Тұрғысын селолық округінің әкімі Вячеслав Евгеньевич Клиновицкийдің ауылдың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы




Скачать 261.03 Kb.
НазваниеТұрғысын селолық округінің әкімі Вячеслав Евгеньевич Клиновицкийдің ауылдың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы
Дата конвертации14.02.2016
Размер261.03 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://akimzyrian.gov.kz/kz/files/reports_26.doc
Тұрғысын селолық округінің әкімі Вячеслав Евгеньевич Клиновицкийдің ауылдың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы

және 2013 жылға қойылған міндеттер туралы

есеп беру баяндамасы


ҚҰРМЕТТІ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР!

ҚҰРМЕТТІ АУЫЛДЫҚТАР!


Міне, тағы бір жыл өтіп кетті. Қиындықтарға қарамастан біз әрқайсымыздың жеке өмірімізде және мемлекетіміздің өмірінде болған ең жарқын және айтулы оқиғаларды есімізге түсіреміз.

Қазақстан тәуелсіздігінің 21 жылында экономикалық дамуда, өз азаматтарының әл-ауқатын жақсартуда елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Тұрақтылық пен қоғамдық келісім, жауапты сыртқы саяси бағыт республиканың халықаралық беделін арттыру үшін тұрақты негіз болды. Осының барлығына біздің Көшбасшымыз, мемлекет Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен белгіленген саяси бағыттың арқасында қол жеткіздік.

Қалыптасқан дәстүрге сәйкес біз өткеннің нәтижесін шығарып болашақтағы жоспарларымызды анықтаймыз. Өткен жылы ауданның тыл еңбеккерлері тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім жағдайында жұмыс істеген. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жүргізілген кең ауқымды реформалардың арқасында ауданда экономиканың қарқынды дамуы үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр.

Қазақстанның тұрақты дамуы мен әлем арнасында шептерін бекітуі табысты әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді, қазақстандықтардың өмір сүру дңгейінің артуын, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, заңның төрелігі мен демократиялық принциптерге шынайы берілгендікті қамтамасыз етеді. Мемлекет дамуының саласындағы маңызды міндеттерді Президент Қазақстан халқына арнаған өзінің Жолдауында жыл сайын анықтап береді.

Соңғы бірнеше жылдың бойында Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ислам ынтымақтастық ұйымына және Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі ұйымға төрағалық етті. 2012 жылы Лондонда өткен олимпиадада біздің спортшылар 205 ұлттық құраманың арасынан 12-ші орынға ие болды.

Өзіне тән ұлттық бірлігі, әлеуметтік әділдігі, тұрғындардың экономикалық тұрақтылығы бар тәуелсіз, гүлденген және саясаты тұрақты Қазақстанды құруға бағытталған мемлекет Президентімен қойылған міндеттерді орындай келе біз алдымызға қойылған міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде ауылдың экономикалық дамуы үшін таңдалған бағыттардың дұрыс екендігіне көз жеткіздік.

2012 жыл Тұрғысын ауылының келесі оң сипаттарымен сипатталады:

2012 жылы Тұрғысын ауылы Тірек ауылдарды дамыту бағдарламасына кіргізілді.

Тұрғындардың саны 1400 адамды құрайды, жеке тұрғын үйлердің саны 486, жер телімдерінің саны 427, жалға алынған жер телімдерінің саны 65.


ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты бабында шағын және орта бизнестің 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі дамуының басты бағыттары анықталған. Басты бағыттардың бірі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық даму мен іскерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында шағын және орта бизнесті қолдау болып табылады.

Тұрғысын ауылдық округының аумағында бүгінгі таңда ірі ауылшаруашылық құрылымдар жоқ. Қазіргі уақытта 4 шаруа қожалығы бар: олар- «Тургусунское» ш/қ, «Дуанбеков» ш/қ, «Газахунов» ш/қ, «Бурмышева» ш/қ, қызметтерінің негізгі бағыттары өсімдік, мал және жеміс шаруашылығы болып табылады.

2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша округта қызметін 30 жеке кәсіпкер атқарады, қызметтерінің негізгі бағыттары сауда, ара шаруашылығы мен ауылшаруашылығы болып табылады. Азық-түлік және өндірістік тауарлар сатылатын 6 дүкен жұмыс істейді. Ауылда нан-тоқаш өнімдері жасалып, сатылатын шағын наубайхана бар. Ұнды тұрақтандырушы қордан сатып алудың есебінен сатылымға 50 теңгелік нан шығарылады.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға көмек ретінде аграрлық өнеркәсіптік кешенді және жеке қосалқы шаруашылықты несиелендіруге бағытталған көптеген бағдарламалар іске қосылған, ауылшаруашылық бизнесті қолдауға бағытталған қаржы институттары құрылған және жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осылайша «Каз Агро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ еншілес компаниялар арқылы несиелендірудің 24 түрін жүргізеді. Негізінен берілетін несиелер ЖШС, ШҚ мен жеке тұлғаларды қолдауды қарастырады. Пайыздық мөлшерлеме 6-дан 12 % арасында.

Барлық несие жобаларының ішінен Тұрғысын ауылының тұрғындары үшін ең тиімдісі «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты болып табылады, ол бүгінгі бақшашыларға, шаштараздарға,тігіншілерге, аспазшыларға және басқаларға аяқтарына тұруға мүмкіндік береді. Несие бойынша төлемді 18 айға дейін шегеру мүмкіндігі бар, несиенің пайыздық мөлшерлемесі 5 % құрайды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы да жылына 7 % пайызды құрайтын пайыздық мөлшерлемесімен қызықтырады және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді қамтиды.

«Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасының екінші бағытын іске асыру шеңберінде 2012 жылы екі шағын несие берілді: «Дуанбеков» ШҚ мал шаруашылығын дамыту үшін 3 млн. теңге (ІММ 10 басы мен 6 жылқы сатып алынды) мен «Газахунов» ШҚ жеміс сақтау қоймасын салу үшін 2 млн. теңге (құрылыс аяқталу үстінде) берілді.

2012 жылы Тұрғысын ауылдық округының аумағында екі ЖШС тіркелді. 1. «Тургусун meat» басшысы В.И. Бондаренко, атқаратын қызметінің негізгі бағыты шошқа өсіру болып табылады.

2. «Тургусун-1» ЖШС, атқаратын қызметінің негізгі бағыты Тұрғысын өзенінде су-электр стансасын орналастыру және пайдалану болып табылады.

ЖК Мурзатай Смагулович Кудашевпен Тұрғысын аулында жылқы соятын алаң ашылды және пайдалануға берілді.

Жасанды ұрықтандыру пункті өз жұмысын жалғастырып жатыр. Ағымдағы жылы ұрықтандыратын маман ауыстырылған. Светлана Русакова маман болып тағайындалды. Осы бағыт бойынша шағымдар болған жоқ.

Нұрлы ел» пилоттық жобасының шеңберінде сүт жинайтын пунктті орналастыру үшін ғимарат берілді. Аталған жобаның іске асырылуы ауылдың ішкі нарығында сүттің сатылуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар тұрғындардың қызығушылығын тудырып, ірі мүйізді малдың артуына себеп болады.

Тұрғысын селолық округының аумағында ара шауашылығын дамытуға бет бұрылды. Қазіргі таңда 703 ара ұясы бар. 2014 жылға дейін 1000 ұяға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Дағдарысқа қарсы және тұрақтаушы шаралар жоспарын орындау мақсатында Тұрғысын селолық округы әкімі мен алты кәсіпкердің арасында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің мәселелері бойынша жалпы сомасы 20,0 млн. теңгелік меморандумдарға қол қойылды. Меморандумға «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ, ЖК Серикова, «Нивы Чапаево» ЖШС, ЖК Козлов, ЖК Газахунов қатысты:

«Қазақстан темір жолы» - 10000,0 мың теңге, теміржол вокзалының алаңын және перронды абаттандыруға;

ЖК Серикова Гулбатима Каниевна – 2000,0 мың теңге, Коммунаров көшесін абаттандыруға, көгалдандыруға, 1500,0 мың теңге игерілді;

«Нивы Чапаево» ЖШС – 1000,0 мың теңге, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын, ауыл жолдарын күтіп ұстауға;

ЖК Козлов Валерий Александрович – 3000,0 мың теңге, рұқсат берілмеген қоқыс үйінділерін санитариялық тазалау мен жоюға, олардың 2500,0 мың теңгесі игерілді;

ЖК Газахунов Ахметжан Курбанович – 1000,0 мың теңге, Садовая, Краснознаменная көшелерін абаттандыруға, көгалдандыруға, рұқсат берілмеген қоқыс үйінділерін шығаруға, ауыл жолдарын күтіп ұстауға;

ЖК Дерк Николай Вильгельмович – 3000,0 мың теңге, жеміс өсіруге, жобаны іске асыру үшін ауданы 5 га қажетті жер телімі берілді. Жобаның іске асырылуы 50 т картоп, 30т орамжапырақ пен сәбіз алуға, жаңадан 4 жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді;

Сонымен қатар ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін ЖК В.А. Козловтың және ЖК Б.К. Коломанованың күшімен балалар алаңы қалпына келтірілді.

«Плюс» ЖШС «Жеңіс» аллеясына қайың көшеттерін жеткізуге көмек көрсетілді, ұзақ мерзім бойында пайдаланылмайтын нысандар жойылды.

31.12.2012 жылғы жағдай бойынша жоспарланған ісшаралар толық көлемде орындалды.

Округ кәсіпкерлері ауылдың қоғамдық өміріне, әлеуметтік мәселелерді шешуге, қайырымдылық акцияларына, демеушілік көмек көрсетуге, облыстық және аудандық жәрмеңкелерге белсенді қатысады.

«Демалыс күндерінің жәрмеңкесі» туралы ерекше атап өткім келеді. 2012 жылдың бойында Тұрғысын селолық округы Өскемен қаласы мен Зырян қаласында жәрмеңкелер өткізген. Бұл алдымен кез-келген ауылшаруашылық өнімді нарық қызметтерін төлемей сатуға мүмкіндік жасайды. Мен Р.Т. Кудашеваға, Н.В. Деркке, С.А. Шагаловқа, А.В. Никитинге, В.И. Бондаренкоға және жәрмеңкені өткізуге қатысқан барлық жерлестеріме алғыс жариялаймын.

Бизнесті дамыту бойынша ісшаралар жоспарын орындау мақсатында жылдың басынан бастап округ кәсіпкерлерімен 7 кездесу өткізілді, оларға 68 адам қатысты. 2011 жылдың ұқсас кезеңінде 3 кездесу өткізілген, оларға 32 адам қатысқан. Кәсіпкерлермен өткізілген кездесулерде «Бинестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламаларының негізгі бағыттары түсіндірілді, пайда келтіретін бизнестің мүмкін нұсқалары қаралды. Кездесулерді өткізу барысында азық-түлік өнімдерінің негізсіз қымбаттауын болдырмау мәселелері, экономиканы тұрақтандыру, инфляция деңгейін бір қалыпта ұстау үшін мемлекеттік органдармен қолданылып жатқан дағдарысқа қарсы шаралар туралы ақпарат талқыланды. Кездесулердің нәтижелері бойынша «Тұрғысын селолық округы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен Тұрғысын селолық округының 2013-2015 жылдарға арналған шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталған жоспар әзірленді. Кәсіпкерліктің маңызды бағыттары анықталды.

Тұрғысын селолық округында ауылшаруашылық секторында кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндігі бар, су қоймаларының бар болуы балықты өсіру мен өнім жасауға жағымды жағдай туғызады. Табиғаты таңдай қақтыратын табиғат, флорасы мен фаунасы бай мөлдір өзендері мен қалың ормандары дұрыс бағыт таңдағанда пайда келтіретін туристік бизнеске айнала алады.

Шағын және орта бизнесті дамыту жоспарына сәйкес Тұрғысын селолық округында 2015 жылға дейін жалпы сомасы 6278,55 млн. теңгелік 15 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.

р/р

Жобаның, ісшараның атауы

Жауапты тұлғаның Т.А.Ә.


Қаржыландыру көлемі барлығы, мың теңге

Құрылатын жұмыс орындары

Жобаны іске асыру мерзімі

1

ІММ 400 басына арналған жем беру алаңы

«Нивы Чапаево» ЖШС

500000,0

30

2013-2015

2

Тұрғысын өзенінде шағын СЭС салу

«Тургусун 1» ЖШС

5700000,0

40

2013-2015

3

Щебнюха тауының маңайында пасека орналстыру. Ара ұясының жоспарланған саны 200 дана

« Сенай-469» ЖШС

3500,0

2

2013

4

Ағаш өңдеу цехі

(вагонка, кесілген, шпунттық тақтайлар жасау және т.б.)


Козлов В.А.

3000,0

8

2013-2014

5

Жүк тасымалдау, жону қызметтері, пісіру жұмыстары

Овчинников А.И.

2500,0

4

2014

6

Ара шаруашылығын дамыту, балды ыдыстарға құю

Никитин А.В.

500,0

1

2013-2014

7

«Бірлік» шағын наубайханасының шығарылатын өнімдерінің санын арттыру, қосымша құрылғы сатып алу

Коломанова Б.К.

2000,0

2

2013

8

«Бірлік» шағын наубайханасының ғимаратын қайта жөндеу, аяқ киім жөндеу орталығын, шашатараз ашу

Коломанова Б.К.

2350,0

2

2014

9

Шошқа басын арттыру, малды ұстау алаңын кеңейту

Бондаренко В.И.

2500,0

2

2013-2014

10


Әлеуметтік дүкен ауш

Бондаренко В.И.

3000,0

2

2013

11

Өздері өндіретін ет өнімдерін қайта өңдейтін цехті ашу

Бондаренко В.И.

3000,0

2

2015

12

Саңырауқұлақтарды өсіру және сату

Давуза Б.

2500,0

3

2013-2014

13

«Дуанбеков» ш/қ негізінде ІММ және жылқылардың басын арттыру

Дуанбеков Ж.К.

3000,0

2

2014

14

«Валентина» туристік базасын ашу


Козлов А.В.

200,0

3

Бизнес идея орындалу барысында

15

Балықты өсіру мен қайта өңдеу бойынша тоған шаруашылығын ашу

Минеев С.В.

500,0

2

Бизнес идея орындалу барысында

16

Өздері өндірген ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша цехті ашу

Бондаренко В.И.

3000,0

2

2015

Шағын жобаларды іске асыру 35 адамның жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді.

ІММ 400 бас сауылатын сиырына жем беру алаңын салуға несие беру жөніндегі мәселе оң шешімін тапқан жағдайда қосымша 30 адамды жұмыспен қамту қарастырылған.

Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі барлық ақпараттық материал селолық округ әкімі аппаратының ғимаратындаға стендте мемлекеттік және орыс тілдерінде орналасқан. Сонымен қатар Президенттің «Әлеуметтік – экномикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа жолдауы, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы, «Сыбаға» бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы 2020» бойынша ақпарат орналастырылған.

Шағын және орта бизнесті дамыту- өндірістік саланың дамуына түрткі болатын, бюджетке елеулі салық түсімдерінің түсуін ғана қамтамасыз етіп қоймай, зор әлеуметтік рөлді атқаратын, тұрғындардың басым бөлігінің экономикалық белсенділігін қолдайтын және жұмыспен қамту мәселелерін шешетін кез-келген өлке экономикасының негізі.

Тұрғысын селолық округында жеке тұлғалардан мүлік салығын, ауылшаруашылық маңыздағы жерлерге салынатын жер салығын, көлік салығын,бір реттік жинақты жинау өткізіледі. Тұрғысын ауылдық округының аумағында салықтарды жинаумен инспектор К.У. Дубаева айналысады, ол үй құрылыстары мен жер телімдерінің есебін жүргізеді.




2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

(10 айы)

Мүлік салығы

36669

39530

47790

Жер салығы

185960

158772

160232

Ауылшаруашылық жерлеріне жер салығы

63733

61366

57578

Көлік құралдарына салық

209105

307906

384263

Бір реттік жинақ

17930

14200

42020

Жер телімдерін жалдау ақысы

66691

67771

63123

Барлығы:

580088

649545

755006





Диаграмма талдауы көрсеткендей көлік құралдары менбір реттік жинақтар 2010 мен 2011 жыолдармен салыстырғанда жоғарылаған, бұл Тұрғысын селолық округіндегі көлік құралдарының өсуінің көрсетіші, сонымен қатар тұрғындардың ауылшаруашылық өнімдер мен жем - шөптерді ішкі нарықта сатуға қатысуы болып табылады.

3 жылдағы жұмыссыздық деңгейін талдауы (2010-2012):

2010 және 2011 жылдары ресми тіркелген, қоғамдық жұмыстарға қатыстырылған жұмыссыздар - 2 адам. 2012 жылдың 1 -жартыжыдығында «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтіу бағдарламалар бөлімі» ММ 3 адам есепте тұрды. Барлық тіркелген жұмыссыздар қоғамдық жұмысқа қатыстырылды. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының төртінші бағытын іске асыру аясында Тұрғысын селосында іске асырылатын жобаларға бес жұмыссыз жұмысқа орналастырылды.


ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ


Кез-келген мемлекет дамуына жасалған талдау экономикалық амандыққа тікелей байланысты болатын тұрғындардың денсаулығын бағалауды қамтиды.

Әлеуметтік саланың маңыздыларының бірі денсаулық сақтау болып табылады, оның қызметі медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, азаматтардың денсаулығын нығайтуға, ана мен баланың денсаулық жағдайын жақсартуға, ауру мен өлім санын азайтуға, қоғамдық денсаулық деңгейін арттыруға бағытталған.

Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті Зырян ауданының ірі дәрігерлік амбулаториялары болып табылатын Тұрғысын ауылының дәрігерлік амбулаториясы көрсетеді. Оның құрамында 2 ФАП бар- Первороссийское ауылы мен Прибрежный аулында, 3 медициналық пункт –Васильевка, Дородница, Заводинка ауылдарында. Қызмет көрсетілетін тұрғындардың саны 3336 адам. Медициналық қызметкерлердің саны 8 адам, сонымен қатар дәріханалық киоск жұмыс істейді.

Терапевтикалық, педиаторлық, акушерлік кабинеттер мен зертхана өз жұмыстарын атқарады.

Азаматтарды қабылдау сағат 8.00-ден 16.00-ге дейін жүргізіледі.

Медициналық қызметкерлер ФАПтар мен МПге тұрақты шығуларды ұйымдастырып тұрады, онда ауру ересектер мен балалар қабылданып, анализдер алынады, жүкті әйелдер қаралады.

2012 жылдың қазан айының 2 мен 9 аралығында Тұрғысын орта мектебінің аумағына көшпелі медициналық кешенді әкелу мен орналастыру ұйымдастырылды.

Қабылдауды келесі салалар бойынша білікті дәрігерлер жүргізді:

Гинекология;

Хирургия:

Терапия;

Офтальмология;

Стоматология.

Көшпелі медициналық кешеннің құрамында электрокардиограмма түсіруге, ішкі ағзаларға ультрадыбыстық зерттеу жүргізуге, ішкі артериялық қысымды өлшеуге арналған арнайы құралдары бар зертхана болды. Сондай-ақ қанның биохимикалық және жалпы анализін тексеруге арналған құрылғылармен және реагенттермен, сонымен қатар адамның биологиялық сұйықтықтарын зерттеуге арналған басқа құрылғылармен толығымен жабдықталған.

Ауылдықтар тексеріліп, ауруларын ерте бастап анықтап алды, бар ауруларын емдеуге ұсыныстар алды.

Туберкулезге қарсы күрес жүргізу мен алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарының арасында Тұрғысын аулында жыл сайын флюрографиялық көшпелі кешен орналастырылады. Бұл туберкулезді уақытында анықтау мен ауруларды ерте бастан емдеуге оң нәтижесін береді.

Көшпелі медициналық кешенді әкелу мен орналастыру Тұрғысын аулында 2013 жылы да жоспарланған.


БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Тұрғысын аулында білім беру үрдісін «Тұрғысын орта мектебі» іске асырады.

2012-2013 оқу жылында мектепте 22 педагог жұмыс істейді. Олардың 15-і жоғары біліммен. 3 жас маман бар, олардың ішіндегі еңбек өтілі 1 жылға дейінгісі- Елена Валерьевна Копытина, география пәнінің мұғалімі (ШҚМУ келді). Екеуінің еңбек өтілі 1 жыл. 4 мұғалім ШҚМУ-де сырттай оқу бөлімінде жоғары білім алу арқылы біліктіліктерін арттырып жатыр.

Бүгінгі таңда оқу жоспарының барлық пәндері білім беру саласында белгіленген стандарттарға сәйкес қамтылған және оқытылып жатыр. Қазіргі уақытта мектепке кадрлар керек жоқ. 2012 жылғы 1 қыркүйекте мектепте 138 бала оқытылған, сыныптар толық (11 сынып), мектепке дейінгі дайындық сыныбында 11 бала оқиды, мектептің жанында күні бойы болатын шағын орталық бар, ондағы оқытылатын балалардың саны 17 адамды құрайды.

Мектептегі білім сапасы 40,7 % құрайды.

2012 жылғы БҰТ. 15 оқушының 6 оқушысы экзаменнің БҰТ түрін таңдады, орташа балл 66. Ең жоғарғы балл 89. ЖОО тегін оқуға 2 оқушы, колледждерге 9 оқушы (грант) түсті, 2 адам жұмысқа орналасты, 2-уі ЖООда оқу үшін Ресей Федерациясына кетті.

2012 жылдың жазғы кезеңінде 240000 теңге сомасына мектептің сыныптары мен қосалқы үй-жайлары жөнделді, 60000 теңге сомасындағы қосымша қаражат жылыту желілерін жөндеуге арналған шаруашылық құрал-жабдықтарды сатып алуға бөлінді. Мектеп қазандығы жылыту кезеңіне отынмен толығымен қамтамасыз етілген. Автономды электростанцияның жұмыс істеуі үшін, ТЖ болған жағдайда отынның қоры бар. Қазан айынан бастап желтоқсан айына дейінгі кезеңде 359000 теңге сомасына ауыз суын тазартатын фильтрлер электр сорғысымен, су аккумуляторымен және ауыз су фонтанымен бірге орнатылды.

Материалдық-техникалық базаны жабдықтау үшін 90000 теңге сомасындағы қаражат спорттық құрал-жабдықтарға бөлінді: 1 волейбол торы, 2 данада маты, 4 данада теннис ракеткалары, ұлттық үстел ойындары, шахматтар, шашкалар, табло, обручтар, скакалкалар, ысқырғыштар сатып алынды.

Мектептің жанында үйірмелер, қызығушылықтар бойынша оқыту пәндері, қосымша сабақтар жүргізіледі.

Ақы төленетіндері- қызықты ағылшын, жас суретші 3,4 сыныптар- 23 оқушы, ауызекі ағылшын, қолданбалы өнер 5,6 сыныптар- 30 оқушы.

Математика бойынша тест тапсырмаларын шешу 7-сынып -16 оқушы, тұрмыстағы химия 8 –сынып -14 оқушы, дін тану 9-сынып-16 оқушы.

Қосымша курстар: Экономикадағы математикалық әдістер, компьютерлік графика, физикалық тапсырмаларды шешу әдістері, малекулалық биология- 10,11 –сыныптар- 20 оқушы.

«Болашақтан» 0,5 ставкада- «Бисермен өру» үйірмесі.

1 би үйірмесі (ақы төленбейтін)- 15 оқушы.

Мектеп оқушылары Зырян ауданында өткізілетін спорттық жарыстарға қатысады. 2012 жылы Васильева Екатерина мен Штум Софьяға мини-футболдан өткен облыстық жарыстарда 2-ші орын алғандары үшін алғысхаттар берілді.


МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ

Тұрғысын ауылының кітапханасы мектептің ішінде орналасқан, жалпы ауданы 62 шаршы метрді құрайды. Кітап қоры 2013 жылдың басында 12950 кітапты құрады, соның ішінде балалар әдебиетінен -2964 кітап. Қазақ тіліндегі әдебиет- 1065 басылым, соның ішінде 94- балалар әдебиеті. Мерзімдік басылымдар тұрақты түсіп отырады: газеттер, журналдар. Кітапханаларда DVD мен аккустикалық жүйе бар.

Ауылда 1385 адам тұрады. Оқырмандардың саны 43 % құрайды, олардың 11% балалар, 32% ересектер.

Бір оқырманға берілген басылымдардың орташа саны- 26,8 кітап; келушілердің орташа саны күніне 8,4 адам.

Кітапхана жұмысының міндеті мен мазмұны азаматтық және құқықтық мәдениетті қалыптастыру, оқырмандардың Қазақстан тарихы мен өлке тануға деген қызығушылықтарын арттыру, халықтар мәдениетінің шығармашылық дәстүрлеріне баулу, мәдени-бос уақыт қызметінің жаңа түрлерін енгізу болып қалып отыр.

2012 жыл көптеген маңызды оқиғалармен танымал болды, сондықтан кітапхананың басты міндеттері оқырмандармен Республиканың қоғамдық-саяси өмірінің әр түрлі мәселелері, Мемлекеттік Рәміздердің маңызы мен рөлін танып оқу бойынша түсіндіру, насихаттау және ақпараттандыруды іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізу болып табылады.

Ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарын қатыстыра отырып өткізілетін әңгімелесулер, шолып өтулер, көрмелер, көрме-көрсетілімдер, ақпарат сағаттары, сұрақтар мен жауаптар сағаттары, әдеби кештер арқылы жүргізіледі. Оқушылар, студенттер, оқырмандар пайдалану үшін мерзімдік басылымдарды таңдау жасалады. Барлығы 70 ісшара өткізілді, соның ішінде балалар үшін өткізілгені- 38.

Кітапхана ұлттық және мемлекеттік мерекелерді ұйымдастырып өткізуге қатысады. Оқушылар, мұғалімдер мен «Мой талант-родной стране» атты аудандық фестивальға, «Родник живой души» атты ұлттық музыка мен әннің аудандық фестиваліне қатысқандары үшін диплом алған, сондай-ақ «Патриотическая песня» атты аудандық конкурсқа қатысып, ұлттық патриоттық әнденді жарыққа шығарғандары үшін алғыс хат алған, 2011 және 2012 жылдары ­Өскемен қаласында өткен Астана күніне арналған мерекелік бағдарламаға қатысқан «Родные напевы» вокалдық тобы үнемі қатысады. «Родные напевы» шығармашылық ұжымының негізін қалаушы және басшысы Наталья Ивановна Евтушенко 2012 жылы Тұрғысын ауылының шығармашылық өміріне қосқан үлесі үшін Зырян ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Ауылдың орталық алаңында демеушілік көмектің есебінен алғашқы рет Жаңа Жыл шыршасы орнатылды. Жаңа жылдың символы гирляндалармен, мишурамен, банттармен сәнделді.

15 желтоқсаннан бастап Тұрғысын ауылында ең үздік қысқы фигураға «Тұрғысын ауылының 2012-2013 жылғы қысқы ертегісі» атты конкурс жарияланған. Конкурс қорытындысы бойынша есеп беру кездесулері аяқталғаннан кейін жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен грамоталар беріледі.


ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ


2012 жылы Тұрғысын селолық округ аумағында мал ұрлау жағдайлары тіркелген жоқ. Бұл мал жайылымының ұйымдастырылғанын көрсетеді. Тұрғысын ауылында екі сауын табыны мен екі төл табыны жайылады. Малды жаю үшін жайылымдар бөлінген. «Нивы Чапаево» ЖШС жерінен мал айдайтын учаскелер белгіленген. Жылқылар «Белки» және «Дол» өрісінде жайылады.

2012 жылдың маусым айында тұрғындармен профилактикалық әңгімелесулер өтізілді. Кездесуді прокурордың орынбасары, қаржы полициясының бастығы, ҚАІІБ бастығының орынбасары мен ҚАІІБ ӘПБ бастығы жүргізді.

- алкоголизм мен шағын бұзақылыққа қатысты алдын алу сипатындағы 2 рейд өтізілді, 8 хаттама құрылды;

- қоғамдық тәртіпті сақтауда, құқық бұзушыларды ұстауға және хаттама құруға учаскелік инспектордың қоғамдық көмекшілері Созонов Андрей Александрович пен Савоськин Владимир Александрович қатысады.

- 2012 жылы 4 қылмыс жасалды: 3 ұрлық – 1 ашылмаған, 1 өрт (өрт қою) – ашылған;

Қасақана өрт қою өзара келіспеушіліктен болған, өртеген Коротков.

«Ратай» ШҚ омарта, бал өндіру құрылғысын ұрлау қылмысын В.П.Красков жасаған.

Белгісіз тұлғамен мас күйінде қалтырылған мопед ұрланды, ұрлық ашылған жоқ.

- ағымдағы жылы 125 адамға әкімшілік хаттамасы толтырылды, өндірілген айыппұл 87,9%.

Учаскелік инспектор тұрғындардың нақты тұратын мекенжайын және спирт ішімдіктерін жиі пайдаланатын тұлғаларды анықтау мақсатында үйлерді аралау жүзеге асырылды. Заңсыз спирт сату фатісі бойынша Кожаев пен Тихомоловқа материалдар толтырылды.

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты азайту мақсатында Тұрғысын орта мектебі базасында құқық қорғау органдары өкілдерімен профилактикалықәңгімелесулер жүргізіледі. Спорттық үйірмелер құрылды: шағын футбол, волейбол, үстел теннисі. Өнерлі қолдар, техникалық өңдеу, театрлық - хореографиялық, туристік – өлкетану, жас суретші, шахмат үйірмелері ашылды.

Жұмысқа қабілетті тұрғыныдар арасында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша жоспаарланған жобаларды іскеасыру үшін жұмыссыз азаматтар жұмысқа тартылды. «Қайта оқыту және білікті арттыру» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланды.


ТҰРҒЫН ҮЙ – КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауында және өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласында қоғамды индустриалды – инновациялық экономика жағдайында өмір сүруге дайындау үшін мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру бойынша бірнеше міндеттерді алға қойды.

Өткен жылы тірек ауылдарды дамыту жөніндегі бағдарламаны іске асыру басталды, Шығыс Қазақстан облысында 47 тірек елді мекен белгіленді, оның ішіне Тұрғысын ауылы да енді.

Тірек ауылдарды дамыту бағдарламасы аясында 2012 жылы республикалық, облыстық және аудандық бюджет қаражаттары есебінен төмендегі жобаларды іске асыруға қаржы бөлінді:

- 6400,0 мың теңге теміржол өткелінен Топкуша өзені арқылы өтетін көпірге дейінгі жолдың бөлігін асфальттауға;

- 6490,0 мың теңге ауылдың орталық алаңы мен Коммунаров көшесін ағымдағы жөндеуге.

- 4572,0 мың теңге Коммунаров, Школьная, Бухтарминская көшелері бойынша көшені жарықтандыруды қалпына келтіруге - 3200,0 мың теңгеге конкурс өткізілді, ЖК Искаков М.М. «Электромонтаж сервис» мердігер болып белгіленді. Үнемделген қаржы есебінен қосымша Молодежная көшесін жарықтандыру қалпына келтірілді. Көшені жарықтандырудың 61 тірегі орнатылды, кабель тартылды. Жарықтандыру пайдалануға қосылды.

- 2729 мың теңге Өскемен – Рахман қайнарлары республикалық маңызы бар тасжолында жарықтандыруды қалпына келтіруге бөлінді. Жарықтандыру пайдалануға қосылды.

Облыстық бюджетті нақтылағаннан кейін клубты жөндеуге арналған 14679 мың теңге Заводская, Садовая, Молодежная, Краснознаменная көшелерін жөндеуге аударылды. Мердігер «Плюс» ЖШС, жұмыстар ағымдағы жылдың қазан айында аяқталды.

Мердігермен жасалған әрбір келісімшартта жыл бойы орындалған жұмыстың сапасын сақтауды кепілдендіретін тармақ енгізілген.


ТҰРҒЫСЫН СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ


«ШҚО Зырян ауданы Тұрғысын селолық оругінің әкім аппараты» ММ қызметі «Қазақстан Республикасындағы мемлекетті басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңымен ретеледі. Аталған Заңның 35 –бабына сәйкес азаматтардың өтініштері мен арыздары қаралады. 2012 жылы 5 жазбаша өтініш түсті, барлығы қанағаттандырылды және қарау мерзімін бұзбай қаралды.

Әкімдік мамандарымен тоқсан сайын 18 жасқа дейінгібалаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мен адрестік әлеуметтік көмек алуға құжаттар ресімделеді, 2012 жылы барлығы 8 отбасы өтініш білдірді. Құжаттарды ресімдеу құжаттардың уақытында тапсырылмауы неме толық болмауынан қиындайды. 2012 жылы 6 тұрғын үй жәрдем қаражаты ресімделді, оларкөп болуы да мүмкін еді, тек қана көмір, отын сатып алу кезінде кассалық чекпен түбіртек алу қажет, түбіртектің болмауы жәрдем қаражат алуды қиындатады.

«Қағаз» жұмысы өте көп уақыт алады, бір жыл ішінде ғана 400 ресми хат алынды, келісіңіздер, 248 жұмыс күніне бұл артығырақ. 44 нормативтік – құқықтық акті қабылданды. Ауылшаруашылық кітабындағы деректерді нақтылау мақсатында жылына екі рет аулаларды аралау жұмысы жүргізіледі.

Жыл бойы жер телімдерін жалдау бойынша декларациялар тапсыруда көмек көрсетілді.

Тұрғысын селолық округ әкімі аппаратымен тұрғындар үшін ветеринариялық анықтамалар, ветеринариялық төлқұжаттар, жеке шаруа қожалығының болуы туралы анықтамалар беру бойынша тегін мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

2012 жылы ветеринария жөніндегі бас маман жеке шаруа қожалығының болуы туралы 431 анықтама, 879 ветеринариялық анықтама, 839 ветеринариялық төлқұжат берілді.мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар мен ескертулер болған жоқ. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттарды ұсыну туралы ақпарат әкім аппаратының ғимаратында және аудан әкімінің сайтында орналасқан.

Қазақстан Республикасында жаңа «Ветеринария туралы» ҚР Заңы қабылданды, онда бізге бірнеше талаптар қойылған. Соның ішінде жануарларды бірдейлендіру мен мал союдың жаңа ережелерін қатаң сақтау. Енді малды сатуға сою сою пункттері мен сою алаңдарында ғана жүзеге асырылуы тиіс. Әрине бұл бізге үйреншікті емес немесе мүлдем ыңғайсыз деуге болады. Бірақ біздің ауылда мал сою пункті салынып, барлық қажет еткендер оның қызметін пайдалана алады.

Жыл бойы ауылға келген және кеткен азаматтарды есепке алу жүзеге асырылады. Біздің №664 сайлау округі бойынша сайлаушылардың электрондық базасын құру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Жыл сайын әскери қызметке шақырылуға жатқызылған азаматтарды есепке алу жұмысы жүргізіледі. Әскерге шақырылушылардың медициналық комиссиялары уақытында өткізілді.


2012 жылғыжұмыстардың қорытындысын шығара келіп,

алдағы 2013 жылға келесі міндеттерді белгілеу қажет:


2013 жылы 7196,4 мың теңге сомаға Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Тұрғысын ауылының Бұқтырма өзенінде жағаны нығайтатын дамба салу бойынша ағымдағы жұмыстарды жүргізу қажет, аталған жұмыстар өзеннің ағысының жылдамдығымен, көктемгі – жазғыкездері – сәуірден шілдеге дейінгі кезеңдегі судың молдығына байланысты. Осы уақытта су шығыны 2,7 есеге артады. Жыл сайын көктемгі кезеңде үйлерді, ауылшаруашылық малдарын және тұрғындардың басқа да мүліктік кешендерін су басу қаупі туындайды.

Балалардың бос уақытына арналған орынды құру, ШҚО Зырян ауданы Тұрғысын ауылының архитектуралық бейнесін жақсарту мақсатында баалар ааңы мен тренажерлі кешен орнату қажеттігі туралы шешім қабылданды.

Аталған жобаны іске асыру балалардың физикалық даумына жағдай жасайды, қарым-қатынас аймағын кеңейтеді, селолық округтің архитектуралық бейнесін жақсартады, ауылға дербестік береді, ауыл қонақтары мен келушілерінде жақсы әсер қалдырады.

Аталған жобаны іске асыру үшін 1576,0 мың (бір миллион бес жүз жетпіс алты мың теңге) теңге көлемінде қаржы бөлуге бюджеттік өтінім берілді.

Тұрғысын селосында көшені жарықтандыру пайдалануға берілген күннен бастап жөнделмеген, ағаш тіректер шіріген, жарамсыз болып қалған, қазіргі тұрғандары ескірген. Криминогендік ахуалды жақсарту, ЖКО санын азайту, ауылдың эстетикалық бейнесін жақсарту мақсатында 2013 жылы Краснознаменная, Студенческая және Молодежная көшелері бойынша 12370 мың теңге сомаға көшені жарықтандыруды қалпына келтіру жоспарлануда.

2013 жылы Тұрғысын ауылының сәулет келбетін жақсартуға бағытталған, құрамына абаттандыру, скверді көгалдандыру мен обелиск орнату, фонтанды орнату, Тұрғысын а. клубының аумағын абаттандыру кіретін сомасы 11457,35 мың теңгелік жобаларды іске асыру жоспарланған, осының нәтижесінде ауылдың сәулет келбеті едәуір жақсаратын болады.

Аталған жобаларды іске асыру үшін 11458,0 мың теңге сомасына бюджеттік өтінім берілді.

Бастапқыда ауылдың 6 көшесін жөндеу жоспарланған, алайда бюджетті нақтылағаннан кейін ақша тек қана Бухтарминская көшесіне орташа жөндеу жасауға бөлінді, бұндау таңдау көшенің ауыл орталығы арқылы өтетінімен, келешекте темір жол вокзалы мен клуб сияқты әлеуметтік маңызды нысандарға өту үшін пайдаланылатынымен негізделген, көшедегі жөндеу жұмыстары ауылдың орталық алаңын да қамтитын болады.

Сонымен қатар 2012 жылы «Тұрғысын орта мектебі» ғимаратының қасбеті мен терезелерін 9813,0 мың теңге сомасына жөндеу жоспарланған.

Аталған жобалар «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша іске асырылатын болады, осы бағдарламаға сәйкес қойылған міндеттерді іске асыруға қажетті жұмысшылардың 50%-ы Зырян ауданы бойынша тіркелген жұмыссыздардың есебінен құрылуы қажет. Осылайша біздің ауылымыздың тұрғындарында тұрақты жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндік бар. Арнайы дағдыларды алу үшін «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 26 мамандық бойынша қысқа мерзімді тегін курстар ұйымдастырылған.

Сонымен қатар судың қоры туралы негіздеме алынғаннан кейін 2013 жылы Тұрғысын ауылының орталықтандырылған сумен қамту желілерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттаманың әзірленуі басталатын болады.


Есеп беру баяндамасын қорытындылай келе Тұрғысын ауылының барлық тұрғындарын ауылды абаттандыруға белсенді қатысуға, әр менщік иесін бар күштерін салып, өз үй-жайларының қасбеттерін жақсартуға, аумақтарды санитариялық тазалауға шақырғым келеді.

Біздің ауылымыз республикалық маңызы бар жолдың бойында орналасқан, осы жол арқылы туристер, жақын және алыс шетелден келген қонақтар жиі жүреді. Өз үйлерімізді, қашаларымыз бен шатырларымызды жөндей алмайды деп ешкім айтпайтында етіп жасауымыз керек. Бірігіп ауылдың келбетін жақсартуымыз керек. Өйткені мемлекет сіздер қолдамасаңыздар өмірлеріңізді жақсарта алмайды. Патриоттық сезімдеріңізді оятып, ауылдарыңмен мақтанатындай дәрежеге жету үшін бар күш-жігерлеріңізді салыңыздар!


Осымен баяндамам аяқталды, назарларыңызға рахмет!


Тұрғысын селолық округының әкімі В. Клиновицкий

Похожие:

Тұрғысын селолық округінің әкімі Вячеслав Евгеньевич Клиновицкийдің ауылдың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы iconКішкенекөл селолық округінің әкімі – Сейтуаров Азамат Көшербайұлы: Кішкенекөл селолық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы
Кішкенекөл селолық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен
Тұрғысын селолық округінің әкімі Вячеслав Евгеньевич Клиновицкийдің ауылдың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы iconАуданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының тезистері
Ауданымыздың 2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық үрдісінің негізгі бағыттары төмендегідей
Тұрғысын селолық округінің әкімі Вячеслав Евгеньевич Клиновицкийдің ауылдың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы iconБұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе
Ауданның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы «27» тамыздағы...
Тұрғысын селолық округінің әкімі Вячеслав Евгеньевич Клиновицкийдің ауылдың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы iconЕсеп баяндамасы
...
Тұрғысын селолық округінің әкімі Вячеслав Евгеньевич Клиновицкийдің ауылдың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы iconШу ауданының әкімі І.Ә. Тортаевтың ауданның 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебі

Тұрғысын селолық округінің әкімі Вячеслав Евгеньевич Клиновицкийдің ауылдың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы iconОтчет акима Сандыктауского района Суюндикова К. О
Сандықтау ауданының әкімі Қ. О. Сүйіндіковтің аудандық мәслихаттың ХХ сессиясындағы ауданның 2010 жылғы 1 жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық...
Тұрғысын селолық округінің әкімі Вячеслав Евгеньевич Клиновицкийдің ауылдың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы iconТезисы глуховка ауылдық округінің 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2015 жылға міндеттері туралы округ әкімінің есебі
Глуховка ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде айтылған сын ескертпелері
Тұрғысын селолық округінің әкімі Вячеслав Евгеньевич Клиновицкийдің ауылдың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы iconКөктерек селолық округінің әкімі – Смайылов Орынбай Жанбыршыұлы
Жолының-Бостандық, Бірлік, Тұрақтылық, Өркендеу секілді арқаулық құндылықтары қалыптастырылды. Түбегейлі саяси өзгерістер, ауқымды...
Тұрғысын селолық округінің әкімі Вячеслав Евгеньевич Клиновицкийдің ауылдың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы icon«Ашық есік» күні жасаған Қайнарбұлақ селолық округінің әкімі Есенғабылов Мейрам Қабдікәрімұлының
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауы
Тұрғысын селолық округінің әкімі Вячеслав Евгеньевич Клиновицкийдің ауылдың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы iconҰлан ауданының әкімі С. Т. Төленбергеновтің 2011 жылдың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2012 жылға міндеттері туралы есебі Құрметті кент ауылдық
Сіздерге 2011 жылда атқарылған жұмыстар туралы ой бөлісіп, алдағы жұмыстар туралы бөліскім келеді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница