Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы




Скачать 462.51 Kb.
НазваниеБағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы
страница2/4
Дата конвертации14.02.2016
Размер462.51 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish522587_9183.doc
1   2   3   4
қолданыста болады

банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz BB-»-тен «kz B+»-ке дейінгі рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;

банктер Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес - бас банктің еншілес резидент - банктері болып табылады;

банктер қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші және (немесе) екінші санатына енгізілген эмитент-банктері болып табылады;

3) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді жеке рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердегі салымдар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

4) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда) (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

5) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

6) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;

7) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген) (бұдан әрі - № 77 қаулы) көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) немесе екінші (ең жоғарғы) санаттарының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалардың акциялары;

8) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

9) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда көзделген «борыштық бағалы қағаздар» секторының» «бірінші шағын санатының рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш сомасы мен есептелген сыйақыны ескергенде);

10) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, осы тармақтың 8), 9) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш сомасы мен есептелген сыйақыны ескере отырып):

қор биржасымен танылған рейтингілік агенттіктердің бағалары бар болуы;

борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейінгі кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілікті қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards - IFRS) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданыстағы қаржылық есептіліктің стандарттарына (General Accepted Accounting Principles - GAAP) сәйкес жасайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енетін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

аудиторлық есеппен расталған борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігі кемінде аяқталған екі қаржы жылы үшін берілді;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

соңғы екі жылдың біреуіндегі борыштық бағалы қағаздар эмитентінің таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйымның - борыштық бағалы қағаздар эмитентінің негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сатылым мөлшері аудиторлық есеппен расталған, қаржылық есептілік деректері бойынша тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің бар болуы;

осы бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінде болған уақытында борыштық бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің бар болуы;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иегерлерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар қамтылмаған;

11) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

12) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

13) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары;

14) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

15) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші және (немесе) екінші санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

16) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Standard & Poor's агенттігінің «BBB-»-тен төмен емес халықаралық рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескеріп);

17) тазартылған бағалы металдар және металл депозиттері;

18) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары акционерлері болып табылатын, бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың акциялары;

19) тіркеушінің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын сомада шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген жұмысшылар мен басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін шегергенде, тіркеушіге қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде);

20) тіркеушінің балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы жылжымайтын мүлік түріндегі тіркеушінің негізгі қаражаты танылады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.12. № 265 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Тіркеуші бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті біріктіріп атқарған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін біріктіріп атқаратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 215 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5810 тіркелген) белгіленген ерекшеліктерді есепке алып, «меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті» - пруденциалдық нормативті және басқа да нормативтерді есептеу жүзеге асырылады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.03.09. № 131 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Тіркеуші осы Ереженің  қосымшасына сәйкес нысан бойынша, осы Ереженiң 10, 11-тармақтарында көрсетiлген талаптарды сақтай отырып, алдыңғы жұмыс күннiң соңындағы жағдай бойынша әрбiр жұмыс күнi пруденциалдық нормативтiң есебiн жүргiзедi. Қағаз тасымалдағыштағы пруденциалдық нормативтiң есебiне бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде - оның орнындағы тұлға), бас бухгалтер қол қояды, мөрмен куәландырылады және тіркеушіде сақталады.

6. Пруденциалдық норматив тоқсан сайын тіркеуші уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес электронды тасымалдағышта ұсынған қаржылық және өзге есептілігінің негізінде уәкілетті органмен есептеледі.

 

 

2-тарау. Пруденциалдық нормативтің есебі үшін пруденциалдық нормативтің есебін және қосымша мәлiметтердi ұсыну тәртібі

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.03.09. № 131 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Пруденциалдық нормативтің есебі үшін пруденциалдық нормативтің есебі мен қосымша мәлiметтер (бұдан әрi - қосымша мәлiметтер) осы Ереженің қосымшасына сәйкес есептік тоқсанның соңғы жұмыс күні үшін уәкілетті органға осы Ереженің қосымшасына сәйкес есептік тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей ұсынылады.

Пруденциалдық нормативтiң есебі қағаз тасымалдағышта және электронды тасымалдағышта беріледі.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.03.09. № 131 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8. Қосымша мәлiметтер уәкiлеттi органға электрондық тасымалдағышта берiледi.

9. Пруденциалдық нормативтiң есебіндегі және қосымша мәлiметтердегi деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі.

10. Пруденциалдық нормативтiң есебін және қосымша мәлiметтердi толтырған кезде пайдаланылатын өлшеу бірлігі мыңдық теңгеде белгіленеді. Бес жүзден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең немесе одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.03.09. № 131 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11. Есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағышта тіркеушінің бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде - оның орнындағы адам), бас бухгалтері қол қойып мөрмен куәландырылады және уәкілетті органға ұсынылады, сондай-ақ тіркеушіде сақталады.

Тіркеуші уәкілетті органның талап етуі бойынша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей белгілі бір күнгі жағдай бойынша есептілікті қағаз тасымалдағышта ұсынады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.03.09. № 131
1   2   3   4

Похожие:

Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері,...
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту...
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздар рыногы туралы
Заңға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың атынан және есебінен белгілі бір заңды іс-әрекеттерді жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар...
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы iconЗейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық...
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесін бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы №62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң...
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесін бекіту туралы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты...
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты...
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау Ережесін бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница