Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру




Скачать 206.11 Kb.
НазваниеИнвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру
Дата конвертации14.02.2016
Размер206.11 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.afn.kz/attachments/cont/publish729141_9429.doc
Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру

ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 137 қаулысы

 

Бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында, сондай-ақ "Бағалы қағаздар рыногы туралы", «Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы», "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.

2. Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесi күшiне енген күннен бастап үш ай iшiнде өз қызметтерiн оның талаптарына сәйкес келтiрсiн.

3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.

5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко




Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкi Басқармасының

"Инвестициялық портфельді басқару

жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру

ережесiн бекіту туралы"

2003 жылғы 21 сәуiрдегi

137 қаулысымен

бекiтiлген

 

Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi

қызметтi жүзеге асыру

ЕРЕЖЕСI

 

Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына,

 "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, «Секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасында инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру шарттарын және тәртiбiн белгiлейдi.



1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) клиенттiң активтерi - инвестициялық портфельді басқарушының басқаруындағы қаржы рыногы активтерінің және өзге де мүліктің жиынтығы;

2) инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шарт - инвестициялық портфельді басқарушы мен оның клиентi арасындағы қатынастарды белгiлейтiн және клиенттің активтерiн басқару шарттары мен тәртiбiн айқындайтын шарт;

3) инвестициялық декларация - клиенттiң активтерiн инвестициялау мақсатын, стратегиясын және шарттарын айқындайтын құжат;

4) инвестициялық шешiм - инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық портфельді қалыптастыру (өзгерту) мақсатында осы клиенттің активтерiмен немесе инвестициялық портфельді басқарушының меншікті активтерімен мәмілелер жасау туралы шешiмi;

5) клиент - басқарушы компанияның қызметін пайдаланатын немесе пайдалануға ниет білдірген тұлға;

6) инвестициялық портфельді басқарушының есепке алу жүйесi инвестициялық портфельді басқарушының клиенттердiң инвестициялық шотындағы клиентті және оның активтерiн, инвестициялық портфельдің құрылымын және белгiлi бiр уақытқа клиенттiң активтерiмен жасалған мәмiлелердi бiрегейлендiрудi қамтамасыз ететiн мәлiметтердiң жиынтығы;

7) инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектісінің меншігіндегі немесе басқаруындағы әр түрлі қаржы құралдары түрлерінің не Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес мүліктің жиынтығы;

8) ішкі құжаттар - инвестициялық портфельдi басқарушының оның органдарының, құрылымдық бөлiмшелерiнiң, қызметкерлерiнiң қызмет ету шарттары мен тәртiбiн, қызмет көрсетуді және оларға ақы төлеу тәртібін реттейтін құжаттар;

9) уәкілетті орган - қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган;

10) басқарушы агент - инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негізінде, бөлінген активтер бойынша арнайы қаржы компаниясының уақытша бос түсімдерді инвестициялау жөніндегі қызметін көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;

11) арнайы қаржы компаниясы - секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау үшін «Секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын заңды тұлға.

 

2. Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызмет (бұдан әрi портфельдi) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен лицензияланады.

3. Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi бағалы қағаздар рыногындағы басқа қызмет түрлерiмен қоса атқару мүмкiндiгi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

4. Портфельдi басқару жөнiндегi қызмет Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына, осы Ережеге және инвестициялық портфельді басқарушының (бұдан әрі – басқарушы) клиентпен жасаған инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

5. Клиенттің бағалы қағаздарын есепке алуды бағалы қағаздарды номиналды ұстау жөніндегі қызметті көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы (бұдан әрі - номиналды ұстаушы) жүзеге асырады, клиентінің шотында.

Клиенттің бағалы қағаздарынан басқа активтерді есепке алуды және сақтауды кастодиан жүзеге асырады клиентінің шотында.

5-1. Басқарушы өз клиенттеріне тиесілі ақшаны есепке алу және сақтау үшін бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және келесі талаптардың біріне сәйкес келетін онымен аффилирленбеген банктерде банк шоттарын ашады:

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе «Moody's Investors Service», «Fitch» агенттіктерінің немесе олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар;

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген эмитент банктер болып табылады.

5-2. Қазақстан Республикасының резиденті емес клиенттерінің шетелдік қаржы құралдарының және ақшасының есепке алуы мен сақталуы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабы 1-тармағымен анықталған функцияларды жүзеге асыратын, Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-» санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді жеке рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетелдік есепке алу ұйымдарымен жүзеге асырылуы мүмкін.

6. Егер шартта өзгеше көзделмесе, басқарушы портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi басқа басқарушыға қайта сенiм бiлдiруге құқылы емес.

2-тарау. Инвестициялық портфельді басқару

жөнiндегi шарт

7. Инвестициялық портфельді басқару шарты (бұдан әрi - шарт) жазбаша нысанда жасалады.

Шартқа тиiсiнше Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген мүлiктi сенiмдi басқару туралы нормалар қолданылады.

7-1. Басқарушы акционерлік инвестициялық қормен немесе инвестициялық пай қорының инвесторымен жасалатын инвестициялық қордың активтерін сенімгерлік басқару шартын жасау тәртібі, оның нысаны мен мазмұны Азаматтық кодекспен және "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді.

8. Шартта:

1) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;

2) шарттың қолданылу мерзiмi;

3) пайда алушы немесе шарт бұзылған жағдайда клиенттiң активтерiн алатын тұлға туралы нұсқау;

4) клиент активтерiнiң ағымдағы құнын және инвестициялық портфельдің құрылымын айқындау тәртiбi және кезеңдiлiгi;

5) клиенттiң активтерiн енгiзу, толықтыру және алу тәртiбi;

6) басқарушының сыйақы алу мөлшерi және тәртiбi;

7) клиенттiң активтерi есебiнен басқарушы жүзеге асыруы мүмкiн операциялардың түрi;

8) клиенттiң активтерi инвестицияланатын бағалы қағаздардың түрлерi, тiзбесi және лимиттерi;

9) басқарушының клиентке есептер және осындай есептердiң нысандарын беру тәртiбi мен мерзiмдерi;

10) инвестициялық декларация (ол бар болса);

11) клиенттiң активтерiн есепке алу және сақтауды жүзеге асыратын кастодиан туралы мәлiметтер немесе бағалы қағаздарды немесе өзге активтерді есепке алуды жүзеге асыратын номиналды ұстаушы туралы мәліметтер;

12) шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, шартты бұзу, оның iшiнде инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензия тоқтатыла тұрған немесе қайтарылып алынған жағдайда және осы рәсiмдерге байланысты, тәртiбi мен талаптары;

13) тараптардың жауапкершiлiктерi болуы тиiс.

9. Қазақстан Республикасының резиденті емес клиенттің қаржы құралдарының және ақшасының есепке алуы және сақталуы шетелдік есепке алу ұйымымен жүзеге асырылған жағдайда басқарушы ол туралы уәкілетті органға хабарлайды.

Қаржы құралдарын және ақшаны есепке алу және сақтау шартында мыналар белгіленеді:

1) басқарушының айына бір реттен кем емес өзінің есепке алу жүйесі деректерінің шетелдік есепке алу ұйымының деректеріне сәйкестігін салыстырып тексеру, шетелдік есепке алу ұйымының резидент емес клиенттердің жеке шоттарынан үзінді көшірмелерін және оның шоты бойынша қаржы құралдарының қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімі;

2) басқарушының, уәкілетті органның сұратуы бойынша кез келген уақытта резидент емес клиенті жөнінде, қаржы құралдары және оның шотындағы ақша туралы, сондай-ақ олардың қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну шетелдік есепке алуы ұйымының міндеті.

10. Инвестициялық декларация (бap болған кезде) шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.

11. Инвестициялық декларацияда:

1) клиенттің инвестициялық портфельді және осы портфельдiң құрылымын қалыптастыру мақсаты және стратегиясы туралы ақпарат;

2) клиенттің активтерi инвестицияланатын бағалы қағаздардың тiзбесi;

3) клиенттің бағалы қағаздарын түрлендiру нормалары болуы тиіс.

12. Шарттың қолданылу барысында басқарушы клиентке ақпараттық, талдау және кеңес беру қызметiн көрсетуге құқылы. Басқарушы осы қызметтердi көрсету кезiнде клиентке бағалы қағаздармен шартқа сәйкес жасалатын мәмiлелер бойынша кiрiс алуға немесе зиянның жоқ болуына кепiлдiк беруге құқылы емес.

3-тарау. Портфельдi басқару жөнiндегi қызметке

қойылатын талаптар

13. Басқарушы клиенттің бiрiншi талап етуi бойынша оған танысу үшiн:

1) инвестициялық портфельді басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясының нотариат куәландырған көшiрмесiн;

2) осы Ереженiң және уәкiлеттi органның портфельдi басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыру шарттары мен тәртiбiн белгiлейтiн өзге нормативтiк құқықтық актiлерiнiң көшiрмелерiн;

3) басқарушы мүшесi болып табылатын өзiн-өзi реттейтiн ұйым ережесiнiң көшiрмесiн;

4) оның уәкiлеттi органымен келiсiлгенi туралы белгi қойылған (келiсу күнi және басқарушы ішкі құжаттардың келісілуін растайтын құжаттың нөмiрiн көрсете отырып) басқарушының бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қойған және мөрiнiң таңбасымен расталған ішкі құжаттардың көшiрмесiн;

5) соңғы есепті кезең үшiн қаржылық есептi;

6) басқарушының пруденциалдық нормативтердi сақтауы туралы мәлiметтер;

7) соңғы он екi күн ішінде уәкiлеттi орган жүргізген басқарушы қызметiн тексеру актiлерiнiң көшiрмелерiн;

8) шарт жасау немесе оның қолданылу барысында клиент үшін мәнi бар өзге де құжаттарды (бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiк немесе коммерциялық құпия бар құжаттарды қоспағанда) ұсынады.

14. Осы Ереженiң 13-тармағында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн клиентке бергенi үшiн басқарушы оларды дайындауға кеткен шығыстардың өлшемiнен аспайтын мөлшерде ақы алады.

15. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, басқарушы шартты жасау және қолданылу барысында өзiнiң клиентi туралы мәлiметтердiң құпиялылығын, сондай-ақ клиенттен алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

16. Шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде басқарушы клиентке:

1) өзiнiң қаржылық жағдайының нашарлау және пруденциалдық нормативтердiң бұзылу фактілерi және себептерi туралы;

2) басқарушыға және оның қызметкерлерiне уәкiлеттi орган және өзге де мемлекеттiк органдар қолданған санкциялар туралы;

3) клиенттiң активтерi туралы басқарушының есеп жүйесiндегі мәлiметтердiң не бағалы қағаздар туралы мәліметтердің номиналды ұстаушы ұсынған мәліметтерге не басқарушы мен кастодиан арасында салыстырып тексеру барысында кастодиан берген мәлiметтерге сәйкес келмеуi және осы сәйкессiздiктiң пайда болу себептерi туралы хабарлайды.

17. Осы Ереженiң 16-тармағында көзделген хабарламалар жазбаша түрде ресiмделедi және көрсетiлген жағдайлардың бірі пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде почта байланысымен, электрондық почтамен немесе шартта не инвестициялық пай қорының ережесінде айқындалған байланыстың өзге де ықтимал түрлерiмен клиентке жiберiледi.

18. Портфелдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру барысында клиенттiң активтерiне және басқарушының меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешiмдердi басқарушының ішкі құжаттарына сәйкес осындай шешімдерді қабылдауға уәкілетті басқарушының қызметкерлері қабылдауға құқылы.

19. Инвестициялық шешiмдi қабылдау басқарушының функциясына мынадай шарттарды ескере отырып инвестициялық шешiм қабылдау үшiн қажеттi ақпаратты жинау, өңдеу және талдау кiретiн құрылымдық бөлiмшесi берген ұсыныс негiзiнде жүзеге асырылады:

1) инвестициялық портфельдің жай-күйi;

2) инвестициялау жобаланып отырған бағалы қағаздардың және өзге де активтердің кiрiстiлiгі;

3) инвестициялау жобаланып отырған бағалы қағаздарға және өзге де активтерге байланысты тәуекелдер;

4) шартта және инвестициялық декларацияда белгiленген түрлендiру нормаларын сақтау;

5) инвестициялық шешiм қабылдауға әсер ететiн өзге де факторлар.

20. Ұсыныста:

1) берiлген күнi және оның нөмiрi;

2) ұсыныс беру үшiн пайдаланылған ақпаратқа талдау;

3) атқаратын лауазымдарын көрсете отырып, ұсынысты жасаған тұлғалардың қойған қолы;

4) ұсынысты беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижелері;

5) инвестициялық шешімнің ұсынылған нұсқалары;

6) қаржылық құралдың түрін, көлемін, бағаларының ауқымын, кірістілік деңгейін және басқа сипаттамаларын (шарттарын) көрсете отырып осы құралды сипаттау;

7) басқарушымен әзірленген инвестициялық декларацияға сәйкес жасауға ұсынылған мәмілені жасау мақсаты болуы тиіс.

21. Инвестициялық шешiмде:

1) қабылданған күн және оның нөмiрi;

2) негiзiнде инвестициялық шешiм қабылданған ұсыныстың берiлген күнi және нөмiрi;

3) бағалы қағаздардың және өзге де активтердің көлемi және сатып алу (сату) бағаларын көрсете отырып инвестициялық шешiмнiң негiзiнде жасалатын мәмiленiң түрi және шарттары;

4) оған (оларға) қатысты мәмiле жасалатын бағалы қағаз (бағалы қағаздар) және өзге де активтер туралы мәлiметтер;

5) мәмiленi жасау мерзiмi;

6) мәміле жасау жобаланып отырған рыноктың түрi (бастапқы немесе қайталама, ұйымдасқан немесе ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы);

7) брокерлiк-дилерлiк ұйымның, көмегі арқылы мәміле жасау жобаланып отырған өзге де ықтимал делдалдың атауы;

8) активтерiнiң есебiнен мәмiле жасау жобаланып отырған клиенттiң деректемелерi;

9) атқаратын лауазымдарын көрсете отырып, инвестициялық шешімді қабылдаған тұлғалардың қойған қолы;

10) инвестициялық шешiмнiң орындалуы туралы белгi болуы тиiс.

22. Басқарушы клиенттің инвестициялық портфельдің инвестициялық сапасының тұрақты мониторингiн жүзеге асырады және оны басқару стратегиясын, рұқсат етiлген тәуекелдiң деңгейiн, осы инвестициялық портфельдің кiрiспе нормасын және түрлендiрудi айқындайды.

23. Егер қандай да болмасын жағдайлардың нәтижесiнде клиенттің инвестициялық портфельі шартта және (немесе) инвестициялық декларацияда белгiленген талаптарға сәйкес келуiн тоқтатқан жағдайда, басқарушы осындай сәйкес келмеудi ушықтыратын қызметтi шұғыл тоқтатады және бiр күн iшiнде осы сәйкес келмеудi жою жөнiндегi iс-шаралар жоспарын қоса бере отырып оның фактiсi және себептерi туралы уәкiлеттi органға және клиентке хабарлайды.

Басқарушы клиенттің инвестициялық портфельді сәйкес келмеу басталған күннен бастап он төрт күн iшiнде көрсетiлген құжаттардың талаптарына сәйкес келтiредi.

24. Басқарушы инвестициялық шешiмдi бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға қолданылып жүрген лицензиясы болған кезде дербес орындайды.

25. Басқарушы мынадай:

1) клиенттiң активтерi есебiнен оның меншігіндегi бағалы қағаздарды және өзге де активтерді сатып aлу;

2) өзiнiң меншiгіне клиенттiң активтерiн иелiгiнен алу;

3) оның клиентi болып табылатын тұлғаның мүддесiн көрсету жағдайларын қоспағанда, клиенттің активтерi есебiнен мәміле жасау кезiнде оның (олардың) тарабы болып табылатын тұлғаның (тұлғалардың) мүдделерiнiң өкiлi ретiнде;

4) клиенттің активтерi есебiнен басқарушы шығарған бағалы қағаздарды сатып алу;

5) клиенттің активтерi есебiнен қайта ұйымдастыру немесе тарату барысында тұрған эмитенттердiң бағалы қағаздарды сатып алуы;

6) клиенттің активтерiне қатысты мәмілелер жасау кезiнде төлемдi отыз күнтізбелiк күннен асатын мерзiмге кейiнге қалдыру немесе бөлiп жасау көзделетiн;

7) клиенттiң активтерiн өзiнiң мiндеттемелерiн немесе өзге тұлғалардың мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз етуге салу;

8) клиенттiң активтерiн үшiншi тұлғаны пайда алушы ретiнде айқындай отырып сақтауға беру жөнiндегі;

9) клиенттiң активтерiн үшiншi тұлғаның пайдасына салымға беру жөнiндегi мәмiлелердi жүзеге асыруы тиiс емес.

25-1. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сату жөніндегі бұйрықтарға инвестициялық қордың активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы қол қояды.

Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сату барысында, егер бұл инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімінде мәмілелерді тіркеген кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз тасымалдауышысында пайларды есептен шығару (есепке алу) бойынша мәмілелер жасауға кастодиан келісімін растайтын құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде бере отырып, кастодиандық қызмет көрсету және бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілім жүйесін енгізу жөніндегі шарт талаптарында көзделген жағдайда, факсимильді байланыс құралдарын пайдалануға жол беріледі.

25-2. Инвестициялық қордың активтерін хеджерлеу мақсатында туынды бағалы қағаздармен мәмілелер Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің ұйымдасқан бағалы қағаздар рыноктарында жасалады.

25-3. Басқарушы есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күннен кешіктірмей тоқсан сайын кірістер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансын және есебін мемлекеттік және орыс тілінде мерзімді баспасөз басылымдарында және (немесе) Интернет желісіндегі меншікті веб-сайтында жариялайды.

Басқарушының кірістер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансын және есебін жариялау үшін он бес мың данадан кем емес тиражбен шығарылатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдары пайдаланады.

Интернет желісіндегі басқарушының веб-сайтында кірістер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансын және есебін жариялау үшін осы ақпаратты орналастыру күні және уақыты көрсетіледі. Басқарушының кірістер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансы және есебі басқарушының веб-сайтындағы мұрағатта сақталады.

 

 

4-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру

26. Клиенттің активтерi басқарушының баланстан тыс шоттарына есепке алу арқылы басқарушының меншiктi активтерiнен оқшауланады және оларға басқарушының мiндеттемелерi бойынша өндiрiп алу болмауы тиiс.

27. Клиенттің активтерін есепке алу клиентке ашылған шотта басқарушының есепке алу жүйесінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңдарына, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне және бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

28. ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. № 298 қаулысымен алынып тасталды

29. Есепке алу жүйесiн жүргiзу, клиентке шот ашу және есепке алу жүйесiн көкейкестi жағдайда ұстап тұру талаптары мен тәртiбi басқарушының ішкі құжаттарында белгiленедi.

30. Басқарушы айына кемiнде бiр рет өзiнiң есепке алу жүйесiнiң деректерiн олардың клиенттердiң активтерiн есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын осы кастодиандағы деректерге және/немесе клиенттің бағалы қағаздарын есепке алуды жүзеге асыратын номиналды ұстаушының деректеріне сәйкес келуiн салыстырып тексередi.

31. Басқарушы қызметiне қатысты барлық құжаттарды шынайы және көкейкестi есепке алуды:

1) инвестициялық шешiмдер қабылдау жөнiндегі ұсыныстар;

2) инвестициялық шешiмдер, олардың орындалуы (орындалмауы);

3) клиенттердiң активтерiмен жасалған мәмiлелер, олардың орындалуы (орындалмауы);

4) инвестициялық шешiмдердi орындау мақсатында брокерге берiлген құжаттар;

5) бағалы қағаздар бойынша кiрiстердiң түсуi және бөлiнуi;

6) клиенттерге берiлген есептер;

7) есепке алу жүйелерiн олардың кастодиандардың және/немесе номиналды ұстаушылардың деректерiне сәйкес келуiн салыстырып тексеру;

8) клиенттердiң басқарушыға талап қою және оларды жою жөнiндегi iс-шаралар бар өтiнiштерi туралы (жөнiндегi) мәлiметтер бар журналдарды жүргiзу арқылы жүргiзедi.

32. Ұсыныстар негiзiнде олар берiлген құжаттармен (материалдармен), инвестициялық шешiмдермен және портфельдi басқару жөнiндегi қызметке қатысты өзге де құжаттармен бiрге хронологиялық тәртiппен жеке тiркегiш файлда сақталады.

 

4-1-тарау. Арнайы қаржы компаниясының жаңа басқарушы агентке

берілетін активтерін салыстырып тексеру рәсімін жүргізу тәртібі

 

32-1. Арнайы қаржы компаниясының жаңа басқарушы агентке берілетін активтерін салыстырып тексеруді кастодиан-банктің, басқарушы агенттің және арнайы қаржы компаниясының уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.

32-2. Жаңа басқарушы агентке берілетін активтерді салыстырып тексеру үшін:

1) берілетін активтердің тізбесі;

2) салыстырып тексеру актісі;

3) берілетін құжаттардың тізбесі жасалады.

Берілетін активтерге салыстырып тексеру сәтіне басқарудағы активтер кіреді.

32-3. Инвестициялық басқарудың барлық кезеңінде жаңа басқарушы агентке берілетін активтерді салыстырып тексеру кезінде:

1) басқарушы агенттің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) ұйымдарға арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасасуға берген тапсырмаларының көшірмелері;

2) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) ұйымдардың басқарушы агенттің арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасасуға тапсырмаларын орындауы туралы есептерінің  көшірмелері;

3) басқарушы агент арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен бағалы қағаздармен өз бетімен мәмілелер жасасқан кезде - мұндай мәмілелердің жасалуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

4) инвестициялық шоттан кастодиан-банк берген үзінді жазбалардың көшірмелері;

5) арнайы қаржы компаниясының «депо» қосалқы шотынан «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ берген үзінді жазбалардың көшірмелері;

6) арнайы қаржы компаниясының берілетін активтерін салыстырып тексеру күніне арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен екінші деңгейдегі банктермен жасалған қолданыстағы банктік салым шарттарының түпнұсқалары;

7) мерзімі арнайы қаржы компаниясының берілетін активтерін салыстырып тексеру күніне өтіп кеткен арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен екінші деңгейдегі банктермен жасалған банктік

салым шарттарының көшірмелері;

8) басқарушы агенттің арнайы қаржы компаниясының активтерін инвестициялық басқаруға қатысты өзге құжаттар беріледі.

32-4. Салыстырып тексеру қорытындылары бойынша салыстырып тексеру актісі жасалады әрі онда:

1) бағалы қағаздардың ұлттық бірегейлендіру нөмірлерін көрсете отырып олардың саны (данамен) туралы;

2) депонент-банктердің атауын, салым сомаларын, банктік салым шартының жасалу күні мен оның нөмірін, салым мерзімін, сыйақы ставкаларын көрсете отырып екінші деңгейдегі банктердегі салымдар туралы;

3) инвестициялық шоттардағы теңгемен және шетел валютасында ақша қозғалысы туралы;

4) қаржы құралдарының сатып алу құны туралы;

5) инвестициялардың ағымдағы құны туралы;

6) әрбір қаржы құралы бойынша есептелген және алынған инвестициялық кірістің сомасы туралы;

7) комиссиялық сыйақы сомасы туралы;

8) инвестициялық шоттардағы ақша қалдығы туралы;

9) инвестициялық қызметке қатысты берілетін құжаттардың түпнұсқалары туралы ақпарат;

10) инвестициялық қызметке қатысты өзге де мәліметтер болады.

32-5. Салыстырып тексеру актісі:

1) бір данадан арнайы қаржы компаниясы, жаңа басқарушы агент, басқарушы агент, кастодиан-банк, уәкілетті орган үшін бес дана етіп

инвестициялық портфельді басқару шартын бұзу күніне жасалады;

2) арнайы қаржы компаниясының, басқарушы агенттің және жаңа басқарушы агенттің бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қол қояды;

3) арнайы қаржы компаниясының, басқарушы агенттің және жаңа басқарушы агенттің мөрімен бекітіледі;

4) кастодиан-банктің оның бірінші басшысының немесе арнайы қаржы компаниясының активтеріне кастодиандық қызмет көрсететін бөлімшеге жетекшілік ететін басшы қызметкерінің қолымен және кастодиан-банктің мөрімен бекітілген салыстырып тексеру актісі деректерінің дұрыстығы туралы белгісі болуы тиіс.

32-6. Осы Ереженің 32-4 және 32-5 тармақтарының шарттарына сәйкес ресімделген салыстырып тексеру актісінің нұсқасы оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынылады.

 

5-тарау. Қорытынды ережелер

33. Осы ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Похожие:

Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Н тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі...
Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру iconЗейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық...
Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру icon2001 жылғы 20 сәуірдегі №120 Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру
«Сақтандыру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы...
Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру iconСақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы
Азақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 20 сәуiрдегi n 120 Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде...
Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының “Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы”
Инвестициялық қорлардың қаражаты есебінен инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы бар заңды тұлғалар жүзеге асыратын шет елге...
Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру iconЗейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру iconСақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі №120 қаулысы
Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық...
Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру iconҚазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі №65 Қаулысы
Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру iconҚазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2013 2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Республикасының "жасыл экономикаға" көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2013 2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница