Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы




НазваниеМемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы
страница1/3
Дата конвертации14.02.2016
Размер251 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish143292_24998.doc
  1   2   3
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 13.08.2014 15:19:07


Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 53 Қаулысы

 

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 қазандағы № 158 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5393 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Қ. Келімбетов

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы 18 сәуірдегі

53 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру

қағидалары

 

1. Осы Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру және мемлекеттік бағалы қағаздарға берілген ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін есепке алу тәртібін айқындайды.

2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) жауапты қызметкер - уәкілетті органның ұлттық сәйкестендіру нөмірін (ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін) беруге жауапты қызметкері;

2) ұлттық сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ҰСН) - уәкілетті орган эмиссиялық бағалы қағаздарға оларды сәйкестендіру және есепке алуды жүйелеу мақсатында беретін әріпті-цифрлық код;

3) эмитент - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы.

3. Уәкілетті орган эмитент Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарға ҰСН береді.

4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарға ҰСН беруді уәкілетті орган шығарылым туралы мынадай мәліметтер бар ҰСН беру туралы электрондық сұраныс негізінде жүргізеді:

1) мемлекеттік бағалы қағаздардың түрі - олардың толық атауы (қысқаша атауы, аббревиатурасы);

2) шығарылым валютасы;

3) айналыс мерзімі;

4) эмитент пайдаланатын нөмірлеуге сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының реттік нөмірі;

5) болжанған орналастыру күні;

6) орналастыру көлемі;

7) өтеу күні.

5. Жергілікті атқарушы органдар шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарға ҰСН беруді уәкілетті орган эмитенттің еркін нысанда жасалған және осы шығарылым туралы Қағидалардың 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер бар жазбаша сұранысы негізінде жүргізеді.

6. Эмитент болжап отырған біреуден астам шығарылымға, оның ішінде белгілі бір уақыт кезеңінен бұрын Қағидалардың 4 және 5-тармақтарына сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздарға ҰСН беруге бір сұраныс жасауға рұқсат беріледі.

7. Жауапты қызметкер эмитенттің сұранысын алғаннан кейін оның мына бөліктерде жасалуының дұрыстығын тексереді:

1) Қағидалардың 4-тармағына сәйкес сұраныста көрсетілуге тиісті мәліметтердің толықтығын;

2) мемлекеттік бағалы қағаздардың тиісті шағарылымын көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар түріне белгілеу көрсетудің дұрыстығын;

3) мемлекеттік бағалы қағаздардың болжанған шығарылымының реттік нөмірінің мемлекеттік бағалы қағаздардың осы түрінің алдыңғы шығарылымдары туралы уәкілетті органда бар ақпаратқа сәйкес келуін.

8. Эмитенттің сұранысында көрсетілген мәліметтер Қағидалардың 4, 7-тармақтарының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган ҰСН береді және сұранысқа электрондық не жазбаша жауап жібереді, онда мыналар болады:

эмитент пайдаланатын нөмірлеуге сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының реттік нөмірі;

ҰСН (егер ол берілсе);

бас тарту себебі (егер ҰСН беруден бас тартылса).

9. Уәкілетті орган эмитенттің ҰСН беруге сұранысын оны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды (осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген жағдайды қоспағанда).

Егер эмитент мемлекеттік бағалы қағаздарға алты және одан астам болжанған шығарылымдарына ҰСН беруге сұраныс жасалса, уәкілетті орган эмитенттің сұранысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ҰСН береді.

Уәкілетті орган мемлекеттік бағалы қағаздарға ҰСН беруді Қағидалардың 1-қосымшасында көзделген мемлекеттік бағалы қағаздарға ҰСН беру үлгісінде жүзеге асырады.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың ҰСН құру Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың ҰСН төртінші позициясын толған кезде мемлекеттік бағалы қағаздардың жекелеген түрлерінің кодтары пайдаланылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздардың кодтары Қағидалардың 3-қосымшасындағы 1-кестеде берілген.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздардың кодтары Қағидалардың 3-қосымшасындағы 2-кестеде берілген.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздардың кодтары Қағидалардың 3-қосымшасындағы 3-кестеде берілген.

ҰСН құру кезінде әріптік символдарды санмен ауыстыру Қағидалардың 4-қосымшасындағы кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік бағалы қағаздарға берілген ҰСН-нің есебін жүргізу мыналарды:

1) эмитенттердің мемлекеттік бағалы қағаздарына берілген ҰСН тіркеудің электрондық деректер базасы түріндегі электрондық журналын (бұдан әрі - электрондық журнал);

2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздарына ҰСН беру мәселелері бойынша хат-хабар алмасу файлдарын (бұдан әрі - хат-хабар алмасу файлдары) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

11. Электрондық журналға мынадай мәліметтер енгізіледі:

1) ҰСН беру туралы өтінімді тіркеу күні;

2) ҰСН берілген мемлекеттік бағалы қағаздар эмитентінің атауы;

3) ҰСН беруге сұрату нөмірі;

4) ҰСН беруге сұрату күні;

5) ҰСН берілген мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының реттік нөмірін эмитент қолданатын нөмірлеуге сәйкес сандық белгілеуі;

6) ҰСН берілген мемлекеттік бағалы қағаздардың түрі;

7) берілген ҰСН;

8) жауапты қызметкердің тегі, аты, бар болса әкесінің аты.

12. ҰСН иелену күні электрондық журналға енгізілетін берілген мемлекеттік бағалы қағаздардың ҰСН туралы ақпарат.

13. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарына ҰСН беру бойынша құжаттар хат-хабар алмасу файлдарына хронологиялық тәртіппен тігіледі. Хат-хабар алмасу файлдарына енгізілген құжаттардың барлық парақтары төменгі оң жақ бұрышында нөмірленеді. Хат-хабар алмасу файлдары аяқталғаннан кейін онда бар құжаттардың тізімдемесі енгізіледі.

 

Мемлекеттік бағалы қағаздарға

ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін

беру қағидаларына

1-қосымша

 

 

Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру

үлгісі

 

Берілді (үлгінің шарттары):

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі алты ай айналыс мерзімімен мемлекеттік қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелерін (бұдан әрі - МЕККАМ) айналысқа шығарады; шығарылымның реттік нөмірі - 123.

 

1-қадам:

 

ҰСН позициясы нөмірлері

Символдар

Түсініктемелер

1-2

KZ

Эмитент елінің таңбалануы (1-тармақша) Қағидалардың 2-қосымшасының 2-тармағы)

3

К

Мемлекеттік бағалы қағаздар эмитентінің таңбалануы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне мемлекеттік бағалы қағаздар эмитенті ретінде «К» символы сәйкес келеді (Қағидалардың 2-қосымшасының 3-тармағы)

4

1

Мемлекеттік бағалы қағаздар кодының таңбалануы: МЕККАМ-ға «1» символы сәйкес келеді (Қағидалардың 2-қосымшасының 4-тармағы және 3-қосымшасының 1-кестесі)

5

К

Шығарылым валютасын таңбалау: МЕККАМ номиналдық құны «К» символы сәйкес келетін қазақстандық теңгеде көрсетіледі (Қағидалардың 2-қосымшасының 6-тармағы)

6

М

Мемлекеттік бағалы қағаздардың айналыс мерзімін өлшеу бірліктерін таңбалау: МЕККАМ айналыс мерзімі «М» символы сәйкес келетін айлармен өлшенеді (Қағидалардың
  1   2   3

Похожие:

Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы iconМемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының
Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы iconБағалы қағаздар нарығында Инсайдерлік ақпаратты ашу қағидаларын бекіту туралы
Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы iconАкционерлік қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын іске асыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №31 Қаулысы
Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №87 Қаулысы
Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін беру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №56 Қаулысы
Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
«Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген...
Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы iconҚадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар...
Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
«Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы iconСақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы iconҰлттық Банкі Басқармасының
«Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница