Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

НазваниеҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
страница1/15
Дата конвертации14.02.2016
Размер2.21 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://mid.gov.kz/images/npa/tablica_1607131724kz.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ЖОБА

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөніндегі

САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ

Рет№

Құрылымдықэлемент

Ағымдағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім)

1

151-баптың

2 және

3- тармақтары

151-бап. Мәмiленiң нысаны

1. Мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық).

2. Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп саналады.

3. Жетон, билет немесе әдеттегiдей қабылданған өзге де растайтын белгi арқылы расталған мәмiле, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады.

4. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мәмiле жасауға ерiк бiлдiру деп танылады.

5. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшiн жасалған мәмiлелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келiсiмi бойынша ауызша жасалуы мүмкiн.

151-бап. Мәмiленiң нысаны

1. Мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай, электрондық немесе нотариалдық).

2. Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай, электрондық не нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп саналады.

3. Жетон, билет немесе әдеттегiдей қабылданған өзге де растайтын белгi арқылы расталған мәмiле, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады.

4. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мәмiле жасауға ерiк бiлдiру деп танылады.

5. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшiн жасалған мәмiлелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келiсiмi бойынша ауызша жасалуы мүмкiн.

Азаматтық заңнама мәмілелерді нысаны бойынша ауызша және жазбаша деп бөле отырып, мәмілелерді азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеті ретінде айқындайды (ҚР АК-нің 147-бабы).

Электрондық мәмілені мәміленің нақты нысанына жатқызу мәселесі заңнамалық деңгейде шешілген (ҚР АК-нің 152-бабы).

Бүгінгі уақытта электрондық нысанда жасалатын мәмілелердің саны жазбаша мәмілелермен салыстырғанда көп емес. Электрондық шарттың объективті түрде айқындалған өзіндік ерекшелігі мен жасалу тәртібі, электрондық шартты дәлелдеме ретінде пайдалану ерекшелігі мәміленің электрондық нұсқасын жазбаша мәміледен айырмашылығы бар ретінде қарастыруға мүмкіндік беретіндігіне қарамастан, қазіргі кезеңде электрондық шартты шарттың дербес нысаны ретінде бөліп қарастыру қажеттігі болмай отырған сияқты.

2

152-баптың

2- тармағының екінші бөлігі, 3-1-тармағы

152-бап. Мәмiленiң жазбаша түрi

2. Егер iскерлiк қызмет өрiсiнiң әдеттегi құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмiлеге тараптар немесе олардың өкiлдерi қол қоюға тиiс.
Егер заңдарға немесе мәмiлеге қатысушылардың бiрiнiң талаптарына қайшы келмесе, мәмiле жасау кезiнде қол қоюдың факсимилелiк көшiрме, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалануға жол берiледi.

3. Екiжақты мәмiлелер әрқайсысына өзiн жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкiн.

Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс, электрондық құжаттар немесе субъектiлердi және олардың ерiк бiлдiруiнiң мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен өзгеше белгiленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмiлеге теңестiрiледi.

Заңдармен және тараптардың келiсiмiмен қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн, оларға мәмiле нысаны, атап айтқанда, белгiленген нысанды бланкiге жазу, мөрмен бекiту сәйкес келуге және оларда осы тараптарды орындамау салдары көзделуге тиiс.

3-1. Жоқ.

3-1. Мәмiле жасау кезiнде, егер бұл заңнамаға немесе қатысушылардың бiрiнiң талабына қайшы келмесе, электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануға және (немесе) электрондық құжаттармен алмасуға жол берiледi.

Бұл түзетулер бапта электрондық мәміленің мәнін (көрінісін) дербес айқындау жолымен ерекше жазбаша нысан ретінде мәміленің электрондық нысаны туралы ережелерді дамытуға бағытталған.

3

346-баптың

1-тармағы

346-бап. Талап етудi беру нысаны

1. Жазбаша (жай немесе нотариалды) түрде жасалған мәмiлеге негiзделген талап етудi беру тиiстi жазбаша түрде жасалуға тиiс.

346-бап. Талап етудi беру нысаны

1. Жазбаша (жай, электронды немесе нотариалды) түрде жасалған мәмiлеге негiзделген талап етудi беру тиiстi жазбаша түрде жасалуға тиiс.

ҚР Азаматтық кодексінін 151, 152-баптарына енгізіліп жатқан түзетулермен сәйкес келтіру мақсатында ұсынылады.

4

393-1-бап

Жоқ.

393-1-бап. Электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде жасалатын шарт талаптары

1. Электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде жасалатын шартқа мынадай талаптар да енгізілуі мүмкін:

1) шартқа және басқа да құжаттарға немесе тараптардың шарт бойынша міндеттемелерін орындауға байланысты электрондық хабарламаларға қол қою тәсілі;

2) тараптардың шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы кезінде олардың арасындағы электрондық хабарламалармен алмасу тәртібі;

3) электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану немесе электрондық хабарламаға немесе электрондық құжатқа қол қойған уәкілетті адамды сәйкестендіру тәртібі, сондай-ақ оларды жеткізу мен анықтығын тексеру тәртібі;

4) тараптар белгілеген ақпараттық жүйеде (ақпараттық дерекқорда) немесе интернет-ресурстарда қамтылатын электрондық хабарламаларға сілтеме жасау жолымен шартқа енгізілетін талаптарға сілтемелер мен нұсқаулар;

5) тараптардың хат алысуларын және шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына байланысты өзге де құжатталған ақпаратты сақтау тәртібі;

6) тараптардың өздерінің дербес деректеріне, хат алысуға және шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына байланысты өзге де құжатталған ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету тәртібі.

2. Электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде жасалатын шартта оның кейбір талаптары тараптардың келісімі бойынша тараптардың бірінің ақпараттық жүйесінде (ақпараттық дерекқорда) орналастырылатын шарттың құрамдас бөлігі ретінде белгіленген ұсыну нысандарындағы жекелеген электрондық хабарламалармен немесе электрондық құжаттармен ресімделуі көзделуі мүмкін.

3. Егер электрондық сауда кезінде жасалатын шартта шарт жасалғаннан кейін нотариустің немесе басқа сенім білдірілген тараптың ақпараттық жүйесіне (ақпараттық дерекқорға) заңды күші бар дана ретінде сақтауға беру көзделген жағдайда, шартқа мынадай талаптар енгізіледі:

1) шарт тараптарының бірінің шартты сақтау шартын жасасу міндеттемесі мен оны жасау тәртібі;

2) сақтау орны мен талаптарын және тараптардың сақтауға берілген құжатқа қол жеткізуі.

Түзету электрондық нысанда жасалатын мәмілелердің ерекшеліктеріне байланысты қажет болады.

5

397 бап

397-бап. Шарт жасасу тәртібі

1. Офертада акцептiге арналған мерзiм көрсетiлген жағдайда, егер оферта жiберген жақ акцептi онда көрсетiлген мерзiм iшiнде алса, шарт жасалған болып есептеледi.

2. Жазбаша офертада акцептiге арналған мерзiм көрсетiлмеген жағдайда, егер оферта жiберген жақ акцептi заңдарда белгiленген мерзiм бiткенге дейiн, ал егер ондай мерзiм белгiленбесе, оны жеткiлiктi дәрежеде қажеттi уақыт iшiнде алса, шарт жасалған болып есептеледi.

Оферта акцептiге арналған мерзiм көрсетiлмей ауызша жасалған жағдайда, егер екiншi тарап оның акцептi туралы дереу мәлiмдесе, шарт жасалған болып есептеледi.

3. Егер оферта жiберген тарап екiншi тарапқа акцептi кеш алғаны туралы дереу хабарламаса, акцепт туралы мерзiмiнде жiберiлген хабар кешiктiрiлiп алынған жағдайда, акцепт кешiктiрiлген болып есептелмейдi.

Егер оферта жiберген тарап екiншi тарапқа оның кешiктiрiлiп алынған акцептi қабылданғаны туралы дереу хабарласа, шарт жасалған болып есептеледi.

3-1 Жоқ.

4. Офертада ұсынылғаннан өзге жағдайларда шарт жасасуға келiскендiк туралы жауап акцепт болып табылмайды.

Мұндай жауап офертадан бас тарту және сонымен бiрге жаңа оферта деп танылады.

3-1. Электрондық саудадағы шарт, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе немесе офертада өзгеше көрсетілмесе, сатушы сатып алушының акцептін қамтитын электрондық хабарламаны алған немесе олар шартты жасауға және (немесе) орындауға бағытталған іс-әрекеттерді орындаған кезде жасалды деп танылады.

4. Офертада ұсынылғаннан өзге жағдайларда шарт жасасуға келiскендiк туралы жауап акцепт болып табылмайды.

Мұндай жауап офертадан бас тарту және сонымен бiрге жаңа оферта деп танылады.

Түзету электрондық нысанда жасалатын шартты жасасу кезін айқындау үшін қажет.

1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім)

6

972- баптың

1-1-тармағы

972-бап. Авторлық құқық объектiлерiнiң түрлерi

1. Авторлық құқық объектiлерi мыналар болып табылады:

1) әдеби туындылар;

2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;

3) сценарийлiк туындылар;

4) хореография және пантомима туындылары;

5) мәтiндi немесе мәтiнсiз музыкалық туындылар;

6) аудио-бейне туындылар, радио туындылар;

7) кескiндеме, мүсiн, графика туындылары мен басқа да бейнелеу өнерiнiң туындылары;

8) қолданбалы өнер туындылары;

9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары;

10) фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдiстермен алынған туындылар;

11) географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, безендiрмелер мен үш өлшемдi туындылар;

12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;

13) өзге де туындылар.

1-1. Жоқ.

2. ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау кез келген тiлде және кез келген нысанда көрсетiле алатын, оларға негiзгi мәтiндi және объектiлiк кодты қоса алғанда, ЭЕМ (оның iшiнде операциялық жүйелер) бағдарламаларының барлық түрлерiне қолданылады.

1-1. Авторлық құқық объектілері электрондық ақпараттық ресурстар нысанында көрсетілген жағдайларда да оларды қорғау ұсынылады.

2. ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау кез келген тiлде және кез келген нысанда көрсетiле алатын, оларға негiзгi мәтiндi және объектiлiк кодты қоса алғанда, ЭЕМ (оның iшiнде операциялық жүйелер) бағдарламаларының барлық түрлерiне қолданылады.

Электрондық ақпараттық ресурс нысанында көрсетілген авторлық құқық объектілерін қорғауға бағытталған түзету.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Похожие:

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы-экономикалық қылмыстарды одан әрі декриминализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағындағы тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница