Кіріспе




НазваниеКіріспе
страница1/4
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.58 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-Коммерциялық-банктердегі-несиелік-процес
  1   2   3   4


МАЗМҰНЫ


Кіріспе........................................................................................................................3


1-тарау. Коммерциялық банктердегі несиелік процесс және оның негізгі кезеңдері....................................................................................................................5

1.1. Несиелік процесс және оның мазмұны........................................................5

1.2. Несиелік құжаттамалар және олардың түрлері.........................................16


2-тарау. Коммерциялық банктердегі несиелік процесті ұйымдастыру тәжірибесіне талдау............................................... ................................................24

2.1. Коммерциялық банктердің несиелік нарығына талдау............................24

2.2.«ТуранАлмемБанк» АҚ-ның несиелік процесін ұйымдастыруын бағалау……..............................................................................................................38


3-тарау. Коммерциялық банктердің несиелік процесті ұйымдастырудың жетілдіру жолдары…………………………………..............................................64


Қорытынды…..........................................................................................................71


Қолданылған әдебиеттер………………………....................................................75


КІРІСПЕ


1990 жылда Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.

Банк реформасын жүргізу бағдарламасының басты мақсаты - ҚР ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын әрі қарай арттыру, несиелік жүйені жақсарту және экономиканы қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту үшін екінші деңгейдегі банктердің жүйесін нығайту.

Макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін Қазақстанның Ұлттық банкі ақша-несие саясатының біршама тиімді классикалық құрал-дарын пайдаланды. Оларға қайта қаржыландыру несиелерін беру көлемін реттеу, қайта қаржыландыру мөлшерін анықтау, міндетті резерв нормасын белгілеу, валюталық нарықта интервенция жүргізу және мемлекеттің бағалы қағаздарымен, сондай-ақ Ұлттық банктің бағалы қағаздарымен операциялар-ды жүзеге асыру жатады.

Республикамызда тәжірибелерден берілген директивті несиелердің уақытында қайтарылмағаны, яғни олардың 24%-дан астамы ғана қайтқандығы белгілі. Соның салдарынан Ұлттық банк мұндай несиелерді беруді тоқтатуға мәжбүр болды. Осындай жағдайларға байланысты Ұлттық банк 1996-1998 ж ж. орталықтандырылған несиелерді тек қана банктердің қысқа мерзімді қа-жеттіліктерін қанағаттандыру үшін несиелік аукциондар, банкаралық нарық, ломбардтық несиелеу, «репо» операциялары, вексельдерді қайта есепке алу арқылы беріп отырды.

Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі арасындағы бюджетті несиелеуге байланысты жаңа қатынастың қалыптасуына сәйкес, 1998 жылдан бастап Қаржы министрілігі бюджет тапшылығын өз күшімен несиелеуге міндеттеме алғандықтан Ұлттық банк оған тікелей несие беруін тоқтатты. Оған дейін бюджеттің тапшылығының 80 %-ға жуық бөлігі Ұлттық банк несиелері есебінен жабылып келгендігін айта кету керек. Мұнда осы реформаның бірден-бір нәтижесі деп санауға толық болады.

Менің диплом жұмысымның өзектілігі елімізде несиелік жүйенің кең таралуымен, бұл мәселенің толық түрде шешілмеуімен ұштастырылған.

Диплом жұмысымның мақсаты, банктің несиелік процессі,оның негізгі кезеңдерін, мазмұнын, құжаттамаларын, қабілетін, клиентке несие беру жүйесін кең ауқымды қарастырып талдау,оны айқындау.

Бұл жұмыста несиенің шығу тегінен бастап, Қазақстандагы банктік капиталдың қалыптасу ерекшеліктері, сондай-ақ қазіргі акша-несие қатынас-тарының дамуы толығырақ қамтылған. Осы қойылған мақсатқа сәйкес бұл жұмыстың өзіндік міндеті, ол тек қана акша мен несиеге арналмайды, сол сияқты банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы мекемелердің нарықтық экономикадағы рөлі мен қызметтеріне арналады. Банктерді тек қана қазіргі түрғыдан сипаттап қоймай, оларды тарихи даму тұрғысынан көрсетеді.

Диплом жұмысымның зерттеу объектісі – коммерциялық банктегі несиелік процесті ұйымдастыру.

Зерттеу пәні – несиелік процесс және оның қатынастарын ұйымдастыру.

Бұл жұмыс тек қана несие қатынастарының теориялық бағытта қарастырып қоймай, сондай-ақ олардың практикалық жақтарын қарастырады. Жұмыс үш тақырыпқа бөлінеді. Бірінші тақырыпта несие теориясы, екінші тақырыпта несие практикасы берілген. Мұнда несиенің экономикадағы мәні атқаратын қызметтері ғана қамтылып қоймай, сонымен қатар несие берушілер мен қарыз алушылардың өзара қатынасында пайдаланылатын, оның формалары мен түрлері нақты отандық банктер тәжірибесінде толық қамтылады.


1-тарау. Коммерциялық банктердегі несиелік процессі және оның негізгі кезеңдері

1.1. Несиелік процесс және оның мазмұны.

Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъек-тілермен катар мемлемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пай-даланады.

Несиелік саясат банктің несиелік қызметін, міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм кө-мегімен жүзеге асырылады.

Несиелік саясат — банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті кұжаттар жүйесін жасау шарттарын анықтайды.

Кең мағынада, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар түрғысынан қарастыруға болады.

Тар мағынада, несиелік саясат — бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.

Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін (ұйымдастыру) жасау шарттарын білдіреді.

Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс:

  • нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;

  • несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауга мүмкіндік береді;

  • нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін
    қамтиды;

  • оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен
    нұсқауларды қамтитын құжаттардан тұрады.

Несиелік саясат банктің стратегиясын оның тәуекелді басқару облы-сындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтің мынадай негізгі бағыттарын анықтауга мүмкіндік береді:

- несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын бъективтік стандар-ттар мен критерийлерін;

  • несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;

  • сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қыз-меттің сапалығын;

  • ішкі бақылау қағидаларын.

Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекет-тердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асыру-дың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін құрайды.

Несиелік саясат банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап «өз клиентін» таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді не-сиелер (айналым қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвес-тициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуга, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылыми-техникалық инновацияларды енгізуге) бер-ген қолайлы.

Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады (потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау, жекелеген несиелік қызметкерлердің құзыретін сақтауға бақылау жасау, банктің несиелік портфелінің жағдайына және оның ішінде проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау).

Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық мақсаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң соның негізінде банк қыз-меткерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банктің несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулары жасалады.

Несиелік стандарттар мен нұсқаулықтарды жасаудың бастапқы кезеңі аякталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет (немесе директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты және соған сәйкес нұсқау-лықтарды бекітеді.

Несиелік саясат несиелеу лимидтерін, тәртібін кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта барлық несиелердің несиелік құжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі де қарастырылуы да мүмкін.

Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ережеде қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды.

Отандық банктер тәжірибесіндегі несиелік комитеттің шешетін мәселелері мынадай:

  • несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;

  • несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;

  • несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анық-тайды;

  • несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін
    бекітеді;

  • несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар
    белгілейді;

  • несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);

  • берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;

  • банктің несиелік стратегиясын жасайды;

  • несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;

  • несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды
    және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.

Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы да айтылуға тиіс.

Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келетін ережелер мен нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты енгізудің негізгі элементі болып табылады.

Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды өз кезегінде несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде қарастыруға болады. Несиелік саясатта мынадай элементтер көрсетілуге тиіс:

  • несиелік қызметті ұйымдастыру;

  • несиелік портфельді басқару;

  • несиелеуге бақылау жасау;

  • құзыретті бөлу принциптері;

  • несиелеуді талдаудың жалпы критерийлері;

  • несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;

  • несиелермен жасалатын жымдық жұмыстардың приниптері;

  • несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.

Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін мынадай үш құжат түрінде көруге болады:

  • несиелеу мақсаты:

  • несиелеу стандарты.;

  • несиелеу нұсқаулықтары.

Сондай-ақ аталған үш құжат ерекше бір қүжатта «Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету» біріктіріледі.

Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарламалары анықталады.

Несиелеу стандарты - бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.

Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады:

  • қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;

  • несиенің кепілхаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;

  • әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;

  • қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;

  • құжаттардың толтырылуына койылатын талаптар;

  • несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалық немесе тұтыну несиелері бойынша).

Барлық банктер бойынша құжаттар айналымын стандарттау мақсатында несиелеу стандарттарына әр түрлі құжаттар үлгілері жатуға тиіс. Ондай құжаттарға: несиелік келісім-шарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме туралы шарт жане т.б. жатады.

Несиелік нұсқаулық процедураларын іске асырудың жалпы алгоритімі бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді.

Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтің нақты бір бағыттарына жатады.

Жалпы несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау және несиелік қабілетіне талдаудан бастап несиелік талдау және аудит, несиелер бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық кезеңдері көрсетіледі.

Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:

  • банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз ретінде болу;

  • несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері үшін анықтама материал және нұсқау ретінде болу;

  • несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаудың талаптарының орындалуына бақылау жасау тұралы;

  • несиелік талдау және аудит бөлімі жүмыскерлерінің тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.

Коммерциялық банктің несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық несиелермен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлініп және қосымша бақылау жасалуға тиіс.

Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық), банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады. Кейбір жағдайларда несиенің коммерциялық формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім ендіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал қарыз алушыларға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар кез келген заңды және жеке тұлғалар жатады.

Несиелеу объектісі - бұл несиенің пайдалану заты, яғни нссиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.

Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты егер несие материалдық жағынан камта-масыз етілмеген жағдайда банк алдындағы шаруашылық үйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат олардың негізгі және материалдарды, жанармай, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азық-түліктер және басқа да материалды құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мүндай қорларды жасау ең бастысы өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байланысты.

Несиелеу объектісіне экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың сатып алынатын шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтың жатады.

Үзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынадай түрлерге бөлінеді:

  • өндіріс объектілерінің ңқұрылысы;

  • өндіріс объектілерін қайта құру, техникалық жағынан қайта
    каруландыру, кеңейту;

  • техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;

  • жаңа өнім шығаруды ұымдастыру;

  • өндірістік емес маңызы бар объектілерді салу.

Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау — бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Кұнның қозғалысы — бұл несиенің қозгалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.

Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бүған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі уғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.

Сонымен қатар несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие - бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозгалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы — сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.

Несие - бұл пайыз төлеу және к,айтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозгалысы.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.

Несие кең ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие — бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жүмсалымдарының бір формасын білдіретін кең үғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір гана формасын білдіреді.

Экономикалық категория ретінде несие - кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белігі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиы-нтығы.

Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мүндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

Карыз беруші - карызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектілері және халық жатады.

Қарыз алушы — бұл несиені алушы және оны кайтаруға міндетті несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынастан емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл өте ауқымды үғым. Ал қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар түлға.

Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің қүрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген қүнды білдіреді.

Несиенің экономикадағы орны мен рөлі оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді атқарады:

- кайта бөлу;

  • айналыс шығындарын үнемдеу;

  • айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;

  • капиталдың шоғырлануын жеделдету;

  • ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.

Несиенің кайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының толық құнды жүмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қаржыны қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржынық бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал агымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизмі негізінде жүзеге асырылады.

Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындагы уақытша болатын алшақтық кей жагдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымьн қамтамасыз етіп қана қоймай айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

Ал келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты акшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығымен қатар айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.

Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мүндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.

Несиенін ғылыми-техникалык, прогресті жеделдету кызметі ғылыми-техникалық үйымдардың ңызметін қаржы-ландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің кәмегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік ңаржы-ландыруда отырғандардан басңалары) жүмыс жасауы қиынға түседі. Сондай-ақ несие өндіріске гылыми техыологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса ңажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапңыда кәсіпорынның ңаражаты-мен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен ңаржыландырылады.

  1   2   3   4

Похожие:

Кіріспе iconИнфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары Мазмұны Кіріспе
Кіріспе 3
Кіріспе iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары
Кіріспе
Кіріспе iconIi мазмұны Кіріспе
Кіріспе «Геронтология және гериатрия» жас ерекшелігі физиологиясын, қартаю заңдылықтарын, егде және қарттык кезеңдегі ауруларды зерттейтін...
Кіріспе iconПән: «клиникалық медицинаға кіріспе»
Силлабус ішкі аурулары пропедевтикасы кафедрасымен 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Медиициналық клиникаға кіріспе»...
Кіріспе icon«Мамандыққа кіріспе» пәнінен барлық мамандық студенттеріне арналған
ПОӘК оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы «Мамандыққа кіріспе» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Кіріспе iconШетел филологиясы кафедрасы О. Қ. Жармакин тіл біліміне кіріспе гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің конспектісі Павлодар
Т93 Тіл біліміне кіріспе: дәрістер конспектісі/құраст. О. Қ. Жармакин. –Павлодар, 2007. – 81б
Кіріспе icon«Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы
«жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешені
Кіріспе iconДәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік
Халық саны жыл сайын 12ж милрядқа өсуде. Африкада мемлекетде азық тапшы. Дүние жүзінің көп бөлігін азық құрайды. Балық шаруашылығы...
Кіріспе iconКіріспе: Экология ғылым ретінде анықтамасы
Кіріспе: Экология – ғылым ретінде анықтамасы. Экологияның мақсаты, есептері және әдістері. Экологияның даму тарихы. Экология – табиғатты...
Кіріспе iconКіріспе

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница