"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар




Название"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
страница6/30
Дата конвертации14.02.2016
Размер3.53 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://stepnogorsk.gov.kz/public/files/2015/11/10/101115_163218_biznes-ghol-kartasy-2020.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
      Индустриялық аймақтарды дамыту



      145. Индустриялық аймақтың аумағында өндірістік мақсаттағы (өндірістік, қойма және әкімшілік үй-жайлар), әлеуметтік қызметтерді көрсету объектілері (қоғамдық тамақтандыру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, коммуналдық қызметтер көрсету орындары), банктік қызметтерді көрсету объектілері орналастырылады.




      146. Индустриялық аймақтарды құрудың негізгі міндеттері:




      1) өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерліктің жедел дамуына жәрдемдесу;




      2) жаңа өндірістердің инфрақұрылымын құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды оңтайландыру;




      3) өндіріс тиімділігін арттыру;




      4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.




      147. Индустриялық аймақтар:




      1) өндіріске арналған ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелері;




      2) кәсіпкерге, оның ішінде тоқтап тұрған, консервацияланған немесе жұмыс істемейтін өндірістердің өндірістік инфрақұрылымымен бірге жалға беру немесе сату үшін дайын өндірістік үй-жайлар;




      3) құрылысқа арналған жер учаскелері, сол сияқты өндірістік үй-жайлары да бар кешенді индустриялық аймақтар түрінде құрылады.




      148. Индустриялық аймақ аумағының шекарасына дейін және оның ішінде инфрақұрылымды жеткізу бюджеттік заңнамаға сәйкес жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландырыла отырып, республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.




      149. Индустриялық аймақтарды құру бойынша қаржыландыруды уәкілетті орган индустриялық аймақтарды дамытудың бизнес-жоспарларын конкурстық негізде іріктеу қорытындылары бойынша және қолданыстағы заңнамаға сәйкес құжаттардың толық пакеті болған жағдайда жүзеге асырады.




      150. Индустриялық аймақтарды құру ИИДМБ-да айқындалған өңірлік мамандануға, жергілікті кәсіпкерліктің мүмкіндіктеріне сәйкес жүзеге асырылады.




      151. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай критерийлерге сәйкес келетін индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобалары үшін жүзеге асырылады:




      1) жобаға салынатын инвестициялар көлемі 10 млрд. теңгеден кем болмайды;




      2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 2 млрд. теңгеден кем болмайды.




      Бұл ретте жобалардың жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу критерийлеріне сәйкестігі ӨҮК шешімімен расталуға тиіс.




      152. Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобасы құнының 50%-ынан аспауға тиіс.




      153. Бағдарламаның 151-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес келмейтін индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобаларына инфрақұрылымды жеткізу жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.




      154. Бұл ретте жетіспейтін инфрақұрылымдарды жеткізу критерийлеріне сәйкес келетін индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобаларына инфрақұрылымды жеткізу жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен де жүзеге асырылуы мүмкін.




      155. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобасын әзірлейді және оны ӨҮК қарауына жібереді. Жоба Бағдарламаның критерийлеріне, сондай-ақ ИИДМБ-да айқындалған өңірлік мамандануға, жергілікті кәсіпкерліктің мүмкіндіктеріне сәйкес келген жағдайда, ӨҮК оң шешім шығарады.




      156. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК-нің оң шешімін алғаннан кейін бюджеттік заңнамаға сәйкес құжаттардың толық пакетін қоса бере отырып, индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобасын уәкілетті органның және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органның қарауына жібереді.




      157. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган өтінім келіп түскен кезден бастап 1 (бір) ай ішінде уәкілетті органға индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобасының ИИДМБ-ға сәйкестігі туралы қорытындыны жібереді. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган 1 (бір) ай ішінде қорытынды бермеген жағдайда, ол оң шешіммен берілді деп саналады.




      158. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері бюджеттік заңнамаға сәйкес жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге арналған бюджеттік өтінімді, оның ішінде құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салық түсімдері, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске асыру қорытындысы бойынша өнім өндірісінің көлемі туралы болжамды ақпарат береді.




      159. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органның қорытындысын есепке ала отырып, уәкілетті орган өтінім келіп түскен кезден бастап 2 (екі) ай ішінде индустриялық аймақтың жобасын қаржыландыру туралы шешім қабылдайды және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін қабылданған шешім туралы хабардар етеді.




      160. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (бұдан әрі - ӘКК) индустриялық аймақтардың операторы болып табылады.




      161. Индустриялық аймақтар операторының функцияларына мыналар жатады:




      1) индустриялық аймақтарға қатысушыларды тарту;




      2) инфрақұрылым объектілерін салу үшін инвестициялар тарту және индустриялық аймақты қаржыландыру мәселелерін шешу;




      3) жер учаскелерін жерді қайтадан пайдалануға (қосалқы жалға) беру және инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру;




      4) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасасу, оларды бұзу және олардың талаптарының орындалуын мониторингтеу;




      5) индустриялық аймақ қызметін қамтамасыз ету және қолдау.




      162. ӘКК операторлық қызметтеріне ақы төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.




      163. ӘКК индустриялық аймақтарды тиімді басқару мақсатында басқарушы компаниялар, оның ішінде жергілікті және шетелдік тысқары ұйымдарды тарта отырып, құра алады.




      Үшінші бағыт: кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін

төмендету



      164. Үшінші бағыт банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың қолданыстағы кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін ұлттық және шетелдік валютада субсидиялауды көздейді.




      165. Қызметін Бағдарламаға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне кәсіпкер өтінім берердің алдындағы алты айдағы ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде валюталық пайдасы бар кәсіпкерлер Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушы бола алады.




      166. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен аффилирленген тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарттары бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.




      167. 750 млн. теңгеден 4,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қазіргі жұмыс орындарна қатысты кемінде 10% жаңа (тұрақты) жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады.




      168. Бұл ретте, жаңадан құрылатын жұмыс орындарының 50%-ын халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жастар үшін құру ұсынылады.




      169. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі ӨҮК шешімі бойынша 6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.


      Ескерту. 169-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2015 № 368 қаулысымен.



      170. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК мақұлдаған жобалары субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен басқа банктерде/лизингтік компанияларда (Даму банкінде) қайта қаржыландырылуы мүмкін.


      Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредит беруші банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.




      171. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау банктердің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 14%-дан аспайтын, оның 6%-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте, банк:




      1) кредит беру шарттарының өтініш берушінің бастамасымен өзгеруіне байланысты;




      2) өтініш берушінің кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатындарын қоспағанда, кредитке байланысты ешқандай комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.




      172. Егер Банк кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14%-дан кем болған жағдайда, оның 8%-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.




      173. Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау 5%-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13%-дан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.




      174. Бұл ретте Даму банкі:




      1) кредит беру шарттарының өтініш берушінің бастамасымен өзгеруіне байланысты;




      2) өтініш беруші кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.




      175. Лизингтік компаниялардың/банктің/Даму банкінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 14%-дан аспайтын, оның 7%-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржылық лизинг шарттары бойынша да субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте лизингтік компания/банк/Даму банкі:




      1) қаржылық лизинг шарты талаптарының борышкердің бастамасымен өзгеруіне;




      2) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықтарды алып тастауға;




      3) қаржылық лизинг шартын (кедендік тазарту, лизинг нысанасын арнайы органдардың тіркеу қызметтері, банктердің көрсетілетін қызметтері және т.б. сияқты тысқары ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін өтеу) орындауға байланысты;




      4) кәсіпкердің қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерін бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, қаржылық лизинг шартын жасасумен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.




      176. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/Даму банкі/лизингтік компания ағымдағы қаржы жылында бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қайтарып береді.




      177. Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толықтыруға және/немесе қайта қаржыландыруға берілген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.




      178. Бұл ретте қалпына келтірілетін негізде айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттерді субсидиялауға рұқсат етіледі. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге берілген кредит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға берілген кредитті қалпына келтіру мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.




      179. Сыйақы мөлшерлемесі құбылмалы кредиттер де субсидиялауға жатады. Бұл ретте сыйақының пайыздық мөлшерлерлемесі Бағдарламада белгіленген шекті мәндерден асып кеткен жағдайда, осы кредит бойынша субсидиялау шартының қолданысы тоқтатылады.




      180. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 12%-дан аспайтын, оның 5%-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін Банктің валюталық стандартты кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.




      181. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Даму банкі сыйақы мөлшерлемесін 11%-ға дейін төмендететін, оның 4%-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін Даму банкінің валюталық стандартты кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.




      182. Оң бағамдық айырма туындаған жағдайда, ол болашақ субсидиялардың есебіне жатқызылады, ал теріс бағамдық айырма жағдайында - өтеу қарыз алушыға жүктеледі.




      183. Субсидиялар сомаларын қаржы агенттігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі субсидиялар сомаларын аудару күніне белгілеген бағам бойынша теңгемен төлейді.




      184. Бағдарламаның үшінші бағытының шеңберінде банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың ұлттық және шетелдік валютадағы қолданыстағы кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарламаның шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.




      Төртінші бағыт: кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес

шаралары



      185. Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мынадай функционалдық бағыттар бойынша мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуді көздейді:




      1) кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;




      2) кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту;




      3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;




      4) іскерлік байланыстарды кеңейту.




      186. Осы бағыттардың шеңберінде қаржылай емес қолдаудың мынадай құралдарын ұсыну көзделеді:




      1) «кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету» функционалдық бағыты бойынша:


      «Бизнес насихат» құрауышы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру;


      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру;


      агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін (бұдан әрі - АӨК субъектілері) мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру;




      2) «кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту» функционалдық бағыты бойынша:


      кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту;


      кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру;


      жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету;


      рұқсат құжаттары мен техникалық шарттар алу мәселелері бойынша консультациялар беру;




      3) «кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру» функционалдық бағыты бойынша:


      жаңа басқару әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу, кәсіпорындардың өнімділігі мен энергия үнемділігін арттыру мәселелері бойынша сырттан консультанттарды тарту;


      кәсіпорындарды технологиялық дамыту;




      4) «іскерлік байланыстарды кеңейту» функционалдық бағыты бойынша:


      шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату;


      отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді алға жылжыту.




      187. Жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа қаржылай емес қолдау көрсету қаржылай емес қолдау құралдарының белгіленген тетіктеріне сәйкес жүзеге асырылады.




      188. Кәсіпкерлік әлеуетті күшейтудің функционалдық бағыттарын іске асыру кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы шеңберінде мынадай қағидаттарды сақтау арқылы жүзеге асырылады: жеке кәсіпкерлік субъектілеріне «бір терезе» арқылы қызмет көрсету, қайталауды жою, қағидалар мен талаптарды жеңілдету және оңтайландыру, белгіленген рәсімдер мен регламенттерді автоматтандыру.




      189. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына:




      1) облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Семей, Түркістан қалаларындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары;




      2) моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы кәсіпкерлікті қолдау орталықтары;




      3) ауылдар мен кенттер деңгейінде кәсіпкерлікті қолдаудың ұтқыр орталықтары;




      4) бизнес-инкубаторлар кіреді.




      190. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - КҚКО) - бұл жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарының жанында құрылған және/немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсіпкерлер палаталарының жанында, жергілікті бюджет қаражаты болған кезде жергілікті атқарушы органдарда құрылатын инфрақұрылымдық кешен.




      191. КҚКО көрсетілетін қызметтері жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ұсынылады.




      192. КҚКО құру мақсаттары:




      1) кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын танымал ету;




      2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша ақпараттық, консультациялық көмек көрсету және оқыту;




      3) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктің орнықты дамуына жәрдемдесу.




      193. КҚКО функциялары:




      1) жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;




      2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша консультациялық қызметтер көрсету;




      3) жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қаржылай емес қолдау бағыттарын іске асыру;




      4) жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтан қаржылай емес қолдау құралдарын алуға өтінімдер жинау;




      5) қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру.




      194. КҚКО-ны ұстауға және оның қызмет етуіне арналған шығындарды қаржыландыру қаржы агенттігінің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.




      195. КҚКО қызметтерін ұсыну тетігі:




      1) қаржы агенттігі мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру үшін КҚКО операциялық залында консультанттарды орналастыру үшін қаржылай емес қолдау операторымен өзара ынтымақтастық туралы келісім жасасады;




      2) мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру қаржылай емес қолдау құралдарының белгіленген тетігі бойынша жүзеге асырылады;




      3) қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын есепті тоқсанға дейінгі айдың 10-на дейін мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру шеңберінде КҚКО базасында алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының кестесін жасайды және қаржы агенттігімен келіседі;




      4) Қаржы агенттігі КҚКО базасында өзге де білім беру бағдарламаларын, тренингтерді, мастер-кластарды өткізе алады, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған дөңгелек үстелдер мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыра алады.




      196. Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары (бұдан әрі - КҚО) - бұл базасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін оқыту, ақпараттық қамтамасыз ету, консультациялық және маркетингтік қызметтер көрсету, олардың жобаларына экономикалық және технологиялық сараптама жүргізу жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық кешен.




      197. КҚО құру мақсаттары:




      1) кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын танымал ету;




      2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша ақпараттық, консультациялық көмек көрсету және оқыту;




      3) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктің орнықты дамуына жәрдемдесу.




      198. КҚО қызметтері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа өтеусіз негізде ұсынылады.




      199. КҚО облыстардың кәсіпкерлер палаталары филиалдарының жанында, моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында құрылады.




      200. ҚҚО функциялары:




      1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;




      2) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне «бір терезе» арқылы қызмет көрсету, қайталауды жою, қағидалар мен талаптарды жеңілдету және оңтайландыру, белгіленген рәсімдер мен регламенттерді автоматтандыру қағидаттарын сақтай отырып, мемлекеттік қаржылық емес қолдау шараларын көрсету;




      3) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыру;




      4) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтан қаржылай емес қолдау құралдарын алуға өтінімдер жинау;




      5) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша консультациялық қызметтер ұсыну;




      6) қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру.




      201. КҚО-ның қызмет етуіне және дамуына арналған шығындарды қаржыландыру уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында өтеулі қызметтерді көрсету туралы шартқа қол қою арқылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.




      202. КҚО көрсетілетін қызметтерін ұсыну тетігі:




      1) уәкілетті орган мен оператор моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында КҚО-ның қызмет етуі мен дамуына арналған шығындарға өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт жасасады;




      2) оператор уәкілетті органмен жасалған өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт шеңберінде:




      КҚО үшін консультанттарды;




      КҚО консультанттарын тиісті функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құралдармен;




      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қаржылай емес қолдаудың функционалдық бағыттарын іске асыруды қамтамасыз етеді.




      203. Қаржылай емес қолдау операторы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа қаржы жылының 12 айы бойы КҚО қызметтерін үзіліссіз көрсетуді қамтамасыз етеді.




      204. Уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалатын өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт күшіне енгенге дейін қаржылай емес қолдау операторы көрсеткен КҚО қызметтерін уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына арналған өтеулі қызметтер көрсету туралы жасалған шарт шеңберінде өтейді.




      205. Кәсіпкерлікті қолдаудың ұтқыр орталықтары (бұдан әрі - КҚҰО) - бұл ауылдық елді мекендердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқына кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары бойынша көшпелі ақпараттық және консультациялық қызметтер ұсынуға бағытталған қаржы агенттігінің арнайы жабдықталған автобустары.




      206. КҚҰО құру мақсаттары:




      1) ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдарын танымал ету;




      2) ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті ашуға ынталандыру;




      3) КҚҰО қызметтері ауылдық елді мекендердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқына өтеусіз негізде ұсынылады.




      207. КҚҰО функциялары:




      1) ауылдық елді мекендердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халқын кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар ету;




      2) кәсіпкерлік қызметті ашу және оны жүргізу бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтерді ұсыну;




      3) қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру;




      4) кәсіпкерлік әлеуетті дамыту, кәсіпорындардың жетекші мамандары мен топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру бағыты бойынша қатысуға өтінімдер жинау;




      5) жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қызметтер көрсету.




      208. КҚҰО ұстауға және оның қызмет етуіне арналған шығындарды қаржыландыру қаржы агенттігінің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.




      209. КҚҰО көрсетілетін қызметтерін ұсыну тетігі:




      1) Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын қаңтардың 20-на дейінгі мерзімде қаржы агенттігімен және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілерімен келісім бойынша КҚҰО-ның ауылдық елді мекендерге шығу кестесін жасайды;




      2) қаржы агенттігімен және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілерімен келісілген КҚҰО-ның құрамында Қаржылай емес қолдау операторының ауылдық елді мекендерге шығу кестесі келісілгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қаржылай емес қолдау операторы мен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс;




      3) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері ауылдық елді мекендердің халқын консультациялар өткізілгенге дейін бір ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарына тиісті ақпарат орналастыру арқылы КҚҰО-ның консультацияларды жүргізу күні мен уақыты туралы хабардар етеді;




      4) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері қажет болған кезде ауылдық елді мекендерде консультацияларды ұсыну үшін қосымша үй-жайларды қамтамасыз етеді;




      5) КҚҰО-ның ауылдық елді мекендерге шығуы тиісті қаржы жылының наурызынан желтоқсанына дейінгі аралығын қоса алғанда жүзеге асырылады;




      6) Қаржылай емес қолдау операторы КҚҰО үшін консультанттарды ұсынады;




      7) Қаржылай емес қолдау операторы КҚҰО базасында бару және консультациялар беру үшін консультанттарды ұсынуға өзге де даму институттарымен келісімдер жасасады.




      210. Бизнес-инкубатор - бұл шағын кәсіпорындарға ресурстар мен көрсетілетін қызметтер кешенін ұсыну арқылы олардың қалыптасуы мен табысты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған қолдау құралы.




      211. Бизнес-инкубаторларды құру мақсаттары:




      1) шағын кәсіпорындардың қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;




      2) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық белсенділігін арттыруға жәрдемдесу.




      212. Бизнес-инкубаторлардың функциялары:




      1) конкурстық негізде шағын кәсіпкерлік субъектілерін тарту;




      2) бизнес-инкубаторда орналастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу және олармен өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу;




      3) ісін жаңа бастаған шағын кәсіпорындарды консалтингтік сүйемелдеуді жүзеге асыру;




      4) қаржылық құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен, оның ішінде жобаларды тәуекелмен қаржыландыру институттарымен өзара іс-қимыл жасасу арқылы әлеуетті инвесторларды іздеу;




      5) ақпараттық және сарапшылық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету;




      6) тәжірибе алмасу мақсатында табысты компаниялардағы тағылымдамаларды, әртүрлі тақырыптар бойынша тренингтерді, форумдарды қоса алғанда, оқыту семинарларын ұйымдастыру;




      7) шағын кәсіпорындар үшін мамандарды іздеу мен жалдауға жәрдемдесу;




      8) бизнес-инкубаторда шағын кәсіпорындарды дамыту туралы ақпараттық-талдамалық деректер қорын қалыптастыру.




      213. Бизнес-инкубаторлар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация немесе жергілікті атқарушы органдар немесе моноқалалар мен шағын қалаларда кәсіпорындар ұсынған алаңдар базасында құрылады. Бизнес-инкубатордағы үй-жайды/аумақты жалға алу мерзімі әрбір кәсіпкерлік субъектісі үшін үш жылдан аспайды.




      214. Бизнес-инкубаторларды құруды және дамытуды әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (бұдан әрі - ӘКК) жүзеге асырады.




      ӘКК қызметтеріне мыналар жатады:




      1) бизнес-инкубаторларды дамытудың бизнес-жоспарын әзірлеу;




      2) бизнес-инкубаторға қатысушыларды тарту;




      3) инвестициялар тарту және бизнес-инкубатор қызметін қаржыландыру мәселелерін шешу;




      4) бизнес-инкубатор үй-жайларын жалға (қосалқы жалға) беру;




      5) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасау, бұзу және олардың талаптарының орындалуын мониторингтеу;




      6) бизнес-инкубатор қызметін қамтамасыз ету және қолдау.




      215. Бизнес-инкубаторларды құру және дамыту бойынша ӘКК операторлық көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері мен ӘКК арасында бизнес-инкубаторларды құру және дамыту бойынша өтеулі қызметтер көрсету туралы жасалған шарттың негізінде жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Похожие:

\"Бизнестің жол картасы-2020\" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, \"Бизнестің жол картасы 2020\" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар icon«Бизнестің жол картасы 2020»
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру»
\"Бизнестің жол картасы-2020\" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, \"Бизнестің жол картасы 2020\" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру»
\"Бизнестің жол картасы-2020\" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, \"Бизнестің жол картасы 2020\" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру»
\"Бизнестің жол картасы-2020\" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, \"Бизнестің жол картасы 2020\" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік...
\"Бизнестің жол картасы-2020\" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, \"Бизнестің жол картасы 2020\" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру

\"Бизнестің жол картасы-2020\" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, \"Бизнестің жол картасы 2020\" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар iconГүлден Жамбылова
Бүгінде мемлекетіміз жастар мәселесіне баса назар аударып отыр. Қай саланы қарасақ та, айбыны асып, күш-жігері тасыған жалынды жандар...
\"Бизнестің жол картасы-2020\" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, \"Бизнестің жол картасы 2020\" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
\"Бизнестің жол картасы-2020\" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, \"Бизнестің жол картасы 2020\" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар icon«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының
Аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданып, оның ішінде 173 жоба бойынша 11,5 млрд теңге көлемінде несиеге субсидиялау келісім шарты...
\"Бизнестің жол картасы-2020\" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, \"Бизнестің жол картасы 2020\" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Бағдарламаның атауы
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
\"Бизнестің жол картасы-2020\" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, \"Бизнестің жол картасы 2020\" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар iconҚазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін және бағалы қағаздар нарығын дамыту жөніндегі жол картасы
«Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін және бағалы қағаздар нарығын дамыту жөніндегі жол картасы» бағдарламасын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница