«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі




Скачать 135.96 Kb.
Название«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Дата конвертации14.02.2016
Размер135.96 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish152613_29114.doc



Кіріс. № 84

2015ж.17.04.


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ


«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ


2015 жылғы 25 ақпан


Алматы қаласы





№ 22


город Алматы


Банк операцияларының жекелеген

түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға

банкноттарды, монеталарды және

құндылықтарды инкассациялауға

лицензия беру қағидаларын бекіту

туралы


«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру тәртібі мен шарттарын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша банк операциясын жүргізуге лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай ішінде өз қызметін Қағидаларға сәйкес келтірсін.

4. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Амангелдиев А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7. Осы қаулының1 орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.



Ұлттық Банк

Төрағасы


Қ. Келімбетов







Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 25 ақпандағы

№ 22 қаулысына

қосымша


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

күші жойылды деп танылатын қаулыларының

тізбесі


1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктер болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша қызметін лицензиялау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 258 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7984 тіркелген, 2012 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 802-806 (27877) жарияланған).

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 тіркелген, 2013 жылғы 6 тамызда «Заң газеті» газетінде № 115 (2316) жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 37-тармағы.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 27 мамырдағы № 128 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8567 тіркелген, 2013 жылғы 7 тамызда «Заң газеті» газетінде № 116 (2317) жарияланған) қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер тізбесінің
7-тармағы.


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 25 ақпандағы

№ 22 қаулысымен

бекітілген


Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидалары


1. Жалпы ережелер


1. Осы Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және банк операцияларын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – ұйымдар) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру тәртібі мен талаптарын айқындайды.

2. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық нысанда «электрондық үкіметтің» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы береді.

Ұйым банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және Ұлттық Банктің мөрімен және Ұлттық Банк басшысының қолымен куәландырылады.


2. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды

инкассациялауды лицензиялау


3. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алу үшін ұйымға мынадай біліктілік талаптары қойылады:

1) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу үшін қажет, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 250 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8080 тіркелген) бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларының (бұдан әрі – Үй-жайларды күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидалары)
40-тармағының бірінші бөлігінде көзделген және Үй-жайларды күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес келетін үй-жайлардың болуы;

2) меншік құқығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында автомобильдік инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1549 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында автомобильдік инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта көзделген талаптарға сәйкес келетін кемінде екі арнайы автомобильдің болуы;

3) ұйымның атқарушы органының бірінші басшысының қаржылық қызметтер көрсету саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі болуы;

4) ұйымның атқарушы органының бірінші басшысының меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласындағы, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстары, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.

4. Ұйым банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алуға өтініш (бұдан әрі – лицензия алуға өтініш).

Лицензия алуға өтініштің ескертпесінде ұйымда кешкі кассасының барлығы немесе жоқтығы көрсетіледі;

2) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариаттық куәландырылған көшірме);

3) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

4) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу үшін меншік құқығында қажет, Үй-жайларды күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларының 40-тармағының бірінші бөлігінде көзделген үй-жайларды жалдау туралы шарттың немесе үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариат куәландырған көшірмесі);

5) Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген арнайы автомобильдерге берілген көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері;

6) ұйымның атқарушы органының бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымның атқарушы органының бірінші басшысы туралы мәліметтер;

8) ұйымның атқарушы органының бірінші басшының қаржылық қызметтер көрсету саласында басшы лауазымда кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмесі;

9) ұйымның атқарушы органының бірінші басшысына алынған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы ақпарат.

Лицензия алуға өтініш «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға жіберілген кезде, лицензия алуға өтінішке сканерленген түрде осы тармақтың бірінші бөлігінің 2)-9) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса беріледі. Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды сканерлеу нотариустың куәландыру жазбасы жасалған құжаттан немесе осындай құжаттың нотариат куәландырған көшірмесінен жүзге асырылады.

5. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия не оны беруден уәжді бас тарту Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттармен бірге лицензия алуға өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде беріледі.

6. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны беруден бас тарту «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар мен хабарламалар туралы Заң) 32-бабының 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

7. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны қайта ресімдеу Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негізінде, Рұқсаттар мен хабарламалар туралы Заңның 33 және
34-баптарында белгіленген тәртіппен, құжаттардың толық топтамасымен бірге өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

8. Ұйым филиал құрған жағдайда Ұлттық Банкке филиалдың қызметінде пайдаланылатын үй-жайларды жалдау туралы шарттың немесе үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесін) ұсынады.

9. Ұйымның филиалдары өз қызметінде Үй-жайларды күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес келетін үй-жайларды пайдаланады.

10. Ұйым филиалды Қазақстан Республикасының әділет органдарында есептік тіркеген (қайта тіркеген) соң филиалды есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке көрсетілген анықтаманың көшірмесін ұсынады.

Банк операцияларының жекелеген

түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға

банкноттарды, монеталарды және

құндылықтарды инкассациялауға

лицензия беру қағидаларына

1-қосымша


Нысан


Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға

лицензия


Нөмірі _______________

Берілген күні _____ жылғы «____» ____________

Мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі _______________________________

____________________________________________________________________

Осы лицензия ___________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(ұйымның атауы)

берілді және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша банк операциясын жүргізуге құқық береді.

Осы лицензияның талаптарынан туындайтын құқықтар үшінші тұлғаларға берілмейді.

Осы лицензия бір данада беріледі.


Төраға ___________________________ Тегі және инициалдары

(қолы)


Банк операцияларының жекелеген

түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға

банкноттарды, монеталарды және

құндылықтарды инкассациялауға

лицензия беру қағидаларына

2-қосымша


Нысан


(Кімге) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

(Кімнен) _____________________________________________________

(ұйымның атауы)


Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға

лицензия алуға өтініш


Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша банк операциясын жүзеге асыруға лицензия беруіңізді өтінемін.


Ұйым туралы мәліметтер:

1. Меншік нысаны: ______________________________________________

2. Мекенжайы: __________________________________________________

(индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше,

үйдің және (немесе) пәтердің №, телефон, факс)

Өтінішке қоса берілетін құжаттар:

1. _____________________________________________________________

2. _____________________________________________________________

3. _____________________________________________________________

.... _____________________________________________________________


Ескертпе. Кешкі касса: бар/жоқ (қажеттісін көрсетіңіз)


(Өтініш беруге уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты әкесінің аты (бар болса) _______________________________________________________


______________________

(Қолы, күні)

Мөрдің орны (бар болса)


Банк операцияларының жекелеген

түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға

банкноттарды, монеталарды және

құндылықтарды инкассациялауға

лицензия беру қағидаларына

3-қосымша


Нысан


Ұйымның атқарушы органының бірінші басшысы туралы мәліметтер

________________________________________________________________

(басшының лауазымын және ұйымның атауын көрсетіңіз)


Жалпы мәліметтер:


Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____________________________________________________

____________________________________________________

(бірінші басшының жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес)

Туылған күні және жері

____________________________________________________

____________________________________________________

Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері

____________________________________________________

____________________________________________________

(толық мекенжайы, ұялы, елді мекеннің кодын қоса ала отырып қызметтік, үй телефонының нөмірін көрсетіңіз)


Еңбек қызметі туралы мәліметтер:




Жұмыс кезеңі (ай/жыл)

Ұйымның атауы, атқаратын лауазымдары мен лауазымдық міндеттемелері, ұйымның координаттары











Басқа мәліметтер:


Меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласындағы, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстары, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы

Иә/жоқ


(өтелмеген соттылығы болған кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабын, үкім шығарылған күнді және нөмірін көрсетіңіз)


Мен, __________________________________________________________,

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

осы ақпаратты мұқият тексергенімді және ол дәйекті әрі толық болып табылатынын растаймын ____________________.

(қолы, күні)


Банк операцияларының жекелеген

түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға

банкноттарды, монеталарды және

құндылықтарды инкассациялауға

лицензия беру қағидаларына

4-қосымша


Нысан


(Кімге) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

(Кімнен) _____________________________________________________

(ұйымның атауы)


Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды

инкассациялауға лицензияны қайта ресімдеуге

өтініш


____ жылғы ____________ берілген № ____ Банкноттарды, монеталарды
(берілген күнін көрсетіңіз)

және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны қайта ресімдеуіңізді өтінемін.


Ұйым туралы мәліметтер:

1. Меншік нысаны: ______________________________________________

2. Мекенжайы: __________________________________________________

(индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше,

үйдің және (немесе) пәтердің №, телефон, факс)

Өтінішке қоса берілетін құжаттар:

1. _____________________________________________________________

2. _____________________________________________________________

3. _____________________________________________________________

.... _____________________________________________________________


(Өтініш беруге уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты әкесінің аты (бар болса) _______________________________________________________


______________________

(Қолы, күні)

Мөрдің орны (бар болса)



1 Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы


Похожие:

«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
«Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» Республикалық мемлекеттік мекемесі басқармасының қаулысы
Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі iconКонкурс өткізу туралы хабарландыру «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» рмм батыс Қазақстан филиалы, 090000, Орал қаласы, Ж. Досмухамедов к-сі, 16/1-үй, анықтама...
«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница