Дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері




НазваниеДебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері
страница7/11
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.2 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-ДЕБИТОРЛЫҚ-ЖӘНЕ-КРЕДИТОРЛЫҚ-ҚАРЫЗДАР-«ШЫ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3. Шаруашылық субъектінің ағымдағы міндеттемелерінің аудиті.

3.1. шаруашылық субъектісінің ағымдағы міндеттемелерінің аудитінің маңызы.


Жоғарыда айтып өткенімдей шаруашылық субъектінің міндеттемлері ұзақ мерзімді және ағымдағы болып бөлінеді. Ұзақ мерзімді міндеттемелерге ең басты банктердің ұзақ мерзімді несиелері мен ұзақ мерзімді займдар жатады. Ал қысқа мерзімді міндеттемелерге банк мекемелерінің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді займдар және субъектінің кредиторлық қарыздары жатады.

Банктердің қысқа мерзімді несиелері әрекет етуші нормативті құжаттарға сәйкес бір жылдан артық емес мерзімге беріледі, мысалы келіп түскен товарларға ол құжат айналымының нақты уақытысына тең (30 күннен артық емес).

Қысқа мерзімді несиелерді алу мен төлеумен байланысты есепті – несие операциялары шоттар жоспарының 60 «Несиелер» бөліміндегі 601 «Банк несиелері», 602 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 603 «Басқалары» шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттардың әрқайсысында «Қысқа мерзімді несиелер» субшоты болады.

Қысқа мерзімді несиелердің аналитикалық есебі банктермен берілетін несиелердің түрлері бойынша және жеке кредиторлар бойынша жүргізіледі.

Қысқа мерзімді несиенің ерекше түрі овердравт – клиенттің шотындағы төленбеген несие қалдығына қоса үстіне аударылатын несие түрі және уақтысында қайтарылмаған несиелер банк есептелуі шарт.

602 «Банктен тыс мекемелердің несиелері» шотының аналитикалық есебі екі жақ бойынша және несиені қайтару мерзімі бойынша жүргізіледі.

Қысқа мерзімді займдар көбінесе коммерциялық несиелер вексельдер және «Серіктестік» несие мағынада әрекет етеді.

Қысқа мерзімді несиелер мен займдардың баланста дұрыс көрсетілуін тексерген кезде аудитор келесілерді аңғаруы қажет.

- несие қандай мақсаттарға қолданылған, бұл мақсаттар келісім шарт мүмкіндіктеріне сәйкес келуін;

- Шаруашылық субъектінің басшысы несиені қайтару кепілдігі құрамына иелерді енгізгенін;

- несиелерді уақтылы қайтарылуы мен оның толықтылығы;

- келісім шартқа сәйкес пайздардың дұрыс төленуін;

- басқа субъектілерден ссуда алуының заңдылығы мен уақтылы қайтарылуы;

- аналитикалық және синтетикалық есептерінің дұрыс жүргізілуі 60 «Несиелер» бөлімшесінің шоттарын жазуларын № 4 журнал – ордер және бухгалтерлік баланспен салыстырғанда сәйкесітігіне ерекше көңіл бөлуі керек.

Бухгалтерлік баланстың «Ағымдағы міндеттемелер» бөлімінде «Ұзақ мерзімді несиелердің ағымсдағы бөлігі» статьясы келтіріледі. Мұны тексеру барысында аудитор ұзақ мерзімді несиелердің аналитикалық есебі мәліметтері бойынша қарыздың қайтарылу мерзімін және бұл статья бойынша сомманың негізділігін анықтауы қажет.

Аудитор ағымдағы міндеттемелердің негізгі бөлігін алатын кредиторлық қарыздарды тексеруге ерекше назар аударуы қажет.

Кередиторлық қарызда – бұл субъектінің басқа заңды тұлғаларға және азаматтарға міндеттеме (қарыз) соммасы.

Құрылуына (пайда болуына) байланысты кредиторлық қарыздар қарапайым және ақталмаған болып бөлінеді.

Қарапайым кредиторлық бизнес – жоспарға және әрекет етуші несие формаларына сәйкес шектелуі. Оларға мысалы акцептелген есеп құжаттары бойынша қарыздар, уақтысы жетпеген төлем мерзімі және қаржылық органдарға бюджетке төленетін міндетті төлемдері бойынша ұзартылмаған қарыздары.

Ақталмаған кредиторлық қарыздарға қаржы органдарына бюджетпен есептесу бойынша қарыздар, шаруашылық жүргізуші субъектінің жұмысшы персоналға еңбекақы бойынша жабдықтаушыларға – уақтылы төленбеген есептік құжаттар бойынша қарыздар.

Кредиторлық қарыздардың тетализациясы бұрын ұйымдастырылған дебиторлық қарыздардың аудитінің әдісі негізінде детанизациялануы мүмкін.

Кредиторлық қарыздарды тексерген кезде аудитордың алдында тұратын басты мақсаттарға келесілер жатады: төлем – дисциплина ережелерін дұрыс ұстауын, есептелу кезінде бағамдардың (тариф) қолданылуының негізділігін, есептелу барысында құралдардың сақталуын тексеру;

-баланста есептелетін кредиторлық қарыздар соммаларының нақтылығы мен заңдылығын тексеру;

- кредиторлық қарыздарды төмендету ұсыныстарын жасау.

Кредиторлармен есеп айырысудың бақылауының рационалды ұйымдастырылуы келісімді және есепті дисиплиналардың жақсаруына, мердігерлермен анықталған асартимент пен сапа бойынша міндеттемелердің орындалуы, төлем дисциплинасы бойынша жауапкершіліктің жоғарылуына,

кредиторлық қарыздардың төмендеуіне және өз кезегінде шаруашылық субьектінің қаржылық жағдайын жақсарылуына жол береді.

Кредиторлық қарыздарды тексеру кезінде аудитордың басты мақсаты оның көлемі мен субьект балансында дұрыс көрсетілуі болып табылады.

Ол үшін аудитор баланс мәліметтерін бас кітап мәліметтерімен, журнал ордерлер, ведоместердегі және тағы басқа есеп регистрлердегі мәліметтермен салыстыруы керек.


3. «ШЫМКЕНТ ҚҰС» ЖШС ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ҚОЗҒАЛЫСЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТЛДІРУ ЖОЛДАРЫН ҰСЫНУ

3 .1. Дебиторлық қарыздар айналымдылығын талдау.


Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылыуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.

Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың қнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.

Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі 4-аналитикалық кесте құрылады.

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 9406 мың теңгеге немесе 28,9%-ке артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильдігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет, ол туралы арнайы оқулықтарда түрлі көзқарастар кездеседі. Бірінші әдістеме бойынша оның құнына негізгі құралдардың,

өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің, өсімдегі және бордақылаудағы малдар құндары қосылады.

Екінші әдістемеде кәсіпорынның өндірістік потенциалын анықтайтын активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерге қосымша, аяқталмаған күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қосылады. Бұл әдістеме кәсіпорындарда болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды. «Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтері негізінде, өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің келесі шегі, яғни Кn0,5 қалыпты болып есептеледі» - деп жазады. А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфулин. Көрсеткіштердің мәні ең төменгі (қатерлі) мәннен аз болған жағдайда, кәсіпорынның есепті кезеңдегі қызметінің қаржылық нәтижелері активтерді меншікті қаражат есебінен толықтыруға мүмкіндік бермейтін болса, өндірістік мақсаттағы мүлікті арттыру үшін ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын тартқан жөн.

Дебиторлық қарызды талдай отырып,күмәнді дебиторлық қарызды анықтау және 2008 ж резервті есептік кезең соңына құру қажет.Резерв сомасын екі әдіспен анықтауға болады:


- несиеге таза айналвмын пайыз әдісі;


- төлеу мерзімдері бойынша есеп әдісі.


Резерв ДТ -5510 .КТ 1290 желісімен құрылады.


Сенімсіз қарызды мойындауда қарыз сомасын ДТ -1290 КТ- 1210 резерв есебінде шығынға жазылады.

Яғни дебиторлық қарыздыдарды жинау саясатын..Бір нұсқа ретінде мамандырылған фирмаға дебиторлық қарызға ақша алу құқығын белгілі бір төлемге ату мүмкіндігін атап өтейік.Бұл операциялар факторинг деп аталады және дебиторлық қарыздар мен байланысты қосымша шығындарға алып келеді.

Компанияның несиелік саясатында баға беру үшін сатылымдар көбеюінен болатын потенциалды пайданы несиелік саясатты өзгертумен байланысты қосымша шығындармен салыстыру қажет.

Жаңа шартардағы сатылымдар ренбельділігі дебиторлық қарыздар бойәынша қосымша ұстанымдардан артық болғанша кәсіпорын клиентердің несиеге жарамдылығына қойылатын талаптарын азайтуға болады.Клиентердің несиеге жарамдылық стандарттарын түсіндіргенде компания несиелеу бөлімін кеңейтумен және қарыздарға қызмет көрсетумен, сонымен қатар сенімсіз қарыздарды жоғалту ықтималдылығымен байланысты болатын қосымша шығындарға ие болады.


4-кесте

2007 жылдың басы мен соңындағы “Шымкент-құс ”

ЖШС-дағы баланс активтерінің құрамы мен құрылуы



Көрсеткіштер

Жыл басында

Жыл соңында

Жыл бойындағы өзгеріс

Құрылымы-ның өзгеруі, пункт (4гр.-2гр.)

Сомасы, мың тг

Үлес салмағы, %

Сомасы, мың тг

Үлес салмағы, %

Мың тг. (3гр.-1гр)

% (5гр.:1гр. ·100)

1.

Активтер құны, барлығы соның ішінде:

1.1. Ұзақ мерзімді активтер:

а) негізгі құралдар;

ә) үлестік қатысу әдісі бойынша инвестиция;

1.2. Қысқа мерзімді активтер:

а) ақша қаражаттары

ә) қорлар;

б) қысқа мерзімді дебит. қарыздар.

в) ағымдағы салықтық активтер

792492


460004

449854


10150

332488

16901

248254

4487

1645

100


58

57


1

42

2

31

8

0,2

213650


10244

10092


100

203406

9528

173720

15969

4189


100


4,8

4,72


0,08

95,2

4,45

81,3

7,4

1,96

+21034


-1642

1642

0

+22654

+19920

+3234

+20,56


-1,87

-1,87

0

+153,94

194,7

+72,07

х


-15,91

-15,91

0

+15,91

14,44

+1,51

2.

Кәсіпорынның өндірістік потенциалының құны


20143


61,88


20855


49,71


+712


+3,53


-12,17


Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.

Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиелеп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты талдаушы оның құрылымын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс.

Дебиторлық борыштың құрамы және құрылымымен толық танысып шыққаннан кейін оны нақты құны бойынша бағалау керек. Себебі дебиторлық борыштың барлығы бірден өндіріліп алмауы мүмкін. Оның қайтарымдылығы өткен тәжірибенің, сондай-ақ ағымдағы жағдайлардың негізінде анықталады. Бухгалтерлік тәуекелдің мәні, сол өткен кезең тәжірибесі болашақтағы зиянға сай келмеуі мүмкін немесе ағымдағы жағдайлар толығымен ескерілмей қалуы мүмкін. Нәтижесінде зияндар елеулі дәрежеде болады. Талдаушы дебиторлық борыштың қайтарылу ықтималдылығын анықтаудың және оны дайындаудың дұрыстығы мен нақтылығын білуі керек.

Қарыздардың қайтарылмау пайызы бірнеше жылдардың орташа мәліметтер бойынша есептеледі. Мысалы, есептеу үшін 3 жылдың мәліметтері алынған, олар: 1,9%, 3,3% және 6,8%-ды құрайды. Үш жыл үшін дебиторлық борыштың қайтарылмауының орташа пайызының 4,0%-ға тең. Алайда оны зерттеліп отырған кезеңдерге ұғынбай таратуға болмайды. Нақты жағдайларды ескеру қажет, мысалы, қайтарылмайтын пайызының байқалған өсу бағытын. Сондықтан, келесілерді зерттеу қажет:

  • бір немесе бірнеше негізгі қарыз тұлғалардың үлесіне қайтарылмайтын дебиторлық борыштың қанша пайызы келеді (бұл пайыз қайтарылмайтын қарыздың шоғырлануын сипаттайды);

  • негізгі қарыз тұлғалардың ішінде біреуінің борышты төлемеуі, кәсіпорынның қаржы жағдайына әсер ете ме;

  • қалыптасу мерзімі бойынша дебиторлық борышты қалай бөледі;

  • ескі вексельдерді ұзарту дебиторлық борыштағы вексельдердің қандай үлесін көрсетеді;

  • тұтынушының пайдасына жеңілдіктер (бағасын кеміту) мен басқа да жағдайлар есепке алынған ба, мысалы, оның өнімді қайтару құқы.

Дебиторлық борыштың өтімділік және сапалық көрсеткіштерін зерттеу маңызды болып табылады.

Дебиторлық борыштың мөлшерлі мезгілін сипаттау үшін, оларды пайда болу мерзімі бойынша топтастыру керек.

Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.

22. Дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті (КДБ):

(13.36.)

мұндағы - орташа дебиторлық берешек.

23. Айналма активтердің айналым кезеңі (ұзақтығы):

(13.37.)

24. Дебиторлық берешекті өтеу кезеңі (Тбө):

(13.38.)

25. Дебиторлық борыштың ұлес салмағы ағымдағы активтердің жалпы көлемінде (ҰДБ):

(13.39.)

мұндағы: - кезең басындағы (соңындағы) дебиторлық берешек.

26. Кұмәнді дебиторлық берешектің ұлес салмағы (ҰКБ):

(13.40.)


мұндағы: ДБб - баланс бойынша дебиторлық борыш;

КБае - аналитикалық есептің мәліметтері бойынша кұмәнді дебиторлық берешек.

Сонымен бірге, ағымдағы активтерді бағалау мен талдау тұсінігінде маңызды айырмашылықтар бар. Бұл әр тұрлі мәнді ұғымдар, өйткені талдау тек негіз ғана болады, дегенмен айналма қаржыны басқарудың тиімділігін бақылау қажетті де. «Бағалау» ұғымы операциондық аудитті өткізу талаптарына өте дәл жауап береді. Бағалауға талдау нәтижесінде алынған көрсеткіштердің әрқайсысын оның деңгейінің нормативті немесе өрлеуші мәнге сәйкестігі тұрғысынан қарау кіреді.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері icon3 І. Дебиторлық Қарыздар жөніндегі түсінік және олардың жіктелуі
Кіріспе 3
Дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері icon1-тарау. Кеден органдарында басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері
Кіріспе
Дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері iconІ – тарау. Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың ғылыми -теориялық негіздері
Кіріспе
Дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері iconI дебиторлық борыштардың есебі
Назарбаевтің өзі ерекше атап өтті. Экономикалық салаларда дебиторлық борыштардың атқарар қызметі ерекше болып табылады. Дипломдық...
Дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері iconКіріспе
КӘсіпорынның Өнімді өткізуді ұйымдастырудың теориялық аспектілері
Дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері icon1 тарау
Тарау. Туристік өнімді әзірлеу және іске асыру негізі ретінде маркетингілік зерттеуді ұйымдастырудың Теориялық ЖӘне технологиялық...
Дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері iconТұлғаның шығармашылық қабілетінің қалыптасуының психологиялық негіздері
Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері
Дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері icon050111-Информатика мамандығы бойынша жеке пәндердiң (курстардың, сабақтардың) сипаттамасы
«Теориялық информатика негіздері» пәнінің мақсаты-информатиканың фундаментальды ұғымдарын: ақпараттың теориялық негіздерін, сандық...
Дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері icon1-бөлім Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері
М010300 – Педагогика және психология мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның
Дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері iconА. Ж. Куватов тоғЫЗҚҰмалақ Ұлттық ойыны
Және де ойынды жазу тәртібі, ойынның теориялық негіздері көрсетіледі, эстетикасы қарастырылады
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница