Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы




Скачать 462.51 Kb.
НазваниеБағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы
страница1/4
Дата конвертации14.02.2016
Размер462.51 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish522587_9183.doc
  1   2   3   4
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 20.09.2012 09:47:27


Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 121 қаулысы

(2012.24.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 11), 15) тармақшаларына, 49-бабына және 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арнап «Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті» - пруденциалдық нормативі белгіленсін.

Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің мәні күн сайын кем дегенде 1 құрауға тиіс.

2. Қоса беріліп отырған, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесі бекітілсін.

3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):

1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.

6. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2008 жылғы 30 қарашаға дейінгі мерзімде енгізілген өзгерістерді ескеріп, «Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру» автоматтандырылған шағын жүйесін жетілдіруді қамтамасыз етсін.

7. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге  жүктелсін.

 

 

Төрайым   

Е. Бахмутова

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын және қаржы

ұйымдарын реттеу мен қадағалау

агенттiгi Басқармасының

2008 жылғы 22 тамыздағы №121

  қаулысына қосымша

 

Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

 

1. Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылардың Тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы» 2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 265 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3189 тіркелген).

2. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысы қосымшасының 8-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3868 тіркелген).

3. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылардың Тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы» 2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 265 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» 2005 жылғы 29 қазандағы № 389 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3941 тіркелген).

4. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылардың Тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы» 2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 265 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 27 мамырдағы № 126 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4271 тіркелген).

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын және қаржы

ұйымдарын реттеу мен қадағалау

агенттiгi Басқармасының

2008 жылғы 22 тамыздағы  №121 қаулысына

                  № 1-қосымша

 

 

Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі

қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу

ережесі

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 5 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 64 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - тіркеушілер) сақтауы міндетті «меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің» пруденциалдық нормативін есептеу тәртібін белгілейді.

Тіркеушінің аффилиирленген тұлғалары бөлігіндегі осы Ережемен көзделген нормалар заңды тұлғаларға және аффилиирленген тұлғалары «Самұрық-Казына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының аталған ұйымдардың дауыс беруші акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын тікелей (банктер бойынша - жанама) иелену нәтижесінде тіркеушімен аффилиирленген болып табылатындарға қолданылмайды.

Ереже бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай тіркеушіге қолданылмайды.

 

 

1-тарау. «Меншікті капиталдың жеткіліктілік

коэффициенті» - пруденциалдық нормативін есептеу тәртібі

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.05.08. № 185 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Тіркеушінің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

К=(ӨА - М)/ МКТМ, бұл жерде

ӨА- осы Ереженің 2-тармағына сәйкес өтімді деп танылатын тіркеушінің өтімді активтері;

М - тіркеушінің жиынтық міндеттемелері («репо» операциясын ашық сауда әдісімен өткізгенде, міндеттемелерге тек «репо» ашу сәтіне қор биржасының ішкі ережелеріне сәйкес айқындалған «репо» объектісінің нарықтық құнының дисконт сомасы кіреді);

МКТМ - меншікті капиталдың жеткіліктілігінің есебіне қабылданатын тіркеушінің меншікті капиталының ең төменгі мөлшері - 8 миллион теңге.

2010 жылғы 1 шілдеден бастап МКТМ 90 720 000 (тоқсан миллион жеті жүз жиырма мың) теңгені құрайды.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.12. № 265 қаулысымен 2-трамақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 64 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Standard & Poor's агенттігінің рейтинг бағасынан басқа қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) ретінде сондай-ақ Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің және олардың еншілес рейтинг ұйымдарының (бұдан әрі - басқа рейтинг агенттіктері) рейтингтік бағалары танылады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 5 қаулысымен мазмұн 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Осы Ереже мақсаты үшін халықаралық қаржы ұйымдары болып мынадай ұйымдар түсіндіріледі:

Халықаралық қайта құру және даму банкі;

Еуропалық қайта құру және даму банкі;

Америкааралық даму банкі;

Халықаралық есеп айырысу банкі;

Азиялық даму банкі;

Африкалық даму банкі;

Халықаралық қаржы корпорациясы;

Исламдық даму банкі;

Евуропалық  инвестициялық банкі;

Еуразиялық даму банкі.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.05.08. № 185 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкінің 2012.30.01. № 20 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға таралады) (бұр.ред.қара)

3. Тіркеушінің өтімді активтері ретінде келесі активтер қабылданады:

1) ақша, сондай-ақ:

кассадағы ақша, тіркеушінің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан жоғары емес;

осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша;

бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша;

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді, жеке рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар резидент емес-банктердің ағымдағы шоттарындағы ақша;

2) осы Ереженің Қосымшасында көрсетілген мөлшерде, ықтимал шығындаға резервтерді шегергендегі, мынадай талаптардың біреуіне сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі салымдар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда):

банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kz BB-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы, немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;

2) тармақшаның үшінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін
  1   2   3   4

Похожие:

Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері,...
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы рыногын
Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту...
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздар рыногы туралы
Заңға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың атынан және есебінен белгілі бір заңды іс-әрекеттерді жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар...
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы iconЗейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық...
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесін бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы №62 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң...
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы iconБағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесін бекіту туралы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты...
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты...
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау Ережесін бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница