"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар




Название"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
страница14/30
Дата конвертации14.02.2016
Размер3.53 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://stepnogorsk.gov.kz/public/files/2015/11/10/101115_163218_biznes-ghol-kartasy-2020.doc
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
      «Отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді

ілгерілету» құралы



      378. «Отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілету» құралы қазақстандық кәсіпкерлердің кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға, шет мемлекеттердің кәсіпорындарымен іскерлік байланыстар орнатуға, қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілетуге бағытталған.




      379. «Отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілету» құралы тізбеде көзделген отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді ілгерілететін, сондай-ақ мынадай критерийлерге сай келетін:




      1) Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (КО СЭҚ БТН) белгілерінің 6 және одан көп деңгейіндегі тауар позицияларына сәйкес келетін өнім мен тізбеге қосылған көрсетілетін қызметтердің бір бөлігін немесе бәрін өндіруді немесе өткізуді жүзеге асыратын;




      2) өз өнімін ілгерілету бойынша:




      тізбеде көзделген өнімді, көрсетілетін қызметтерді ілгерілетуге байланысты шығындар түрлеріне жататын;




      индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге дейін 2 (екі) жылдай аспайтын уақытта шеккен шығындар туралы мәліметтері бар индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне ұсынылады.




      380. «Отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілету» құралы шеңберінде отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілету кезінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шеккен шығындардың бір бөлігін өтеу ұсынылады.




      381. Отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілету кезінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шеккен шығындардың бір бөлігі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттар үшін көзделген қаражат шегінде өтеледі.




      382. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның шешімімен бекітілетін Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында айқындалған шығындар түрлері бойынша жүргізіледі.




      383. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шеңберінде негізделген және құжаттамамен расталған шығындар өтеуге ұсынылған соманың 50%-ы мөлшерінде жанама салықтар (қосылған құн салығы мен акциздер) ескерілмей өтеледі. Өтелетін шығындар сомасына жанама салықтар (қосылған құн салығы мен акциздер) сомасы қосылмайды.




      384. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады. Бұл ретте шетелдік валютада жұмсалған шығындарды қайта есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күні қолданыста болған валюталар бағамы бойынша жүзеге асырылады.




      385. Шығындардың бір бөлігін өтеу тетіктері:




      1) құрауыш операторы бұқаралық ақпарат құралдарына кәсіпкер сай келуге тиіс талаптарды, өтінімдерді қабылдау орындарын, оларға қоса берілетін құжаттар тізбесін, сондай-ақ егжей-тегжейлі ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа сілтемені көрсетіп, өтінімдер қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады. Қаржылай емес қолдау операторы да мәтіні құрауыш операторы жариялаған хабарландырудың мәтініне сәйкес болуға тиіс бұл хабарландыруды өз есебінен орналастыра алады және өз бетінше консультациялық қолдау бере алады;




      2) өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар КҚКО-ға немесе құрауыш операторына құжаттар тізімдемесімен бірге қағаз жеткізгіштерде ұсынылады;




      3) құжаттар КҚКО-ға тапсырылған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы белгіленген талаптарға сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімдер мен оған қоса берілген құжаттардың толықтығы тұрғысынан қарайды және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды;




      4) өтінім мен қажетті қосымшалардың сәйкессіздігі туралы ақпаратты алғаннан кейін өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және өтінім мен қоса берілетін құжаттарды КҚКО-ға Қаржылай емес қолдау операторының қарауына қайта енгізеді;




      5) Қаржылай емес қолдау операторы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінім мен қоса берілген құжаттарды қайтадан қарауды жүзеге асырады және сәйкессіздіктер болмаған жағдайда, өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге құрауыш операторына жібереді. КҚКО-ға өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығы, заңнамаға және тізімдемеге сәйкестігі үшін жауапкершілік Қаржылай емес қолдау операторына жүктеледі;




      6) құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторы ұсынған өтінімді қоса берілген құжаттарымен бірге 2 (екі) жұмыс күні ішінде толықтығы тұрғысынан қарайды. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, құрауыш операторы өтінімді қараудан бас тартады және оны Қаржылай емес қолдау операторына қайтарады;




      7) құжаттар пакеті толық ұсынылған жағдайда, құрауыш операторы «Өнімділік - 2020» бағдарламасында көзделген тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады;




      8) берілген өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, құрауыш операторы өтініш берушіге уәжделген хабарлама жіберіп, бұл жөнінде Қаржылай емес қолдау операторын міндетті түрде хабардар етеді;




      9) ұсынылған өтінім мен оған қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкессіздігі анықталмаған жағдайда, құрауышты одан әрі іске асыру «Өнімділік - 2020» бағдарламасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады;




      10) құрауыш операторынан өтініш берушіге мемлекеттік қолдау көрсетуден бас тарту туралы хабарлама алған жағдайда, Қаржылай емес қолдау операторы кәсіпкердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру мақсатында құрауыш операторының шешімін негізділігі тұрғысынан қарайды.




      386. Өтініш беруші өтінімінің белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау құжаттардың толық тізбесінің негізінде жүзеге асырылады.




      387. Өтініш берушіден толық тізбеде көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.




      388. Құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушілер КҚКО арқылы берген өтінімдер бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу шарттары туралы ақпарат жібереді.




      389. Құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының құрауышты іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасауы құрауыш операторы мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында жасалған тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылады, оның шеңберінде құрауыш операторы Қаржылай емес қолдау операторының консультанттарын құрауышты іске асыру мәселелері бойынша дүркін-дүркін оқытуды жүзеге асырады.




      390. Құрауышты Қаржылай емес қолдау операторының тарапынан іске асыру Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады.




      Бағдарламаны іске асыру мониторингі



      391. Бағдарламаны іске асыру мониторингі оның нысаналы индикаторларына, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштеріне толық және уақтылы қол жеткізуді, Бағдарламаны іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы үнемі ақпарат алуды, сондай-ақ Бағдарламаны, оның ішінде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың сыртқы және ішкі құбылмалы факторларын ескере отырып, оның құралдары мен тетіктерін уақтылы өзектілендіруді қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.




      392. Бағдарлама мониторингі үш деңгейде жүргізіледі:




      1) статистикалық көрсеткіштерді талдау кәсіпкерлік санаттары, мемлекеттік қолдау түрлері, салалық және өңірлік тиесілілік бөлінісінде ұсынылатын қызметтер саны мен қолдау құралдарының тізбесі бойынша көрсеткіштерді жинау мен өңдеуге бағытталған;




      2) Бағдарлама құралдарын іске асыру сапасының аудиті Бағдарлама құралдарын алушылардың қанағаттануын, ұсынылатын мемлекеттік қолдау құралдарының жеткіліктілігі мен толықтығын бағалауды көздейтін Бағдарлама құралдарын іске асыру сапасын бағалауға бағытталған;




      3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті мемлекеттік қолдау құралдарының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік қызметінің түпкілікті сапасы мен нәтижелілігіне ықпалын субъективті бағалауға, сондай-ақ Бағдарлама құралдарының әлеуметтік, бюджеттік және экономикалық тиімділігін объективті бағалауға бағытталған.




      393. Бағдарламаны пайдаланушының портретін сипаттауға, кәсіпкерлік қызметінің нәтижелілігінің жақсаруын/нашарлауын экономикалық немесе басқарушылық тұрғыдан бағалауға, сондай-ақ қолдау құралдарын алу жылдамдығы мен сапасын анықтайтын Бағдарламаның ішкі факторларына баға беруге қабілетті кешенді талдамалық есеп мониторинг қорытындысы болып табылады.




      394. Мониторинг жүргізу үшін:




      1) ұлттық және ведомстволық статистика;




      2) Бағдарлама құралдарын алу кезінде толтырылатын бастапқы нысандар;




      3) кәсіпкерлердің көрсетілген қызметтер сапасына қанағаттануын бағалауға арналған нысандар;




      4) мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлерге телефон арқылы және тікелей сауалнама жүргізу;




      5) кәсіпкерлермен өткізілген семинарлар, кеңестер, кездесулер ақпарат көзі болып табылады.




      395. Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттары шеңберінде статистикалық көрсеткіштерді талдауды, сапа мен нәтижелілік аудитін қаржы агенттігі жүргізеді.




      396. Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде статистикалық көрсеткіштерді талдауды, сапа мен нәтижелілік аудитін Қаржылай емес қолдау операторы жүргізеді.




      397. Бағдарлама құралдарын іске асыру сапасының аудитін қаржы агенттігі мен Қаржылай емес қолдау операторы телефонмен және тікелей сауалнама өткізу арқылы жүргізеді. Сауалнама жүргізу үшін қаржы агенттігі мен Қаржылай емес қолдау операторы білікті мамандарды бөледі, олар қызметтерді ұсыну сапасының тікелей мониторингін жүзеге асырады. Тікелей сауалнама кәсіпкер толтыратын сауалнама парағының негізінде жүргізіледі.




      398. Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті статистикалық көрсеткіштерді талдау, Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасы аудитінің нәтижелері, оның ішінде Бағдарлама құралдарын пайдаланғаннан кейін өздері алған әлеуметтік, бюджеттік және экономикалық нәтижелерді көрсетіп, кәсіпкерлер есеп беретін семинарлар мен кездесулердің қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.




      399. Бір жылдық статистикалық көрсеткіштерді, сапа және нәтижелілік аудитін талдау нәтижелерін қолдана отырып, Бағдарламаның тиімділігі туралы кешенді талдамалық есеп дайындауды Қаржылық емес қызмет көрсету операторы жүзеге асырады.




      400. Бағдарлама мониторингін жүргізу тұрақтылығы:




      1) статистикалық көрсеткіштерді талдау - уәкілетті органға мемлекеттік қолдау құралдарының іске асырылуы бойынша ақпарат беру жолымен ай сайын;




      2) Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасының аудиті - кейіннен уәкілетті органға жиынтық есеп жібере отырып, Бағдарлама жұмысының сапасын бағалау сауалнамасының деректерін өңдеу жолымен тоқсан сайын және қолдау шараларын алу үшін жыл бойы өтініш бергендерінің жалпы санының кемінде 5%-ы мөлшерінде көрсетілетін қызметтерді алған кәсіпкерлерге телефонмен немесе тікелей сауалнама жүргізу жолымен жыл сайын;




      3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті - КҚКО базасында форматқа сәйкес семинар өткізу жолымен жыл сайын.




      Бағдарлама нәтижелілігі аудитінің нәтижелері есепті жылдан кейінгі қаржы жылының ақпанынан кешіктірмей Қаржылай емес қолдау операторы уәкілетті органға беретін Бағдарлама тиімділігінің кешенді талдамалық есебіне қосылады.




      401. Жалпы кешенді жылдық талдамалық есепті дайындау қорытындылары бойынша Бағдарламаны іске асыруды жүзеге асыратын мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен «Бағдарламаны іске асыру мониторингі» тақырыбы бойынша жұмыс бабындағы қорытынды кеңес өткізіледі.




      402. «Бағдарламаны іске асыру мониторингі» тақырыбы бойынша жұмыс бабындағы қорытынды кеңес шеңберінде қатысушылар Бағдарлама құралдарын жетілдіруге қажетті шаралар туралы хаттамалық шешім қабылдайды.




      403. Мониторингті қаржыландыру мынадай түрде жүргізіледі:




      1) Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттарының шеңберінде статистикалық көрсеткіштердің аудиті қаржы агенттігінің меншікті қаражатының есебінен; Бағдарламаның төртінші бағытының шеңберінде Қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылады;




      2) Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасының аудиті - уәкілетті орган, қаржы агенттігі мен Қаржылай емес қолдау операторының арасында тиісті шарттар жасасу жолымен республикалық бюджет қаражатының есебінен;




      3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті - Қаржылай емес қолдау операторы қаражатының есебінен;




      4) «Бағдарламаны іске асыру мониторингі» тақырыбы бойынша жұмыс бабындағы қорытынды кеңес өткізу - Қаржылай емес қолдау операторының қаражаты есебінен.




      Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасауы



      404. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жасалған банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша кепілдік беру жөніндегі келісімдер Бағдарламаны іске асыру кезінде қолданылады және қайтадан жасалмайды.




      405. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді уәкілетті орган республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырады.




      406. Қаржы агенттігі кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттер бойынша кепілдік беру және мемлекеттік гранттар беру бөлігінде Бағдарламаның іске асырылу мониторингін жүзеге асырады.




      407. Бағдарлама тиімділігінің жылдық кешенді талдамалық жалпы есебін қалыптастыру мақсатында қаржы агенттігі есепті жылдан кейінгі жылдың ақпанынан кешіктірмей Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттары мониторингінің нәтижелерін Қаржылай емес қолдау операторы мен уәкілетті органға жібереді.




      408. Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық шараларына мониторинг жүргізу мақсатында кәсіпкерлер қаржы агенттігіне Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық құпия болып табылатын мынадай мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне беруге келісім беру туралы өтініш береді:




      1) кірістер;




      2) жұмыскерлер саны;




      3) жұмыскерлердің есептелген кірістері және жеке тұлғаларға өзге де төлемдер бойынша шығыстар;




      4) бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы;




      5) салықтық төлемдер сомасы.




      409. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өңірлерде өндірістік инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік гранттар беру, кәсіпкерлік қызметті көшіру бойынша көліктік шығындарды өтеу, кадрларды даярлау бөлігінде Бағдарламаның іске асырылу мониторингін жүргізеді және уәкілетті органға тоқсан сайын есеп береді. Есептің құрылымын уәкілетті орган айқындайды.




1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30

Похожие:

\"Бизнестің жол картасы-2020\" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, \"Бизнестің жол картасы 2020\" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар icon«Бизнестің жол картасы 2020»
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру»
\"Бизнестің жол картасы-2020\" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, \"Бизнестің жол картасы 2020\" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру»
\"Бизнестің жол картасы-2020\" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, \"Бизнестің жол картасы 2020\" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру»
\"Бизнестің жол картасы-2020\" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, \"Бизнестің жол картасы 2020\" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік...
\"Бизнестің жол картасы-2020\" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, \"Бизнестің жол картасы 2020\" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру

\"Бизнестің жол картасы-2020\" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, \"Бизнестің жол картасы 2020\" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар iconГүлден Жамбылова
Бүгінде мемлекетіміз жастар мәселесіне баса назар аударып отыр. Қай саланы қарасақ та, айбыны асып, күш-жігері тасыған жалынды жандар...
\"Бизнестің жол картасы-2020\" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, \"Бизнестің жол картасы 2020\" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
\"Бизнестің жол картасы-2020\" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, \"Бизнестің жол картасы 2020\" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар icon«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының
Аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданып, оның ішінде 173 жоба бойынша 11,5 млрд теңге көлемінде несиеге субсидиялау келісім шарты...
\"Бизнестің жол картасы-2020\" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, \"Бизнестің жол картасы 2020\" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Бағдарламаның атауы
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
\"Бизнестің жол картасы-2020\" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, \"Бизнестің жол картасы 2020\" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар iconҚазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін және бағалы қағаздар нарығын дамыту жөніндегі жол картасы
«Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін және бағалы қағаздар нарығын дамыту жөніндегі жол картасы» бағдарламасын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница