Қостанай облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылға арналған негізгі міндеттері туралы




Скачать 356.44 Kb.
НазваниеҚостанай облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылға арналған негізгі міндеттері туралы
страница1/3
Дата конвертации14.02.2016
Размер356.44 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://archiv.kostanay.gov.kz/tkz.doc
  1   2   3


Қостанай облысының әкімі. Н.М. Садуақасовтың

халық өкілдерімен «Қостанай облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылға арналған негізгі міндеттері туралы» есеп беру кездесуіне тезистері


2014 жыл жаһандық әлемдік ауқымдағы күрделі және бірегей оқиғалар жылы ретінде мәңгіге тарихқа енеді.

Ол Мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына тарихи Жолдауынан басталды, онда біздің республикамыздың әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену бағдарламасы ұсынылған болатын.

Ал сол жылдың қарашасында болып жатқан заманауи саяси және экономикалық оқиғаларға стратегиялық, көрегенділік және алдын алу жауабы ретінде ел Президентінің Қазақстан халқына «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының негізі болып табылатын Жаңа экономикалық саясаты жарияланды.

Украинадағы жалғасып жатқан қантөгісті қарсылықтар, Ресей мен ЕО елдерінің өзара ықпал-шаралары, мұнай бағасының күрт құлдырауы, Қытай экономикасы қарқынының баяулауы – мұның барлығы отандық өндіріс көлемдеріне айтарлықтай теріс әсер етеді.

Оларды қалайша еңсереміз, қандай іс-әрекеттер қажет және біз бұған нені қарсы қоя аламыз – осынау басты сұрақтарға іс-қимылдың жаңа бағдарламасы жауап береді.

Өндіріс көлемдері өсуінің серпінді қарқыны елімізде соңғы жылдары Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, озық технологияларды енгізу, кәсіпорындарға елеулі инвестициялық капитал салымдарын тарту есебінен Қазақстан бойынша жалпы алғанда Жалпы ішкі өнімді ұлғайтудың 4 пайыздық көрсеткішін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Есепті жыл қорытындылары бойынша ел экономикасы салалары өсімінің қарқыны мынадай: өнеркәсіпте нақты көлем индексі 100,2%, ауыл шаруашылығында – 100,8%, құрылыста – 104,2%, саудада – 108% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 3,9%-ға өсті (+1%).

Инфляция 7,4%-ды құрады, яғни жоспарланған 6-8%-дық дәлізден асқан жоқ, ал жұмыссыздық деңгейі 5%-ды құрады.

Біздің облысымызда дәйекті және сапалы экономикалық өсім үшін сол сияқты жүйелі шаралар қолданылды. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылық макроэкономикалық көрсеткіштері осыны айғақтайды.

2014 жылғы 9 айдың ішінде жалпы өңірлік өнім облыс бойынша 4,5%-ға өсті және халықтың жан басына шаққанда 1 млн. 024 мың теңгені құрады, ал жыл қорытындысы бойынша болжамды өсім 3,9% белгісінде күтіледі.

Соңғы үш жыл бойына тау-кен өндіру саласының өнімдері – темір рудасы мен өңделмеген алтын үшін әлемдік нарықтың қолайсыз конъюнктурасы қалыптасты. 2014 жылы да осылай болды. Өндіріс көлемдері осы себепті 6,9%-ға төмендетілді.

Соған қарамастан, өнеркәсіптегі нақты көлем индексі 100,2%-ды құрады.

Мұндай жағдайда өңдеу секторындағы оңды серпінді атап өту қажет, онда өнім өндірісі 9,1%-ға немесе 35,6 млрд. теңгеге өсті. Осының өзі тау-кен өндіру саласындағы артта қалушылықты толықтай жабуға мүмкіндік берді.

Экономиканың дамуының болашақ әлеуетін айқындайтын негізгі капиталға шамамен 191 млрд. теңге инвестиция салынды.

Пайдалануға 248мың ш. м. тұрғын үй берілді, өсімі 7%.

Инфляция 7,1% деңгейінде қалыптасты, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 0,3 пайыздық пунктке төмен.

Орташа айлық еңбек ақы 8%-ға, 88095 теңгеге дейін өсті.

Жұмыссыздық деңгейі 0,2%-ға төмендеді және облыс бойынша 5%-ды құрады.

Қостанай облысы бұрынғысынша елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қоса отырып, Қазақстанның негізгі агроөнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып қалып отыр. Сондықтан, өңірдің экономикасын сөз еткенде, біз әрине, аграрлық секторға назар аударамыз.

Ауылшаруашылығы өнімі өндірісінің жалпы көлемі 233 млрд. теңге деңгейінде тіркелді (оның ішінде өсімдік шаруашылығы 160,3 млрд. теңге (69%) және мал шаруашылығы 71,6 млрд. теңге (31%).

Өкінішке қарай, айрықша күрделі ауа райы жағдайлары салдарынан егінді кем жинау себепті өсімдік шаруашылығы өнімдері көлемдерінің 2,6%-ға қысқаруы орын алды, бұл ретте мал шаруашылығында 4,9%-ға өсім байқалды. Қорытындысында, саланың нақты көлем индексі 99,5% деңгейінде болып шықты.

Өсімдік шаруашылығындағы негізгі міндетті біз жүйелі әртараптандыру деп көптен бері айқындап алғанбыз және бұл бағытта әдісқойлықпен жұмыс істеудеміз.

Тек өткен жылы ғана негізгі дақыл – бидайдың егісі 300 мың га кемітілді, ал майлы дақылдар 129 мың га ұлғайтылды және 363 мың га жетті, бұл 2010 жылғыға қарағанда 2,3 есе көп.

Облыстың ауылшаруашылығы құрылымдарында картоп отырғызылатын егіс алқаптарының 313 га, бақша дақылдарынікі – 290 га өскені байқалады.

Жемдік дақылдар егілетін алқаптар 600 мың га дейін ұлғайтылды. Бұл қолда бар мал басы мен құсты жеммен қамтамасыз ету үшін толығымен жеткілікті.

Мұның барлығы, өсімдік шаруашылығында қазіргі уақыт талаптарына сәйкес келетін іс-қимыл бағдаржолы қамтамасыз етілген деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Облыста инновациялық технологияларды егіншілікке белсенді енгізу жөніндегі жұмыс жалғастырылуда. Есепті жыл ішінде нөлдік технологияны қолдана, жұмыстың толық технологиялық циклын сақтай отырып 1,2 млн. га егілді (дәнді дақылдардың барлық егіс алқабының 28%).

2,8 млн. га алқапта арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жүргізілді, шегіртке тектес зиянкестерге қарсы 1,7 млн. га жер өнделді. Егіннің пісіп-жетілу мерзімдерін қысқарту үшін 240 мың га дәнді дақылдарына десикация жүргізілді.

Жаздың екінші жартысында түскен мол жауын-шашыннан кейін солтүстік аудандардағы егіннің шығымдылығы көзбен шолғанда 20-22 ц/га құрады. Мамандар кемінде 5 млн. тонна астық жинап алуды болжамдады.

Алайда, тамыздағы және қыркүйектегі толассыз мол жауын-шашынның салдарынан, тіпті жекелеген өңірлерде 2-3 айлық нормадан астам жауын-шашын түсті, топырақтағы ылғалдың аса молдылығынан және орташа тәуліктік төмен температурадан егіннің пісіп-жетілу кезеңі ұлғайды. Адами ресурстардың және машина-трактор парктерінің толық дайындығына қарамастан егін жинау жұмыстарының мерзімдері айтарлықтай созылып кетті.

Неғұрлым шиеленісті жағдай Ұзынкөл, Меңдіқара, Қарабалық, Федоров және Сарыкөл аудандарында қалыптасты, оларда астық бастыру қараша айына дейін жалғасты.

Жылдың форс-мажорлық жағдайлары себепті астықтың жалпы жиналымы шығымдылығы 9,9 ц/га кезінде есептік салмақта 4 млн. тоннаны, ал шығымдылығы 11,3 ц/га кезінде бункерлік салмақта - 4,5 млн. тоннаны құрады. Бұл орайда 12% немесе 542 мың тонна жоғары рефракацияны атап өткен жөн.

Егін дәнді дақылдардың 97,9% немесе 4 млн. 14 мың га алқаптан жиналды. 32,6 мың га, оның ішінде Меңдіқара ауданында – 3,6 мың га, Ұзынкөл ауданында – 29 мың га жиналмай қалды.

230 мың тонна майлы дақылдар жиналды, 2013 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемдері 65%-ға өсті.

Мал басын қамтамасыз ету үшін пішеннің біржарым жылдық қоры бар (1 млн. 376 мың тонна), сүрлем мен пішендеме 100 пайыздық көлемде салынды.

Өз тиімділігін дәлелдеген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін кредиттеудің оңайлатылған схемасы мінсіз іске қосылды.

Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарына 5,1 млрд. теңге кредиттік қаражат бөлінген болатын, олардың 91%-ы өтелді.

«Агробизнес 2020» бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік қолдаудың шаралары сақталып қана қоймай, тіпті елеулі түрде өсті. Тек, өткен жылы ғана 15,7 млрд. теңге субсидиялар төленді, бұл 2013 жылғыға қарағанда 1,6 есе көп.

Машина-трактор паркін жаңғырту жөніндегі жұмыс жалғастырылуда. 2014 жылы ауылшаруашылық техникасының 870 бірлігі сатыа алынды, соның ішінде 304-і немесе 35% «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы лизинг бойынша, олардың ішінде: 85 трактор, 105 егін жинау комбайндары, 15 егіс кешендері, 3 тұқым сепкіш және басқа да техниканың 98 бірлігі сатып алынды.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарын қаржылық сауықтыру тетігі іске қосылды. Берілген 75 өтінімнің 48-і 52 млрд. теңге сомасына мақұлданды.

Мал шаруашылығы саласының дамуында да оң үрдістер нығайды.

2007 жылы өндірістік секторда 201 шаруашылық жүргізуші субъектісі болды, оларда 98 мың мал басы бар еді, бұл қолда бар жалпы мал басының 18%-ын құраған-ды.

Қазіргі уақытта облыстың 904 шаруашылығында 164 мыңнан астам ІҚМ бар, немесе жалпы мал басының 40%-ы.

Еттің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасын іске асыру арқасында елден тыс жерлерден 12,6 мың бас асыл тұқымды мал, оның ішінде өткен жылы 2 мың басқа жуық, әкелінді.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша облыс ішінде шаруа қожалықтары 16,7 мыңнан аса ІҚМ сатып алды.

Сонымен қатар, біз қолжеткізген қарқындарымызды қанағат тұтпауға тиіспіз.

Бұл, әсіресе мал шаруашылығын дамытумен нашар айналысатын, «Сыбаға» бағдарламасында, малды асыл тұқымдандыруда, Еттің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасында тиісті белсенділік танытпайтын аудандарға қатысты.

Оларға Жітіқара (40%), Қамысты (50%) аудандарын және Арқалық қаласын (64%), жатқызуға болады, оларда төрт жылдың ішінде «Сыбаға» бағдарламасын орындау берілген тапсырманың 4 0-70%-ын құрайды.

Бағдарламаны орындаудың жоғары көрсеткіштері Меңдіқара (140%), Науырзым (132%), Федоров (128%) аудандарында байқалды.

Біздің облысымыздың мал шаруашылығын дамыту жөнінен үлкен әлеуеті барлығын ескере отырып, біз «Агробизнес 2020», «Құлан», «Алтын Асық», «Ырыс» бағдарламаларының мүмкіндіктерін белсенді пайдалануымыз және жайылымдық жерлерді суландыру жөніндегі жұмысты жалғастыруымыз қажет.

Тек осы бағыттар бойынша ғана биылғы жылы Аграрлық-Кредиттік Корпорациясының заем қаражаттарын пайдалана отырып, 2 мың бас жылқы, 10 мың бас қой және 1,5 мың бас ІҚМ сатып алуымыз қажет.

Мал шаруашылығы саласын дамыту үшін, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді нысаналы және тиімді пайдалану жөнінен қолданылатын шаралар, ерекше маңызға ие болып отыр.

Бұл жұмыс қазірдің өзінде белгілі бір нәтижелерін әкелуде. Ауыл шаруашылығы құрылымдарына 4 млн. 283 мың га жайылымдық жер тіркелген, пайдаланылып жүргені - 3 млн. 824 мың га.

Мемлекеттік меншікке пайдаланылмайтын 402 мың га жерді қайтару (2013 жылдың соңында бұл сан 1 млн. г-дан астам құрады) және оларды неғұрлым шаруақор қожаларына беру жөніндегі жұмыс тиісті деңгейде жүргізілуде.

Біз әлеуетті инвесторлардың аграрлық секторға қызығушылық танытатындығын көреміз, оны өзіміздің қолдауымызбен қамтамасыз етуіміз қажет.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Салық кодексіне ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланбағандығы үшін жер салығы мөлшерлемелерін он есеге дейін көтеру туралы толықтырулардың күшіне енуі, аудандардың әкімдеріне ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды неғұрлым тиімді өткізуге көмектеседі.

Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытумен қатар қайта өңдеу саласын жаңғырту мәселелеріне және қосылған құны жоғары өнімді шығаруды ұлғайтуға көп көңіл аударылады.

Өндіріс секторында бір жылдың ішінде ғана біз ет өндірісін 24% (5,8 мың тоннаға), сүт – 21% (13,8 мың тоннаға), жұмыртқа – 29% (66,4 млн. данаға) ұлғайта алдық.

Индустриаландырудың бірінші кезеңіндегі жылдары (2009-2014 жылдар) агроөнеркәсіп кешенінде 13 тауарлы-сүт фермасы, асыл тұқымды 15 репродуктор шаруашылығы, 27 ірі бордақылау алаңы мен 6 құс фабрикасы пайдалануға берілді.

Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерінің шығарылатын көлемі облыс тұрғындарын негізгі азық-түлікпен толықтай қамтамасыз етуге жеткілікті.

Оның сыртында үнемі ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізіліп тұрады, өңірлік тұрақтандыру қорынан тауарлы интервенциялар жасалып жатады, олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Жыл сайын саланың экспорттық әлеуеті артып келеді, оның ассортименті де ұлғаюда.

Өткен жылы, дәстүрлі түрге айналған бидай мен ұн экспортынан тыс, облыс өзге елдерге 557 тонна ет пен ет өнімдерін жөнелтті, бұл 2013 жылғыға қарағанда 3,3 есе артық, 2 есе сүт өнімдерін немесе 8,8 мың тонна, 3 есе өсімдік майын немесе 656 тонна.

Сонымен қатар, республиканың басқа өңірлеріне 690 мың тонна астық және 114 мың тонна ұн, 6,5 мың тонна ет пен ет өнімдерін жөнелтті.

Облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде қайта өңдеу кәсіпорындарының техникалық және технологиялық жаңғыртылуын жалғастыру, бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған қосылған құны жоғары өнім шығару міндеті тұр.

Өсімдік шаруашылығында 2015 жылдың көктемгі дала жұмыстарына ұйымшылдықпен дайындалу және оны өткізу үшін барлық шаралар қолданылуда. Мұнда шешімі шешу кезеңінде тұрған тұқымның жетіспейтін мөлшерін қамтамасыз ету, кредиттік ресурстардың қолжетімдігі, техника жөндеу және т.б. проблемалық мәселелер әлі де аз емес.

Өнеркәсіп облыс экономикасының негізгі бағыты болып табылады.

500 өнеркәсіптік кәсіпорын айналысады өткен жылы 532,5 млрд. теңгенің өнімін шығарды, немесе 2013 жылға қарағанда 100,2%.

Аталған салада 51 мыңнан астам адам жұмыс істейді, олардың еңбек ақылары облыс бойынша орташа айлық еңбек ақыдан 1,3 есе асып түседі.

Өткен жылы объективті себептермен («ССКӨБ», «Варваринское», «Қостанай минералдары», «Орион Минералс») темір рудасы мен мыс концентратын, шекемтас, боксит пен асбест өндірісінің көлемі төмендеді. Бұл Рудный, Лисаков, Арқалық қалалары мен Таран ауданының экономикасына әсер етпей қоймады.

Қалыптасқан жағдайда, өнеркәсіп өндірісінің көлемдерін төмендетуге жол бермеу мақсатында, облыс үшін өңдеу саласында өндіріс көлемін ұлғайту бірінші кезектегі болып табылады.

Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол» – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында қолдауды экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуда аса үлкен мультипликативті тиімділік беретін салалар алуы тиіс делінген, бұл ретте «Индустрияландырудың мақсаты – бұл бытыраңқы жобалардың жиынтығы емес, керісінше қуатты өңдеу өнеркәсібін дамыту».

Соңғы жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, шикізат бағасы тұрақсыз болған кезде өңдеу секторы дағдарыс көріністеріне мейлінше төтеп береді. Өңдеуші кәсіпорындар нық сеніммен қарқын алып келеді.

Соңғы 4 жылда ондаған инвестжобалар іске асырылды, бұл бізге тау-кен өндірісі кәсіпорындарынан тәуелді болуды төмендетуді жалғастыруға мүмкіндік туғызады.

2011 жылы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 29% құрады, ал өткен жылдың қорытындысы бойынша алғаш рет тау-кен өндірісінен 1,5% артып, 46,9% құрады.

Бұл тарихи өте маңызды сәт. Біз Қостанай облысының өнеркәсібінде дайын өнім өндірісі шиказат шығарудан басым тұрғанын ендігіде айта аламыз.

Жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс өсімі бір жылда 9,1% құрады. Бұл ел бойынша 2-ші орын.

Ең көп өсім
  1   2   3

Похожие:

Қостанай облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылға арналған негізгі міндеттері туралы iconОблыстың 2014 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындысы және 2015 жылға арналған міндеттері туралы
Облыс әкімі А. Мұхамбетовтің «Облыстың 2014 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындысы және 2015 жылға арналған міндеттері туралы»...
Қостанай облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылға арналған негізгі міндеттері туралы iconАудан әкімі А. И. Тохтасуновтың Ұйғыр ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылғы дамуының негізгі бағыттары туралы баяндамасы
Аудан әкімі А. И. Тохтасуновтың Ұйғыр ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылғы дамуының негізгі...
Қостанай облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылға арналған негізгі міндеттері туралы iconАҚТӨбе облысының 2013 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму бетбұрыстары
Ақтөбе облысының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (әрі қарай – әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы)...
Қостанай облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылға арналған негізгі міндеттері туралы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Қостанай облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылға арналған негізгі міндеттері туралы iconАқтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2016 жылға арналған міндеттер туралы есебінің тезистері
Елбасының 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес халықты елде жүргізіліп жатырған реформалар туралы хабардар етіп, мемлекеттік...
Қостанай облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылға арналған негізгі міндеттері туралы icon2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының облыстық деңгейдегі азаматтық бюджет
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ережесіне» сәйкес...
Қостанай облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылға арналған негізгі міндеттері туралы icon1. 2009 жылғы экономикалық даму үрдістері
Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы)...
Қостанай облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылға арналған негізгі міндеттері туралы iconОңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған
Облыстың 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан...
Қостанай облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылға арналған негізгі міндеттері туралы iconАтқарушы билік жұмысының басты бағыттарының бірі бюджеттік қаражаттардың орындалуы болып табылады
Бородулиха ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер
Қостанай облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылға арналған негізгі міндеттері туралы icon2011 жылға қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға міндеттер туралы
Ала әкімі С. Ш. Тәукебаевтың Өскемен қаласы тұрғындарының алдында есеп беру кездесуіндегі баяндамасының тезистері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница