1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс




Название1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс
страница6/45
Дата конвертации14.02.2016
Размер5.43 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.adilet.gov.kz/sites/default/files/pk_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

67-бап. Акционерлік қоғамдардағы дауларды шешу

1. Акционерлік қоғамның басқару органы мен атқарушы органының мүшелері, сол сияқты акционерлік қоғамның қызметкерлері өздерінің кәсіби міндеттерін мүдделер қақтығысына ұрынбай, акционерлік қоғам мен акционерлердің мүдделеріне орай тиісті қам жасап, абайлаушылықпен адал және ақылға қонымды түрде атқарады. Олар өз қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары иен осы Кодекстің қағидаларына ғана емес, сонымен қатар әдептілік стандарттары мен іскерлік әдептің жалпыға бірдей нормаларына да толық сай болуын қамтамасыз етеді.

2. Корпоративтік дау-жанжалдар туындаған жағдайда қатысушылар акционердің құқықтарын да, акционерлік қоғамның іскерлік беделін де тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында келіссөздер арқылы оларды шешудің жолдарын іздестіреді.

Корпоративтік дау-жанжалдарды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған кезде олар қатаң түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуі тиіс.


68-бап. Корпоративтік басқарудағы

жауапкершілік

1. Акционерлік қоғам барлық мүдделі тұлғалардың құқықтарын таниды және құрметтейді және өзінің дамуы мен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында осындай тұлғалармен ынтымақтастық жасауға ұмтылады.

2. Мүдделі тұлғалар өздерінің құқықтары бұзылғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда өтем алу мүмкіндігін иеленуі тиіс.

3. Мүдделі тұлға корпоративтік басқару процесіне қатысқан жағдайда, оның белгіленген тәртіппен мәнді, жеткілікті және сенімді ақпартқа уақтылы және тұрақты түрде қолжетімділігі болуға тиіс

4. Мүдделі тұлғалардың атқарушы органның заңсыз және әдепсіз әрекеттері туралы басқару органына еркін түрде хабарлай алатын құқығы болуға тиіс және осындай хабарлау болған жағдайда олардың құқықтарына қысым жасалмаға тиіс.


69-бап. Корпоративтік сыбайлас жемқорлық

1. Акционерлік қоғам және шаруашылық серіктестігі нысанында құрылған коммерциялық ұйымдарда меншік иесіне (акционерге) залал келтіру арқылы жеке басының пайдасы мақсатында қызмет бабын асыра пайдалану корпоративтік сыбайлас жемқорлық деп түсініледі.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген коммерциялық ұйымдар: мынадай іс-шаралардың бірін немесе бірнешеуін қамтитын корпоративтік сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеуге және қабылдауға міндетті:

1) корпоративтік сыбайлас жемқорлықтың профилактикасыына жауапты құрылымдық бөлімшелерді немесе лауазымды адамдарды айқындау;

2) қызметкерлердің адал жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған стандарттар мен рәсімдерді әзірлеу және пракимкаға енгізу;

3) қызметкерлердің әдеп және қызметтік мінез-құлық кодексін қабылдау;

4) қызметтік міндеттерді жүзеге асыру кезінде мүдделер дау-жанжалын болдырмау және оны реттеу;

5) ресми емес есептілікті жасауға жол бермеу.

3. Қызметкерлердің адал жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған стандарттар мен рәсімдер мына қағидаттарға негізделеді:

1) корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі рәсімдердің бара-барлығы – қолданылатын рәсімдер ұйым кездесетін тәуекелге, оның ауқымына және бизнестің сипатына сәйкес болуы тиіс.

2) корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетке басшылықтың қатысуы – бірінші басшылар және олардың орынбасарлары, меншік иелері (акционерлер) корпоративтік сыбайлас жемқорлықты болдырмауға және корпоративтік сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір жағдайда орын алуы мүмкін болмайтындай мәдениетті қалыптастыруға міндетті.

3) қатерді бағалау – ұйым корпоративтік сыбайлас жемқорлық көріністерінің ықтимал ішкі және сыртқы қатерлеріне мезгіл-мезгіл бағалау жүргізіп отыруға тиіс.

4) тиісті абайлаушылық – корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа тартылудың қатерін азайту мақсатында басқаның атынан немесе тапсырма бойынша әрекет жасайтын адамдарға қатысты тиісті абайлаушылық рәсімін қолдануға тиіс.

5) корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі ақпаратқа қолжетімділік – ішкі құжаттарға және корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасауға бағытталған, ұйым өткізетін іс-шараларға қызметкерлер үшін де, сыртқы әріптестер үшін де қолжетімділікті қамтамасыз ету.

6) корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша мониторинг – тұрақты мониторинг рәсімдерін және қажет болған кезде өзгерістер енгізуді, сондай-ақ рәсімдерді қолдану нәтижелері бойынша тұрақты есептілікті жүзеге асыру және олардың тиімділігін бағалау.


2-бөлім.

КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БІРЛЕСТІКТЕРІ

ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНІҢ ШАРТТАРЫ


3-тарау. Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық

кәсіпкерлер палатасы


1-параграф. Жалпы ережелер


70-бап. Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық

кәсіпкерлер палатасы ұғымы


Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Ұлттық палата) – Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктерінің (бұдан әрі – қауымдастық (одақ) қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес, өзін-өзі реттейтін ұйым;


71-бап. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мақсаты мен

міндеттері

1. Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құрудың мақсаты Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру болып табылады.

2. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының міндеттері:

1) кәсіпкерлік қоғамдастықты шоғырландыру;

2) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау;

3) кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастыру;

4) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға жәрдемдесу;

5) кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру процесіне қатысу;

6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттер болып табылады.


72-бап. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жүйесі

1. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер субъектілері мүдделерін білдірудің белгіленген өлшемшарттарына кәсіпкерлердің сәйкес келуін тануы үшін . Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқару органдарында және жұмыс органдарында қауымдастықтары (одақтары) аккредитациядан өтуі тиіс.

2. Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы жүйесіне:

1) республикалық деңгейде:

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының;

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтары (одақтары);

2) аумақтық деңгейде:

облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана кәсіпкерлерінің палаталары (бұдан әрі – өңірлік палаталар);

өңірлік палаталарда аккредиттелген өңірлік салааралық, өңірлік салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің өңірлік қауымдастықтары (одақтары);

өңірлік палаталарда аккредиттелген облыстардағы, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы қауымдастықтар (одақтар);

өңірлік палаталарда аккредиттелген аудандардағы, аудандық маңызы бар қалалардағы қауымдастықтар (одақтар);

3) қалалық және аудандық деңгейде:

тиісті облыстың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аудандарындағы, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардағы өңірлік палаталардың филиалдары (бұдан әрі – өңірлік палаталардың филиалдары);

4) осы Заңның мақсаттарын іске асыру үшін құрылған, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалар;

5) Ұлттық кәсіпкерлер палатасының шет мемлекет аумағындағы филиалдары мен өкілдіктері;

6) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кіреді.


73-бап Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметінің қағидаттары

1. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі мынадай:

1) дербестік;

2) барлық кәсіпкерлік субъектілерінің тең құқылығы;

3) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына қайшы келмейтін шешімдерді қабылдау;

4) өзін-өзі реттеушілік;

5) қызметінің ашықтығы, өз мүшелері алдында есеп берушілік, жауаптылық;

6) шешімдер қабылдаудағы және оларды іске асырудағы тиімділік, жүйелілік және жеделдік;

7) салааралық, салалық және өңірлік қауымдастықтарды (одақтарды) дамыту;

8) бизнестің әлеуметтік жауаптылығы;

9) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал жасау;

10) қоғам мен кәсіпкерлік мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

2. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге коммерциялық емес ұйымдарға міндетті түрде мүше болу белгіленген кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген (есептік тіркеуден өткен) кәсіпкерлік субъектілерінің мүше болу міндеттілігінің қағидаты бойынша құрылады.


74-бап. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері

1. Егер осы Кодексте және «Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, кәсіпкерлік субъектілері Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері болып табылады.

2. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері:

1) Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тарапынан кәсіби қолдау мен қорғауды, сондай-ақ оның жарғысында көзделген көрсетілетін қызметтерді пайдалануға;

2) оның басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға;

3) Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жазбаша сұрау салулармен жүгінуге және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берілген өкілеттіктер шегінде дәлелді жауаптар алуға, оның қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

4) «Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және оның жарғысында көзделген тәртіппен Ұлттық кәсіпкерлер палатасын басқаруға қатысуға;

5) Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыратын оқытудан, қайта даярлаудан және біліктілікті арттырудан өтуге;

6) білікті ақпараттық-талдамалық қолдау, оның ішінде әртүрлі бейіндегі тәуелсіз сарапшылар көрсететін қызметтер алуға;

7) Ұлттық кәсіпкерлер палатасын жарғысында көзделген тәртіппен оның қызметі туралы есептерді тыңдауға;

8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.

3. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері міндетті мүшелік жарналар төлеуге міндетті.

4. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелерінің құқықтары тең.

5. Ұлттық кәсіпкерлер палатасын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласуға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға құқылы емес.

6. Дауларды реттеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.


75-бап. Міндетті мүшелік жарналар

1. Съезд бекітетін міндетті мүшелік жарналардың мөлшерін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жыл сайын бірінші шілдеге дейінгі мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурстарда жариялайды.

2. Міндетті мүшелік жарнаның мөлшерін айқындаудың өлшемшарты «Атамекен»Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.

3. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы міндетті мүшелік жарна бойынша есептеуді жүзеге асыру үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен салық органдары берген мәліметтердің негізінде жыл сайын бірінші шілдеге дейінгі мерзімде кәсіпкерлік субъектілеріне есеп шотын ұсынады.

4. Кәсіпкерлік субъектілері міндетті мүшелік жарналарды жыл сайын отыз бірінші желтоқсанға дейінгі мерзімде төлейді.


76-бап. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құзыреті

1. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы Кодексте және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген функцияларды жүзеге асырады.

2. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мынадай:

1) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қорғау жөніндегі;

2) қоғамдық мониторинг саласындағы;

3) кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы;

4) отандық өндірісті қолдау және жергілікті қамтудың үлесін арттыру саласындағы;

5) экономика салаларындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, сертификаттау және аттестаттау мен техникалық және кәсіби білімді көтеру саласындағы;

6) кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін дамыту, инвестициялар тарту және ұлттық экономиканы әртараптандыру саласындағы функцияларды жүзеге асырады.


2-параграф. Қазақстан Республикасының Үкіметімен, мемлекеттік органдарымен, қауымдастықтармен (одақтармен), Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл

 

77-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметімен, мемлекеттік

органдармен өзара іс-қимыл

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерлерін бекітеді;

2) Ұлттық палатаға міндетті мүшелік жарналарды төлеу тәртібін айқындайды;

3) өзіне Конституциямен, осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өзара іс-қимылы оны құру мақсатына және оның міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған.

3. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қазақстан Республикасының Үкіметімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы осы Кодексте және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен:

1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларға сараптама жасауға Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуы нысанында;

2) кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын халықаралық шарттардың мәтіндерін әзірлеу мен оларға сараптама жасауға Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуы нысанында;

3) Ұлттық кәсіпкерлер палатасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен консультациялық-кеңесші органдарды құруы нысанында;

4) орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жанынан кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын мәселелер бойынша құрылатын консультациялық-кеңесші органдардың жұмысына Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуы нысанында;

5) Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құрудың мақсатын, оның міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

4. Коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдар Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ұсынуға міндетті.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

Похожие:

1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс icon2-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың жұмыс iстеу жағдайлары
Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыретi
1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс iconКодекс Қазақстан Республикасы заңнамасының жағдайларына, «Самұрық»
Тарау. Еншілес және тәуелді қОҒамдармен өзара әрекеттесудің Ұстанымдары мен тәжірибесі
1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс iconΙ-Тарау.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі салықтардың ролі
Азақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің даму тенденциялары
1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс icon1-тарау. Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне толық көзқарастар
Кіріспе
1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс icon1 Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның обьектісі
Мемлекеттің экономикалық функциясы және оның транзитті экономика жағдайындағы іс-әрекетінің ерекшелігі. Ұдайы өндіріс процесі мен...
1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс iconҚазақстан республикасының Қазынашылық-клиент ақпараттық ЖҮйесімен және ұлттық куәландырушы орталығымен пайдаланушылардың Өзара іс-қимыл
Тарау. Кіріспе
1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс iconТақырып. Болжау мен жоспарлаудың ғылыми негіздері
Болжау мен жоспарлаудың мемлекеттік функциясы мен шаруашылық субъектілері ретінде
1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс iconЖылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына
Шетелдік көрмелерге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері қызметкерлеріне қонақ үй нөмірлерін жалдау бойынша шығыстарды...
1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс iconСтуденттердің Өздік жұмысына арналған әдістемелік нұСҚаулар мамандық
Мақсаты: Мемлекеттің пайда болудың негізгі себептерін қарастыру, мемлекет туралы анықтамаларды бекітy, құқықтық мемлекеттің жалпы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница