzk.kz интернет-ресурсында;

4) ХҚКО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.


«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша


«Жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау»

мемлекеттік қызметін көрсету бойынша жұмыстардың құнын есептеу жобасы


Р/с



Жер учаскесінің құнын бағалау түрі

Жер учаскесінің ауданы, гектар (га);

табиғи-экономикалық аймақтардың күрделілік санаты

Жұмыс құны (ҚҚС-сыз)*

теңгемен

учаскенің базалық алаңы мен табиғи-экономикалық аймақтар күрделілігінің санатынан

учаскенің алаңына байланысты жұмыс құнын жоғарылату коэффициенті


1.

Жеке (қосалқы) шаруашылығын жүргiзу, тұрғын үй салу және оған қызмет көрсету, бағбандық және саяжай құрылыстары үшiн азаматтарға берілген (беріліп отырған) жер учаскесінің бағалау құнын анықтау

Жер кодексінің 50-бабына сәйкес жер учаскесін тегін беру нормалары шегінде

4 607

1,3 – мемлекеттің тегін беру нормасынан асқан жағдайда


2.

Олардың мақсатына сәйкес ғимараттар мен құрылыстарға қызмет көрсетуге арналған жерлерді қоса алғанда, құрылыс салуға берілген (беріліп отырған) немесе ғимараттар, құрылыстар, олардың кешендері салынған жер учаскесінің бағалау құнын анықтау

1 га дейін

12 385

1,1 ден 10 га дейін

1,2 дан 50 га дейін

1,3 дан 100 га дейін
экстраполяциясы

- 1000 га жоғары

3.

Азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген (беріліп отырған) жер учаскесінің бағалау құнын анықтау.

100 га дейін

I санат

II санат

III санат

IV санат

V санат

9 366

11 178

12 160

13 067

13 973

1,15 тен 500 га дейін

4,45 тен 1000 га дейін

2,6 дан 5000 га дейін

экстраполяциясы - 5000 га жоғары

*Ескертпе: жұмыстар құнына баға көрсеткішінің жалпы бөлігіндегі коэффиценттері қолданыла алады.


«Жер учаскесінің кадастрлық

(бағалау) құнын анықтау»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

2-қосымша

Түбіртек


Ақша жолдаушы _______________________________________________________________

ЖСН (БСН)

_____________________________________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты

Төлемді алушы _____________________________________________________________________________

кәсіпорынның атауы, БСН

Делдал банк _____________________________________________________________________________

екінші деңгейдегі банктің атауы


Р/с



Төлемнің атауы

Сомасы

Жиыны



























оның ішінде ҚҚС








Қол қою үшін және мөрдің орны

___________________________________

ақша жолдаушының қолы

______________________________________

жауапты орындаушының қолы, күні

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Ақша жолдаушы _______________________________________________________________

ЖСН (БСН)

_____________________________________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты


Төлемді алушы ________________________________________________________________

кәсіпорынның атауы, БСН

Делдал банк ____________________________________________________________________

екінші деңгейдегі банктің атауы

Р/с



Төлемнің атауы

Сомасы

Жиыны



























оның ішінде ҚҚС







Қол қою үшін және мөрдің орны

__________________________________

ақша жіберушінің қолы

____________________________________

жауапты орындаушының қолы, күні



«Жер учаскесінің кадастрлық

(бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша

_____________________________________

(көрсетілетін қызметі берушінің атауы)


филиалының директоры ,бөлімшесінің басшысы

__________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

ЖСН_____________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

БСН______________________________________

не заңды тұлғаның толық атауы)

__________________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның жеке

__________________________________________

басын куәландыратын құжаттың

__________________________________________

деректемелері, байланыс телефоны,

__________________________________________

мекенжайы)


Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауға өтініш


______ гектар алаңында________________________________________________________

(жер учаскесінің (орналасқан жері) мекенжайы)

___________________________________________________________мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесіне кадастрлық (бағалау) құнын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуді сұраймын.

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі (бұрын ұсынылған жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау кезінде): ______________________________________


Күні __________ Өтініш беруші_________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің немесе заңды тұлғаның не

_________________________________________

уәкілетті тұлғаның атауы,

_________________________________________

қолы)

Похожие:

«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
...
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Жерлердің сапалық жағдайы және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтерін беру» мемлекеттік
«Жерлердің сапалық жағдайы және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі...
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
...
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Туберкулезге қарсы ұйымдардан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Туберкулез диспансерінен анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconПсихоневрологиялық диспансерден анықтама беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі Министрлік)...
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon2-бап. Жердi санаттарға жатқызу, оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру
Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкалары және жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құны
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница