1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс




Название1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс
страница1/45
Дата конвертации14.02.2016
Размер5.43 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.adilet.gov.kz/sites/default/files/pk_kaz.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45


Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі


Осы Кодекс Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылынан, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуден және қолдаудан туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.


1-бөлім. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-

қимылының құқықтық негізі


1-бап. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік

саласындағы заңнамасы

  1. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне негізделеді.

  2. Кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігіне негізделген тауар-ақша және өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларымен реттеледі.

  3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы Кодексте көзделгендегіден өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

  4. Кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін жүзеге асырудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамалыық актілерімен белгіленеді.


2-бап. Кәсіпкерлік ұғымы және оны құқықтық реттеудің шектері

  1. Кәсіпкерлік - жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды (мемлекеттік кәсіпкерлік) не шаруашылық жүргізу құқығына немесе оралымды басқаруға негізделген, мүлікті пайдалану, тауарды сату, жұмысты орындау, қызметтер көрсету арқылы жүйелі түрде табыс алуға бағытталған кәсіпкердің атынан, тәуекелмен және мүліктік жауапкершілікпен дербес, бастамашылықпен жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі.

  2. Кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін негіздер бойынша ғана шектелуі мүмкін.

  3. Жеке кәсіпкерлікті шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттің айрықша құзырына жатқызылатын мәселелер бойынша ғана орын ала алады.

  4. Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерліктің бөлек субектілеріне артықшылықты ережелерді белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдауына тыйым салынады.


3-бап. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының мақсаттары мен қағидаттары

  1. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы кәсіпкерлік пен қоғамды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастамашылықты ынталандыруға бағытталған.

  2. Мыналар:

  1. заңдылық

  2. жеке кәсіпкерліктің еркіндігіне кепілдік (Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбайтын қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға рұқсат берілген) және оны қорғау (жеке кәсіпкерліктің қағидаты);

  3. барлық кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы теңдігі (кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі қағидаты);

  4. кәсіпкерлік субъектілері меншігіне қол сұғылмаушылықтың және оны қорғаудың кепілдігі (меншікке қол сұғылмаушылықтың қағидаты);

  5. жосықсыз бәсекелестікті жүзеге асыруға жол бермеу;

  6. барлық кәсіпкерлік субъектілерінің заң мен сот алдындағы теңдігі;

  7. тұтынушылар, кәсіпкерлер және мемлекет мүдделерінің тепе-теңдігі;

  8. мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік (жариялық қағидаты);

  9. кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізділігі, тиімділігі және нысандары мен құралдарының жеткілікті болуы;

  10. кәсіпкерлік субъектілерінің өзінің заңды құқықтарын өз бетінше қорғауға деген қабілетін арттыру;

  11. құқық бұзушылықтың алдын алудың жазалаудың алдындағы басымдығы;

  12. бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының өз міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және олардың өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жауапкершілік;

  13. кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі;

  14. сыбайлас жемқорлықтан тыс болу;

  15. кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оларды қорғау мен жан-жақты қолдауды қамтамасыз ету;

  16. отандық тауарлар шығарушыларды, жұмыс орындаушыларын және қызмет көрсетушілерді қолдау;

  17. кәсіпкерлік субъектілерінің ісіне мемлекеттің заңсыз араласуына жол бермеу;

  18. кәсіпкерлік субъектілерінің құқық шығармашылығына қатысуы;

  19. кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру;

  20. кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің қатысуын шектеу;

  21. кәсіпкерлік саласында өзін-өзі реттеушілікті дамыту кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының қағидаттары болып табылады.


4-бап. Заңдылық қағидаты

1.Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілері тек қана Қазақстан Республикасының Конституциясы шегінде және соған сәйкес қабылданған құқықтық актілерге сәйкес іс-әрекет жасауы тиіс.

2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар және (немесе) олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының Конституциясының, осы Кодекстің және өзге де құқықтық нормативтік актілердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарын дәлме-дәл әрі бұлжытпай сақтауға міндетті.

3. Мемлекеттік органдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының заңдарды бұзуына жол берілмейді және заңсыз әрекеттер мен шешімдерді жоюға әкеп соқтырады.

4. Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Конституциясына және оған сәйкес құқықтық нормативтік актілерге мазмұны, ресімделуі және (немесе) оларды қабылдаудың рәсімдері бойынша қайшы келетін актілері мен шешімдері олардың қабылданған сәтінен бастап заңсыз әрі жарамсыз деп танылады және осы Кодексте және өзге де құқықтық нормативтік актілерде көзделген жағдайларда жойылуға жатады.


5-бап. Жеке кәсіпкерлік еркіндігінің қағидаты

1. Әркімнің кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар.

2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасы заңдарында тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқылы.


6-бап. Кәсіпкерлік субъектілері теңдігінің қағидаты

1. Барлық кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тең мүмкіндіктерді иеленеді.

2. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және қолдау көрсету кезінде жекелеген кәсіпкерлік субъектілеріне артықшылықтардың ұсынылуына жол берілмейді.


7-бап. Меншікке қол сұғылмаушылық қағидаты

1. Кәсіпкерлік субъектілерінің меншігі заңмен кепілдендіріледі.

2. Кәсіпкерлік субъектілері заңды түрде сатып алған кез келген мүлікті меншігінде иелене алады.

3. Сот шешімі бойынша болмаса, кәсіпкерлік субъектілері өзінің мүлкінен айырыла алмайды. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін мәжбүрлеп алып қою заңмен көзделеген ерекше жағдайларда ғана оның орны тең бағамен толтырылған жағдайда жүргізілуі мүмкін.


8-бап. Жосықсыз бәсекелестікті жүзеге асыруға жол бермеу

қағидаты

1. Монополистік және бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға бағытталған өзге де қызметке, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым көрсетуге, жосықсыз бәсекелестікке тыйым салынады.

2. Монополияға қарсы реттеу бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарының тиімді жұмыс жасауы үшін қолайлы жағдай жасау, экономикалық кеңістіктің бірыңғайлығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында тауарлардың еркін ауысып қозғалыста болуы және экономикалық қызметтің еркіндігі мақсатында жүзеге асырылады.

9-бап. Барлық кәсіпкерлік субъектілерінің заң мен сот алдындағы

теңдігінің қағидаты

Меншік нысандарына және өзге де мән-жайларға қарамастан, кәсіпкерлік субъектілері заң мен сот алдында тең.


10-бап. Тұтынушылардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және мемлекет мүдделерінің теңгерімі

    1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдарын енгізу қызмет немесе іс-әрекеттердің қауіпсіздігін жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету, кәсіпкерлік субъектілеріне ең аз объективті қажетті жүктеме артылған кезде тұтынушылар құқықтарын барынша тиімді қорғау мақсатында жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік реттеуді жүзеге асырған кезде мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілерінен Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерінде тікелей көзделмеген құжаттарды ұсынуын талап етуге құқылы емес.

3. Біліктілік және рұқсаттық талаптары кәсіпкерлік субъектілеріне жүзеге асырылатын қызметінің, іс-әрекеттерінің (операцияларының) талап етілетін қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету үшін жеткілікті, қажетті ең аз ресурстардың, нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығын қамтамасыз етуі тиіс.

11-бап. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және

ақпаратқа қолжетімділік

1. Мемлекеттік органдардың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте көпшілікке жариялы және ашық болуға тиіс.

2. Мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қозғайтын шешімдер қабылдау жөніндегі өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті.

3. Мемлекеттік органдарда бар және кәсіпкерлік субъектілеріне қажетті кез келген ақпарат, егер оны пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамаларымен шектелмесе, қолжетімді болуға тиіс. Заңнамалық актілермен шектелмеген жағдайларда мұндай ақпарат тегін беріледі.

4. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеумен байланысты барлық рәсімдер мен талаптар барлық кәсіпкерлік субъектілері үшін түсінікті болуға тиіс.


12-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізділігі, тиімділігі

және нысандары мен құралдарының жеткілікті болуы

Мемлекеттік реттеудің негізділігі, тиімділігі және нысандары мен құралдарын пайдаланудың жеткілікті болуы алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі мемлекеттік реттеудің тиімділігін негіздеудің, келісудің және мониторингінің міндетті рәсімдерін енгізу арқылы жүргізіледі.


13-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің өзінің заңды құқықтарын өз

бетінше қорғау қабілетілігін арттыру

1. Кәсіпкерлік субъектілері өздеріне қатысты бақылау мен қадағалау жүргізілетін жағдайда тексеру жүргізудің талаптарын лауазымды адамдар елеулі бұзған жағдайларда объектіге тексеру үшін келген бақылау мен қадағалау органдарының лауазымды адамдарын тексеруге жібермеуге құқылы.

2. Бақылау мен қадағалаудың жүзеге асырылуы барысында өздерінің құқықтарын қорғау мақсатында кәсіпкерлік субъектілері өздерінің мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін үшінші тұлғаларды тексеруге қатысуға тартуға құқылы.


14-бап. Құқық бұзушылықтың алдын алудың жазалаудың

алдындағы басымдығы

1. Кәсіпкерлік субъектісі жасаған құқық бұзушылық үшін жазалау кәсіпкерлік субъектілері үшін бұзушылықтардың деңгейіне мөлшерлес болуы тиіс.

2. Құқық бұзушылық профилактикасы мен кәсіпкерлік субъектісінің Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген талапты орындауының мотивациясы субъектінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде жіберген бұзушылықтары анықталған кездегі жазалау шараларының алдында басымдықты иеленеді.


15-бап. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының өз

міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше

орындамағаны және олардың өз өкілеттіктерін асыра

пайдаланғаны үшін жауапкершілігі

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының жауапкершілігі белгіленеді.


16-бап. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара

жауапкершілігі

1. Кәсіпкерлік субъектілері тауарларының, жұмыстарының, қызметтер көрсетуінің сапасы Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен және Үкіметтің қаулыларымен белгіленген талаптарға сай болуын қамтамасыз етуді мемлекет растайды.

2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының тарапынан кәсіпкерлік субъектілері қызметінің жүзеге асырылуына тосқауылдар қойылмауы тиіс.

3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде кәсіпкерлік субъектілері қызметінің адалдығы мен ақылға қонымдылығы өз міндеттерін дербес орындаған немесе оларға заң бойынша берілген құқықтарды пайдаланған кезде болжамдалынады.

4. Кәсіпкерліктің басқа субъектілерінің құқықтары мен еркіндіктеріне қысым көрсету мақсатымен немесе өзінде бар міндеттерді орындаудан немесе іс жүзінде жасалған құқық бұзушылық үшін заңдық жауапкершіліктен жалтару мақсатымен осы Кодексте және өзге де нормативтік құқықтық актілерде ұсынылған құқықтарды олардың тағайындалымына қайшы келетіндей ретпен пайдалануға тыйым салынады.

5. Мемлекеттік органдар қарайтын, кәсіпкерлік субъектілері ұсынған нақты мән-жайлар туралы деректер мен мәліметтер мемлекеттік органдар керісінше дәлелдегенге дейін дәйекті деп есептеледі.

6. Кәсіпкерлік субъектілерінен, егер мұндай талап заңмен белгіленбесе, құжаттар мен қосымша мәліметтерді ұсынуды талап етуге тыйым салынады.

7. Егер мемлекеттік органның кәсіпкерлік субъектілері ұсынған мәліметтер мен ақпараттың төлнұсқалығына байланысты негізді күдігі болса, онда ол өз бетінше және өзінің есебінен олардың төлнұсқалығын куәландырудың шараларын қабылдайды.

8. Кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік органдарға жалған мәліметтер мен ақпарттарды ұсынған үшін жауапты болады.


17-бап. Сыбайлас жемқорлықтан тыс болу

1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді енгізу және жүзеге асыру кезінде мүдделер дау-жанжалының және Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларын іріктеп қолданудың фактілері болмауы тиіс.

2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдармен байланысын шектеу мақсатында нормативтік құқықтық актілерде «бір терезе» қағидатының қолданысы көзделуі тиіс, бұл ретте мемлекеттік органдардан барлық қажетті келісулерді ведомствоаралық өзара іс-қимыл тәртібімен мемлекеттік органдардың өздері алуы тиіс.

3. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жекебастың пайдасы мақсатында сыйақы (пара) беру және алу жолымен қызметтік жағдайды пайдалануға жол берілмейді.


18-бап. Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру қағидаты және оны қорғау мен жан-жақты қолдауды қамтамасыз ету

1. Кәсіпкерлік субъектілерін дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет кәсіпкерлік бастамашылықты іске асыру үшін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған шаралар кешінін жүргізеді.

2. Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру сонымен қатар кәсіпкерлікті қорғау мен жан-жақты қолдау арқылы да жүзеге асырылады.


19-бап. Отандық тауарлар өндірушілерді, жұмыс

орындаушыларын, қызмет көрсетушілерді қолдау

қағидаты

1. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар отандық тауарлар өндірушілерді, жұмыс орындаушыларын, қызмет көрсетушілерді дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, консультациялық, білім берушілік, ұйымдастырушылық және өзге де шараларды іске асырады.

2. Мемлекет халықаралық шарттар жасасу және өзге де міндеттемелерді қабылдау кезінде отандық тауарлар өндірушілердің, жұмыс орындаушыларының, қызмет көрсетушілердің мүдделерін қорғайды.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

Похожие:

1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс icon2-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың жұмыс iстеу жағдайлары
Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыретi
1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс iconКодекс Қазақстан Республикасы заңнамасының жағдайларына, «Самұрық»
Тарау. Еншілес және тәуелді қОҒамдармен өзара әрекеттесудің Ұстанымдары мен тәжірибесі
1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс iconΙ-Тарау.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары және оларға мемлекеттік әсер ету жүйесіндегі салықтардың ролі
Азақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің даму тенденциялары
1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс icon1-тарау. Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне толық көзқарастар
Кіріспе
1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс icon1 Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның обьектісі
Мемлекеттің экономикалық функциясы және оның транзитті экономика жағдайындағы іс-әрекетінің ерекшелігі. Ұдайы өндіріс процесі мен...
1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс iconҚазақстан республикасының Қазынашылық-клиент ақпараттық ЖҮйесімен және ұлттық куәландырушы орталығымен пайдаланушылардың Өзара іс-қимыл
Тарау. Кіріспе
1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс iconТақырып. Болжау мен жоспарлаудың ғылыми негіздері
Болжау мен жоспарлаудың мемлекеттік функциясы мен шаруашылық субъектілері ретінде
1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс iconЖылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына
Шетелдік көрмелерге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері қызметкерлеріне қонақ үй нөмірлерін жалдау бойынша шығыстарды...
1-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс iconСтуденттердің Өздік жұмысына арналған әдістемелік нұСҚаулар мамандық
Мақсаты: Мемлекеттің пайда болудың негізгі себептерін қарастыру, мемлекет туралы анықтамаларды бекітy, құқықтық мемлекеттің жалпы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница