Национальный Банк Республики Казахстан




Скачать 91.41 Kb.
НазваниеНациональный Банк Республики Казахстан
Дата конвертации14.02.2016
Размер91.41 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish408428_28718.doc



Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі



Национальный Банк

Республики Казахстан

__________________________________________________________________


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ


2015 жылғы 30 сәуір № 71





Алматы қаласы


город Алматы




Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы



«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарламаны растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес «Тіркеушінің қағидалар жиынтығын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес «Қаржылық құралдармен мәміле бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес «Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес «Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

9) осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес «Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

10) осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

11) осы қаулының 11-қосымшасына сәйкес «Инвестициялық портфельді басқарушының iрi қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

12) осы қаулының 12-қосымшасына сәйкес «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

13) осы қаулының 13-қосымшасына сәйкес «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

14) осы қаулының 14-қосымшасына сәйкес «Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

15) осы қаулының 15-қосымшасына сәйкес «Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

16) осы қаулының 16-қосымшасына сәйкес «Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

17) осы қаулының 17-қосымшасына сәйкес «Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

18) осы қаулының 18-қосымшасына сәйкес «Кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін енгізу актісін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

19) осы қаулының 19-қосымшасына сәйкес «Инвестициялық пай қорларының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

20) осы қаулының 20-қосымшасына сәйкес «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына рұқсат алған бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілігінің аудитіне шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

21) осы қаулының 21-қосымшасына сәйкес «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушы заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

22) осы қаулының 22-қосымшасына сәйкес «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға виза беру туралы қолдаухат» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

23) осы қаулының 23-қосымшасына сәйкес «Мемлекеттік органдарға беру үшін Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын ағылшын тілінен қазақ және орыс тілдеріне аудару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

24) осы қаулының 24-қосымшасына сәйкес «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

25) осы қаулының 25-қосымшасына сәйкес «Банк ашуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

26) осы қаулының 26-қосымшасына сәйкес «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

27) осы қаулының 27-қосымшасына сәйкес «Ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

28) осы қаулының 28-қосымшасына сәйкес «Банктерге банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

29) осы қаулының 29-қосымшасына сәйкес «Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

30) осы қаулының 30-қосымшасына сәйкес «Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

31) осы қаулының 31-қосымшасына сәйкес «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

32) осы қаулының 32-қосымшасына сәйкес «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

33) осы қаулының 33-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандырудың түрлеріне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

34) осы қаулының 34-қосымшасына сәйкес «Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

35) осы қаулының 35-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

36) осы қаулының 36-қосымшасына сәйкес «Бағалы қағаздар нарығында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

37) осы қаулының 37-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

38) осы қаулының 38-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

39) осы қаулының 39-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

40) осы қаулының 40-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына елеулі қатысуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

41) осы қаулының 41-қосымшасына сәйкес «Қоғамды жария компания деп тану немесе қоғамның мәлімдемесі негізінде ол белгілеген тәртіппен оның жария компания мәртебесін кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

42) осы қаулының 42-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

43) осы қаулының 43-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

44) осы қаулының 44-қосымшасына сәйкес «Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

45) осы қаулының 45-қосымшасына сәйкес «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйым құруына немесе иеленуіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

46) осы қаулының 46-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

47) осы қаулының 47-қосымшасына сәйкес «Шет мемлекеттің аумағындағы Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

48) осы қаулының 48-қосымшасына сәйкес «Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

49) осы қаулының 49-қосымшасына сәйкес «Банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына елеулі қатысуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

50) осы қаулының 50-қосымшасына сәйкес «Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

51) осы қаулының 51-қосымшасына сәйкес «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

52) осы қаулының 52-қосымшасына сәйкес «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

53) осы қаулының 53-қосымшасына сәйкес «Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

54) осы қаулының 54-қосымшасына сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

55) осы қаулының 55-қосымшасына сәйкес «Қаржы ұйымының қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсынуы үшін келісім беру, сондай-ақ микроқаржы ұйымының микрокредиттер ұсынуы үшін келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2. Мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау басқармасы
(Бәдірленова Ж.Р.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

5. Осы қаулы, осы қаулының 1-тармағының алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 3), 4), 5), 8), 9), 10), 11), 17), 18), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 42), 43), 44), 45), 48), 49), 50), 51), 52), 53) және 55) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Ұлттық Банк

Төрағасы Қ. Келімбетов


«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрлігі


2015 жылғы «___» ___________


«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі


2015 жылғы «___» ___________


Похожие:

Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный банк республики казахстан протокол вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе по государственным закупкам компьютерного оборудования
Председатель комиссии – Галиева Д. Т., Заместитель Председателя Национального Банка Республики Казахстан
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Национальный Банк Республики Казахстан iconДенежно-кредитная политика Национального Банка рк
Казахской сср, а 13 апреля 1993 года принят закон, по которому Казахский Республиканский банк Госбанка СССР был преобразован в Национальный...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
...
Национальный Банк Республики Казахстан iconНациональный Банк Республики Казахстан
Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы
Национальный Банк Республики Казахстан iconРеспубликанское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан» басқармасының Қаулысы постановление
Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница