«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты




Скачать 110.55 Kb.
Название«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Дата конвертации14.02.2016
Размер110.55 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://pavlodar.gov.kz/upload/files/Proekty_standartov/Opredelenie_kadastrovoy_(ocenochnoy)_stoi


Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы _________

№ __ бұйрығына

16-қосымша


«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.


2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау туралы актісі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі.

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау үшін мемлекеттік қызметті көрсету құны осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде есептеледі.

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау үшін ақы төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен екінші деңгейдегі банктер арқылы көрсетілетін қызметті берушінің есеп шотына жүргізіледі, олар төлемнің мөлшері мен күнін растайтын төлем құжатын (түбіртек) береді. Төлем құжатының (түбіртектің) нысаны осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауға өтініш;

2) таңдау актісі және/немесе жер учаскесін орналастыру схемасы;

3) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжат;

4) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек).

Тұлғаның жеке куәлігі көшірмесінің немесе сенімхатының дұрыстығын тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін қайтарылады.

Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты. құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, нәтижені алатын мерзімі мен орны көрсетілген талон беріледі.

Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.


3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі


10.  Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжайлар бойынша Министрлік басшысының атына жіберіледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, № 11-кіреберіс, № 441 кабинет, тел: 8 (7172) 74-18-16.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, мемлекеттік қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.


4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар


12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www. economy.gov.kz интернет-ресурсында;

2) Министрліктің Жер ресурстарын басқару комитетінің www.kuzr.gov.kz интернет-ресурсында;

3) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде;

4) көрсетілетін қызметті берушінің www.aisgzk.kz интернет-ресурсында;

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-93-95. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

1-қосымша

«Жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау»

мемлекеттік қызметін көрсету бойынша жұмыстардың құнын есептеу жобасы


Р/с



Жер учаскесінің құнын бағалау түрі

Жер учаскесінің ауданы, гектар (га);

табиғи-экономикалық аймақтардың күрделілік санаты

Жұмыс құны (ҚҚС-сыз)*

теңгемен

учаскенің базалық алаңы мен табиғи-экономикалық аймақтар күрделілігінің санатынан

учаскенің алаңына байланысты жұмыс құнын жоғарылату коэффициенті


1.

Жеке (қосалқы) шаруашылығын жүргiзу, тұрғын үй салу және оған қызмет көрсету, бағбандық және саяжай құрылыстары үшiн азаматтарға берілген (беріліп отырған) жер учаскесінің бағалау құнын анықтау

Жер кодексінің 50-бабына сәйкес жер учаскесін тегін беру нормалары шегінде

4 607

1,3 – мемлекеттің тегін беру нормасынан асқан жағдайда


2.

Олардың мақсатына сәйкес ғимараттар мен құрылыстарға қызмет көрсетуге арналған жерлерді қоса алғанда, құрылыс салуға берілген (беріліп отырған) немесе ғимараттар, құрылыстар, олардың кешендері салынған жер учаскесінің бағалау құнын анықтау

1 га дейін

12 385

1,1 ден 10 га дейін

1,2 дан 50 га дейін

1,3 дан 100 га дейін
экстраполяциясы

- 1000 га жоғары

3.

Азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген (беріліп отырған) жер учаскесінің бағалау құнын анықтау.

100 га дейін

I санат

II санат

III санат

IV санат

V санат

9 366

11 178

12 160

13 067

13 973

1,15 тен 500 га дейін

4,45 тен 1000 га дейін

2,6 дан 5000 га дейін

экстраполяциясы - 5000 га жоғары

*Ескертпе: жұмыстар құнына баға көрсеткішінің жалпы бөлігіндегі коэффиценттері қолданыла алады.


«Жер учаскесінің кадастрлық

(бағалау) құнын анықтау»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

2-қосымша

Түбіртек


Ақша жіберуші __________________________________________________________________

ЖСН/БСН

_______________________________________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты

Төлемді алушы ________________________________________________________________________________

кәсіпорынның атауы, БСН

Делдал банк ________________________________________________________________________________

екінші деңгейдегі банктің атауы


Р/с



Төлемнің атауы

Сомасы

Жиыны



























оның ішінде ҚҚС








Қол қою үшін және мөрдің орны

___________________________________

ақша жіберушінің қолы

______________________________________

жауапты орындаушының қолы, күні

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Ақша жіберуші __________________________________________________________________

ЖСН/БСН

________________________________________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты


Төлемді алушы __________________________________________________________________

кәсіпорынның атауы, БСН

Делдал банк ____________________________________________________________________

екінші деңгейдегі банктің атауы

Р/с



Төлемнің атауы

Сомасы

Жиыны



























оның ішінде ҚҚС







Қол қою үшін және мөрдің орны

__________________________________

ақша жіберушінің қолы

____________________________________

жауапты орындаушының қолы, күні

«Жер учаскесінің кадастрлық

(бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша


_____________________________________

(көрсетілетін қызметі берушінің атауы)


филиалының директоры/бөлімшесінің басшысы

___________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

___________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

___________________________________________

не заңды тұлғаның толық атауы)

___________________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның жеке

___________________________________________

басын куәландыратын құжаттың

___________________________________________

деректемелері, байланыс телефоны,

___________________________________________

мекенжайы)


Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауға өтініш


______ гектар алаңында________________________________________________________

(жер учаскесінің (орналасқан жері) мекенжайы)

___________________________________________________________мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесіне кадастрлық (бағалау) құнын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуді сұраймын.

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі (бұрын ұсынылған жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау кезінде): ______________________________________


Күні __________ Өтініш беруші_________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің немесе заңды тұлғаның не

_________________________________________

уәкілетті тұлғаның атауы,

_________________________________________

қолы)

Похожие:

«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
...
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Жерлердің сапалық жағдайы және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтерін беру» мемлекеттік
«Жерлердің сапалық жағдайы және жер учаскесінің бағалау құны туралы мәліметтерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі...
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
...
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Туберкулезге қарсы ұйымдардан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Туберкулез диспансерінен анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconРедакцияланған күні: 13. 03. 2014
«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін...
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconПсихоневрологиялық диспансерден анықтама беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі Министрлік)...
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon2-бап. Жердi санаттарға жатқызу, оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру
Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкалары және жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құны
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница