«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі




Скачать 475.01 Kb.
Название«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
страница1/3
Дата конвертации14.02.2016
Размер475.01 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish684528_25393.DOC
  1   2   3


Қ Р Әділет министрлігінде 2013 жылғы 2-ші қыркүйекте № 9711 тіркелген

2014 жылғы 16 шілде № 147




«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ


«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»





БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

Алматы қаласы город Алматы


Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері қағидаларын

бекіту туралы


Нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Ұлттық Банк

Төрағасы Қ. Келімбетов


 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы 16 шілдедегі

№ 147 қаулысына

қосымша


Қазақстан Республикасының күші жойылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі


  1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4070 тіркелген).

  2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 115 қаулысының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4681 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жылғы мамыр-маусымда жарияланған).

  3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы
    № 155 қаулысының 13-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жылғы мамыр-шілдеде жарияланған).

  4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы»
    2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 167 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4847 тіркелген).

  5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы»
    2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
    2008 жылғы 25 қаңтардағы № 9 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5156 тіркелген).

  6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы»
    2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
    2008 жылғы 28 қарашадағы № 192 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5443 тіркелген).

  7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы»
    2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
    2009 жылғы 7 шілдедегі № 137 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5748 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 4 қыркүйекте № 134 (1557)), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2009 жылы № 9 жарияланған).

  8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы»
    2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
    2010 жылғы 1 наурыздағы № 20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6133 тіркелген).

  9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкестендіру нөмiрлерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы
    № 50 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкестендіру нөмiрлерi бойынша енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар тiзбесiнің 10-тармағы
    (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы 26 тамыздағы № 14 және «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған).

  10. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы»
    2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
    » 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 124 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6556 тіркелген).

  11. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы»
    2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
    » 2012 жылғы 26 наурыздағы № 135 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7661 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 16 тамызда № 516-521 (27594) жарияланған).

  12. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы»
    2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
    » 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 379 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8316 тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 18 мамырдағы № 129 (28068) жарияланған).

 


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы 16 шілдедегі

№ 147 қаулысымен

Бекітілген


Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері қағидалары


Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) банк және өзге де операцияларды жүргізуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан (бұдан әрі – лицензия) айыруға байланысты банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (бұдан әрі – ұйым) уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау тәртібі, ұйымның жұмыс тәртібі және ұйымның уақытша әкімшілігінің өкілеттіктері айқындалады.

1. Жалпы ережелер


1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:

1) уақытша әкiмшiлiк (уақытша басқарушы) – уәкiлеттi орган мүліктiң сақталуын қамтамасыз ету және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру үшiн тағайындайтын орган (бұдан әрі – уақытша әкiмшiлiк);

2) уақытша әкiмшiлiктiң басшысы – уәкiлеттi орган Қағидалардың 5-тармағында белгіленген шектеулерді ескере отырып, өз қызметкерлерінің қатарынан не өзінің қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың қатарынан тағайындайтын адам;

3) уақытша әкiмшiлiктiң мүшесi – уәкiлеттi орган өз қызметкерлерінің қатарынан не өзінің қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың қатарынан, уақытша әкiмшiлiктiң жұмысына қатысу үшiн тағайындайтын адам.


2. Уақытша әкімшілікті тағайындау тәртібі және оның құрамы

 

2. Уақытша әкiмшiлiк уәкiлеттi органның шешiмiмен тағайындалады.

Уақытша әкiмшiлiк ұйымның лицензиядан айырылған күнінен бастап және уәкiлеттi орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңге тағайындалады.

3. Уәкілетті органның уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімінде:

1) ұйымның толық әрі қысқартылған атауы;

2) уәкілетті органның ұйымды лицензиясынан айыру туралы шешімінің күні және нөмірі;

3) уақытша әкімшіліктің қызмет ету мерзімі;

4) уақытша әкімшілік басшысының және мүшелерінің, олардың лауазымдарын көрсете отырып, тегі, аты, болса әкесінің аты;

5) уәкілетті органның уақытша әкімшілікке жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау туралы тапсырмалары көрсетіледі.

4. Уақытша әкімшіліктің құрамын ұйымның филиалдары мен өкілдіктерінің болуына, сондай-ақ алдағы жұмыс сипатына және көлеміне қарай уәкілетті орган айқындайды.

Уақытша әкімшілік басшысы және мүшелері уақытша әкімшіліктің құрамына уәкілетті органның қызметкерін тағайындау жағдайын қоспағанда, олардың келісімімен тағайындалады.

Уақытша әкімшіліктің құрамына кіретін, уәкілетті органның, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметкерлері болып табылатын адамдар уақытша әкімшіліктегі қызметінің барлық кезеңіне негізгі жұмыс орны бойынша лауазымдық міндеттерді орындаудан босатылады.

Көрсетілген кезеңде оның жалақысы және негізгі жұмыс орны бойынша белгіленген өзге де төлемдер сақталады.

Уақытша әкімшілік басшысы болып Қағидалардың 5-тармағында белгіленген шектеулерді ескере отырып, жоғарғы экономикалық не заңгерлік білімі және қаржы ұйымдарында жұмыс тәжірибесі бар адам тағайындалады. Уақытша әкімшілік басшысы болып уәкілетті органның, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қызметкері тағайындалған жағдайда қаржы ұйымдарында жұмыс тәжірибесінің болуы талап етілмейді.

Басшының жазбаша тапсырмасы бойынша уақытша әкімшілікке оған жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру, сондай-ақ уақытша әкімшілік қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін көмек көрсету қажеттігі туындаған уәкілетті органның қызметкерлері ұйым иеленген үй-жайларға кіруге және уақытша әкімшіліктің басқаруындағы құжаттарға рұқсат беріледі.

5. Уақытша әкiмшiлiктiң құрамына:

1) ұйымның қызметкерлері, оның iшiнде ұйымның, оның филиалдарының, өкілдіктерінің және еншiлес ұйымының басшылары, басқару органы мен атқару органына кiретiн адамдар, сондай-ақ бас бухгалтер, ревизиялық комиссия басшысы (ревизор) және ұйымның iшкi аудит қызметiнiң басшысы;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйыммен үлестес тұлға;

3) Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген тұлғаларды қоспағанда, ұйымның кредиторы болып табылатын адам;

4) ұйым алдында берешегi бар адам;

5) соңғы жыл iшiнде қаржы саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам;

6) уәкiлеттi орган лицензиядан айыру туралы шешiм қабылдағанға дейiн бiр жылдан артық емес кезең iшiнде қаржы ұйымында жұмыс iстеген адам кірмейді.

6. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банктің уақытша әкімшілігінің құрамына депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өкілдері кіреді. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің құрамына Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының өкілдері кіреді.


  1   2   3

Похожие:

«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
«Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Республикасының Заңына сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» Республикалық мемлекеттік мекемесі басқармасының қаулысы
Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі iconКонкурс өткізу туралы хабарландыру «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» рмм батыс Қазақстан филиалы, 090000, Орал қаласы, Ж. Досмухамедов к-сі, 16/1-үй, анықтама...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница