1-бөлім. Мемлекеттік мүлік туралы негізгі ережелер




Название1-бөлім. Мемлекеттік мүлік туралы негізгі ережелер
страница1/30
Дата конвертации14.02.2016
Размер2.73 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kmg.kz/upload/company/np_akty_rk/kz/gos_im_kz.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»

Документ: ҚР 2011.01.03 № 413-IV ЗАҢЫ

Дата: 23.12.2015 14:42:25

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Мемлекеттік мүлік туралы

(2015.13.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

2015 жылғы 18 қарашадағы № 411-V ҚР Заңын қараңыз (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

2015 жылғы 17 қарашадағы № 408-V ҚР Заңын қараңыз (2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

1-бөлім. Мемлекеттік мүлік туралы негізгі ережелер

(1-18-баптар)

1-тарау. Мемлекеттік мүлікті басқару туралы жалпы ережелер

(1-10-баптар)

2-тарау. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі құзыреті

(11-18-баптар)

2-бөлім. Мемлекеттің мүліктік құқықтарға ие болуы

(19-69-баптар)

3-тарау. Мемлекеттің мүліктік құқықтарға ие болу негіздері

(19-36-баптар)

4-тарау. Реквизициялау

(37-53-баптар)

1-параграф. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау

(37-47-баптар)

2-параграф. Соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде және соғыс уақытында қорғаныс мұқтажы үшін реквизициялаудың ерекшеліктері

(48-53-баптар)

5-тарау. Мемлекет меншігіне алу

(54-60-баптар)

6-тарау. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару

(61-69-баптар)

3-бөлім. Мемлекеттік мүлікті иелену және (немесе) пайдалану

(70-82-баптар)

7-тарау. Мемлекеттік мүлікті иелену және (немесе) пайдалану туралы жалпы ережелер

(70-73-баптар)

8-тарау. Мемлекеттік мүлікті иеленудің және (немесе) пайдаланудың жекелеген негіздері

(74-82-баптар)

4-бөлім. Мемлекеттің мүліктік құқықтарының тоқтатылуы

(83-121-баптар)

9-тарау. Мемлекеттің мүліктік құқықтарының тоқтатылу негіздері

(83-92-баптар)

10-тарау. Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару

(93-121-баптар)

1-параграф. Жалпы ережелер

(93-94-баптар)

2-параграф. Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру

(95-113-баптар)

3-параграф. Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарудың өзге де тәсілдері

(114-121-баптар)

5-бөлім. Мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерін басқару ерекшеліктері

(122-186-баптар)

11-тарау. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мемлекет мүлкіне құқықтарды жүзеге асыруы

(122-165-баптар)

1-параграф. Мемлекеттік заңды тұлғалар туралы жалпы ережелер

(122-131-баптар)

2-параграф. Мемлекеттік кәсіпорын туралы жалпы ережелер

(132-140-баптар)

3-параграф. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын

(141-147-баптар)

4-параграф. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды басқарудың ерекшеліктері

(148-152-баптар)

5-параграф. Қазыналық кәсiпорын

(153-158-баптар)

6-параграф. Мемлекеттік мекеме

(159-165-баптар)

12-тарау. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестеріне құқықтарды жүзеге асыру

(166-186-баптар)

6-бөлім. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілерге құқықтарды шектеу

(187-195-баптар)

13-тарау. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілерге ауыртпалық салу және оларды иеліктен шығару

(187-190-баптар)

14-тарау. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілерді сатып алуға қазақстан республикасының басым құқығы

(191-195-баптар)

7-бөлім. Мемлекеттік мүлікті есепке алу, мүліктің мониторингі, оны бағалау және пайдаланылуын бақылау

(196-220-баптар)

Осы Заң, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін екі жыл өткен соң 15-тарау қолданысқа енгізіледі

 

15-тарау. Мемлекеттік мүлікті есепке алу, мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігінің мониторингі, оны бағалау және мемлекеттік мүліктің пайдаланылуын бақылау

(196-202-баптар)

16-тарау. Мемлекет жекелеген негіздер бойынша сатып алатын немесе иеліктен шығаратын мүлікті бағалау

(203-209-баптар)

17-тарау. Мемлекеттік мүліктің құрамына жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті есепке алу және пайдалану ерекшеліктері

(210-218-баптар)

18-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

(219-220-баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған.

 

 

1-бөлім. Мемлекеттік мүлік туралы негізгі ережелер

 

1-тарау. Мемлекеттік мүлікті басқару туралы жалпы ережелер

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аудандық коммуналдық заңды тұлғалар - аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған аудандық мемлекеттік кәсіпорындар мен аудандық мемлекеттік мекемелер;

2) аудандық коммуналдық мүлік - ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мүлкі, оның ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджеті және аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мүлік, сондай-ақ аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік;

3) даму жоспары - акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталындағы қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік, оның ішінде ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг және ұлттық компания қызметінің бесжылдық кезеңге арналған негізгі бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;

4) даму стратегиясы - ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның онжылдық кезеңге арналған миссиясын, пайымын, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын және негіздейтін құжат;

5) есепке алу объектісі - мемлекеттік мүлік тізілімінде есепке алынатын мемлекеттік мүлік;

6) жекешелендіру - мемлекеттің осы Заңда белгіленген арнайы рәсімдер шеңберінде мемлекеттік мүлікті жеке тұлғаларға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сатуы;

7) коммуналдық заңды тұлғалар - мүлкі коммуналдық меншікте тұрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер;

8) коммуналдық мүлік - әкімшілік-аумақтық бөліністердің мүлкі;

2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) Қазақстан Республикасының стратегиялық объектiге ие болуының басым құқығы - стратегиялық объект тиесiлi жеке тұлғадан немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғадан, осындай тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығару жөнiнде мәмiле жасасуды ниет етiп отырған жағдайда, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған не оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы мүліктік (тарату) массасының құрамында стратегиялық объектiнi иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) соттың қарауынан тыс тәртiппен өткiзген не стратегиялық объектiге сот актiсiнiң негiзiнде өндiрiп алу қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасының стратегиялық объектiлердi нарықтық құны бойынша сатып алуға үшiншi тұлғалар алдындағы басым құқығы;

10) қазыналық кәсіпорын - мемлекет жедел басқару құқығында бөліп берген мүлкі бар коммерциялық ұйым;

11) мемлекет мұқтажы - мемлекеттің функцияларынан туындайтын және қоғамдық маңызы бар мақсаттарды көздейтін мемлекет мүддесін қанағаттандыру үшін жеке меншіктегі мүліктің мемлекеттік меншікке өту қажеттігінің болуы;

12) мемлекет меншігіне алу - Қазақстан Республикасының мемлекет меншігіне алу туралы заңының негізінде жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі мүлікті Қазақстан Республикасы мүлкінің құрамына мәжбүрлеп өтеулі түрде иеліктен шығару;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакция (бұр.ред.қара)

13) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - тиісті саланың уәкілетті органы) - мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мүлікке қатысты құқықтарды өзге мемлекеттік органдарға берген жағдайларда, осы Заңның тиісті саланың уәкілетті органы туралы қағидалары осындай мемлекеттік органға қолданылады;

14) мемлекеттік заңды тұлғалар - мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер;

15) мемлекеттік мекеме -басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекет құрған және қаржыландырудың қосымша көздері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбесе, тек қана бюджет немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын коммерциялық емес ұйым;

16) мемлекеттік мекемені немесе қазыналық кәсіпорынды жедел басқару құқығы (бұдан әрі - жедел басқару құқығы) - мемлекеттен меншік иесі ретінде мүлік алған және өз қызметінің жарғылық мақсаттарына, уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес осы мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Похожие:

1-бөлім. Мемлекеттік мүлік туралы негізгі ережелер icon1-БӨлім. Мемлекеттік мүлік туралы негізгі ережелер 1-тарау. Мемлекеттік мүлікті басқару туралы жалпы ережелер
Жарияланған: "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 10 наурыздағы №72-75 (26477); 2011 жылғы 11 наурыздағы №76-80 (26482); "Казахстанская...
1-бөлім. Мемлекеттік мүлік туралы негізгі ережелер iconҚазақстан Республикасынң кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасынң кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан...
1-бөлім. Мемлекеттік мүлік туралы негізгі ережелер iconТтік жатақханасы туралы ережелер
Республикасының “Тұрғын үй қатынастары жайлы” Заңының 113-шы бабы “Студенттік жатақхана туралы ережелер” атты 16-шы пунктіне, сонымен...
1-бөлім. Мемлекеттік мүлік туралы негізгі ережелер iconТтік жатақханасы туралы ережелер
Республикасының “Тұрғын үй қатынастары жайлы” Заңының 113-шы бабы “Студенттік жатақхана туралы ережелер” атты 16-шы пунктіне, сонымен...
1-бөлім. Мемлекеттік мүлік туралы негізгі ережелер iconКоммуналдық заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының...
1-бөлім. Мемлекеттік мүлік туралы негізгі ережелер iconОқу жұмыс жоспары
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын бекіту туралы. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер” 2008 жылғы...
1-бөлім. Мемлекеттік мүлік туралы негізгі ережелер icon«Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің...
1-бөлім. Мемлекеттік мүлік туралы негізгі ережелер iconМемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 139-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
1-бөлім. Мемлекеттік мүлік туралы негізгі ережелер iconҚазақстан республикасының кеден кодексі
Жалпы бөлім (1 32 баптар) 1-Бөлім. Жалпы ережелер (1 15 баптар)
1-бөлім. Мемлекеттік мүлік туралы негізгі ережелер iconМүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27- бабының, Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница