Скачать 284.59 Kb.
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қаржы-экономикалық факультеті Экономика кафедрасы 5В050600 «Экономика» мамандығының студенттеріне арналған «Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) Павлодар
БЕКIТЕМIН Қаржы-экономика факультетінің деканы ____________ Т.Я.Эрназаров 2012ж. __________ «___» Құрастырушы: аға оқытушы Махамбетова А. А. _________ Экономика кафедрасы 5В050600 «Экономика» мамандығының студенттеріне арналған «Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі» пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus) Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген. 2012ж. «__» _________ кафедра отырысында ұсынылды № __ хаттама Кафедра меңгерушісі ___________ Кунязова С.К. 2012ж. «____»__________ Қаржы – экономикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2012ж. «__» ___________ № __ хаттама ОӘК төрайымы ___________ А.Б. Темиргалиева 2012ж. «____»______________
Махамбетова Асима Аманбаевна – Экономика кафедрасының доценті (дәріс, тәжрибелік сабақтар, СӨЖ) Кеңес беру кестеге сәйкес (ауд. 419) қабылданады. тел. 67-36-43 (1193) 2. Пән туралы мәліметтер Атауы: «Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі» кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі элементтерін оқып-үйренуі және оларды белгілі шетелдік пен отандық фирмалардың қызметінде пайдаланудың тәжірибелік дағдыларын меңгеру болып табылады Сабақ өткізу орны – кестеге сай жүргізіледі. Пән бойынша бақылау нысаны – емтихан. 3. Пәннің еңбек сыйымдылығы
4. Пәннің мақсаты және міндеттері «Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі» пәнін оқыту мақсаты – студенттердің теориялық қағидаларды, кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі элементтерін оқып-үйренуі және оларды белгілі шетелдік пен отандық фирмалардың қызметінде пайдаланудың тәжірибелік дағдыларын меңгеру болып табылады. 5. Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар:
Бұл пәнді оқып-үйрені нәтижесінде студенттер мыналарды білуі керек:
Пәнді оқып-үйрені нәтижесінде студенттер мыналарды істей білуі керек:
6. Пререквизиттер Бұл пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқып-үйрену кезінде алған білім, әдіс-дағдылар қажет: «Экономикалық теория», «Экономикалық саясат», «Макроэкономика», «Микроэкономика», «Менеджмент теориясы және тәжірибесі», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Құқық негіздері». 7. Постреквизиттер Бұл пәнді меңгеріп, оқып-үйрену кезінде алған білімдері өндірістік тәжрибе өту кезінде және дипломдық жұмыс жазу кезігнде өте қажет болады. Пәннің тақырыптық жоспары
Пәннің қысқаша сипаттамасы «Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі» пәнін оқыту мақсаты –өндірісті тиімді және ұтымды ұйымдастыру мәселелері бойынша студенттерге теориялық білім беру және оны іс жүзінде қолдануды үйрету. Қазақстан Республикасының агробизнеске қатысты заңдарын, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының және олардың бірлестіктерінің экономикалық-ұйымдастыру негіздерін, өндірісті мамандандыру мен жоспарлауды, жерді және басқадай өндіріс құралдарын ұтымды пайдалану жолдарын, өндірістің жан-жақты байланыстылығын, яғни, техникасын, технологиясын және оны ұйымдастыруды, еңбекті ұйымдастыруды, мөлшерлеу мен ақы төлеудің ғылыми негіздерін, ауыл шаруашылығы салаларының қызметтерін талдау әдістерін жете білге тиіс. Курстың компоненттері Дәріс сабақтардың мазмұны 1 тақырып Елдің экономикасын әлемдік шаруашылыққа біріктіру Сыртқы экономикалық саланы реформалау – экономиканы әлемдік шаруашылыққа біріктіру негізі. Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық қызметтің қазіргі жағдайы. Сыртқы экономикалық қызметті дамытудың негізгі кезеңдері. Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы экономикалық қызмет: түсінік, мазмұны және өзара байланыс. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілері. 2 тақырып. Сыртқы экономикалық қызметті басқару СЭҚ басқару: мазмұны, қағидалары, функциялары, әдістері. Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру. Аймақтық деңгейде сыртқы экономикалық саланы басқару. Қабылданған стратегия мен нарықтардағы бәсекелес ұстаным ерекшеліктерін ескере отыра, кәсіпорын деңгейінде СЭҚ басқаруды ұйымдастыру. 3 тақырып. Сыртқы экономикалық қызметті жоспарлау Жоспарлау мазмұны және қағидалары. Кәсіпорын жоспарларының құрылымы. Жоспарлау түрлері. Сыртқы экономикалық қызметті жоспарлау көрсеткіштері. 4 тақырып. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу негіздері Мемлекеттік реттеу мәні және әдістері, сыртқы экономикалық қызметті қолдау. СЭҚ мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі. СЭҚ реттеудің кедендік-тарифтік және тарифтік емес әдістері. Салықтық реттеу, лицензиялау, квоталау, сертификттау, валюталық реттеу және валюталық бақылау. Экспорттаушыларды арнайы қолдау: ақпараттық, консультациялық, маркетингтік, техникалық көмек. 5 тақырып. Халықаралық коммерциялық операциялар Халықаралық коммерциялық операциялардың мәні. Шетелдік серіктестермен мәмілелер ұйымдастыру, халықаралық сауда мәмілелерін жіктеу. Халықаралық саудадағы контрагенттер. Контрагент санаттары. Фирмалар. Шаруашылық қызметінің түрі және атқаратын операциялары бойынша фирмалардың жіктелуі: өнеркәсіптік, сауда, көлік, сақтандыру, көлік-экспедиторлық, инжинирингілік, туристік, жалгерлік, жарнамалық және т.б. Құқықтық жағдайы бойынша фирмалардың жіктелуі: жекеше кәсіпорындар және кәсіпкерлер бірлестігі (толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі жектеулі серіктестік, акционерлік қоғам). Меншіктік сипаты бойынша фирмалардың жіктелуі: жеке, мемлекеттік, кооперативтік. Капитал мен бақылау бойынша фирмалардың жіктелуі: ұлттық, шетелдік, аралас. 6 тақырып. Шетелдік фирмалар қызметінің негізгі көрсеткіштері Фирмалар есептемесі: жылдық есеп, қаржылық есеп, баланс, пайда мен залал шоты. Қаржылық есептеме салыстырымдылығы мәселелері. Фирманы сипаттаушы көрсеткіштер: абсолюттік деректер, салыстырмалы деректер. Фирманың экономикалық әлуетінің көрсеткіштері. Фирма қызметінің тиімділігі көрсеткіштері. Фирманың бәсекелестікке қабілеттілік көрсеткіштері. Фирманың қаржылық жағдайының көрсеткіштері. 7 тақырып. Сыртқы экономикалық мәмілелер тиімділігі Экономикалық тиімділік: теориялық және әдіснамалық аспектілер. Сыртқы сауда мәмілелерін анықтау әдістемесі. «Сыртқы сауда мәмілесі» ұғымын анықтау. Сыртқы сауда мәмілелерін дайындау. Сыртқы сауда мәмілелерінің негізгі түрлері және белгілері. Халықаралық сауда тәжірибесіндегі коммерциялық операцияларды жүзеге асыру әдістері, олардың мәні. Сыртқы сауда және сыртқы экономикалық қызмет. Реэкспорттау жағдайларының туындауының коммерциялық тәжірибесі. «Кездесу мәмілесі» ұғымы. Халықаралық тәжірибедегі кездесу мәмілелерінің жіктелуі. Халықаралық өтемдік мәмілелер түрлері. |
![]() | Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы | ![]() | Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы |
![]() | Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы | ![]() | Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы |
![]() | Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы | ![]() | Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы В080200 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығының студенттеріне арналған |
![]() | Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру» мамандығының студенттеріне арналған | ![]() | Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы |
![]() | Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы | ![]() | Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы В080700 «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандық студенттеріне арналған |