«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы»




Скачать 408.76 Kb.
Название«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы»
страница1/5
Дата конвертации14.02.2016
Размер408.76 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.fad.kz/sites/fad/files/subsidiyalau_erezheleri.doc
  1   2   3   4   5
Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 ақпандағы № 129 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 16, 275-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1363 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 72, 951-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 31-тармағы.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2014 жылғы 29 сәуірдегі 
№ 420 қаулысымен     
бекітілген       

Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл
шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) субъектілерінің кредит/лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібі мен шарттарын айқындайды.
      2. Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың негізгі мақсаты АӨК субъектілеріне қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.

2. Терминдер мен анықтамалар

      3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
      2) комиссия – әкімшінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардың, қаржы институттары мен мүдделі, салалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысатын әкімші басшысының орынбасары басқаратын консультациялық-кеңесші орган;
      3) кредит – айналым қаражатын толықтыру, негізгі құралдарды сатып алу және құрылыс үшін қаржы институты қарыз алушыға ақылылық, жеделділік, қамтамасыз етушілік және қайтарымдылық шартымен ұсынатын ақша сомасы;
      4) кредиттік шарт – қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалатын шарт, оның шарттарына сәйкес қаржы институты кредит/лизинг ұсынады;
      5) қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар кредиттік ұйымдар, сондай-ақ АӨК саласындағы лизингтік компаниялар мен кредиттік серіктестіктер;
      6) қарыз алушы – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен және/немесе өңдеумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарын қоса алғанда, меншік нысанына қарамастан жеке, заңды тұлға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу бойынша қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
      7) қызмет көрсетуші банк – кредиттік шарттар бойынша субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған қаржы институтының арнайы ағымдағы шотын жүргізу бойынша функцияларды жүзеге асыруға қаржы институты уәкілеттік берген (заңды тұлғалардың банктік шоттарын жүргізуге және ашуға құқығы жоқ лизингтік компаниялар мен ауылдық кредиттік серіктестіктер үшін) екінші деңгейдегі банк;
      8) лизинг – қаржы институтының кәсіпкерлік мақсаттар үшін кейіннен сатып алу құқығымен ауыл шаруашылығы техникасын, технологиялық жабдықты уақытша иеленуге және пайдалануға беруі;
      9) оператор – кредиттік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша оператордың қызметін көрсету жөніндегі шарт негізінде АӨК саласындағы мамандандырылған ұйым ретінде тартылатын «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы;
      10) субсидиялау – кредиттік шарттар бойынша пайыздық сыйақы мөлшерлемесін ішінара арзандату үшін пайдаланылатын қарыз алушыны мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;
      11) субсидиялау шарты – әкімші, қаржы институты және оператор арасында жасалатын, қаражат аударудың тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін, қарыз алушылардың тізбесін көздейтін жазбаша келісім, оған сәйкес әкімші қарыз алушының кредиттік шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялайды;
      12) сыйақы мөлшерлемесі – кредиттік шартта белгіленген сыйақы мөлшері;
      13) технологиялық жабдық – тікелей және қосалқы мақсаттағы жабдықтардан тұратын, олардың қатысуынсыз толық технологиялық цикл қамтамасыз етілмейтін, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу жөніндегі жабдықтарды қамтиды.

3. Кредиттер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялаудың жалпы шарттары

      4. Айналым қаражатын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және салуға, сондай-ақ технологиялық жабдықты, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алуға арналған АӨК саласындағы кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидиялауға жатады.
      Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бұрын жасалған субсидиялау шарттарын ескере отырып, тиісті қаржы жылының 227 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер және лизинг бойынша сыйақы ставкасын өтеу» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады. 
      5. Кредиттік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап не субсидиялау комиссиясының қайта қарауынсыз кредит берген немесе лизинг нысанасын берген сәттен бастап кредиттік шарттардың бүкіл қолдану мерзімінде жүзеге асырылады.
      Бюджеттік бағдарламалар аясында 2013 жылы сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылған кредиттік шарттар бойынша:
      1) 214 «Өсімдік шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының 104 «Ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату» кіші бюджеттік бағдарламасы шеңберінде шарттың қолданылуының қалған мерзіміне 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап басталады;
      2) 213 «Қайта өңдеу өндірісін дамыту» бюджеттік бағдарламасының 100 «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкаларын өтеу» кіші бюджеттік бағдарламасы шеңберінде шарттың қолданылуының қалған мерзіміне 2013 жылдың субсидияларын бөлгеннен кейінгі келесі төлем күнінен басталады.
      Қаржы институты шетелдік валютамен немесе шетелдік валютаға байланыстырылған теңгемен берген кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды әкімші субсидиялар сомасын қаржы институттарына аудару күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен жүзеге асырады. Оң бағамдық айырмашылық пайда болған жағдайда, оны болашақ субсидиялар есебіне есептейді, ал егер кері бағамдық айырмашылық пайда болған жағдайда, оны қарыз алушы төлейді. Бұл ретте сыйақы бойынша индекстеу субсидиялауға жатпайды.

4. Субсидияны ұсынудың шарттары

      6. Кредиттік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес АӨК саласындағы қызметтердің басым түрлері бойынша ұсынылады.
      Бұл ретте, бюджетте көзделген қаражаттың кемінде 50 (елу) %-ы осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын қарыз алушылардың кредиттік шарттарын субсидиялауға бағытталады. Тиісті қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бөлінбеген көрсетілген қаражат болған жағдайда, комиссия оларды осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес АӨК саласындағы қызметтің басқа түрлеріне қайта бөледі.
      Қызметтің басым түрлеріне қосылмаған АӨК саласындағы қызметтің қалған түрлері осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген қызмет түрлері бойынша қажеттіліктер комиссияның бір отырысы шеңберінде толық қанағаттандырылғаннан кейін қаралатын болады.
      7. Субсидиялау кредиттік шарттар бойынша теңгемен жылдық 14 %-дан артық емес және шетелдік валютамен жылдық 10 (он) %-дан артық емес бекітілген номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жүзеге асырылады, оның бір бөлігін мемлекет субсидиялайды, ал қалған бөлігін қарыз алушы төлейді.
      8. Кредиттік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны теңгемен жылдық 7 (жеті) %-ға және шетелдік валютамен жылдық 5 (бес) %-ға төмендету жолымен жүзеге асырылады.
      9. Сыйақы мөлшерлемесін теңгемен жылдық 10 (он) %-ға және шетелдік валютамен жылдық 7 (жеті) %-ға төмендету жолымен оны субсидиялау мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтардың мынадай түрлерін сатып алуға арналған кредиттік шарттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) шөп және жемшөп дақылдарын себетін сепкіштер;
      2) жемшөп жинайтын комбайндар, жемшөп жинайтын машиналар;
      3) тырмалар, аударғыштар, ысырғыштар, десте қалауыштар, десте жасауыштар;
      4) өздігінен жүретін және тіркемелі дестелегіштер;
      5) маялағыштар, жұмыс органдары ауыстырмалы құрама әмбебап аспалар;
      6) жемшөп араластырғыштар, жемшөп үлестіргіштер, ұсатқыштар, араластырғыштар және ұсақтағыштар; 
      7) тиеуіштер және теңдер мен оралған шөптерді тасымалдауға арналған арбалар, оралған шөпті кескіш пен оралған шөпті жіппен орауыш;
      8) сауу қондырғылары;
      9) мал шаруашылығы фермаларына арналған шетен қора жабдығы және көң шығару жүйесі;
      10) автонауалар, жеке науалар мен су тасығыштар;
      11) құрама жем қондырғылары және шағын зауыттар; 
      12) сүт салқындатқыштар және салқындатқыш-танктер;
      13) сүт талдағыштар; 
      14) сүт қабылдауға арналған қондырғылар;
      15) пастеризаторлар;
      16) өзі құйып алатын сепараторлар; 
      17) деаэраторлар;
      18) майлылықты автоматты түрде стандарттау қондырғылары;
      19) мал тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдары;
      20) сүт тасығыштар; 
      21) зооветеринариялық өңдеуге арналған бекіткіш-станоктар;
      22) мехкүректер;
      23) сығымдау-іріктеуіш, іріктеуіштер, шөмелелеуіштер;
      24) шөп себуге арналған аппликаторлары бар тырмалар; 
      25) шалғылар (өздігінен жүретін, аспалы, роторлық, дискілі, тіркемелі, жартылай аспалы, жаныштағыштар, ұсақтағыш-шалғылар);
      26) ауыл шаруашылығы малдарын жаюға және ұстауға арналған жабдықтар, сондай-ақ мал шаруашылығында қолданылатын озық технологиялар (электрлі қоршаулар, электр энергиясының балама көздері, су көтеруге арналған жел сорғылары, радиобайланыс және бейнебақылау жүйелері, GPS навигация жүйелері).
      10. Басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдау жүзеге асырылатын кредиттік шарттар, сондай-ақ республикалық бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражаты есебінен қаржыландырылған кредиттік шарттар субсидиялауға жатпайды.
      Кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру, негізгі құралдарды (оның ішінде биологиялық активтерді) сатып алу кезінде оның құнын арзандатуға субсидиялау, жаңа өндірістік қуаттар құруға не қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектілері тартқан шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларымен біріктіруге жол беріледі.
      Егер қарыз алушының кредиттік шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігіне тең немесе аз болса, онда кредиттік шарттар бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі толық субсидияланады.

5. Кредиттер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялауға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі

      11. Әкімші мен оператор арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеу үшін осы Қағидалар қолданысқа енгізілген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде (одан кейінгі жылдары – тиісті қаржы жылының 15 қаңтарынан кешіктірмей) оператор қызметтеріне төлеу сомаларын көрсете отырып, оператордың қызметтер ұсыну тәртібін, шарттарын, сондай-ақ тараптардың жауапкершіліктерін және өзге де шарттарды көздейтін кредиттер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша оператордың қызметтерін көрсету жөніндегі шарт (бұдан әрі – қызметтер көрсету жөніндегі шарт) жасалады.
      12. Оператордың қызметтерін әкімші тиісті қаржы жылына жасалатын қызметтер көрсету жөніндегі шартқа сәйкес 227 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер және лизинг бойынша сыйақы ставкасын өтеу» республикалық бюджеттік бағдарламасында көзделген қаражат шегінде төлейді.
      13. Қарыз алушылардың кредиттерін/лизингін субсидиялауды жүзеге асыру үшін оператор қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің интернет-сайтында (әкімші өзінің интернет-сайтында тиісті хабарландыру орналастырады) сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін қаржы институттарынан құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру орналастырады.
      14. Қаржы институттары мынадай құжаттарды қалыптастырады және оларды операторға жолдайды:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім. Бұл ретте, өтінімге оның ажырамас бөлігі ретінде мыналар қоса беріледі:
      қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі қоса берілген кредиттік шарттың қаржы институты растаған көшірмесі;
      кредиттің (лизингтің) мақсатты пайдаланылуын растайтын қарыз алушының тиісті құжаттарының (шарттар және/немесе келісімшарттар, және/немесе актілер) қаржы институты растаған көшірмесі;
      кредитті алғаны туралы қарыз алушының несие шотынан үзінді көшірменің қаржы институты растаған көшірмесі (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе кредиттің аударылғанын/лизинг нысанасының берілгенін растайтын құжат;
      егер өтінімге қаржы институтының бірінші басшысы қол қоймаған жағдайда, басқа адамның қол қою құқығына бұйрықтың немесе сенімхаттың көшірмесі;
      2) бар болса, банк операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензияның нотариалды расталған көшірмесі (бірінші өтінімді беру кезінде бір рет ұсынылады).
      Өтінімге қаржы институтының уәкілетті адамы немесе қол қою құқығына сенімхаты бар адам қол қоюы және қаржы институтының мөрімен бекітілуі тиіс. Бұл ретте қаржы институтының филиалдарынан (өкілдіктерінен) жекелеген өтінімдер қабылданбайды. 
      15. Осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік субсидияларды бөлу үшін әкімші құрамында комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, мүшелері және хатшысы бар, әкімші басшысының бұйрығымен бекітілетін комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады. Бұл ретте комиссияның сандық құрамы тақ болуы және жеті адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия хатшысы Комиссияның мүшесі болып табылмайды. 
      16. Егер комиссия отырысына мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, комиссияның отырысы заңды болып есептеледі.
      17. Қаржы институттарынан өтінімдер және осы Қағидалардың 
  1   2   3   4   5

Похожие:

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» iconАгроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы
Жарияланған: Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., n 12, 52-құжат; "Егемен Қазақстан" 2005 жылғы 12 шілде n 155
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» iconБатыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының...
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» iconАқтөбе облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидалары
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1 тармақшасына,Қазақстан...
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» icon2012 жылғы 16 мамырдағы №325 Қаулысы Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы
Азақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi...
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» iconОблыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi...
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» iconҚазақстан Республикасының
Осы Заң Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырудың...
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» iconҚазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» iconҚазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы
...
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» icon«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт...
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» iconАуылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница