Конкурс өткізу туралы хабарландыру




Скачать 83.18 Kb.
НазваниеКонкурс өткізу туралы хабарландыру
Дата конвертации14.02.2016
Размер83.18 Kb.
ТипКонкурс
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish363554_29619.doc
Конкурс өткізу туралы хабарландыру


«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ, 050040, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй, анықтама үшін телефондары 8(727) 330-24-66, 2704-762, 2704-544, факс 8(727) 2704-615, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметшілерінің мынадай лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидаттар қолма-қол (жұмыс күндері сағат 09-00 12-00 аралығында) немесе почта арқылы (нотариат куәландырған сканирленген құжаттар) конкурсты өткізу туралы хабарландыру орналастырылған (жарияланған) күннен бастап (2015 жылғы 29 қыркүйек – 12 қазан аралығында (қоса алғанда) 10 (он) жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша ұсынуға тиіс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

бас маман лауазымы үшін: білімі – жоғары кәсіби. Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте кемінде бір жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бір жарым жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды немесе Ұлттық Банктің Магистратурасын аяқтау.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

жетекші маман лауазымы үшін: білімі – жоғары кәсіби.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

Кадрмен қамтамасыз ету департаменті қызметкерлерді оқыту және дамыту басқармасының бас маманы (уақытша жоқ қызметкердің орнын ауыстыру уақытына)

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары экономикалық, жоғары гуманитарлық, жоғары заңгерлік, жоғары техникалық, әлеуметтік ғылымдар немесе жаратылыстану ғылымдары мамандықтары бойынша жоғары. «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені, Қазақстан Республикасының осы лауазымның мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу.

Функционалдық міндеттері: нормативтік құжаттарды әзірлеу, Басқарманың есептерін жасау. Оқыту және біліктілігін арттыру бойынша бюджетті (шығыстар сметасын), шығындар болжамын, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу жоспарын қалыптастыру мен түзету; Ұлттық Банктің қызметкерлерін оқыту және біліктілігін арттыру жоспарын қалыптастыру және орындалуын қамтамасыз ету; Ұлттық Банктің қызметкерлерін Қазақстан аумағында және шетелде оқытуды, оның ішінде филиалдардың қызметкерлерін қашықтан оқытуды ұйымдастыру; Ұлттық Банктің білім беру жобаларын іске асыру шеңберіндегі жұмысты, оның ішінде Ұлттық Банктің Магистратурасының қызметін үйлестіру; Ұлттық Банктің қызметкерлерін оқыту шарттарын және оқуға байланысты шығыстарды өтеу шарттарын әзірлеу мен жасау, Ұлттық Банктің базасында оқыту іс-шараларын ұйымдастыру кезінде бұйрықтарды ресімдеуге байланысты іс-шараларды жүзеге асыру; Ұлттық Банктің бөлімшелерінде жоғары оқу орындары студенттерінің практикасын ұйымдастыру; Ұлттық Банктің басшылық құрамының резервін қалыптастыру; Ұлттық Банктің жаңа қызметкерлерін бейімдеу бойынша жұмысты жүргізу. Ұлттық Банктің ішкі корпоративтік порталында ақпараттық материалдардың ақпараттық толықтырылуына және жаңартылуына бақылау жасау. Корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыруға және балалар мекемелеріне қайырымдылық көмек көрсету жұмысына қатысу. Басқарманың және Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.


Кадрмен қамтамасыз ету департаменті қызметкерлерді оқыту және дамыту басқармасының жетекші маманы (уақытша жоқ қызметкердің орнын ауыстыру уақытына)

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары экономикалық, жоғары гуманитарлық, жоғары заңгерлік, жоғары техникалық, әлеуметтік ғылымдар немесе жаратылыстану ғылымдары мамандықтары бойынша жоғары. «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені, Қазақстан Республикасының осы лауазымның мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу.

Функционалдық міндеттері: нормативтік құжаттарды әзірлеу, Басқарманың есептерін жасау. Оқыту және біліктілігін арттыру бойынша бюджетті (шығыстар сметасын), шығындар болжамын, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу жоспарын қалыптастыру мен түзету; Ұлттық Банктің қызметкерлерін оқыту және біліктілігін арттыру жоспарын қалыптастыру және орындалуын қамтамасыз ету; Ұлттық Банктің қызметкерлерін Қазақстан аумағында және шетелде оқытуды, оның ішінде филиалдардың қызметкерлерін қашықтан оқытуды ұйымдастыру; Ұлттық Банктің білім беру жобаларын іске асыру шеңберіндегі жұмысты, оның ішінде Ұлттық Банктің Магистратурасының қызметін үйлестіру; Ұлттық Банктің қызметкерлерін оқыту шарттарын және оқуға байланысты шығыстарды өтеу шарттарын әзірлеу мен жасау, Ұлттық Банктің базасында оқыту іс-шараларын ұйымдастыру кезінде бұйрықтарды ресімдеуге байланысты іс-шараларды жүзеге асыру; Ұлттық Банктің бөлімшелерінде жоғары оқу орындары студенттерінің практикасын ұйымдастыру. Корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыруға және балалар мекемелеріне қайырымдылық көмек көрсету жұмысына қатысу. Басқарманың және Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.


Конкурс Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) түйіндеме (нақты тұратын жерінің мекенжайын және телефондарын, оның ішінде байланыс телефондарын, білімі, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);

2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

3) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;

4) білім туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

5) нотариат куәландырған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) 3х4 өлшемді 1 (бір) фотосурет;

7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Құжаттардың біреуінің болмауы конкурстық комиссияның құжаттарды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

«Түйіндеменің» электрондық нұсқасын (www.nationalbank.kz «Ұлттық Банк туралы» бөлім/«ОА бос жұмыс орындары»/«Түйіндеме» шағын бөлімі) Нұсқаулыққа сәйкес толтыру және ermekova@nationalbank.kz электрондық почтаның мекенжайына жіберу қажет.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар олардың біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан мінездемелер, ұсынымдар) болса, оны ұсынады.

Үміткерлер конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру (жарияланым) орналастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қолма-қол немесе почта арқылы ұсынуға тиіс.

Үміткерлер хабарландыруда көрсетілген электрондық почтаның мекенжайына жоғарыда атап көрсетілген құжаттарды электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген үміткерлер құжаттардың түпнұсқаларын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады. Құжаттардың түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда, ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

1) конкурсты өткізу туралы хабарландыру;

2) конкурстық комиссияның құрамын бекіту,

3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және талаптарға сәйкестігіне қарау;

4) үміткерлерді тестілеу;

5) үміткерлермен әңгімелесу;

6) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы;

7) кадр резервін қалыптастыру.

Конкурсқа қатысушылар конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгіме жүргізетін орынға бару-келу жолына, тұрғын үйді жалға алу, тұру, байланыс құралдары қызметінің барлық түрлерін пайдалану және басқалары) өз қаражаты есебінен жүргізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

Конкурсқа қатысушыларды тестілеуге жіберу туралы шешімді конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Үміткерлер тестілеуге жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тестілеуден өтеді.

Тестілеуден өткен кезде шекті мәндерге тең немесе одан жоғары баға алған үміткерлер әңгімелесуге жіберіледі.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан тестілеу аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтеді. Үміткерлерге әңгімелесуді өткізу уақыты, күні және орны туралы кадр қызметі электрондық почта және (немесе) телефон байланысының құралдары арқылы хабарлайды.


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

қызметшілерін лауазымға тағайындау және

олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларына

2-қосымша


Нысан


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі


ӨТІНІШ


Маған Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

(лауазымның, бөлімшенің атауы)

орналасу конкурсына қатысуға рұқсат беруді сұраймын.


Берілген құжаттардың түпнұсқалығына жауап беремін.


__________________ _______________________________

қолы Тегі мен инициалдары


20___ жылғы «_____» _____________


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

қызметшілерін лауазымға тағайындау және

олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларына

3-қосымша


Нысан

САУАЛНАМА

(өз қолымен толтырылады)


Тегі ___________________________________________________________________________

Аты ____________________________________________________________________________

Әкесінің аты_____________________________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты өзгертілген болса, себебін және қашан өзгертілгенін көрсетіңіз ____

_______________________________________________________________________________

Азаматтығы ____________________________________________________________________

Егер азаматтық өзгертілсе, қашан өзгертілгенін көрсетіңіз _____________________________

________________________________________________________________________________

Жеке куәлігінің/паспортының нөмірі және берілген күні _______________________________

Сотталдыңыз ба, қашан және не үшін _______________________________________________

________________________________________________________________________________

Шетелде оқу не жұмыс істеу

Барған елі _______________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Болу уақыты ____________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Жұмыс немесе оқу орны __________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Сіз соттың күшіне енгізілген үкіміне сәйкес тиісті лауазымға орналасу немесе тиісті қызметпен айналысу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін __________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Сіз белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік органда лауазымға орналасу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін ______________________________________________

________________________________________________________________________________

Сіз белгіленген мерзім ішінде қаржы ұйымдарында лауазымға орналасу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін ______________________________________________

________________________________________________________________________________

Сіз Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлерімен жақын туыстық немесе жекжаттық (ата-ана, ерлі-зайыпты, аға-інілері, апа-сіңлілері, балалары, сондай-ақ ерлі зайыптылардың аға-інілері, апа-сіңлілері, ата-аналары және балалары) қатынастарда барсыз ба

________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________


20___ жылғы «_____» _________________ _________

Похожие:

Конкурс өткізу туралы хабарландыру iconКонкурс өткізу туралы шешім қабылдайды
Ереже «Қазақ тілі мен әдебиет кабинеттерінің жабдықталуы бойынша байқау» облыстық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу тәртібі...
Конкурс өткізу туралы хабарландыру iconКонкурстық іріктеуден өткізу туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» рмм павлодар филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу...
Конкурс өткізу туралы хабарландыру iconКонкурс өткізу туралы хабарландыру «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» рмм батыс Қазақстан филиалы, 090000, Орал қаласы, Ж. Досмухамедов к-сі, 16/1-үй, анықтама...
Конкурс өткізу туралы хабарландыру iconБаға ұсыныстары сұранысы арқылы тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу байқауын өткізу туралы хабарландыру
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті (Астана қ., №35 көше,...
Конкурс өткізу туралы хабарландыру iconМемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
Тапсырыс беруші: Қр білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Ақтөбе облысы Балалардың құқықтарын қорғау...
Конкурс өткізу туралы хабарландыру iconМемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
Тапсырыс беруші: Қр білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Ақтөбе облысы Балалардың құқықтарын қорғау...
Конкурс өткізу туралы хабарландыру iconБаға ұсыныстары сұранысы арқылы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу байқауын өткізу туралы хабарландыру
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті (Астана қ., Есілдің сол...
Конкурс өткізу туралы хабарландыру iconБағалық ұсыныстар сұранысы арқылы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу байқауын өткізу туралы хабарландыру
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті (Астана қ., Есілдің сол...
Конкурс өткізу туралы хабарландыру iconБағалық ұсыныстар сұранысы арқылы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу байқауын өткізу туралы хабарландыру
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті (Астана қ., Есілдің сол...
Конкурс өткізу туралы хабарландыру iconБаға ұсыныстары сұранысы арқылы тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу байқауын өткізу туралы хабарландыру
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті (Астана қ., Орынбор көшесі,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница