«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі




Скачать 214.6 Kb.
Название«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Дата конвертации14.02.2016
Размер214.6 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish490905_24089.doc


Жоба



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ


«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ


Алматы қаласы





город Алматы







Мемлекеттік бағалы қағаздарға

ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін

беру қағидаларын бекіту туралы





«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 қазандағы № 158 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5393 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Ұлттық Банк

Төрағасы


Қ. Келімбетов









Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы __ ______ № __

қаулысымен бекітілген










Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру

нөмірлерін беру қағидалары


Осы Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмiрлерiн беру және мемлекеттiк бағалы қағаздарға берiлген ұлттық сәйкестендіру нөмiрлерiн есепке алу тәртiбiн белгiлейдi.


1. Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру талаптары

 

1. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) жауапты қызметкер - уәкiлеттi органның ұлттық сәйкестендіру нөмiрiн (ұлттық сәйкестендіру нөмiрлерiн) беруге жауапты қызметкерi;

2) ұлттық сәйкестендіру нөмiрi (бұдан әрі - ҰСН) – уәкілетті орган эмиссиялық бағалы қағаздарға оларды сәйкестендіру және есепке алуды жүйелеу мақсатында беретін әріпті-цифрлық код;

 3) эмитент - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы.

2. Уәкілетті орган эмитент Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарға ҰСН береді.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарға ҰСН беруді уәкілетті орган шығарылым туралы мынадай мәліметтер бар ҰСН беру туралы электрондық сұраныс негiзiнде жүргізеді:

1) мемлекеттiк бағалы қағаздардың түрi - олардың толық атауы (қысқаша атауы, аббревиатурасы);

2) шығарылым валютасы;

3) айналыс мерзiмi;

4) эмитент пайдаланатын нөмiрлеуге сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының реттiк нөмiрi;

5) болжанған орналастыру күні;

6) орналастыру көлемі;

7) өтеу күні.

4. Жергілікті атқарушы органдар шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарға ҰСН беруді уәкілетті орган эмитенттің еркiн нысанда жасалған және осы шығарылым туралы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер бар жазбаша сұранысы негiзiнде жүргізеді.

5. Эмитент болжап отырған бiреуден астам шығарылымға, оның iшiнде белгiлi бiр уақыт кезеңінен бұрын Қағидалардың 3 және 4-тармақтарына сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздарға ҰСН беруге бір сұраныс жасауға рұқсат беріледі.

6. Жауапты қызметкер эмитенттің сұранысын алғаннан кейiн оның мына бөлiктерде жасалуының дұрыстығын тексередi:

1) Қағидалардың 3-тармағына сәйкес сұраныста көрсетiлуге тиiстi мәлiметтердiң толықтығын;

2) мемлекеттік бағалы қағаздардың тиісті шағарылымын көздейтін Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттiк бағалы қағаздар түрiне белгілеу көрсетудің дұрыстығын;

3) мемлекеттiк бағалы қағаздардың болжанған шығарылымының реттiк нөмiрiнiң мемлекеттiк бағалы қағаздардың осы түрiнiң алдыңғы шығарылымдары туралы уәкілетті органда бар ақпаратқа сәйкес келуiн.

7. Эмитенттің сұранысында көрсетілген мәліметтер Қағидалардың 3, 6-тармақтарының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган ҰСН береді және сұранысқа электрондық не жазбаша жауап жібереді, онда мыналар болады:

эмитент пайдаланатын нөмірлеуге сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының реттік нөмірі;

ҰСН (егер ол берілсе);

бас тарту себебі (егер ҰСН беруден бас тартылса).

8. Уәкілетті орган эмитенттің ҰСН беруге сұранысын оны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды (осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген жағдайды қоспағанда).

Егер эмитент мемлекеттік бағалы қағаздарға алты және одан астам болжанған шығарылымдарына ҰСН беруге сұраныс жасалса, уәкілетті орган эмитенттің сұранысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ҰСН береді.

Уәкілетті орган мемлекеттік бағалы қағаздарға ҰСН беруді Қағидалардың 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес жүзеге асырады.


2-тарау. Берілген ҰСН-ның есебін жүргізу


9. Мемлекеттік бағалы қағаздарға берілген ҰСН-нің есебін жүргізу мыналарды:

1) эмитенттердің мемлекеттік бағалы қағаздарына берілген ҰСН тіркеудің электрондық деректер базасы түріндегі электрондық журналын (бұдан әрі - электрондық журнал);

2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздарына ҰСН беру мәселелері бойынша хат-хабар алмасу файлдарын (бұдан әрі – хат-хабар алмасу файлдары) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

10. Электрондық журналға мынадай мәліметтер енгізіледі:

1) ҰСН беру туралы өтінімді тіркеу күні;

2) ҰСН берілген мемлекеттік бағалы қағаздар эмитентінің атауы;

3) ҰСН беруге сұрату нөмірі;

4) ҰСН беруге сұрату күні;

5) ҰСН берілген мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының реттік нөмірін эмитент қолданатын нөмірлеуге сәйкес сандық белгілеуі;

6) ҰСН берілген мемлекеттік бағалы қағаздардың түрі;

7) берілген ҰСН;

8) жауапты қызметкердің тегі, аты, бар болса әкесінің аты.

11. ҰСН иелену күні электрондық журналға енгізілетін берілген мемлекеттік бағалы қағаздардың ҰСН туралы ақпарат.

12. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарына ҰСН беру бойынша құжаттар хат-хабар алмасу файлдарына хронологиялық тәртiппен тiгiледi. Хат-хабар алмасу файлдарына енгізілген құжаттардың барлық парақтары төменгі оң жақ бұрышында нөмірленеді. Хат-хабар алмасу файлдары аяқталғаннан кейін онда бар құжаттардың тізімдемесі енгізіледі.

Мемлекеттік бағалы қағаздарға

ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін

беру қағидаларына

1-қосымша


Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған

мемлекеттік бағалы қағаздар кодтарының кестесі

 

Бағалы қағаздың түрі

Код

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығаратын,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қысқа мерзімді
қазынашылық міндеттемелері (МЕККАМ)1

1

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта мерзімді
қазынашылық міндеттемелері (МЕОКАМ)1

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі займның
ұлттық жинақ облигациялары (НСО)2

2

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қысқа мерзімді
қазынашылық валюталық міндеттемелері (МЕКАВМ)3

3

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қысқа мерзімді
қазынашылық валюталық міндеттемелері (МЕКАВМ)4

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік индекстелген
қазынашылық міндеттемелері (МЕИКАМ)

4

Мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық облигация (МАОКО)5

9

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақ қазынашылық міндеттемелері (МЕУЖКАМ)1

A

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелері (МУИКАМ)1

B

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта мерзімді
индекстелген қазынашылық міндеттемелері (МОИКАМ)1

C

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұзақ мерзімді
қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ)1

D

Қазақстан Республикасының арнайы орта мерзімді
қазынашылық міндеттемелері (МАОКАМ)1

N



Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар

кодтарының кестесі



Бағалы қағаздың түрі

Код

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің теңгеде номинирленген қысқа мерзімді ноты6

1

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетелдік валютада номинирленген қысқа мерзімді ноты6

3



1


  


Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар кодтарының кестесі



Бағалы қағаздың түрі

Код

Жергілікті атқару органдарының орта мерзімді бағалы қағаздары7

Е

Жергілікті атқару органдарының ұзақ мерзімді бағалы қағаздары7

F

Жергілікті атқару органдарының орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздары7

G

Жергілікті атқару органдарының ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздары7

H


Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін

беру қағидаларына

2-қосымша


Мемлекеттік бағалы қағаздардың ұлттық

сәйкестендіру нөмірін құру


1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының ҰСН құру үшін араб цифрлары және латын әліпбиінің жазба (бас) әріптері («І» және «О» әріптерінен басқа) пайдаланылады.

2. ҰСН-ға қандай да болмасын тыныс белгісімен бөлінбеген, қатарынан он екі символ (солдан оңға санаумен) кіреді және мына үш бөліктен тұрады:

1) ҰСН-ның бірінші және екінші позицияларында орналасқан символдар эмитент елінің екі әріпті кодын білдіреді (Қазақстан Республикасы үшін «KZ» коды пайдаланылады);

2) ҰСН-ның үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші тоғызыншы оныншы және он бірінші позицияларында орналасқан символдар осы қосымшаның 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарына сәйкес жасалған негізгі нөмірлер болып табылады;

3) ҰСН-ның он екінші позицияда орналасқан символ осы қосымшаның 10-тармағына сәйкес есептелетін бақылау цифры болып табылады.

3. ҰСН-ның үшінші позициясында орналасқан символ мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитентін білдіреді:

1) «К» - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;

2) «W» - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

3) «А» - Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы;

4) «Z» - Астана қаласының жергілікті атқарушы органы.

4. ҰСН-ның төртінші позициясында орналасқан символ мемлекеттік бағалы қағаздардың кодын білдіреді:

1) «1» символы - шығарылым талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша сыйақыларды индекстеу көзделмейтін құжатсыздандырылған дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;

2) «2» символы - шығарылым талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша сыйақыларды индекстеу көзделмейтін құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар;

3) «3» символы - шығарылым талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша қандай да болмасын көрсеткішке төленетін сыйақыларды ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжатсыздандырылған дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;

      4) «4» символы - шығарылым талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша қандай да болмасын көрсеткішке төленетін сыйақыларды ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар;

5) «5» символы - шығарылым талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша сыйақыларды индекстеу көзделмейтін құжаттандырылған дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;

6) «6» символы - шығарылым талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша сыйақыларды индекстеу көзделмейтін құжаттандырылған купондық бағалы қағаздар;

7) «7» символы - шығарылым талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша қандай да болмасын көрсеткішке төленетін сыйақыларды ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжаттандырылған дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;

8) «8» символы - шығарылым талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша қандай да болмасын көрсеткішке төленетін сыйақыларды ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжаттандырылған купондық бағалы қағаздар;

9) «9» символы - Қазақстан Республикасы азаматтарының салымдарына өтемақы төлеу мақсатында шығарылған құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар;

10) «А» символы - орналастырылуы мен өтелуі номиналды құны бойынша жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді;

11) «В» символы - орналастырылуы мен өтелуі номиналды құны бойынша жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді;

12) «С» символы - орналастырылуы мен өтелуі номиналды құны бойынша жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді;

13) «D» символы - орналастырылуы мен өтелуі номиналды құны бойынша жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде орналастыру кезінде айқындалатын, купон деп аталатын сыйақы төленеді;

14) «Е» символы - республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының орта мерзімді бағалы қағаздары;

15) «F» символы - республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұзақ мерзімді бағалы қағаздары;

16) «G» символы - республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздары;

17) «Н» символы - республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздары.

5. ҰСН төртінші позициясын толтыру кезінде пайдаланылатын мемлекеттік бағалы қағаздардың жекелеген түрлерінің кодтары Қағидалардың 1-қосымшасында келтірілген.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың жаңа түрі шығарылған жағдайда жауапты қызметкер мемлекетті бағалы қағаздар түрлерінің анықтамалығына тиісті өзгерістерді енгізеді. Бұл ретте ҰСН төртінші позициясының коды болып символ – алдыңғылардан кейінгі латын әліпбиінің жазба (бас) әріптері («І» және «О» әріптерінен басқа) пайдаланылады.

6. ҰСН-ның бесінші позициясында орналасқан символ шығарылымның валютасын білдіреді:

1) «К» символы - қазақстандық теңге;

2) U» символы - АҚШ доллары;

3) «Е» символы - еуро.

7. ҰСН-ның алтыншы позициясында орналасқан символ мемлекеттік бағалы қағаздардың айналыс мерзімінің өлшем бірлігін білдіреді:

1) «Y» символы - жылдар;

2) «M» символы - айлар;

3) «W» символы - апталар;

4) «D» символы - күндер.

8. ҰСН-ның жетінші және сегізінші позицияларында орналасқан символдар мемлекеттік бағалы қағаздардың тиісті өлшем бірлігіндегі айналыс мерзімін білдіреді.

Егер айналыс мерзімі оннан төмен тиісті өлшем бірлігін құраса, ҰСН-ның жетінші позициясында «0» (нөл) символы көрсетіледі.

9. ҰСН-ның тоғызыншы, оныншы және он бірінші позицияларында орналасқан символдар мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының олардың эмитенттері пайдаланатын нөмірлеуге сәйкес реттік нөмірін білдіреді.

Егер шығарылымның реттік нөмірі жүзден төмен болып құралса, ҰСН-ның тоғызыншы позициясында «0» (нөл) символы көрсетіледі.

Егер шығарылымның реттік нөмірі оннан төмен болып құралса, оныншы позицияда (ҰСН-нің тоғызыншы позициясындағы «0» символына қосымша) «0» (нөл) символы көрсетіледі.

Егер шығарылымның реттік нөмірі тоғыз жүз тоқсан тоғыздан асып кетсе, оның бірінші саны көрсетілмейді.

10. Бақылау цифры мынадай түрде есептеледі:

1) 1-қадам: осы қосымшаның 2-тармағы 1) тармақшасына және 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарына сәйкес ҰСН-ның бастапқы он бір позициялары толтырылады;

2) 2-қадам: ҰСН-ның позицияларында орналасқан әріптік символдар Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес сандармен ауыстырылады;

3) 3-қадам: құрылған сандық қатардағы (оның оң жақ шетінен бастап) әрбір цифры мына коэффициентке көбейтіледі: «2» - ҰСН-ның тақ позицияларында орналасқан цифрлар үшін немесе «1» - ҰСН-ның жұп позицияларында орналасқан цифрлар үшін;

4) 4-қадам: 3-қадамды орындау нәтижесінде құрылған цифрлар қатары қосылады;

5) 5-қадам: егер 4-қадамды орындау нәтижесінде алынған сома «0-мен» аяқталса, онда бақылау цифры «0» болып табылады. Керісінше жағдайда, 4-қадамды орындау нәтижесінде алынған соманы осы сомадан асатын және он еседен төмен болып табылатын саннан алып тастау нәтижесі бақылау цифры болып табылады.

Мемлекеттік бағалы қағаздарға

ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін

беру қағидаларына

3-қосымша


 

 

Мемлекеттік бағалы қағаздарға

ұлттық сәйкестендіру нөмірін

беру


 

Берілді (мысалдың шарттары):

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі алты ай айналыс мерзімімен мемлекеттік қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелерін (бұдан әрі - МЕККАМ) айналысқа шығарады; шығарылымның реттік нөмірі – 123.

 

1-қадам:

 

ҰСН позициясы нөмірлері

Символдар

Түсініктемелер

1-2

KZ

Эмитент елінің таңбалануы (1-тармақша) Қағидалардың 2-қосымшасының 2-тармағы)

3

К

Мемлекеттік бағалы қағаздар эмитентінің таңбалануы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне мемлекеттік бағалы қағаздар эмитенті ретінде «К» символы сәйкес келеді (Қағидалардың 2-қосымшасының 3-тармағы)

4

1

Мемлекеттік бағалы қағаздар кодының таңбалануы: МЕККАМ–ға «1» символы сәйкес келеді (Қағидалардың 2-қосымшасының және 1-қосымшасының 4-тармағы)

5

К

Шығарылым валютасын таңбалау: МЕККАМ номиналдық құны «К» символы сәйкес келетін қазақстандық теңгеде көрсетіледі (Қағидалардың 2-қосымшасының 6-тармағы)

6

М

Мемлекеттік бағалы қағаздардың айналыс мерзімін өлшеу бірліктерін таңбалау: МЕККАМ айналыс мерзімі «М» символы сәйкес келетін айлармен өлшенеді (Қағидалардың 2-қосымшасының 7-тармағы)

7-8

06

Мемлекеттік бағалы қағаздардың айналыс мерзімі айлармен таңбаланады: осы шығарылымдағы МЕККАМ-ның айналыс мерзімі 10 айдан кемді құрайтындықтан, ҰСН жетінші позициясында «0» (нөл) символы көрсетіледі (Қағидалардың 2-қосымшасының 8-тармағы)

9-11

123

Мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымын реттік нөмірін таңбалау (Қағидалардың 2-қосымшасының 9-тармағы)

 

Нәтижесінде осы эмиссияның МЕККАМ ұлттық сәйкестендіру нөмірі (ҰСН он екінші позициясындағы бақылаусыз цифрлар) былайша көрініс табады:


  K      Z      K      1      K      M      0      6      1      2      3   


2-қадам:

 

Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес әріптік символдарды күндермен ауыстыру:


   1     9     3     3    1    9    1    1    9    2    1    0     6     1     2     3  


3-қадам:

 

Алынған күндік қатар цифрларын (оның оң жағынан бастап) коэффициентке көбейту: «2» - ҰСН реттік емес позициясында тұрған цифрлар үшін, немесе «1» - ҰСН реттік позициясында тұрған цифрлар үшін:

Күндік қатар (3-қадамның орындалу нәтижесі):


   1     9     3     3    1    9    1    1    9    2    1    0     6     1     2     3  


көбейту коэффициенттері:


   1     2     1    2    1    2    1    2     1     2     1     2     1    2    1    2  


көбейту нәтижесі:


   1    1    8    3    6    1    1    8    1    2    9    4    1    0    6    2    2     6  

 

4-қадам:


3-қадамды орындау нәтижесінде алынған қатардың цифрларын қосу:


1 + 1 + 8 + 3 + 6 + 1 + 1 + 8 + 1 + 2 + 9 + 4 + 1 + 0 + 6 + 2 + 2 + 6 = 62


5-қадам:

 

4-қадамды орындау нәтижесінде алынған сома «0»-ге аяқталмайтындықтан, осы сомадан асып отырған және он есенің барынша төменгісі болып табылатын күн анықталады. 62 сомасы үшін осындай күн 70 болып табылады. Тиісінше, бақылау цифры 8-ге тең (70 - 62).

Осы эмиссияның мемлекеттік бағалы қағаздарының толық ұлттық сәйкестендіру нөмірі мынаған тең:


   K     Z     K     1      K      M      0      6      1      2     3     8    

 

Мемлекеттік бағалы қағаздарға

ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін

беру қағидаларына

4-қосымша


 

 

Әріптік символдарды күндерге көшіру кестесі


 

A

10

F

15

L

20

R

25

W

30

B

11

G

16

M

21

S

26

X

31

C

12

H

17

N

22

T

27

Y

32

D

13

J

18

P

23

U

28

Z

33

E

14

K

19

Q

24

V

29

 

 




1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесі.

2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 мамырдағы № 619 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк iшкi займның ұлттық жинақ облигацияларын шығару, айналысқа қосу және өтеу шарттары туралы ережесі.

3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 398 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының айналыс мерзімі үш, алты, тоғыз және он екі ай мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелерін шығарудың, айналысының және өтеудің ережесі.

4 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 597 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының айналыс мерзімі бір жыл және одан артық мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, олардың айналысының, өтеудің және оларға қызмет көрсетудің ережесі.

5 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 желтоқсандағы № 1406 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу ережесi.

6 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 108 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3894 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін


7 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысымен бекітілген «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесі»




Похожие:

«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
«Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Республикасының Заңына сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» Республикалық мемлекеттік мекемесі басқармасының қаулысы
Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі iconКонкурс өткізу туралы хабарландыру «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» рмм батыс Қазақстан филиалы, 090000, Орал қаласы, Ж. Досмухамедов к-сі, 16/1-үй, анықтама...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница