Мазмұны Кіріспе Негізгі бөлім І – тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түсінігі




НазваниеМазмұны Кіріспе Негізгі бөлім І – тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түсінігі
страница3/5
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.63 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-Мемлекеттік-қызмет-сыбайлас-жемқорлық-қы
1   2   3   4   5

Кәсіпкерлік кызметке заңсыз қатысу (310-бап)

"Казақ КСР-інде шаруашылық қызметтің бостандығы және кәсіпкерлікті дамыту туралы" 1990 жылғы 11 желтоқсаңдағы Қазақ КСР Заңына сәйкес кәсіпкерлік қызмет деп өзара тиімді нәтижелер мен табыс алу мақсатындағы кез келген қызмет түсініледі (1-бап), мұңда кез келген меншік түріндегі кәсіпорын және солар құрған бірлестіктер құрыла алады және жұмыс істей алады. Кәсіпкерлік қызметтің саласында, егер оған заңмен тыйым салынбаған болса, шектеу қойылмайды.

Түсіндіріліп отырған қылмыстың объективті жағы — субъектінің әрекеті осы ұйымға жеңілдік және артықшылық берумен немесе оған басқа нысанда қамқоршы болумен байланысты жағдайда, не лауазымды тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйым құруымен, не осыған қатысты тыйым салынғандығына қарамастан осындай ұйымды басқаруға қатысуымен түйінделеді.

Кінәлы лауазымды тұлға өзінің атқарып отырған қызметтік өкілеттігінің арқасында оны өз мүддесіне теріс пайдалана отырып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құрады, не осындай ұйымға өзі немесе өз адамы арқылы басшылық етуге қатысады. Әрекеттің кайсы нысаны болмасын, кінәлы адамның оған заңмен берілген лауазымдық өкілетті пайдалануы арқылы жасалады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі заңында мемлекеттік қызметшіге басқа қызметпен, соның ішіңде педагогтік, ғылыми және жеке творчестволық қызметті қоспағанда, кәсіпкерлікпен айналысуға тікелей тыйым салынатындықтан, кінәли адамдардың аталған ирекет кысандары заңсыз болып табылады. Осы қылмыс үшін қылмыстың жауапкершілікті қажетті шарты болып кінәлы адамның іс-әрекетінің ұйымын құру немесе оны басқаруға қатысу (осы кәсіпкерлік ұйымға жеңілдіктер мен артықшылықтар берумен), мысалы, салықтық, сараптамалық, кезектен тыс тіркеу және құжат беру, тауарларды, шикізаттарды немесе өзге де материалдарды кезектен тыс алу, аукциондарға қатысу (немесе өзге де қамқорлықтар жасаумен), тексерулерден, ревизиядан босату, олардың қызметі үшін, қолайлы жағдайлар жасау және т.б.) арадағы тікелей байланыстар болып табылады.

Осы құрамның ауырлататын түріне — мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының лицензия беру жөніндегі өкілеттіктерді мемлекеттік емес ұйымдарға, соның ішінде қоғамдық бірлестіктерге беруге әкеп соқтырған әрекеттер жасағаны жатады. (Қылмыстық кодекстің 310-бабының 2-тармағы) яғни лицензия туралы заң шартын бұза отырып мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары лицензияға байланысты өздері жүзеге асыратын өкілдікті мемлекеттік емес, қоғамдық бірлестіктердің жүзеге асыруына жол береді.

Бұл құрам формальдық санатқа жатқызылады, сол себепті 310-бапта көрсетілген әрекеттер жасалған сәттен бастап қылмыс аяқталған деп саналады.

Түсіндіріліп отырған қылмыстың субъективтік жағы тек тікелей қасақаналықпен ғана сипатталады.

Қылмыстың осы құрамының субъектісі қызмет жағдайы бойынша Қылмыстық кодекстің 310-бабында (1,2 тармақтарда: көзделген әрекеттерді (лауазымды тұлға туралы түсінікті ҚК-тің 307-бабына түсіндірмеден қараңыз) жасауға мүмкіндігі бар лауазымды тұлғалар болуы мүмкін.


2.2.Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жекелеген құрамдары

Пара алу (311 – бап).

Қоғамымызға парақорлық қандай зиян келтіріп отырғаны белгілі. Бұл лауазымды қылмыстардың өте қауіпті түрі болып табылады. Оның қауіптілігі пайдақорлық ниетпен жасалынатын қылмыстармен араласып, қосылып жасалуында (көбіне ұрлықпен). Парақорлық мемлекеттік аппарат қызметінің дұрыс жұмыс істеуіне бөгет жайды және олардын беделін кетіруге, өкімет және атқару, органдарының қызметінде әділдік қағидасын бұзуға әкеліп соқтырады.

Парақор көптеген лауазымды тұлғалардың адал екеніне күмән туғызып, масқаралау арқылы сенімсіздік келтіріп қана қоймай, жалпы мемлекетке, конституциядағы азаматтардың мүдделері мен құқықтарын шектеуге, заңдылық қағидаларының бұрмалануы және Қазақстан Республикасының нарықтық реформаларының дұрыс жүргізілуін тежейді.

Паракорлықтың ұғымы үш қылмыс құрамымен түсіндіріледі. Пара алу (311-бап); пара беру (312-бап); парақорлыққа делдал болу.

Лауазымды адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін акша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы, егер мұндай іс-әрекет (әрекетсіздік) лауазымды адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сондай-ақ жалпы қамкоршылығы немесе қызметі бойынша жол берсе — ол Заңға сәйкес пара алу деп танылады. Пара алудың объектісі мемлекеттік ақпараттың дұрыс қызметі, беделі болып табылады.

Қылмыстың кажетті белгілерінің бірі параның заты болып табылады.

Пара заты болып табылатындар: ақша, бағалы қағаз, материалдық игіліктер, өтеусіз төлемдер, төленетін қызметті тегін көрсету, қымбат заттар мен техника, антикварлық, жеке коллекциялық заттар және де мүлікке құқық беретін жеңілдіктер (құрылыс жүргізу, қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары, жол жүру билеті, жеңілдік арқылы қарыз алу және т.б.).

Қазіргі кезенде нарықтық экономика жағдайында парақорлықтың жаңа түрлері туындаған: паралар біріншіден ғимарат; офис, жер алу үшін, қолда жоқ ақша қаражатын нақты ақшаға аудару, пайдалы банктік несие алу үшін алынады. Екіншіден параның өзі жаңа мәнге ие болды. Лауазымды тұлғаға аталған не басқада қызметтері үшін банктен есеп шоттары ашылып, оларды меншікке ие жасап, оларды әр түрлі сылтаулармен шетелге белгілі бір маман, консультант ретінде шығуын жол - жүруін төлеп және де бірталай көп ақша қаражатын СКВ – мен берілуін ұйымдастырады.

Пара ретінде автомобильдер, ақша, мал, кәсіптік тауарлар, азық – түліктер, бағалы заттар және де басқадай материалдық мәндегі игіліктер беріледі.

Тәсіліне қарап параны алу екі түрге бөлінеді екі түрге ашық және көмекскі түрлер.

а) Ашық пара беруде пара заты лауазым адамның өзіне тапсырылады немесе оның келісімі бойынша жақындарына тапсырылады, пара үшін істелетін іс-әрекеттер жөнінде келісіледі.

б) Көмескі түрде пара беруде пара затын беру сырттай қарағанда заңды сияқты болып көрініп, бүркемелеу жолымен кінәлыға тапсырылады.

Тапсырылу уақытына қарай пара алудың екі түрі болады: оның біріншісі параға сатып алу, яғни лауазым адамының параны мүдделі жақтың өзіне тиімді іс-әрекеттерді істегенге дейінгі мерзімде тапсыруы.

Екіншісі пара — сыйлау, мұндай пара лауазым адамына келісілген іс-әрекеттерді істегеннен кейін "алғыс" ретінде тапсырылады.

Пара үшін жүзеге асырылатын іс-әрекеттің мәніне қарай бұл қылмыс тағы да екі түрге бөлінеді: 1) пара-сыйлық (мздоимство) — пара лауазым адамына заңға сәйкес жүзеге асырған әрекеттері үшін тапсырылады. Мысалы іс-әрекетінде қылмыстың құрамы жоқ адам жөнінде тергеушінің істі қысқартып пара алуы.

2. Пара — ақы (лихоимство). Лауазым адамына заңсыз әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін тапсырылады. Мысалы, көрінеу ұрлық жасаған адамды қылмыстық жауапка тартпау арқылы тергеушінің немесе прокурордың пара алуы.

Объективтік жағынан алғанда пара алу лауазымды адамның пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті арқылы сипатталады. Пара алу кінәлының кызмет жағдайын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс өте лауазымды адамның қызмет бабын пайдалануы арқылы пара алуы мыңадай тұрғыда сипатталған: іс-әрекет лауазымды адамның қызметтік өкіліне кіретін болса не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс – әрекетке мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесс қызметі бойынша жол берсе.

Кінәлының пара алуының бірінші нысаны лауазымды адамның қызметтік өкіліне кіретін іс-әрекеттерді жасауы арқылы пара алуы (басшылық жұмысқа аламын немесе жұмыстан шығарамын деп пара алуы; қызметін жоғарылату немесе басқадай көтермелеу жасағаны үшін қол астындағы бағынышты адамнан пара алуы; немесе ревизия, материалдық игіліктерге тексеру жүргізбегені, жетпейтін заттарды тексеру қорытындысында көрсетпегені үшін) пара алуы. Қызметіне байланысты пара алу пара алудың екінші бір нысаны болып табылады. Бұл жерде лауазым адамы өз құзыретіне жатпайтын іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін өзінің беделін, қызметтік байланысын пайдалану арқылы басқа бір лауазым адамына ықпал ету арқылы пара алады.

Мысалы: прокурордың тергеуші тергеп жатқан іс бойынша пара алып, өз лауазымын пайдаланып, тергеуді заңсыз қысқарттыруға ыкпал етуі т.б.

Кызмет бабын пайдаланудың үшінші бір нысаны қамқорлык жасау немесе қызметі бойынша жол беру болып табылады.

Камқорлық жасауға — тамыр-таныстық бойынша қызметке орналастырып пара алу, негізсіз сыйлықтар беру, көтермелеулер көрсету немесе өте құнды заттарды босату арқылы пара алулар сияқты әрекеттер жатады.

Қызмет бойынша жол беруге — қол астындағы бағынышты адамдардың заңсыз, қылмысты әрекеттеріне тыйым салмау, жұмысқа мас болып немесе келмей қойғанын елемеу, басқа да заңсыздықтарға жол бергенін көре тұра, жоғарыда көрсетілген адамдардан пара алу арқылы шара қолданбау әрекеттері жатады. Пара лауазымды тұлғаға пара берушінің мүддесі үшін қызметін пайдаланып белгілі бір әрекетті істеуге немесе істемеу үшін беріледі.

Пара берушінің мүддесіне тек оның жеке мүддесі емес, сондай-ақ оның қорғап отырған үшінші жақтың — жақын туыстарының, өзі кызмет істейтін занды ұйымның мүдделері де жатады.

Пара алу — формальдық қылмыс құрамға жатады. Ол лауазым адамының келісілген параның бір бөлігін алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Егер кінәлы адам өз ырқына байланысты емес себептермен параны ала алмаса, онда оның әрекеті пара алуға оқталғандық деп танылады.

Пара алудың субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен, пайда табу мақсатымен сипатталады. Кінәлы адам қызмет жағдайын пайдалану арқылы іс-әрекет ететінін және соны тілей отырып, пара алып отырғанын сезеді. Пара алуда жанама қасақаналылық пен абайсыздық болу мүмкін емес. Пара алушының қасақаналығы, қызмет жағдайына байланысты пара берушінің мүддесіне байланысты әрекетті істеу немесе істемеу арқылы, заңсыз сыйақы алуымен керінеді. Және де лауазымды тұлғаның ниеті пайда табу мақсатында болады.

Занда пара алудың ауырлататын, аса ауырлататын бірнеше түрлері көрсетілген.

Пара алудың ауырлататын екінші бір түрі — жауапты мемлекеттік лауазымды атқарушы адамның пара алуы болып табылады (311-баптың 3-тармағы).

Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамның түсінігі ҚК-тің 307-бабының ескертуінің 2-тармағында берілген.

Пара алудың аса ауырлататын түрлеріне мыналар жатады:

а) қорқытып алу жолымен;

б) адамдар тобы аддын ала сөз байласып немесе ұйымдастқан топ;

в) ірі мөлшерде жасалса;

г) әлденеше рет жасалса, — (Қылмыстық кодекстің 311-бабының 4-тармағы) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды Соттардың қолдану тәжірибесі туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы №9 қаулысына сәйкес лауазымы адамның, пара берушінің мүддесіне залал келтіретін әрекеттер істелетінін айтып қорқыту әрекетін жасап пара талап етуі немесе соңғыны өзінің құқықтық мүдделері енетін зиянды болдырмау мақсатында пара беруге мәжбүр болу жағдайына жеткізу параны қорқытып алу болып табылады.

Егер осы қылмысты бірлесіп жасауға алдын ала келіскен екі немесе одан да көп лауазымды адам қатысса, онда параны алдын ала келісім бойынша бір топ адам алды деп есептеледі.

Осыған орай бұл тұрғыдағы құрам болу үшін мына шарттардың болуы қажет:

  1. пара алу туралы екі немесе одан көп лауазым адамының арасында пара алу туралы келісімнің болуы;

  2. бұл келісімге пара алғанға дейін қол жеткізу;

  3. келісімге келген әрбір лауазым адамы өз қызметін пайдалана отырып пара берушінің мүддесіне белгілі бір іс-әрекеттерді жасайды;

  4. келісімге қатысқан әрбір лауазым адамы параның тиісті бәлігінен өз үлесін алады.

Заңға сәйкес бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны ірі мөлшердегі пара деп танылады (311-баптың ескертуі).
Пара алудың аса ауырлататын түріне — әлденеше рет пара алу жатады. (311-бап 4-тармағының "г" тармақшасы). Әлденеше рет жасалатын қылмыс түсінігі Қылмыстық кодекстің 11- бабында берілген.

Бұл жерде алдын ала уағдаласпай жүзеге асырылған осы әрекеттер үшін лауазымды адамдар тәртіптік жазаға тартылады, ал ондай уағдаластық бар болған ретте олардың іс-әрекеті қылмыс қатарына жатқызылып, кінәлы 311-баптың тиісті тармақтары бойынша жауапқа тартылады.

Пара алудың субъектісі — лауазымды адам, оның түсінігі Қылмыстық кодекстің 307-бабында берілген.

Қылмыстық кодекстің 311-бабының 3-тармағы бойынша қылмыс субъектісі жауапты мемлекеттік лауазымды адам (307-бап ескертуінің 2-тармағын қараңыз).

Пара беру (312-бап)

Жаңа Қылмыстық кодексте бұл қылмыстың мазмұны ашып көрсетілмеген. Заңда лауазымды адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру деп қана көрсетілген (312-бап).

Объективтік жағынан пара беру:

1) лауазымды адамға пара затын немесе мүлік сипатындағы

2) пара затын адам тікелей өзі немесе делдал арқылы береді;

3) лауазымды адам өз қызметін пара берушінің мүддесіне белгілі бір әрекетті істеуге немесе істемеуге пайдалануы арқылы сипатталады.

Пара беру немесе тапсыру әдістері қылмыстың құрамы үшін маңызды емес. Пара оны алушының тура өзіне немесе оның келісімімен жакын туыстарына берілуі мүмкін. Ол істелінбеген жұмысқа почта арқылы айлық түрінде берілуі мүмкін. Пара берудің жасырылған нысандары бар. Олар заңсыз сыйлық беру, алдын ала ойластырылып пара алушыға картадан елеулі ақша соммасын ұмтылу; пара алушыға бағалы, құнды заттарды өте арзан бағаға сату және тағы басқалар.

Кейбір кезде пара — пара алушыға тегін қызмет түрінде көрсетіледі. Пара алушыға туристік, санаториялық жолдамалар берілуі, кемеге, поезға ұшаққа басқада көлік құралдарына жүруіне билет беруін сот практикасы пара беру деп қарастырады.

Лауазым, тұлғаға материалдық мазмұндағы емес пайда келтіру қарастырылып отырған қылмыс құрамын құрамайды. Мысалы: онымен жыныстық қатынаста болу; лауазымды тұлғаның сұрауы бойынша, ол туралы мадақтау үндеу тарату немесе оның жұмысы туралы баспасөз бетінде жақсы пікірлер жариялау пара беру ретінде сараланбауы керек. Пара беру формальдық қылмыс құрамы болып табылады. Лауазымды тұлға пара алған кезден бастап, яғни берушінің мүддесі үшін белгілі бір әрекет істелгені не істелмегеніне қарамастан қылмыс аяқталды деп саналады. Субъективтік жағынан пара беру тікелей қасақаналық арқылы істеледі. Яғни кінәлының лауазымды адамға пара затын беруге немесе тапсыруға құқы жоқ екенін және оның мүддесі үшін лауазымды тұлға өз қызмет жағдайын пайдаланып, белгілі бір іс-әрекет жасайтының кінәлы тұлға сезеді және соны тілейді.

Ауырлататын жағдайдың бірінші түріне лауазымды адамға заңсыз іс-әрекет жасағаны үшін пара беру жатады. Оның түсінігіне Қылмыстық кодекстің 311-бабының 2-тармағын талдағанда тоқталып өткенбіз.

Әлденеше рет пара беруге — кінәлының бір лауазым адамына немесе әр түрлі сондай адамға өз мүддесі үшін әр түрлі іс-әрекеттер істегені немесе істемегені үшін екі немесе одан да көп пара беруін айтамыз.

Кінәлының бір лауазым адамына немесе бірнеше лауазым адамына өз мүддесі үшін әртүрлі әрекеттер істегені үшін екіден артық пара беруін әлденеше рет пара беру деп білеміз. Егер келісілген сома пара алушы бөлшектеп берілсе, онда ондай әрекет әлденеше рет пара беру болып табылмайды.

Егер пара беруші алдын ала сөз байласқан немесе ұйымдасқан лауазымды адамдар тобына өз мүдесіне бір әрекетті істеу үшін ғана пара берсе, мұндай ретте де оның әрекеті әлденеше рет беруге жатпайды.

Егер лауазымды адам тарапынан оған катысты қорқытып пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергені туралы қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органға өз еркімен хабарласа, пара берген адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Адам пара бергені туралы кылмыстық іс қозғауға қүқығы бар органға ауызша немесе жазбаша, қандай ниетті басшылыкка алғанына қарамастан ерікті түрде хабарласа кылмыстық жауаптылықпен босатылады.

Параны қорқытып алу орын алған жағдайда және пара беруші параны бергенге дейін ол туралы қорғау органдарына хабарласа, иесіне қайтарылуға жатады. Айғақ заттар болып пара ретінде алынған ақша мен басқа құнды заттар мемлекет кірісіне жатқызылады.

Парақорлыққа делдал болу (313 бап)

Бұл қылмыс үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекстің 313-бабында көрсетілген.

Осы қылмыстың обьективті жағы парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізуге немесе іске асыруға жәрдемдесу болып табылады. Парақорлықтың делдалы ретінде кінәлы боп табылу үшін пара берушіден немесе алушыдан сыйақы алғанына қарамастан танылады.

Делдалдық пара беру мен алуды жалғастыратын ерекше түрі — жеке қылмыс құрамына белінген. Бұл пара беру мен алудың келісім немесе нақты әрекеттермен жетістікке жету арқылы, делдал өзінің бастамасымен емес, пара беруші мен алушының сұрауы немесе тапсырмасы арқылы тікелей пара береді. Делдалдықтың ерекшеліп бұл субъектінің екі қылмыс жасалуына, яғни пара беру мен алуға жәрдемдеседі. Делдал — екі негізгі субъектілердің байланыстырушы бөлігі және өзінің ниетімен емес, пара беруші мен алушының ниеттерімен келісімге жетуге және іске асыруға көмектеседі. Пара алу және пара беру — субъектілерінің екі жағымен де байланысы бар болса, субъектіні парақорлықтың делдалы ретінде қарастыру керек. Пара беруге не алуға басқадай көмектесулер парақорлыққа делдал болып қарастырылмайды.

Парақорлыққа делдал болу қылмысының құрамы формальды және пара нақты берілген көзден бастап аяқталған қылмыс болып табылады.

Егер де пара алушы пара алудан бас тартса, онда делдалдың әрекеттері парақорлыққа делдал болушылыққа оқталғаңдық болып (ҚК-тің 24, 312-баптар) танылады. Парақорлыққа делдал болуды парақорлыктың қатысушылығынан, яғни пара беру немесе алуды ұйымдастырушылар, айдап салушылар, көмектесушілерден ажырату керек.

Пара алуды немесе беруді ұйымдастырған немесе оның жүзеге асырылуына басшылық өткен адам парақорлықтың ұйымдастырушысы деп аталады. Бұл жерде ұйымдастырушы өзі белсенділік өз әрекетімен параны беруді немесе параны алуды жүзеге асырады. Ал делдал болса пара алушы мен берушінің ортасындағы болған келісімді ғана жүзеге асырады. Пара беруге немесе алуға басқа адамды азғыру немесе басқа да жолымен осындай қылмысты жасауға парақорлықтың катысушыларын көндірген адам айдап салушы деп танылады. Парақорлыққа делдал ешкімді де азғырмайды, көндірмейді, ол өзара келіскен екі субъектінің -тапсырмасын орындайды, пара беруші мен алушыны өз еріктермен кездестіреді.

Субъективті жағынан делдалдық тікелей қасақаналықпен жасалады. Делдал пара берушінің немесе алушының тапсырмаларымен пара бергенін сезеді және соны тілейді. Егер де пара беріп отырғанын сезбесе, онда қылмыс құрамы болмайды.

Делдалдық ниет алуан түрлі болуы мүмкін. Бірақ оның мәні қылмысты саралауына әсер етпейді және сот жаза тағайындағанда міндетті түрде ескеріледі.

Делдалдықты жалған делдалдық жағдайынан ажырату керек. Егер делдал адам пара берушінің паралық нәрсені ұрлап алатынын алдын ала білсе және оны пара алушыға апарып беруге келіссе, онда әрекеттері парақорлыққа делдал болу және ұрлыққа қатысқан деп сараланады.

Параға делдалдықтың субъектісі - 16-ға толған, кез келген есі дұрыс жай немесе лауазымды адамдар.

Қылмыстық кодекстің 313-бабының 2-тармағында парақорлыққа делдал болудың ауырлататын түрі — әлденеше рет немесе ұйымдасқан топ, немесе адам өзінің қызмет жағдайын пайдалана отырып жасаған да сол әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.

Әлденеше реттік және ұйымдасқан топтың түсініктері: Қылмыстық кодекстің 11,34 – бабы 3 тармағында берілген.

Адам өзінің қызмет жағдайын пайдалана отырып жасаған әрекетке лауазым адамның парақорлыққа делдал болуы жатады.

1   2   3   4   5

Похожие:

Мазмұны Кіріспе Негізгі бөлім І – тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түсінігі iconҚазақстан республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және
...
Мазмұны Кіріспе Негізгі бөлім І – тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түсінігі iconСыбайлас жемқорлық деген не?
«сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс–әрекетті білдірген. Орыс...
Мазмұны Кіріспе Негізгі бөлім І – тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түсінігі iconРеферат Орындаған: Баймаханов А
Рз «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және...
Мазмұны Кіріспе Негізгі бөлім І – тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түсінігі iconI халықаралық ҚҰҚЫҚ пен қазақстан заңнамасында сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы күрестің Қалыптасуы
Кіріспе
Мазмұны Кіріспе Негізгі бөлім І – тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түсінігі iconКонкурстық негізде
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларының негізгі талаптары туралы жадынама
Мазмұны Кіріспе Негізгі бөлім І – тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түсінігі iconРеферат Орындаған
Тақырыбы: Жемқорлыққа қарсы әрекетсаласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға ҚР заңнамасында...
Мазмұны Кіріспе Негізгі бөлім І – тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түсінігі iconРеферат Орындаған
Тақырыбы: Жемқорлыққа қарсы әрекетсаласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға ҚР заңнамасында...
Мазмұны Кіріспе Негізгі бөлім І – тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түсінігі icon5. 4 Пәннің мазмұны: «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негіздері» пәнінің білім жүйесінде пәнаралық және толық пән болып табылады. Бакалавр даярлау кезеңінде барлық бағыттағы пәндерге арналған пән. 5 Пәнді игеру кезеңіндегі әдістемелік нұсқаулар
Барлық бакалавр даярлау бағыттары және мамандықтар бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері»
Мазмұны Кіріспе Негізгі бөлім І – тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түсінігі iconБұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналисттік жұмыстарға байқау туралы ереже
Ары (бұдан әрі – бақ) өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналисттік жұмыстарға байқау (бұдан әрі – Байқау)...
Мазмұны Кіріспе Негізгі бөлім І – тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түсінігі iconСыбайлас жемқорлық – қоғам дерті
Сүндетова Ж. С. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы. 2010. 12 б
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница