Источник: ИС ПАРАГРАФ, 30.09.2015 13:31:51
Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 Қаулысы (2015.27.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есебін жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 98 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5433 тіркелген) күші жойылды деп танылсын. Ұлттық Банк Төрағасы | Г. Марченко | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысымен бекітілген Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.26.07. № 194 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Жалпы ережелер 1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 271 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 388 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.07. № 194 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.27.05. № 83 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Осы Нұсқаулық бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - жинақтаушы зейнетақы қорлары), банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушыларының, арнайы қаржы компанияларының, акционерлік инвестициялық қорлардың және микроқаржы ұйымдарының (бұдан әрi - ұйым) меншiктi ақшаны салымдарға, заемдарға, бағалы қағаздарға, туынды құралдарға, тазартылған қымбат металдарға, шетел валютасына орналастыру операцияларының, хеджирлеу операцияларының, сондай-ақ РЕПО және керi РЕПО операцияларының бухгалтерлiк есебін жүргiзуді нақтылайды. Осы Нұсқаулықтың 4, 7, 9, 10 және 11-тараулары исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды. 3. Осы Нұсқаулықта халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мәміле жасау күнгі және мәміле бойынша есеп айырысу күнгі қаржы активтерін сатып алу және сату мәмілелерін есепке алу әдісі қолданылады. Осы тармақта көрсетілген қаржы активтерін сатып алу және сату мәмілелерін есепке алу әдістерінің бірін таңдау ұйымның есеп саясатында айқындалады. 4. Осы Нұсқаулыққа және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына қайшы келмейтін қосымша бухгалтерлік жазбалар жасауға жол беріледі. Шетел валютасын, қаржы құралдарын, тазартылған қымбат металдарды, туынды қаржы құралдарын және басқа да активтерді валюталарды айырбастаудың нарықтың бағамының өзгеруімен немесе олардың әділ құнының ұйымдардың жүргізілетін операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуді реттейтін ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен іске асырылған және іске асырылмаған кірістер мен шығыстар деп бөлмей өзгеруімен байланысты қайта бағалаудан болған кірістер мен шығыстар сомаларын көрсетуге жол беріледі. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.26.07. № 194 Қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар 5. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) борыштық бағалы қағаздар - бағалы қағаздар иесінің эмитенттен шығару талаптарымен белгіленген мөлшерде және мерзімдерде негізгі борыш сомасын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаздар; 2) дисконт (жеңілдік) - борыштық бағалы қағазды сатып алу құны (есептелген сыйақыны қоспағанда) және оның номиналдық құны арасында пайда болған, инвестор (сатып алушы) үшін болашақ кезеңдердің кірістерін құрайтын теріс айырмашылық сомасы; 3) есептік құн - актив немесе міндеттеме бухгалтерлік баланста сыйақыны шегеріле отырып көрсетілген құн; 4) Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығының фиксингі-тазартылған қымбат металдардың Лондон қымбат металдар нарығының қауымдастығы белгілеген құны. Лондон қымбат металдар нарығы қауымдастығының фиксингі 1 (бір) троя унциясы үшін АҚШ долларымен көрсетіледі; 5) мәміле бойынша шығындар - бұл қаржы активін немесе қаржылық міндеттемені сатып алумен, шығарумен немесе шығынға жазумен тікелей байланысты, оларды сатып алу, шығару немесе сату үшін міндетті талап болып табылатын қосымша шығыстар; 6) сыйлықақы - борыштық бағалы қағазды сатып алу құны (есептелген сыйақыны қоспағанда) және оның номиналдық құны арасында пайда болған, инвестор (сатып алушы) үшін болашақтағы кезеңдердің шығыстарын құрайтын оң айырмашылық сомасы; 7) сыйлықақының немесе дисконттың (жеңілдіктің) амортизациясы - бұл есепте тұрған сыйлықақы немесе дисконт (жеңілдік) сомасын ұйымның кірісіне немесе шығысына біртіндеп жатқызу; 8) үлестік бағалы қағаздар - ұйымның таза активтеріндегі (міндеттемелер шегерілген активтер) үлеске құқығын растайтын бағалы қағаздар. Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін үлестік бағалы қағаздарға акциялар, акцияларға депозитарлық қолхаттар, инвестициялық пай қорлардың пайлары және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес үлестік бағалы қағаздар анықтамасына жататын басқа бағалы қағаздар жатады. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.26.07. № 194 Қаулысымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлік есебі 1-параграф. Өзгеруі пайда немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар сатып алынған борыштық бағалы қағаздарды есепке алу 6. «Өзгеруі пайда немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар «және» сату үшін қолда бар бағалы қағаздар» санатына жіктелген борыштық бағалы қағаздарды сатып алған кезде (мәміле бойынша шығындардан тұратын сатып алу құнына) мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады: 1) брокерге авансты аударған кезде: Дт | 1610 02 | Брокерлермен есеп айырысу | Кт | 1030 | Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты; | 2) мәміле бойынша шығындарды есепке ала отырып сатып алынған борыштық бағалы қағаздардың таза құнына (оның номиналдық құнынан аспайтын сомаға): Дт | 1120 01 | Өзгеруі пайда немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері | | 1140 01 | Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар | | 2030 01 | Сату үшін қолда да бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар | Кт | 1030 | Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты; | 3) борыштық бағалы қағазды сатып алумен байланысты шығындардан тұратын сыйлықақы сомасына: Дт | 1120 03 | Өзгеруі пайда немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып алынған қаржылық активтер бойынша сыйлықақы | | 1140 03 | Сату үшін қолда бар сатып алынған қаржылық инвестициялар бойынша сыйлықақы | | 2030 03 | Сату үшін қолда бар сатып алынған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар бойынша сыйлықақы | Кт | 1030 | Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты: | 4) дисконт (жеңілдік) сомасына: Дт | 1120 01 | Өзгеруі пайда немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері | | 1140 01 | Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар | | 2030 01 | Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар | Кт | 1120 02 | Өзгеруі пайда немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып алынған қаржы активтері бойынша дисконт | | 1140 02 | Сату үшін қолда бар сатып алынған қаржылық инвестициялар бойынша дисконт | | 2030 02 | Сату үшін қолда бар сатып алынған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар бойынша дисконт; | 5) алдыңғы ұстаушы есептеген сыйақы сомасына: Дт | 2170 03 | Алдыңғы ұстаушылардың бағалы қағаздар бойынша есептеген сыйақысы | | 1270 04 | Алдыңғы ұстаушылардың бағалы қағаздар бойынша есептеген сыйақысы | Кт | 1030 | Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты; | 6) борыштық бағалы қағаздарды сатып алу бойынша мәміле сомасы олардың әділ құнынан асып кеткен жағдайда: Дт | 747010 | Бағалы қағаздарды сатып алудан-сатудан болған шығыстар | Кт | 1120 02 | Өзгеруі пайда немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып алынған қаржы активтері бойынша дисконт | | 1120 03 | Өзгеруі пайда немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып алынған қаржы активтері бойынша сыйлықақы | | 1140 02 | Сату үшін қолда бар сатып алынған қаржылық инвестициялар бойынша сыйлықақы | | 1140 03 | Сату үшін қолда бар сатып алынған қаржылық инвестициялар бойынша сыйлықақы | | 2030 02 | Сату үшін қолда бар сатып алынған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар бойынша дисконт | | 2030 03 | Сату үшін қолда бар сатып алынған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар бойынша сыйлықақы; | 7) борыштық бағалы қағаздардың әділ құны оларды сатып алу бойынша мәміле сомасынан асып кеткен жағдайда: Дт | 1120 02 | Өзгеруі пайда немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып алынған қаржы активтері бойынша дисконт | | 1120 03 | Өзгеруі пайда немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып алынған қаржы активтері бойынша сыйлықақы | | 1140 02 | Сату үшін қолда бар сатып алынған қаржылық инвестициялар бойынша сыйлықақы | | 1140 03 | Сату үшін қолда бар сатып алынған қаржылық инвестициялар бойынша сыйлықақы | | 2030 02 | Сату үшін қолда бар сатып алынған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар бойынша дисконт | | 2030 03 | Сату үшін қолда бар сатып алынған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар бойынша сыйлықақы | Кт | 6280 09 | Бағалы қағаздарды сатып алудан-сатудан түскен кірістер. | 7. Өзгеруі пайда немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар борыштық бағалы қағаздар бойынша ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен сыйақы есептеген кезде есептелген сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады: Дт | 1270 01 | Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі есептелген кірістер | | 2170 01 | Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі есептелген кірістер | Кт | 6110 01 | Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер. | 8. Борыштық бағалы қағаздар эмитентінің төлем көзінен ұсталуы тиіс корпоративтік табыс салығы түріндегі шығыстарды есептеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады: Дт | 7710 | Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар | Кт | 3110 01 | Төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы. | 9. Өзгеруі пайда немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ күн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақыны немесе дисконтты (жеңілдікті) ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен амортизациялаған кезде есептелген сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады: 1) сыйлықақы амортизациясының сомасына: Дт | 7310 02 | Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақының амортизациясымен байланысты шығыстар | Кт | 1120 03 | Өзгеруі пайда немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ күн бойынша бағаланатын сатып алынған қаржы активтері бойынша сыйлықақы | | 1140 03 | Сату үшін қолда бар сатып алынған қаржылық инвестициялар бойынша сыйлықақы | | 2030 03 | Сату үшін қолда бар сатып алынған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар бойынша сыйлықақы; | 2) дисконт (жеңілдік) амортизациясының сомасына: Дт | 1120 02 | Өзгеруі пайда немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып алынған қаржы активтері бойынша дисконт | | 1140 02 | Сату үшін қолда бар сатып алынған қаржылық инвестициялар бойынша сыйлықақы | | 2030 02 | Сату үшін қолда бар сатып алынған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар бойынша дисконт | Кт | 6110 03 | Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконттың амортизациясымен байланысты кірістер. | 10. Осы Нұсқаулықтың |