Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №88 Қаулысы




Скачать 112.62 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №88 Қаулысы
Дата конвертации14.02.2016
Размер112.62 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish275210_9180.doc
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 20.09.2012 10:41:35


Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 88 Қаулысы

 

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі және жағдайлары туралы, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2003 жылғы 12 қарашадағы № 397 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2603 тіркелген, 2003 жылғы 25 желтоқсанда «Казахстанская правда» газетінде № 366 (24306) жарияланған);

2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының «Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі және жағдайлары туралы, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстанушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстанушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2003 жылғы 12 қарашадағы № 397 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 207 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4891 тіркелген);

3) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 89 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5701) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Г. Марченко

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 ақпандағы

88 қаулысымен бекітілген

 

 

Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрыш тоқтату қағидаларын, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын

талаптары

 

Осы Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және облигациялар ұстаушылар өкілінің (бұдан әрі - өкіл) өз функциялары мен міндеттерін орындау тәртібін, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен жағдайларын, сондай-ақ эмитент пен өкілдің арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.

 

 

1. Өкілдің өз функциялары мен міндеттерін орындау тәртібі

 

1. Өкіл эмитенттің облигациялар ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауын бақылауды эмитент пен өкілдің арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шартта (бұдан әрі - шарт) белгіленген тәртіппен және мерзімдерде эмитенттен кезеңдік есептер алу, сондай-ақ эмитентке тиісті сұрау салулар жіберу және одан эмитенттің облигациялар ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауы туралы мәліметтер алу жолымен жүзеге асырады.

2. Облигациялар ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін бұзуға әкеп соқтыруы мүмкін жағдайлар болған кезде, оның ішінде егер эмитенттің облигациялар ұстаушылар алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің (бұдан әрі - кепіл мүлкі) жағдайы немесе қамтамасыз етілген облигациялар бойынша гаранттың қаржылық жағдайы эмитент міндеттемелерінің толық көлемде орындалуын қамтамасыз етпейтін болса, өкіл бұл жөнінде өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде облигациялар ұстаушыларды бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама жариялау жолымен хабардар етеді.

3. Эмитент сыйақыны және (немесе) облигациялардың номиналды құнын төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, сондай-ақ Заңның 15-бабының 2-тармағында және облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген талаптарды орындамауға байланысты салдарға әкеп соқтыратын жағдайлар басталған жағдайда, өкіл осы мәліметтерді алған күннен бастап бір жұмыс күннен кешіктірмей өкілдің эмитентпен жасалған шарт бойынша өзінің функцияларын жүзеге асыру және өзінің құқықтарын іске асыру шеңберінде қабылдап жатқан шараларын сипаттай отырып, бұл туралы уәкілетті органды, облигация ұстаушыларды және сауда-саттықты ұйымдастырушыларды (егер облигациялар сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген жағдайда) хабардар етеді.

4. Өкіл эмитенттің облигацияларды орналастыру нәтижесінде алған

ақшаны пайдалану тәртібіне және нысаналы пайдалануына бақылау жасау

бойынша шаралар қабылдайды және тоқсан сайынғы негізде бақылау

нәтижесінде алған ақпаратты шартқа сәйкес облигациялар ұстаушыларға

жібереді.

5. Өкіл кепіл мүлкінің жағдайын және гаранттың қаржылық жағдайын:

1) эмитенттің кепіл мүлкіне құқықтарын растайтын құжаттардың түпнұсқаларымен танысу;

2) эмитенттен кепіл мүлкінің жағдайы туралы және гаранттан қамтамасыз етілген облигациялар бойынша оның қаржылық жағдайы туралы өкілдің талабы бойынша кез келген күнге ақпарат алу;

3) эмитенттен, қамтамасыз етілген облигациялар бойынша гаранттан тоқсанның қорытындысы бойынша және өкілдің талабы бойынша кез келген күнге оның қаржылық есептілігінің көшірмесін алу;

4) акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында іс-әрекет жасайтын эмитенттің, қамтамасыз етілген облигациялар бойынша гаранттың қаржылық жағдайына оның аудиттелген қаржылық есептілігі негізінде жыл сайынғы талдау жүргізу;

5) серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында іс-әрекет жасайтын эмитенттің қаржылық жағдайына оның қаржылық есептілігі (аудиттелген қаржылық есептілігі - бар болса) негізінде жыл сайынғы талдау жүргізу;

6) эмитенттің қаржылық жағдайының мониторингін және оның корпоративтік оқиғаларының талдамасын жүзеге асыру арқылы бақылайды.

6. Облигациялар ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау міндеттерін орындау мақсатында өкіл:

1) облигациялар ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін бұзуға әкеп соқтыруы мүмкін жағдайларды анықтайды және оларға күнтізбелік үш күн ішінде көрсетілген жағдайлар туралы хабарлайды;

2) эмитенттің облигациялар ұстаушылар алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке кепіл құқығын ресімдеуге және тіркеуге байланысты құқықтық қатынастарда облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіреді;

3) эмитенттің облигациялар ұстаушылар алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің жағдайына бақылау жасайды;

4) облигациялар бойынша сыйақының уақтылы төленуіне бақылау жасайды;

5) уәкілетті органға және облигациялар ұстаушыларға эмитенттің облигациялар ұстаушылар алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің жағдайы туралы хабарлайды;

6) эмитентпен жасалған шартты бұзу күнінен бастап үш күн ішінде уәкілетті органға және облигациялар ұстаушыларға өзінің өкіл ретіндегі өкілеттіктерінің тоқтатылғаны туралы хабарлайды;

7) уәкілетті органға және облигациялар ұстаушыларға өздерінің сұрау салулары бойынша өкіл ретінде өзінің қызметіне қатысты ақпарат пен құжаттарды береді;

8) коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпейді;

9) эмитент өзінің облигациялар ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындамаған жағдайда кепілге салынған мүлікті сатады.

 

 

2. Өкілдің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі

 

7. Облигациялар ұстаушылар өкілінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мынадай жағдайлардың бірінде:

1) бағалы қағаздар нарығында кастодиандық, брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензияларының қолданылуы тоқтатылғанда;

2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қайта ұйымдастыруға, таратуға байланысты өкілдің қызметі тоқтатылғанда;

3) тараптардың келісімі бойынша;

4) егер облигациялар ұстаушылардың он және одан көп пайызы эмитенттің атына өкілді ауыстыру туралы талаппен өтініш жасаған жағдайда эмитенттің бастамасы бойынша;

5) шартты бұзу туралы сот шешімі негізінде басталады.

8. Осы Қағидалардың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар басталған кезде өкіл күнтізбелік үш күн ішінде эмитентке тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы оған бұл туралы хабарлайды.

Осы Қағидалардың 7-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жағдай басталған кезде эмитент жеті жұмыс күн ішінде өкілмен жасалған шартты бұзу шараларын қабылдайды.

 

 

3. Эмитент пен өкілдің арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар

 

9. Шартта Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген талаптардан басқа мынадай:

1) эмитенттің өкілге:

алдағы уақытта болатын акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысы туралы - егер осы жиналыстың күн тәртібінде облигациялар ұстаушылардың құқықтары мен мүдделері қозғалатын мәселелер қамтылатын болса;

алдағы уақытта болатын облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысы туралы;

эмитент қабылдаған облигациялар ұстаушылардың құқықтары мен мүдделері қозғалатын шешімдер туралы;

облигациялар бойынша сыйақыларды және олар бойынша негізгі борышты төлеу туралы;

Заңның 15-бабының 2-тармағында және облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген талаптарды орындамауға байланысты салдарға әкеп соқтыратын жағдайлардың басталғаны туралы;

облигациялар ұстаушылар тізімі туралы;

акционерлік қоғам болып табылатын эмитенттің ірі мәміле жасағаны туралы;

эмитенттің облигациялар шығарылымының проспектісінде белгіленген облигациялар ұстаушылар алдындағы өзге міндеттемелерін орындауы туралы ақпарат ұсыну;

2) эмитенттің өкілге облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны нысаналы пайдалануға, қамтамасыз етудің болуына, эмитенттің эмитент активтері құнының бес пайызынан асатын сомаға қарыз алуына байланысты кез келген құжаттарды ұсыну;

3) эмитенттің өкілге акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысының, облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар ұсыну;

4) өкілдің функциялары мен міндеттерін орындау;

5) өкілдің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;

6) эмитенттің кепілге салынған мүлік толығымен немесе ішінара жоғалған немесе бүлінген, оның бағалау құны төмендеген жағдайда оны ауыстыруы және (немесе) қалпына келтіруі;

7) эмитенттің өкілге өзінің қаржылық есептілігін және аудиторлық есепті (бар болса) ұсыну тәртібі мен мерзімдері туралы мәліметтер қамтылады.

10. Сонымен қатар шартта эмитенттің өкілге ақпарат ұсынуының мынадай мерзімдері қамтылады:

1) қаржылық есептілікті (тоқсан сайынғы) - тоқсан аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;

2) жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті (бар болса) - олардың акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналысында бекітілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;

3) сыйақы төлеу туралы - төлеу аяқталған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде;

4) Заңның 15-бабының 2-тармағында, облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген талаптарды сақтау туралы - ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей, айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша;

5) эмитент өкілдің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап күнтізбелік он күннен кеш емес мерзімде жіберетін, өкіл қосымша сұрау салатын өзге де ақпарат. Ақпарат электронды түрде және эмитенттің бірінші басшысының қол қоюымен қағаз тасымалдағышта қайталап жіберілуі мүмкін.

 

 

 

 

 

Похожие:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №88 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №32 Қаулысы
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №88 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №98 Қаулысы
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №88 Қаулысы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №90 Қаулысы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №88 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №87 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №88 Қаулысы iconСақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №99 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №88 Қаулысы iconБас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымның қызметі қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №86 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №88 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі №176 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №88 Қаулысы iconАкционерлік қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын іске асыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №31 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №88 Қаулысы iconЖинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №76 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №88 Қаулысы iconЖинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін беру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №56 Қаулысы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница