Скачать 133.1 Kb.
|
Қарағанды облыстық дарынды балаларға арнайы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты «Дарын» мектеп-интернатының ғылыми-әдістемелік кеңесінде «Ұсынылды» 28.08.2009жыл «Тіл пәндерін біріктіре оқыту» арнайы курс бағдарламасы (қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі) (10-сынып, 34 сағат) Құрастырушылар: қазақ тілі пәнінің мұғалімі Майманчиева С.Б. ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Рахимбекова А.К. Қарағанды 2009 Түсінік хат «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезендеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деп Н.Ә.Назарбаев өзінің 2007 жылғы халыққа арналған жолдауында атап көрсеткеніндей, білім беру жүйесінде осы мақсатты іске асыруды көздеп отырмыз. Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Үштілді оқытудағы негізгі тұғыр қазақ тілі болуға тиісті. «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек», - деді Елбасы. Қазақстанда білім саласында қазақ, орыс, ағылшын тілдері оқу тілі ретінде қолданылады, пән ретінде де қолданылады. Неміс, корей, француз, қытай тілдері негізінен пән ретінде қолданылады. Қазақ тілі сабақтарында көптілді оқытудың элементтері ғана қолданылады. Белгілі бір тақырыптарды оқытуда біріккен сабақтарда интеграция арқылы енгізіледі. Интеграция дегеніміз – пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді, бір сабаққа бірнеше оқу пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді. Мұғалімдердің тәжірибесінде жиі кездесетін интеграцияны жүзеге асырудың бір жолы – сабақтарды бір мұғалім арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер бойынша біріккен сабақтар білімнің жинақталуы, яғни, әр түрлі пәндерден алған білімдерін синтездеу. Бағдарламамыздың мақсаты:
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
Қолданылатын әдістер. Мұғалім пәнге байланысты алдына қойған мақсатты шешуде кез келген оқыту әдістері мен технологияларын қолдана алады. Мұғалімнің оқыту технологиясын қолдануда мынадай шарттарды ескеріп отыруы абзал:
Қазіргі тиімділігі жоғары оқыту технологияларының жалпыға танылған түрлері: проблемалық оқыту, жеделдетіп оқыту, модульдік оқыту, даралап оқыту, ақпараттық оқыту, ойындық технология, коммуникативтік технология, т.б. Осы бағдарламаны іске асыру мақсатында төмендегі технологиялар пайдаланылады. Проблемалық оқыту – бұл дамыта оқыту технологиясы. Оның қызметі – белсенді таным әрекетін ынталандыру, ойлаудың зерттеушілік стилін қалыптастыру. Проблемалық оқыту мұғалімнің басшылығымен проблемалық жағдаяттарды ұйымдастыруды, оны шешуде оқушылардың өз бетінше белсенді жұмысын қамтамасыз етуді көздейді. Модульдік оқыту технологиясы – әлемдік ( Дж.Блок, Дж.Керрол. В.Монахов, Р.М.Грановская) және отандық тәжірибеде танылған технология. Модуль дегеніміз – белгілі жүйенің ішіндегі бөліктердің өзара жинақталған дербес топтамасы (С.И.Ожегов). Модульдік оқытуда берілген модуль бойынша оқу, тыңдау, жазу, сөйлеу әрекеттерін меңгеру шегіне жету үшін, кем дегенде, әрбір оқушыға үш деңгейлік тапсырмадан өз қалауынша өтуге мүмкіндік беріледі. Модульдік оқытуда әр оқушы өзінің немен және қалай шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін анық біледі және оған қатысты керек материалдармен, тәсілдермен міндетті түрде қамтамасыз етіліп отырады. Балаларға бірін-бірі тексеру, бағалау еркіндігі беріледі. Ойын технологиялары.Бұл технологияның өзіндік ерекше сипаты оның өмірде маңызды жағдаяттарды модельдеу, соларға ұқсастырылған, еліктеп құрастырылған жағдаяттар түзу және оларды шешу жолдарын іздеу арқылы жүзеге асатындығында. Ойын технологиясының жетекші әдісі – ойын. Ойындардың іскерлік, рөлдік, оқиғалық, саяхаттық, дидактикалық сияқты түрлері бұл технологияның ұйымдастыру формалары болып табылады. Бағдарламаның мазмұны және құрылымы. Қарым-қатынастық және танымдық тақырыптар. Достық. Салт-дәстүрлер. Жер-Ана жыламасын. Мамандық. Ақпарат көздері. Қазақстанның халықаралық жағдайы. Лексика. Қанатты сөздер. Тұрақты сөз тіркестері. Сөз мағыналары(синоним, омоним, антоним). Мақал-мәтелдер. Морфология. Сөз таптары. Зат есім. Зат есім жасайтын жұрнақтар. Зат есімнің түрленуі. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі. Сын есім. Сын есімнің шырайлары. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі. Сан есім. Сан есімнің түрлері. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі. Есімдік. Есімдіктің мағыналық түрлері. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі. Етістік. Етістіктің болымсыз түрі. Есімше. Көсемше. Етіс. Етістіктің шақтары. Етістіктің райлары. Етістіктің сөйлемдегі қызметі. Үстеу. Шылау. Синтаксис. Сөйлем. Айтылу мақсатына қарай түрлері. Сөйлем мүшелері. Тақырыптық-күнтізбелік жоспар Календарно-тематическое планирование Subject planning of lessons (34 сағат)
Күтілетін нәтиже:
Пайдаланылған әдебиет:
|
![]() | Курсының бағдарламасы Орындаған: «Дарын»мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жашкеева Н. Е Орындаған: «Дарын»мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жашкеева Н. Е | ![]() | Павлодар мемлекеттік университеті О. Б. Дубовицкая, А. Авилхан азаматтық ҚҰҚЫҚ Заңтану мамандығының студенттері үшін Оқу-әдістемелік құралы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінде ұсынылды |
![]() | 2006 ббк ж Оқу-әдістемелік құрал Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми-әдістемелік кеңесінде талқыланып, пайдалануға... | ![]() | «Әлем халықтарының әдебиеті» арнаулы курсының оқу бағдарламасы Лингвистикалық мектеп-гимназиясының әдістемелік кеңесінде талқыланып, мақұлданған |
![]() | Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама) | ![]() | Лекция: 30 сағат Оқу-әдістемелік кешен Университет Ғылыми Кеңесінде бекітілген Оқу бағдарламасы негізінде жасалған |
![]() | Лекция сабақтарының мазмұны Оқу-әдістемелік кешені Универсиет Ғылыми Кеңесінде бекітілген Оқу бағдарламасы негізінде жасалған | ![]() | Қоғамдық-гуманитарлық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы №3 хаттама) |
![]() | «Химия және биология» факультеті “ Химия биология” кафедрасы “ Гидробиология” пәні бойынша Оқу әдістемелік кешен Университет ғылыми кеңесінде бекітілген бағдарлама негізінде құрастырылған | ![]() | «Сырдария»университеті Химия-биология факультеті «Химия-география» кафедрасы ... |