Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан» басқарма қаулысы постановление правления




Скачать 128.01 Kb.
НазваниеРеспубликанское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан» басқарма қаулысы постановление правления
Дата конвертации14.02.2016
Размер128.01 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish513034_27217.doc



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ»


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ



РЕСПУБЛИКАНСКОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ


«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»

БАСҚАРМА

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ ПРАВЛЕНИЯ

___ ____________ 2015 года


Алматы қаласы




№ ___


город Алматы



Банк операцияларының жекелеген

түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға

банкноттарды, монеталарды және

құндылықтарды инкассациялауға

лицензия беру қағидаларын бекіту туралы


«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия берудің тәртібі мен шарттарын жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша банк операциясын жүргізуге лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай ішінде өз қызметін Қағидаларға сәйкес келтірсін.

4. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Амангелдиев А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен
(Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Ұлттық Банк

Төрағасы

Қ. Келімбетов



«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі


2015 жылғы «___» ____________


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы ___ ____________

____ қаулысымен

бекітілген


Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидалары


1. Жалпы ережелер


1. Осы Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидалары «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және банк операцияларын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – ұйымдар) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензия беру тәртібі мен талаптарын айқындайды.

2. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес электрондық нысанда «электрондық үкіметтің» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы береді.

Өтініш беруші банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алу үшін өтінішті қағаз жеткізгіште берген жағдайда банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және Ұлттық Банктің мөрімен және Ұлттық Банк басшылығының қолымен куәландырылады.


2. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны беру тәртібі және талаптары


3. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алу үшін өтініш берушіге мынадай біліктілік талаптары ұсынылады:

1) Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу үшін меншік құқығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 250 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8080 тіркелген) бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларында (бұдан әрі – Үй-жайларды күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидалары) көзделген және Үй-жайларды күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидалары сәйкес келетін үй-жайлардың болуы;

2) меншік құқығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында автомобильдік инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1549 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында автомобильдік инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта көзделген талаптарға сәйкес кемінде екі арнайы автомобильдің болуы;

3) өтініш берушінің атқарушы органының бірінші басшысының қаржылық қызмет көрсету саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі болуы;

4) өтініш берушінің атқарушы органының бірінші басшысының меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласындағы, коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызметтің мүдделеріне қарсы қылмыстары, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.

4. Өтініш беруші банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алуға өтініш (бұдан әрі – лицензия алуға өтініш);

Лицензия алуға өтініштің ескертуінде өтініш берушіде кешкі кассасының болуы немесе болмауы туралы мәліметтер көрсетіледі.

2) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда, нотариаттық куәландырылған көшірме);

3) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлейтін жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

4) үй-жайды жалдау туралы шарттың немесе үй-жайдың меншік иесі құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмелері);

5) қаруды сақтауға арналған талап етілетін үй-жайдың болуын растайтын, аумақтық ІІД Әкімшілік полицияның тиісті басқармасы берген қызметтік қаруды және оның патрондарын сақтауға арналған үй-жайды тексеру актісінің көшірмесі;


6) өтініш берушіде Үй-жайларды күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларының 40-тармағының бірінші бөлігінде көзделген банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізуге арналған үй-жайлардың болуын растайтын құжаттар;

7) Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген арнайы автомобильдерге берілген көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері;

8) өтініш берушінің атқарушы органының бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

9) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша атқарушы органның бірінші басшысы туралы мәліметтер;

10) бірінші басшының қаржылық қызметтерді беру саласында басшы лауазымда кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмесі;

11) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің өтініш берушінің атқарушы органы бірінші басшысына қатысты тұлғаның қылмыс жасауы туралы есебі бойынша мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы ақпарат.

Лицензияны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға өтінішті жіберу кезінде лицензияны алуға өтінішке сканерленген түрде осы тармақтың бірінші бөлігінің 2)-7), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса беріледі. Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 2)-7), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды сканерлеу олардың нотариат куәландырған көшірмелерінен жүзеге асырылады.

5. Ұлттық Банк Төрағасының немесе оның орнындағы адамның қарауына банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны беру бойынша құжаттарды қабылдауды, қарауды, материалдарды дайындауды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны ресімдеуді Ұлттық Банк орталық аппаратының қолма-қол ақша айналысы бөлімшесі жүргізеді.

6. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия не оны беруден дәлелді бас тарту Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттармен бірге лицензияны алуға өтінішті берген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде беріледі.

7. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны беруден бас тарту Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 32-бабының 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

8. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны қайта ресімдеу құжаттардың толық топтамасымен өтінішті берген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңның 33 және 34-баптарында белгіленген тәртіппен Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш негізінде жүзеге асырылады.

9. Ұйым филиалды құрған жағдайда Ұлттық Банкке филиалдың қызметінде пайдаланылатын үй-жайға меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны бермеген жағдайда нотариат куәландырған көшірмелерін) береді.

10. Ұйымның филиалдары өз қызметінде Үй-жайларды күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес келетін үй-жайларды пайдаланады.

11. Ұйым филиалды Қазақстан Республикасының әділет органдарында есептік тіркеген (қайта тіркеген) соң филиалды есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы алған соң отыз жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке көрсетілген анықтаманың көшірмесін береді.


Банк операцияларының жекелеген түрлерін

жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды,

монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға

лицензия беру қағидаларына
1-қосымша




Нысан


Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға
лицензия


Нөмірі _______________

Берілген күні 20__ жылғы «___» ____________

Мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі ___________________________
__________________________________________________________________

Осы лицензия ________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)

берілді және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау бойынша банк операциясын жүргізуге құқық береді.
      Осы лицензияның талаптарынан туындайтын құқықтар үшінші
тұлғаларға берілмейді.
     Осы лицензия бір данада беріледі.


Төраға __________________________________ аты-жөні
                          (қолы)




Банк операцияларының жекелеген түрлерін

жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды,

монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға

лицензия беру қағидаларына
2-қосымша


Нысан


     (Кімге) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

     (Кімнен) _____________________________________________________
                               (өтініш берушінің атауы)


Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алуға өтініш


Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша банк операциясын жүзеге асыруға лицензия беруіңізді өтінемін.

      Өтініш беруші туралы мәліметтер

      1. Меншік нысаны ______________________________________________
      2. Мекенжайы __________________________________________________
        (индекс, қала, аудан, облыс, көшесі, үйдің №, телефон, факс)

     

Өтінішке қоса берілетін құжаттар:

      1. ____________________________________________________________
      2. ____________________________________________________________
      3. ____________________________________________________________
      4. ____________________________________________________________
      5. ____________________________________________________________

Ескертпе. Кешкі касса: бар/жоқ (қажеттісінің астын сызу)

(Өтініш беруге уәкілетті адамның лауазымы, аты-жөні) ____________

      _______________________________________________________________
          


_________________

(Қолы, күні)


           Мөр орны


Банк операцияларының жекелеген түрлерін

жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды,

монеталарды және құндылықтарды

инкассациялауға лицензия беру

қағидаларына

3-қосымша

 

Нысан


Атқарушы органның бірінші басшысы туралы мәліметтер

________________________________________________________________

(басшының лауазымы және ұйымның атауы көрсетіледі)


Жалпы мәліметтер:


Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


____________________________________________________

____________________________________________________

(бірінші басшының жеке басын куәландыратын құжаттарға толығымен сәйкес)

Туылған күні және жері

____________________________________________________

____________________________________________________

Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері

____________________________________________________

____________________________________________________

(елді мекеннің кодын қоса алғанда, толық мекенжайын, ұялы, қызметтік, үй телефонының нөмірін көрсету)


Еңбек қызметі туралы мәліметтер:




Жұмыс кезеңі (ай/жыл)

Ұйымның атауы, атқаратын лауазымдар мен лауазымдық міндеттемелер, ұйымның координаттары


Басқа мәліметтер


Меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласындағы, коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызметтің мүдделеріне қарсы қылмыстары, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы

Иә/жоқ

(өтелмеген соттылығы болған кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабын, үкім шығарылған күнді және нөмірін көрсету)


Мен, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)__________________________________

________________________________________________________________________________

осы ақпаратты мұқият тексергенімді және ол дәйекті әрі толық болып табылатынын растаймын, ____________________ (қолы, күні).


Банк операцияларының жекелеген түрлерін

жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды,

монеталарды және құндылықтарды

инкассациялауға лицензия беру

қағидаларына

4-қосымша

 

Нысан


(Кімге) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

(Кімнен) _____________________________________________________

(өтініш берушінің атауы)


Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды

инкассациялауға лицензияны қайта ресімдеуге

өтініш


Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны қайта ресімдеуіңізді өтінемін.


Өтініш беруші туралы мәліметтер:

1. Меншік нысаны ______________________________________________

2. Мекенжайы___________________________________________________

(индекс, қала, аудан, облыс, көшесі, үйдің №, телефон, факс)


Өтінішке қоса берілетін құжаттар:

1. _____________________________________________________________

2. _____________________________________________________________

3. _____________________________________________________________

4. _____________________________________________________________

5. _____________________________________________________________


(Өтініш беруге уәкілетті адамның лауазымы, тегі аты, әкесінің аты) ___________________________________________________________


______________________

(Қолы, күні)

Мөр орны

Похожие:

Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан» басқарма қаулысы постановление правления iconРеспубликанское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан» басқармасының Қаулысы постановление
Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы
Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан» басқарма қаулысы постановление правления iconРеспубликанское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан» басқармасының Қаулысы постановление
Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан» басқарма қаулысы постановление правления iconРеспубликанское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан» басқармасының Қаулысы постановление
Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы банкноттарының қатар айналыста болу кезеңін ұзарту қажеттілігіне...
Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан» басқарма қаулысы постановление правления iconҚаулысы постановление правительства республики казахстан
В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года №986 «Об Антикоррупционной стратегии Республики...
Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан» басқарма қаулысы постановление правления iconНациональный банк республики казахстан протокол вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе по государственным закупкам компьютерного оборудования
Председатель комиссии – Галиева Д. Т., Заместитель Председателя Национального Банка Республики Казахстан
Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан» басқарма қаулысы постановление правления iconФинансовых организаций
Постановление правления агентства республики казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и
Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан» басқарма қаулысы постановление правления iconОб утверждении Инструкции о нормативах безопасного функционирования для банков и небанковских кредитно-финансовых организаций
Постановление Правления Национального банка Республики Беларусь от 31 мая 2007 г. №117 (Национальный реестр правовых актов Республики...
Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан» басқарма қаулысы постановление правления iconПостановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 декабря 2003 года n 469. О публикации в средствах массовой информации финансовой отчетности накопительным пенсионным фондом
Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 декабря 2003 года n 2663
Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан» басқарма қаулысы постановление правления iconСтатья 133. Создание, реорганизация и ликвидация государственного предприятия > Республиканское государственное предприятие создается Правительством Республики Казахстан, коммунальное государственное предприятие местным исполнительным органом
К государственным предприятиям относятся государственные предприятия, основанные на праве
Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан» басқарма қаулысы постановление правления iconНациональный Банк Республики Казахстан
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница