«Жарнама психологиясы» мамандық үшін 5В010300 «Педагогика және психология»




Название«Жарнама психологиясы» мамандық үшін 5В010300 «Педагогика және психология»
страница6/7
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.91 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/0b6a43cc-ae1a-11e4-bd4b-f6d299da70eeУММ 03.doc
1   2   3   4   5   6   7

3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СҰРАҚТАР


1 Қазіргі шынайылықтағы жарнаманың рөлі

1. Жарнаманың ақпарат құралдарымен өзара байланысы. Бұл ықпалдың қайсысы жағымды және жағымсыз аспектілері

2. Қазіргі жарнама. Оның сапасы, саны, тақырыбы, формасы

3. Жарнама біздің қзіміз және басқалар туралы ойларымызға қалай әсер етеді? Жағымды және жағымсыз жақтары

Мақсаты: оқушының жарнама туралы өзіндік қатынасын және қазіргі шынайылықтағы оның рөлін қалыптастыру.

Әдісі: «Дискуссиялы ойын»: студенттерге мәселеге байланысты екі командаға бөліну ұсынылады.


2 Жарнаманы құру технологиясы

Жарнамалық объектінің және біртұтас аудиторияны анықтау

Мақсаты: жарнамалық ақпаратты ойлап құрастыру іскерлігін қалыптастыру және зерттеу іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру.


3 Жарнамалық концепцияның өңдеуі

1. Концепция түсінігі, жарнамалық концепция ерекшеліктері және негізі.

2. Жарнамалық концепцияның функциялары, рөлдері

Мақсаты: жарнамалық ақпарат концепциясын құру іскерлігін қалыптастыру.


4 Жарнамалық концепция құрылымы

1. Жарнамалық стратегия. Түсінігі, негізі.

2. Жарнамалық стратегияның мақсаты, тапсырмалары.

3. Болжам және оның әртүрлілігі

Мақсаты: жарнамалық ақпарат концепциясын құру іскерлігін қалыптастыру, зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын бекіту.


5 Жарнамалық стратегия өңдеу және жарнамалық жоспар

1. Жарнама түсінігінің спецификалық бейнесі әлеуметтік-мәдени және психологиялық феномен ретінде.

2. Жарнама функциясы және негізі.

3. Жарнаманың рөлі және функциялары жарнаманың құрылымдық элементтері.

Мақсаты: жарнамалық ақпарат концепциясын құру іскерлігін қалыптастыру, зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын бекіту.


6 Жарнаманы қабылдау психологиясы

1. Жарнаманы қабылдау психологиясы.

2. Қабылдау түсінігі және оның спецификалық бейнелері.

3. Жарнамалық ақпаратты қабылдау модельдері


7 Жарнамалық ақпараттардың конструкциялау мазмұны

1. Жарнамалық мәтін туралы түсінік

2. Оның түрлері, жарнамалық мәтіндердің

Мақсаты: жарнамалық ақпараттардың конструкциялау області бойынша теориялық білімді практикалық өңдеу, аналитикалық қабілеттерін дамыту.


8 Жарнамалық бейнелерді құрудың әдістері мен ережесі

1. Жарнамалық кескін және оның құрастырушысы

2. Жарнамалық кескін: қызметі мен қасиеттері

Мақсаты: жарнамалық бейнелерді психологиялық-сауатты құрылымдау області бойынша теориялық білімдерді практикалық өңдеу, аналитикалық қабілеттерін дамыту.


9 Жарнамадағы манипуляция және сендіру технологиялары

Жарнамадағы манипуляция психотехнологиялары: тереотиптер, аңыздар, автоматизм.

Мақсаты: жеке тұлғаның өміріне жарнамалық іс-әрекеттің әсері туралы студенттерде ой қалыптастыру.


10 Хабарламалардың көрсетілімінің кәсіптік каналдары

1. Радио-жарнамалар. Түсінік, аудио жарнамалық каналдардың мінездемесі мен спецификасы

2. Бейне жарнама. Түсінік, телевизиялық жарнамалық каналдардың мінездемесі, телевизиялық роликтардың құрылымдық элементтері

Мақсаты: Жарнамалық хабарламалардың көрсетілімінің кәсіптік каналдары бойынша жинақталған теориялық білімді практикамен ұштастыру.


11 Зерттеу жұмыстарын жарнамаға бағыттау

1. Жарнамадағы зерттеу жұмыстары және олардың мінездемесі.

2. Жарнамадағы зерттеу жұмыстары бағыттарының мазмұны: жарнамалық мәліметтердің психологиялық бағасы және жалпы жарнамалық компаниялар, практикалық зерттеу жұмыстары.

3. Жарнамалық компания этаптарына сәйкес зерттеу міндеттері


12 Пошталық жарнама

1. Пошталық жарнамалық каналға мінездеме, құрылымдық элементтері, классификациясы

2. Пошталық жарнамаларды өндірудің технологиясы, құрудың негізгі құралдары

3. Пошталық жарнамаларды безендіру мен өндірудің талаптары.


13. Жарнамадағы зерттеулердің негізгі типтері

1. Зерттеу бағыттары: мотивтік зерттеу.

2. Марка бейнелерімен танысу, каналдармен танысу, жарнамалық хабарламалардың эффектілі бағалаулары, анализдің түрлері мен параметрлері.


14. Жарнамалардағы зерттеудің негізгі типтері және оларды жүзеге асырудың әдістері

1. Жарнамадағы зерттеулердің негізгі типтері.

2. Зерттеу бағыттары: мотивтік зерттеу.


4 КУРС ЖҰМЫСЫ (ЖОБА)

Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?

Студенттер дәріс материалдарына, ұсынылған еңбектер мен әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріңіз. Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді осы авторлардың позициясына қойып көріңіз.

Сабақ барысы.

Студенттер белгілі бір психологиялық мектептердің позициясын көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ 15-20 минутта дискуссия барысында өздерінін көзқарастарын дәлелдеп шығатын сұрақтар тізімін белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген дәлелдемелердін дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз. Осындай көптеген көзқарастардың балаларға білім беру мен оларды тәрбиелеуде алатын орны қандай? Бір проблемаға байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар төңірегінде ойланып көріңіз.

Практикалық сабақтарды өткізуге арналған жалпы әдістемелік нұсқау

Сабақ бірнеше кезеңнен тұрады.

1-кезең. 10- минут. Зерттелетін проблемаға кіріспе.

Осы кезеңде тақырыптың өзектілігі айқындалып, оның күрделілігі, практикамен теорияда шешілу деңгейі ашылуы қажет және ағымдағы өмірдің түрлі аспектілерімен болашақ әрекетімен байланысы проблемалары көрсетілуі тиіс.

2-кезең. 3- минут. Мақсат қою.

Топ бірнеше шағын топқа бөлінеді. Әр топтың тапсырма шеңбері анықталады (жағдаятты зерттеу. өз жауабымен шешімін нақтылау, өз көзқарасын публикалық қорғауға даярлану), шешім іздеу және талдау шекарасы, өздік жұмыс уақыты белгіленеді.

3-кезең. 10-15 минут. Жағдаятпен топтық жұмыс.

Оқытушы топтың жұмысын бақылайды, туындаған сұрақтарға жауап береді, нұсқаулар береді.

4-кезең. 15-20 минут. Топтық пікірталас.

Шағын топтардың өкілдері кезек-кезек жұмыс нәтижесі туралы хабарламаларымен таныстырады, жағдай туралы жалпы көзқараспен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап береді, ұсынылған альтернативті шешімдерге талдау жасайды.

Топ өкілдері сөздерінен кейін, жалпы пікірталас басталады. Көзқараспен шешімді талдау, нәтижені талдауды бағалау, мәселені шешу жолын қарастыру,, тиімді шешімге келу.

5-кезең. 10 минут. Қорытынды әңгіме.

Оқытушы жағдаятпен жұмыс барысындағы ұжым жұмысының жақсы нәтижесін ерекше көрсетеді. Дұрыс және қате шешімдерді бөліп көрсетеді.


5 БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

5.1. БӨЖ және БӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау

Студенттердің өздік жұмысы (БӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).

Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, студенттердің міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.

БӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Студентөздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.

І. Берілген тақырыпты конспектілеу.

Негізгі талаптар:

  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.

Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар

    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Студенттердің табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Студенттердің оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.

5.2. БӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары

БӨЖ тақырыптарының тізімі

1 Жарнама психологиясы ғылымы объектісі туралы көзқарастар

2 Жарнама функциясы және мәні

3 Жарнамалық концепцияның өңделуі

4 Жарнамалық стратегия құрылымы

5 Жарнамалық жоспардың өңдеу

6 Жарнаманы қабылдау психологиясы

7 Жарнамалық мәтіндерді даярлаудың әдістері мен ережелері.

8 Жарнамадағы манипуляция және сендіру технологиялары


Бақылау сұрақтары

  1. Жарнамалардың психологиялық зерттеулердегі мазмұны және формальді-динамикалық мінездемесі.

  2. Жарнаманы психологиялық экспертизалау мәселесі.

  3. Жарнаманың эффективтілік бағасы.

  4. Жарнамадаға диалогтық қызмет

  5. Аудан көлемі бойынша әр-түрлі жарнамалық топтар өзара қалай сәйкестендіріледі?

  6. Сапасы мен саны бойынша қандай хабарландыру топтары маңызды?

  7. Жарнама көп мөлшерде кімге бағытталған?

  8. Қандай психотехникалық әдістер қолданылған

  9. Жарнамаларды психологиялық зерттеу кезіндегі мазмұнды және формальді-динамикалық сипаттамасы.

  10. Жарнамадағы психологиялық экспертиза мәселесі.

  11. Жарнамадағы эффектіні бағалау.

  12. Диалог түріндегі жарнамалық қызмет


«Жарнама психологиясы» пәнінен

студенттердің білімін бағалауға арналған сұрақтар


1. «Жарнама» термині қай тілден шыққан, нені білдіреді?

А. Грек тілінен шыққан, «жарнамалау» дегенді білдіреді.

Ә. Араб тілінен шыққан, «сөйлеу» дегенді білдіреді. Б. Латын тілінен шыққан, «айқайлап сөйлеу, хабардар ету» дегенді білдіреді.

В. Орыс тілінен шыққан, «жазу» дегенді білдіреді.

Г. Ағылшын тілінен шыққан, «жариялау» дегенді білдіреді.

2. Жарнамалық ақпараттың ағымдағы ақпараттан айырмашылығы неде?

А. Жарнама адамға, бір тауарға немесе қызмет түрін пайдалануға насихаттау арқылы әсер ету.

Ә. Жарнама адамның тауарды пайдалануға сұраныс тудыратын құралы.

Б. Жарнамалық ақпарат тез көндіретін тіркестерден тұрады.

В. Жарнамалық ақпарат қоғамның маңызды мәселелерін көтереді.

Г. Жарнамалық ақпарат жедел тарайды, шапшаң жылдамдықпен халықты хабардар етеді.

3. Ең алғаш жарнама қай елде пайда болды?

А. Үндістанда. Ә. Ұлыбританияда. Б. Ресейде. В. Египетте. Г. Францияда.

4. Ежелгі жарнама таратушыларды қалай атаған? А. Жарнамалаушы. Ә. Глашатайлер. Б. Клишаттар. В. Жарнама беруші. Г. Рекламист.

5. Ежелгі Римде жарнамалық жазбалар қайда жазылды? А. Ағаш тақтайшаларына Ә. Папируске Б. Қағазға В. Оқулықтарға Г. Қабырғаларға.

6. Гутенберг баспа станогын қай жылы ойлап тапты? А. 1444ж. Ә. 1404ж. Б. 1450ж. В. 1478ж. Г. 1446ж.

7. Алғаш Лондонда басылған жарнамалық хабарландыру қай жылы шықты?

А. 1449ж. Ә. 1472ж. Б. 1401ж. В. 1467ж. Г. 1471ж.

8. Бенджамин Франклин негізін қалаған «Газетт» басылымы қай жылы жарық көрді?

А. 1777ж. Ә. 1778ж. Б. 1743ж. В. 1729ж. Г. 1735ж.

9. Жарнама агенттіктері нешінші ғасырда құрылды?

А. ХХ ғ. Ә. ХІХ ғ. Б. ІХ ғ. В. ХҮІІ ғ. Г.ХХІ ғ.

10. Әлемде ең ірі жарнама агенттігі қай елде орналасқан?

А. Италияда Ә. Ұлыбританияда Б. Америкада В. Жапонияда Г. Францияда.

11. Жарнама агенттіктерінің қызметіне берілетін төлемнің неше әдісі бар?

А. 2 Ә. 6 Б. 8 В. 10 Г. 4

12. Алғаш жарнама мәтінімен қоса фотоиллюстрациялар қай жылы пайда болды?

А. 1800ж. Ә. 1824ж. Б. 1839ж. В. 1886ж. Г. 1806ж.

13. Директ - маркетинг дегеніміз не?

А. Тұтынушымен тікелей қатынасқа түсетін сауда қызметі. Ә. Тұтынушының көңіл-күйін, талабын орындайтын сауда түрі. Б. Тұтынушының тауарға деген сұранысы. В. Кірістен түсетін пайда. Г. Бір тауарды жарнамалдайтын шаралар.

14. Жарнаманың адамның сезім мүшелеріне әсер етуінің неше түрі бар?

А. 12 Ә. 8 Б. 10 В. 6 Г.

15. Белгілі бір аймақта таралатын жарнама қалай жіктеледі?

А. Ішкі, сыртқы, аймақтық, әлемдік Ә. Мемлекеттік, қоғамдық, мемлекетаралық, шекаралық Б. Аймақтық, жалпыұлттық, халықаралық, жергілікті В. Ұлттық, қоғамдық, жеке, әлеуметтік, танымдық Г. Бүкілхалықтық, жалпы, арнайы, салалық.

16. Жарнама құралдарын неше топқа бөледі?

А. 6 Ә. 4 Б.10 В. 2 Г. 8

17. Жарнаманы құрайтын негізгі элементтер?

А. Шрифт пен сурет Ә. Графикалық элементтермен дыбыс Б. Сурет пен дыбыс В. Мәтін мен дыбыс Г. Мәтін мен сурет

18. Баспасөздегі жарнаманың неше түрі бар және қалай аталады?

А. 3 түрі (жалпы, ұлттық, қоғамдық сипаттағы жарнама) Ә. 4 түрі (салалық, жарнамалық хабарландыру, жаңалықтар, қоғамдық) Б. 2 түрі (жарнамалық хабарландыру, жалпы жарнамалық сипаттағы публикациялар) В. 1 түрі Г. Баспасөздегі жарнама бөлінбейді.

19. Аудиовизуальді жарнамаға нені жатқызуға болады?

А. Кітап, газет, видеофильм (жарнамалық сипаттағы) Ә. Кинофильмдер, видеофильм, слайд-фильмдер Б. Жарнамалық хабарландыру, үгіт насихаттау В. Интернетті Г. Баспа өнімдері

20. Жәрмеңке дегеніміз....

А. Тауарды өткізу үшін жасалатын іс-шаралар. Ә. Айналымға кеткен тауардың шығыны. Б. Тауардан түскен пайда. В. Тауарды өндіруге жұмсалған ақша. Г. Ұсынылған тауарлар бойынша тиімді сауда келісім-шарттарын жасауға бағытталған коммерциялық шаралар.
1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

«Жарнама психологиясы» мамандық үшін 5В010300 «Педагогика және психология» icon5В010300 «Педагогика-психология» мамандықтарының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен (Силлабус)
Силлабус 5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының Қр мжмбс 08. 059 – 2009), типтік оқу бағдарламасы (Қр бжҒМ 22 06 2006),...
«Жарнама психологиясы» мамандық үшін 5В010300 «Педагогика және психология» icon5В010300-«Педагогика және психология» мамандықтарына «Психология тарихы» пәні бойынша
Психология-педагогика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде талқыланды: хаттама №6, 20. 06. 2012 ж
«Жарнама психологиясы» мамандық үшін 5В010300 «Педагогика және психология» icon«ШЫҒармашылық ойлау психологиясы»
Психология” кафедрасының профессоры,психология және педагогика ғылымдарының кандидаты Б.Қ. Жарықбаев
«Жарнама психологиясы» мамандық үшін 5В010300 «Педагогика және психология» icon«ШЫҒармашылық ойлау психологиясы»
Психология” кафедрасының профессоры, психология және педагогика ғылымдарының кандидаты Б.Қ. Жарықбаев
«Жарнама психологиясы» мамандық үшін 5В010300 «Педагогика және психология» iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым миністірлігі
Педагогика пәні бойынша 5В010801 – Дене шынықтыру және спорт, 5В012000 –Кәсіби білім, 5В010300—Педагогика және психология, 5В011700-Қазақ...
«Жарнама психологиясы» мамандық үшін 5В010300 «Педагогика және психология» icon«Статистика» мамандық үшін 6М010300 «Педагогика және психология»
Статистикалық сана әрбір сандық көрсеткіштің өзіне тән ұғым түрінде беруін айтады
«Жарнама психологиясы» мамандық үшін 5В010300 «Педагогика және психология» icon«Педагогика және психология» кафедрасы
Пәннің оқу-әдістемелік кешені Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде Психология және педагогика факультетінің Психология...
«Жарнама психологиясы» мамандық үшін 5В010300 «Педагогика және психология» icon6М010300 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім магистрі академиялық дәрежесін алу үшін
...
«Жарнама психологиясы» мамандық үшін 5В010300 «Педагогика және психология» iconПедагогика кафедрасы «Қазіргі мектепте интерактивті оқыту әдістері» пәнінен ДӘріс жинағЫ 5В010300-Педагогика және психология
«Қазіргі мектепте интерактивті оқыту әдістері» пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий)
«Жарнама психологиясы» мамандық үшін 5В010300 «Педагогика және психология» icon«6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама ««6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница