Мазмұны




Скачать 324.73 Kb.
НазваниеМазмұны
страница1/2
Дата конвертации14.02.2016
Размер324.73 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/8011601b-87c4-11e3-bf6e-f6d299da70eeФСК УММ 14.doc
  1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті.

3 деңгейлі СМЖ құжат

ОӘЖ



О42-14-3-02.- 1.12.- 73 -2009

« Компанияның қаржылық стратегиясы » пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

№ 1 Баспа



050509 «Қаржы» мамандығы үшін

«Компанияның қаржылық стратегиясы»

пәнінің оқу-әдістемелік жинағы


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МӘЛІМЕТТЕР


Семей

2009

Мазмұны


1.

Дәрістер

25

2.

Практикалық сабақтар

34

3.

Өздік жұмыс түрлерінің мазмұны және тізбесі.

41



1 ДӘРІСТЕР – мақсаты болып ұсынылатын пән теориялық сұрақтарын ұстамды нысанда қарастыру табылатын оқу сабағының нысаны.


Тақырып 1. Компанияның қаржылық стратегиясын мәні және мазмұны.


Сұрақтар:

1. Компанияның қаржылық стратегясының мәні .

2. Болжамдау негізінде қаржылық стратегияны өңдеу.

3. АҚ қаржылық нығаю стратегиясы.

4. Корпорацияның қаржыландыру стратегиясын өңдеу және жүзеге асыру.


1. Компанияның қаржылық стратегясының мәні .

Қаржылық стратегия – компанияның қаржылық қызметінің ұзақ мерзімді мақсаттарын анықтау және оларға жетудің тиімді әдістері мен жолдарын таңдау.

Қаржылық стратегияның қалыптасу процесі келесі негізгі этаптардан тұрады:

1. стратегияның жүзеге асырылу уақытын анықтау

2. фирманың сыртқы қаржылық ортасының факторларына талдау

3. қаржылық қызметтің стратегиялық мақсаттарының қалыптасуы

4. фирманың қаржылық саясатын өңдеу

5. қаржылық стратегияны жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар жүйесін өңдеу

6. өңделген қаржылық стратегияны бағалау

2. Болжамдау негізінде қаржылық стратегияны өңдеу.

Перспективалық болжамдау негізіне нарықтағы кәсіпкерлік қызметінің стратегиясын орындалу шарты болып табылатын болжамдау жатады.

Болжамдау фирманың қаржылық жағдайын ұзақ мерзімде білу үшін қажет.

Болжамдау даму мен қаржылық көрсеткіштердің мүмкін болатын варианттарын үлгілеу ақпараттық талдауына негізделеді.

Болжамдаудың негізі болып қолда бар ақпаратты талдау болып табылады.

Болжамдау әдістері мен тәсілдері болған өзгертулерді уақытында есепке алу үшін тиімді болу керек.

Перспективалық қаржылық жоспарлаудың нәтижесі болып 3 негізгі қаржылық құжатты өңдеу болып табылады:

1. пайда мен шығындар туралы есептің болжамы

2. ақша қаражаттарының қозғалысының болжамы

3. бухгалтерлік баланстың болжамы

3. АҚ қаржылық нығаю стратегиясы.

Қаржылық нығаю стратегиясын қалыптастыру 8 кезеңнен тұрады:

1. Компанияның қаржылық – шаруашылық қызметін талдау жағдайының нығаюына әкелетін мәселелерді көрсетуге әсер етеді.

2. Компанияның дамуының бұрынғы даму тенденциялары сақтанғандағы қаржылық жағдайды болжау

3. Қайта қалпына келтіретін шараларсыз компанияның арықарай жұмыс істеуінің мүмкіндігін анықтау

4. Компанияның қаржылық нығаюының талаптарын өңдеу, яғни тиімді варианттардың перспективалық әрекетін анықтау, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету

5. Қаржылық нығайту стратегиясын қалыптастыру, оның мақсаттарын анықтау

6. Стратегияның ақырғы жағдайын қалыптастыру мен жағдайды қалыптастыру бойынша қызметтің бағытын өңдеу

7. Қаржылық стратегияның мақсаттары мен міндеттерін анықтау

8. Күтілген нәтижені анықтау және тиімділік критериилеріне жетуі.


4. Корпорацияның қаржыландыру стратегиясын өңдеу және жүзеге асыру.

Қаржыландыру-бұл компанияның капитал нарығымен әрекет сферасы.

Қаржыландыру шешімі бұл бизнеске қаржылық ресурстарды талап ету құқына айырбастау арқылы тарту.

Кез келген стратегияны талдау оның мақсаттары талап етеді. Корпоративтік қаржының қазіргі теориясының негізгі жағдайларына сәйкес капитал концепцияның негізгі екі принципі табылады.

1. компанияның нарықтық құнының максималды негізделуі.

2. компания құны ақша ағымымен, анықталады.


Студенттерге арналған сұрақтар.

1. Корпорацияның қаржылық стратегиясын анықтау.

2. Компания қызметіндегі қаржылық стратегияның негізгі принциптер және міндеттері.

3. Корпорацияның қаржылық тұрақтылығына жету жолдары.


Әдебиеттер:

1. Жуйриков К.К. Раймов С.Р. Корпоративные финансы. Алматы , 2004 -512с.

2. Есенова Г.Ж, Ибраева А.К. Корпоративные финансы. Учебное пособие – Семипалатинск, 2005 – 96с.

3. Колчина И.В. Финансы предприятий. М., 2000.

4. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства. М. 1999.

5. Павлова Л.Н. Финансы предприятий М.Финансы: Юнити 1998.

6. Шеремет А.Д. Сейфуллин Р.Ц. Финансы предприятий М., 1999.


Тақырып 2. Компанияның стратегиялық қаржылық жоспарлануы.


Сұрақтар:

1. Қаржылық жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері.

2. Қаржылық жоспарлаудағы негізгі көрсеткіштер және оларды есептеу әдістері.

3. Кәсіпорынның қаржылық жобасын қарастыру, құрастыру және бекіту тәртібі.

4. Сметалық жоспарлау және сметалардың орындалуына бақылау.

5. Жедел қаржылық жоспарлау

6. Компанияның табыстары мен шығындарының шахматтық балансы.


1. Қаржылық жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері.

Қаржылық жоспарлау – кәсіпорынның қаржылық жұмысының бағыттарының бірі, өндірістік жоспарлаудың ақырғы стадиясы.

Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлаудың негізгі мақсаты кәсіпорынның дамуының қамтамасыз ету үшін оның барлық ақша қаражаттарының пайдалану бағыттарын және оның табыстарын жоспарлау болып табылады.

Қаржылық жоспардың міндеттері келесілер:

1. Кәсіпорын табыстарын көбейту резервтерін және олардың құрамын мобилизациялауды анықтау.

2. Қаржылық ресурстарды тиімді пайдалану, инвестицияны тиімді пайдалану.

3. Өндірістік жобаның көрсеткіштерінің қаржылық ресурстармен байланыстырылуы.

4. Бюджетпен, банктермен, сонымен қатар басқа да кредиторлармен тиімді қарым-қатынастарға негізделу.

5. Оперативтік және кассалық жоспарлардың, несиелік өтініштердің, табыс пен өнімді өткізуден табыстарды қысқа мерзімді жоспарлауды өңдеу.

6. Алдағы қаржылық жоспарлаудың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

7. Негізгі қызметтің күрделі шығындарымен күрделі жұмыстарына айналым капиталының таратылмауы.


2. Қаржылық жоспарлаудағы негізгі көрсеткіштер және оларды есептеу әдістері.

Қаржылық жоспардың құрамында табыстар жоспары, шығыстар жоспары, компания активтері мен пассивтерінің балансы.

Қаржылық жоспардың мазмұнын келесі кәсіпорынның кірістері мен шығыстарының негізгі көрсеткіштерімен сипаттауға болады.

1. Қаражаттың табыстары мен түсімдеріне келесі көрсеткіштер жатады:

а) өнімді өткізуден түскен түсім

в) басқа да өткізуден түскен түсім

с) жоспарланған өткізілмеген шығындар

д) амортизациялық аударымдар

е) басқа кәсіпорындардан түскен қаражаттары

ж) бюджеттен тыс қорлардан түсімдер

2. Шығындар мен ақша аударымдары келесі көрсеткіштерден тұрады:

а) таза табыстан төленетін салықтар

в) таза пайданы бөлу

с) ұзақ мерзімді инвестициялар

д) басқа да шығындар

Қаржылық жоспарлаудың әдістері:

1. Экононмикалық талдау әдісі

2. Нормативтік әдіс

3. Баланстық есеп әдісі

4. Ақша ағымдарының әдісі

5. Есептеудің көп варианттылығының әдісі

6. Эконономикалық математикалық әдістер


3. Кәсіпорынның қаржылық жобасын қарастыру, құрастыру және бекіту тәртібі.

Қаржылық жоспарлау – бұл өзіне бірнеше этаптардан тұратын күрделі процесс (3 суретте көрсетілген).

Қаржылық жоспарлау процесі.




1. Қаржылық жағдайын талдау.




2. Компанияның қаржылық стратегиясын дайындау.


3. Ағымдағы қаржылық жоспарларды құрастыру.


4. Шығындарды түзету және қаржылық жоспарларға түзетулер енгізу.




5. Жылдам қаржылық жоспарларды дайындау.


3 сурет. Қаржылық жоспарлаудаң негізгі кезеңдерінің схемасы.


4. Сметалық жоспарлау және сметалардың орындалуына бақылау.

Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар, құрылымдық бөлімшелер және барлық компаниялардың қызметі сметалық жоспарлау әдістерін қолданады. Ол қаржылық ресурстарды үнемдеу, өндірістік емес шығындарды азайту, басқарудың икемділігі мен өнімнің өзіндік құнын қадағалау әр жоспарлы көрсеткіштердің тура көрсету мақсатында енгізіледі.

Қаржылық жоспарлау барысындағы құрастырылатын сметалардың жіктелуі 4 суретте көрсетілген.


Сметаның негізгі түрлері:

1. Номенклатуралық шығындар кеңдігі бойынша:

функционалды шығындар сметасы

кешенді шығындар сметасы

2. Дайындау әдісі бойынша:

тұрақты бюджет

икемді бюджет

4 сурет. Сметаның негізгі түрлері.


5. Жедел қаржылық жоспарлау

Жедел қаржылық жоспарлау – бұл корпорацияның қаржылық жетістіктерін қамтамасыз ету үшін қажетті қаржылық жоспарлаудың жүйесі.

Жедел қаржылық жоспарлауға келесілер жатады:

1. төлем күнтізбесін құрастыру және орындау

2. кассалық жоспар

3. қысқа мерзімді несиенің қажеттілік есебі


6. Компанияның табыстары мен шығындарының шахматтық балансы.

Қаржылық жоспарлау процесінде қаржыландыру қайнар көзінің және салымның немесе аударымның әрбір түрі бойынша нақты баланс жүргізіледі.

Бұл үшін қаржылық жоспарға тексерілген шахматтық баланс құрылады. Онда тігінен қаржылық ресурстарды пайдалану бағыттары жүргізіледі, ал көлденеңнен қаржыландыру қайнар көздері.

Бұндай баланс қаржылық ресурстарды пайдаланудың мақсаттық сипатын анықтауға, баптар бойынша табыстар мен шығыстарды баланстауға, ақша қаражаттарының қорын қалыптасу резервтерін анықтауға мүмкіндік береді.


Студенттерге арналған сұрақтар.

  1. Қаржылық жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері.

  2. Қаржылық жоспардағы негізгі көрсеткіштер және оны есептеу әдістері.

  3. Пайда мен түсімнің жоспарлау көлемін есептеу.

  4. Өнімнің өзіндіқ құнының көрсеткштерін есептеу және бағалау

  5. Айналым құралдарындағы туынды есеп

  6. Кәсіпорынның қаржылық жоспарын құру, қарастыру және бекіту тәртібі.

  7. Сметалық жоспарлау және сметаның орындалуын бақылау

  8. Бизнес - жоспардың мазмұны.


Әдебиеттер:

  1. Жуйриков К.К. Раймов С.Р. Корпоративные финансы. Учебник – А., 2004

  2. Есенова Г.Ж, Ибраева А.К. Корпоративные финансы. Семипалатинск, 2005

  3. Колчина И.В. Финансы предприятий. М., 2000.

  4. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства. М. 1999.

  5. Павлова Л.Н. Финансы предприятий М.Финансы: Юнити 1998.

  6. Шеремет А.Д. Сейфуллин Р.Ц. Финансы предприятий М., 1999.


Тақырып 3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау.


Сұрақтар:

1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын, мәнін, мазмұны, мақсаттары мен міндеттері.

2. Қаржылық жағдайды сараптайтын көрсеткіштер жүйесі.

3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы, оны қалыптастыратын факторлар.

4. Компанияның төлемқабілеттілігі және оны анықтау әдістері. Кәсіпорынның төлемқабілеттілігін нығайту шаралары.

5. Кәсіпорын өтімділігі, оның көрсеткіштері, факторлары және есептік негізде анықтау әдістері.


1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын, мәнін, мазмұны, мақсаттары мен міндеттері.

Қаржылық жағдай – бұл кәсіпорынның экономикалық қызметінің маңызды сипаты. Ол бәсеке қабілеттілікті, қызметтік бірлесудің қарқынын анықтайды, кәсіпорынның, оның серіктестіктерінің қаржылық шаруашылық қатынасындағы экономикалық көзқарасы қандай дәрежеде кепілденгенін бағалайды.

Қаржылық жағдай – бұл қаржылық ресурстардың бар болуы, орналасу және пайдалануының көрсеткіштерінің жиынтығы.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қызметтік ақырғы нәтижелерін көрсетеді. Осының барлығы қаржылық жағдайды талдауды өткізудің маңыздылығын анықтайды және бұндай талдауды экономикалық қатынаста жүргізуін жоғарлатады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды элементі болып табылады.


2. Қаржылық жағдайды сараптайтын көрсеткіштер жүйесі.

Компанияның қаржылық жағдайын бағалау үшін оның өзгерісін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі қолданылады:

1. Капиталдың орналасуы мен қалыптасу қайнар көздері бойынша кәсіпорынның капиталының құрылымы.

2. Кәсіпорын капиталын пайдаланудың тиімділігі және қарқындылығы.

3. Кәсіпорынның төлемақы қабілеттілігі және несие қабілеттілігі.

4. Кәсіпорын өтімділігінің көрсеткіштері.

5. Кәсіпорын рентабелділігінің көрсеткіштері.

6. Компаниялық қорының қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері.


3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы, оны қалыптастыратын факторлар.

ТМҚ-ды қалыптастырудың қайнар көздерінің сипаттамасы үшін 3 негізгі көрсеткішті пайдаланады:

1. меншікті айналым капиталының бар болуы

2. ТМҚ қалыптастырудың меншікті қайнар көздерінің бар болуы

3. ТМҚ қалыптастырудың ұзақ мерзімді қарыздың қайнар көздердің бар болуы.

ТМҚ қайнар көздерін қамтамасыз етудің 3 көрсеткішін есептеу кәсіпорындық қаржылық жағдайын оның тұрақтылық дәрежесіне байланысты 4 түрге бөлуі керек.

1. абсолютті тұрақты қаржылық жағдай

2. бірқалыпты тұрақты қаржылық жағдай

3. тұрақсыз қаржылық жағдай

4. дағдарысты қаржылық жағдай.


4. Компанияның төлемқабілеттілігі және оны анықтау әдістері. Кәсіпорынның төлемқабілеттілігін нығайту шаралары.

Төлем қабілеттілік - кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерінің бірі. Бұл уақытында төлем міндеттемелерін төлеу мүмкіндігі, оның қаржылық тұрақтылығының негізгі критерийлері.

Төлем қабілеттілікті бағалау ағымдағы активтердің өтімділік сипаты негізінде жүзеге асырылады.

Баланстың өтімділік дәрежесіне төлемқабілеттілігіне байланысты. Кәсіпорынның төлем міндеттілігі 3 топқа бөлінеді:

1. мерзімі келген төлем мерзімінің қарыздығы

2. жақын мерзімде төлеуге қажетті қарыз

3. ұзақ мерзімді қарыз.


5. Кәсіпорын өтімділігі, оның көрсеткіштері, факторлары және есептік негізде анықтау әдістері.

Өтімділік – активтер мен міндеттемелер арасындағы теңдікте болатын кәсіпорынның төлемқабілеттілігі.

Студенттерге арналған сұрақтар.

1.Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың экономикалық мәні

2. Өнімнің, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің рентабелділігінің ұғымы мен түрлері

3. Кәсіпорын өтімділігінің негізгі көрсеткіштері

4. Компанияның төлемқабілеттілігін талдау.


Әдебиеттер:

  1. Жуйриков К.К. Раймов С.Р. Корпоративные финансы. А., 2004 -512с.

  2. Есенова Г.Ж, Ибраева А.К. Корпоративные финансы. Семип-нск, 2005.

  3. Колчина И.В. Финансы предприятий. М., 2000.

  4. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства. М. 1999.

  5. Павлова Л.Н. Финансы предприятий М.Финансы: Юнити 1998.

  6. Шеремет А.Д. Сейфуллин Р.Ц. Финансы предприятий М., 1999.

  7. Шуляк В.Д. Финансы предприятий М – 2001.


Тақырып 4. Компанияның қаржылық жағдайын талдау мақсаттары, мазмұны мен әдістері


Сұрақтар:

1. Қаржылық талдау басқару шешімдерін қабылдаудың негізі ретінде.

2. Кәсіпорынның қаржылық есептілігі қаржылық талдаудың ақпараттық базасы.

3. Қаржылық талдаудың түрлері мен әдістері.

4. Пайда көрсеткіштерінің динамикасының деңгейін талдау және бағалау.

5. Өнімді өткізуден түскен түсімді факторлық талдау.

6. Рентабелділік көрсеткіштерінің факторлық талдауы.

7. Өнімнің өзіндік құнының көрсеткіштерін есептеу мен бағалау және факторлық талдау.


1. Қаржылық талдау басқару шешімдерін қабылдаудың негізі ретінде.

Қаржылық талдау экономикалық процестер мен құбылыстарды танудың әдісі ретінде кәсіпорынды басқару жүйесінде маңызды орынға ие.

Өндіріс, инвестиция, басшылыққа жаңалықтап енгізу мен қаржылар саласындағы басқару бойынша шешім қабылдау ішкі ақпаратты бағалық талдау, таңдаудың нәтижесі болып табылатын, сәйкес сұрақтар бойынша тұрақты қызметтік түсінушілік ұшін қажет.


2. Кәсіпорынның қаржылық есептілігі қаржылық талдаудың ақпараттық базасы.

ҚР Президентінің нұсқауына сәйкес заң күші бар «Бухгалтерлік есеп туралы» 1995.12.26. қаржылық есептілігі 1998 жылдан бастап келесілерден тұрады.

1. бухгалтерлік баланс

2. қаржылық – шаруашылық қызметтің нәтижсі туралы есеп.

3.ақша қаражаттары қозғалысының есебі


3. Қаржылық талдаудың түрлері мен әдістері.

Басқару процесінің мазмұнына байланысты талдаудың келесі түрлері бар.

1. перспективалық (алдын-ала)

2. шұғыл

3. ағымдағы.

Қаржылық талдау процесінде әдістері мен тәсілдері қолдалынады. Тәсілдерді келесілерге бөлуге болады:

1. дәстүрлі

2. математикалық

Дәстүрлі тәсілге келесілер жатады:

1. абсолютті, салыстырмалы және орташа шамаларда қолдану

2. салыстыру әдісі

3. топтастыру әдістері

4. ауызша келтірулер әдісі

Тәжірибеде қаржылық есеп берудің талдаудың негізгі әдістері қолданылады:

1. көлденең талдау әдісі

2. тігінен (құрылымдық) талдау

3. трендік талдау әдісі

4. салыстырмалы көрсеткіштерін талдау

Математикалық әдістерге келесілер жатады:

1. корреляциялық талдау

2. регрессивті талдау

3. экономикалық кибернетика әдістері

4. экономикалық әдістері

5. шешім қабылдау теориясы мен операцияларды зерттеу әдістері.


4. Пайда көрсеткіштерінің динамикасының деңгейін талдау және бағалау.

Пайда көрсеткіштерін талдау кезінде келесі көрсеткіштер пайдаланылады:

1. баланстық пайда

2. өнім, жұмыс, қызмет көрсетулерді өткізуден түсім

3. басқа да өткізулерден түсім

4. жүзеге асырылмаған операциялардың қаржылық ресурстары

5. салық салынатын табыс

6. таза табыс


5. Өнімді өткізуден түскен түсімді факторлық талдау.

Тауарлық өнімді өткізуден түскен пайда келесі факторлардың әсерінен болады.

1. өнімнің өткізу құнының өзгеруі

2. материалдарға, электроэнергияның тарифтерінің өзгерісі

3. шаруашылық тәртіптің бұзылуы

4. базистік өзіндік құн бойынша бағадағы өткізілген өнімнің көлемінің өсуі

5. өткізілген өнім көлемінің өнім құрамындағы құрылымдық қозғалыстар есебінен көбеюі

6. шығындардың азаюы

7. өзіндік құнның өнім құрамындағы құрылымдық қозғалыстар есебінен өзгеруі.


6. Рентабелділік көрсеткіштерінің факторлық талдауы.

Рентабелділік көрсеткіштерінің деңгейі мен динамикасына өндірістік – шаруашылық факторлар жиынтығы әсер етеді:

1. өндіріс және басқаруды ұйымдастыру деңгейі

2. капитал құрылымы және оның қайнар көздері

3. өнім көлемі, сапасы және құрылымы

4. басқалар.

Барлық пайдаланылатын үлгілер негізінде келесілер жатады:

1. еңбекақы сыйымдылығы

2. материал сыйымдылығы

3. негізгі өндірістік қорлардың қор сыйымдылығы

4. амортизация сыйымдылығы

5. негізгі қорлар бойынша қор сыйымдылығы

6. баланстық пайда

7. кезеңдегі негізгі қорлардың орташа құны


7. Өнімнің өзіндік құнының көрсеткіштерін есептеу мен бағалау және факторлық талдау.

Өзіндік құн – бұл ресурстардың барлық түрлерінің ақшалай формадағы шығындары.

Өнімнің өзіндік құнының міндеттері:

1. өнімнің өзіндік құны туралы жоспардың негізділігі мен қуаттылығын бағалау

2. жоспардың орындалу динамикасы мен дәрежесін белгілеу

3. көрсеткіштер динамикасына әсер ететін факторларды анықтау

4. өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнын анықтау

5. өнімнің өзіндік құнының әрі қарай төмендеу резервтерін анықтау.


Студенттерге арналған сұрақтар.

  1. Қаржылық талдау басқару шешімдерін қабылдау негізі ретінде.

  2. Басқарушылық талдаудың сипаттамасы

  3. Қаржылық – экономикалық талдаудың сандық әдісі

  4. Пайданың көрсеткіштерінің деңгейімен динамикасын талдау және бағалау

  5. Шығындарды талдау және пайда мен өзіндік құнының ,өнім көлемімен өзара байланысы.


Әдебиеттер

  1. Жуйриков К.К. Раймов С.Р. Корпоративные финансы. Учебник – А., 2004

  2. Есенова Г.Ж, Ибраева А.К. Корпоративные финансы. Учебное пособие – Семипалатинск, 2005 – 96с.

  3. Колчина И.В. Финансы предприятий. М., 2000.

  4. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства. М. 1999.

  5. Павлова Л.Н. Финансы предприятий М.Финансы: Юнити 1998.

  6. Шеремет А.Д. Сейфуллин Р.Ц. Финансы предприятий М., 1999.

  7. Шуляк В.Д. Финансы предприятий М – 2001.



Тақырып 5. Компанияның қаржылық тұрақсыздығы.

Сұрақтар:

1. Банкроттық ұғымы және белгілері.

2. Кәсіпорын қызметінің дағдарыс факторлары.

3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

4. Кәсіпорын қызметін дағдарыстық басқару.


1. Банкроттық ұғымы және белгілері.

Кәсіпорын банкроттығы-міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттемені орындауға және ақша міндеттемелері бойынша кредитордың талаптарын борышкерің толық көлемде өтей алмаушылығы.

Тұрақсыздықтың белгілері:

1. Ақша міндеттемелері немесе міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттеменің 3 ай ішінде төленбеуі.

2. Ақша міндеттемесінің немесе міндетті төлемдердің минималды мөлшері ҚР үкіметімен бекітілген минималды айлық еңбек ақы мөлшері 500-ден кем болса.


2. Кәсіпорын қызметінің дағдарыс факторлары.

Кәсіпорын қызметіне көптеген факторлар әсер етеді олардың мазмұны бойынша факторлар:

Сыртқы:

1. Экономикалық

2. Әлеуметтік

3. Құқықтық

4. Ауа райы-климаттық.

Ішкі:

1. Материалды-техникалық факторлар.

2. Ұйымдастырушылық факторлар

3. Әлеуметтік-экономикалық факторлар.


3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Қаржылық қалпына келтірудің 2 тактикасы бар:

1. қорғаныс тактикасы.

2. шабуыл тактикасы.


4. Кәсіпорын қызметін дағдарыстық басқару.

Кәсіпорын қызметінің дағдарыстың басқаруы-бұл белгілі қарыздық кәсіпорынға дағдарысқа қарсы процедураларды жүзеге асыру формалары мен әдістерінің жиынтығы.

Студенттерге арналған сұрақтар.

1. ҚР «Банкроттық туралы» заңындағы компанияның банкроттық процедурасын негізгі сәттерін анықтау.

2. Фирманың дағдарыстық жағдайының пайда болу механизмі.

3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің нақты мүмкіндіктерін талдау мен бағалау.

4. Инвестициялық приоритеттілік пен қаржылық тұрақсызыдығының деңгейі бойынша компаниялардың жіктелуі.

Әдебиеттер:

1. Жуйриков К.К. Раймов С.Р. Корпоративные финансы. Алматы., 2004 -512с.

2. Есенова Г.Ж, Ибраева А.К. Корпоративные финансы. Учебное пособие – Семипалатинск, 2005 – 96с.

3. Колчина И.В. Финансы предприятий. М., 2000.

4. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства. М. 1999.

5. Павлова Л.Н. Финансы предприятий М.Финансы: Юнити 1998.

6. Шеремет А.Д. Сейфуллин Р.Ц. Финансы предприятий М., 1999.

7. Шуляк В.Д. Финансы предприятий М – 2001.


2. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ – бұл оқу сабағының формаларының бірі, ол оқушыларының дербестік әрі өздігінше дамуына және іскерлік пен дағдыларды алуға бағытталады.


Тақырып 1. Компанияның қаржылық стратегиясын мәні және мазмұны.


Сабақтың мақсаты: Корпорацияның қаржылық сұрақтарын қарастыру, АҚ ның қаржылық тұрақтылығына жету жолдарын анықтай білу.


Сабақтың барысы:

  1. Ауызша сүрау.

  2. Есептерді шығару.


Сабақтың мазмұны:

  1. Корпорацияның қаржылық жағдайының анықтамасы.

  2. Компания қызметіндегі қаржылық стратегияның негізгі принциптер және тапсырмалары.

  3. Корпорацияның қаржылық тұрақтылығына жету жолдары.


Студенттердің өздік жұмыстарына арналған сұрақтары

  1. Компания қызметіндегі қаржылық стратегияның негізгі қағидалары мен міндеттері

  2. Корпорациялардың қаржылық тұрақтылығына қол жеткізу жолдары

  3. Корпорациялардың өндірістік және әлеуметтік дамуын өзі қаржыландыруы

  4. Корпорациялардың қаржылық стратегиясының мәні мен мазмұны

  5. Корпорациялардың жағдайына салық жүйесінің әсері

  6. Корпорациялардың дағдарысқа қарсыластық басқару стратегиясы


Әдістемелік нұсқаулар: берілген курс бойынша базалық әдебиеттерді пайдалану қажет, ауызша жауап үшін арналған сұрақтар мазмұнына белгіленген бақылау жұмыстарына сұрақтарды және тапсырмаларды жазбаша түрде сарамандық сабақтар үшін дәптерге жазу керек


Әдебиеттер:

1. Жуйриков К.К. Раймов С.Р. Корпоративные финансы. Алматы, 2004 -512с.

2. Есенова Г.Ж, Ибраева А.К. Корпоративные финансы. Учебное пособие – Семипалатинск, 2005 – 96с.

3. Колчина И.В. Финансы предприятий. М., 2000.

4. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства. М. 1999.

5. Павлова Л.Н. Финансы предприятий М.Финансы: Юнити 1998.

6. Шеремет А.Д. Сейфуллин Р.Ц. Финансы предприятий М., 1999.

7. Шуляк В.Д. Финансы предприятий М – 2001.


Тақырып 2. Компанияның стратегиялық қаржылық жоспарлануы.


Сабақтың мақсаты: қаржылық жоспарлаудың анықтамасын білу, кәсіпорындағы қаржылық жобаларды құру әдістемесін үйрену, компанияның шығындар және табыстар балансын есептеу.


Сабақтың барысы:

  1. Ауызша сүрау.

  2. Есептерді шығару.


Сабақтың мазмұны:

1. Қаржылық бақылаудың мақсаты және тапсырмалары

2. Қаржылық жобадағы негізгі көрсеткіштер және оларды есептеу әдістері

3. Кірістің және табыстың жоспарлы көлемінің есебі

4. Өнімнің өзіндік құнының көрсеткіштерінің есебі және бағасы

5. Айнымалы қорлардағы есеп

6. Кәсіпорыннның қаржылық жобаларын құру, қарастыру және бекіту

тәртіптері

7. Сметалық жоспарлау және сметалардың орындалуын бақылау

8. Бизнес-жоспардың мазмұны

9 Қаржылық көрсеткіштерінің баланстануы

10. Оперативті қаржылық жоспарлау

11. Өндірістік ресурстарды пайдаланудың тиімділігін есептеу және бағалау

12. Компания кірістері және шығындарының шахматты балансы.


Студенттердің өздік жұмыстарына арналған сұрақтары

  1. Қаржылық жоспарлаудың экономикалық мәні

  2. Табыстар мен шығыстардың, пайда мен зиянның жоспары

  3. Қарыз бен пайыздардың негізгі сомасын қайтарудың жоспарлануы

  4. Табыстар мен шығыстардың шахматтық балансы, оның құрылымы мен арналымы (мақсаты)

  5. Ақшалай қаржылар ағындарын жоспарлау

  6. Корпорацияның қаржылық бақылауы мен қаржылық жоспарлануы

  7. Корпорациялардың қаржылық жоспарының негізгі көрсеткіштері және оларды анықтау әдістері

  8. Қаржылық жоспарлар мен жобалардың бизнес-жоспарлауының есептеулерін компьютерлік қамтамасыз ету

  9. Бизнес жоспар-қаржылық жоспарлаудың маңызды құжаты ретінде



  1   2

Похожие:

Мазмұны iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
Мазмұны icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
Мазмұны iconМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Мазмұны iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны

Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница