«Қазпочта» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ереже




Скачать 323.33 Kb.
Название«Қазпочта» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ереже
страница3/3
Дата конвертации14.02.2016
Размер323.33 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kazpost.kz/uploads/content/files/Казверсия Положения СД, 240914(1).doc
1   2   3
9. Директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуын бақылау

    1. Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің мәжілістерінде ұсынылатын және (немесе) Директорлар кеңесінің мүшелеріне тиісті ақпаратты жіберу арқылы Директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуы және орындау барысы туралы Басқарманың, Директорлар кеңесі комитеттерінің, Ішкі аудит қызметінің, Корпоративтік хатшының есептерін қарастыру арқылы өз шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады.

    2. Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің шешімдерін Қоғамның тиісті органдары мен лауазымды тұлғаларына жібереді, олардың орындалуын бақылайды, Корпоративтік хатшы Басқарма төрағасынан Директорлар кеңесі шешімдерінің орындалу барысы туралы есепті сұрауға және алуға, орындау мерзімдері бұзылған немесе орындалмаған жағдайда шешімдердің орындалмау және (немесе) уақтылы орындалмау себебі туралы жазбаша түрдегі түсініктеме сұратуға құқылы.

    3. Директорлар кеңесі ұсынылған есептерді қарастыру қорытындысы бойынша өз өкілеттігі шегінде тиісті тапсырма беруге құқылы.

10. Директорлар кеңесінің комитеттері

    1. Директорлар кеңесінің атқарымдарын тиімді түрде орындауға көмек көрсету мақсатында Қоғамда Директорлар кеңесінің комитеттері құрылуы мүмкін.

    2. Директорлар кеңесінің ұсынымдарын дайындау және барынша маңызды мәселелерді қарастыру үшін Қоғамда Директорлар кеңесінің келесі комитеттері құрылады:

      1. ішкі аудит;

      2. кадрлар мен тағайындаулар;

      3. әлеуметтік мәселелер;

      4. стратегиялық жоспарлау.

    3. Директорлар кеңесінің комитеттері нақты комитетте жұмыс істеу үшін қажетті кәсіби білімдеріне ие сарапшылар мен тәуелсіз директорларды міндетті түрде қосу арқылы Директорлар кеңесінің мүшелерінен тұрады. Комитет төрағасы тәуелсіз директорлар қатарынан тағайындалады.

    4. Директорлар кеңесі мүшелері ретінде Комитеттер мүшелерінің өкілеттік мерзімі олардың өкілеттік мерзімдеріне ұқсас.

    5. Комитеттер жұмысына белгіленген тәртіпте кеңесшілер тартылуы мүмкін.

    6. Директорлар кеңесіне ұсынылған Комитеттер тұжырымы ұсыныс сипатында болады.

    7. Директорлар кеңесі Комитеттер мүшелерін көпшілік дауыспен Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санынан сайлайды. Комитеттерді жасақтау, құзыры, жұмысы тәртібінде қосымша талаптар, сонымен қатар олардың мүшелерінің құқықтары мен міндеттері Қоғамның Директорлар кеңесі бекіткен ішкі құжаттармен анықталады.

11. Қоғамның Жалғыз акционерімен және Басқармасымен Директорлар кеңесінің өзара әрекет ету тәртібі

    1. Жалғыз акционердің өз құзыры шеңберінде қабылдаған шешімдері Директорлар кеңесі үшін міндетті болып саналады. Директорлар кеңесі өткен жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп беру арқылы Жалғыз акционердің алдында өз қызметі туралы жыл сайын есеп береді.

    2. Директорлар кеңесінің Қоғамның жылдық есебінің құрамына енгізілген және Жалғыз акционерге өздері белгілеген тәртіпте және мерзімде ұсынылған жылдық есебінде келесі ақпараттар көрсетіледі:

      1. Директорлар кеңесі мен Басқарманың құрамын, оның ішінде Директорлар кеңесі төрағасын және тәуелсіз мүшелерін көрсету арқылы, Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерін, Басқарма төрағасын және Директорлар кеңесі комитеттерінің мүшелерін іріктеу критерийі;

      2. Директорлар кеңесі мен оның комитеттері мәжілістерінің саны, сонымен қатар Директорлар кеңесінің әрқайсысының өздері құрамына кіретін Директорлар кеңесі мен комитеттерінің мәжілістеріне қатысуы;

      3. Директорлар кеңесі Комитеттерінің жұмысы туралы есеп, оның ішінде комитеттердің жеке ұсыныстары мен ұсынымдарын Директорлар кеңесінің қабылдамау себептерін көрсету арқылы;

      4. шешімін Директорлар кеңесі мен Басқарма қабылдайтын мәселелер туралы, сонымен қатар шешіміне Басқарма төрағасы өкілеттік берген мәселелер туралы толық ақпаратты қосқанда, Директорлар кеңесі мен Басқарма жұмысы туралы есеп;

      5. Қоғам айқындамасын және оның даму перспективасын бағалау;

      6. Директорлар кеңесінің, оның комитеттерінің, Директорлар кеңесінің жеке мүшелерінің, Басқарманың, Ішкі аудит қызметінің және оның басшысының қызметтеріне бақылау жүргізу үдерісі;

      7. Қоғамға қатысты Жалғыз акционердің пікірін Директорлар кеңесінің есепке алуы бойынша шаралар қолдану;

Директорлар кеңесі шешімдер қабылдау кезінде Директорлар кеңесінің мүшесі тәуелсіз болып табыла ма, жоқ па, соны анықтауы, Директорлар кеңесі мүшесінің тәуелсіз болып танылу себебін Директорлар кеңесі мүшесінің ҚР заңнамасы бойынша тәуелсіздік критерийлеріне сәйкес келетінін, сонымен қатар Директорлар кеңесінің мүшесін тәуелсіз деп тануға ықпал етуі мүмкін қарым-қатынастардың немесе жағдайлардың болуын білдіре отырып көрсетуі тиіс, оның ішінде егер Директорлар кеңесінің мүшесі:

        1. соңғы 5 (бес) жыл ішінде Қоғамның немесе оның еншілес және тәуелді ұйымдарының жұмыскері болып табылса;

        2. Директорлар кеңесі мүшесіне сыйақы беруді қоспағанда, Қоғамнан сыйақы алса немесе алатын болса;

        3. басқа ұйымдарда осындай лауазымда қызмет атқаратын болса;

        4. Жалғыз акционердің немесе мемлекеттік басқару органдарының мүддесін білдірсе.

          1. Қоғамның Басқарма төрағасы Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің шешімдерін орындауды ұйымдастырады.

12. Директорлар кеңесі мүшелерінің жауапкершілігі

          1. Директорлар кеңесінің мүшелері Қоғам мен Жалғыз акционер алдында ҚР заңнамасына сәйкес олардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) келтірілген залалға, оның ішінде:

1) ҚР заңнамасына сәйкес Жалғыз акционерге және мемлекеттік органдарға берілетін Қоғам қызметінің нәтижелері туралы ақпараттың дұрыстығына:

            1. жаңылысуға әкелетін ақпарат немесе әдейі жалған ақпарат бергені;

            2. Заңнамамен белгіленген ақпаратты беру тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік тартады.

          1. Директорлар кеңесі ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес міндетті түрде ұсынылуға тиісті ақпаратты, бақылау-қадағалау органдарының есептеріне, аралық және өзге де жария есептерге сарапталған және түсінікті түрде бағалау бергені үшін жауапкершілік тартады.

          2. Директорлар кеңесінің мүшелері қабылдаған шешімдерінің салдарына жауапкершілік тартады.

          3. Егер Директорлар кеңесінің мүшелері Қоғамға залал келтіруге әкелетін шешімге қарсы дауыс берсе немесе дауыс беруге қатыспаса, онда жауапкершілік тартпайды.

13. Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы беру

          1. Директорлар кеңесінің мүшелеріне Жалғыз акционердің шешімі бойынша олардың өз міндеттемелерін орындау кезеңінде Директорлар кеңесі мүшелерінің атқарымдарын орындауларына байланысты шығындарға өтемақы және (немесе) сыйақы төленуі мүмкін.

          2. Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы және (немесе) өтемақы төлеу талаптары мен тәртібін Жалғыз акционер белгілейді.

          3. Қоғам Заңға сәйкес Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы беру көлемі туралы мәліметті ашады. Директорлар кеңесінің мүшелеріне есепті кезеңге сыйақы беру көлемдері туралы мәлімет Қоғамның жылдық есебінде міндетті түрде ашылуға тиісті.

14. Қорытынды ережелер

          1. Егер ҚР заңнамасына және (немесе) Қоғам Жарғысына өзгерістер енгізу нәтижесінде Ереженің жеке нормалары оларға қарама-қайшылық туғызса, Ереженің аталған нормалары күшін жояды және Ережеге өзгерістер енгізілген сәтке дейін Қоғамның лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері ҚР нормативтік құқықтық актілерін және (немесе) Қоғам Жарғысын басшылыққа алады.

          2. Осы Ереже Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімімен бекітілгеннен кейін 1 (бір) күнтізбелік айдан соң күшіне енеді.

1   2   3

Похожие:

«Қазпочта» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ереже icon«Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ереже
Директорлар кеңесімен, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) басқармасымен, Қоғамның еншілес/тәуелді ұйымдарымен...
«Қазпочта» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ереже icon3. Акционерлік қоғамының мемлекеттік қайта тіркелуі туралы мәліметтер: Мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік 2004 жылғы 21 қазандағы №216-1945-АҚ. 4
Республикасы кәсіподақ Федерация Кеңесі атқару комитетінің 1989 жылғы 25 қыркүйектегі шешімімен Павлодар облыстық туризм және экскурсия...
«Қазпочта» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ереже icon«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2010 жылғы 8 маусымдағы
ЖӨніндегі қазақстан компаниясы акционерлік қОҒамының корпоративтік хатшысы туралы
«Қазпочта» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ереже iconСамұрық Энерго АҚ Директорлар Кеңесі отырысының хаттамасы 2013 жылғы 25
Осы Жарғы Қазақстан Республикасының (бұдан әрі «ҚР») заңнамасына сәйкес жасалынған, «Шығыс Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компания»...
«Қазпочта» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ереже icon1. Акционерлік қоғам туралы жалпы мәліметтер
Акционерлік қоғамының толық және қысқартылған атауы: «Астана Сити Палас» акционерлік қоғамы
«Қазпочта» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ереже icon«Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамының тәуекелдерді басқару саясаты астана, 2009
«Қазтемітранс» Акционерлік қоғамының тәуекелдерді басқарудың осы Саясаты (бұдан әрі Саясат) «Қазтеміртранс» Акционерлік қоғамының...
«Қазпочта» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ереже icon«бекітілді» «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «12»
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «12» қыркүйектегі №10/08 хаттамасының шешімімен, 2009 жылғы «5» ақпандағы №02/09,...
«Қазпочта» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ереже icon«самұРЫҚ-энерго» АҚ директорлар кеңесінің тағайындаулар бойынша комитеті туралы ереже
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар бойынша комитеті (бұдан әрі Қоғам) туралы бұл ереже Қазақстан Республикасының...
«Қазпочта» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ереже icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитеті туралы ереже
Ереже Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитетінің мәртебесін, құзыретін, құрамын, жұмыс тәртібін және функцияларын,...
«Қазпочта» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ереже icon«Астана-Теплотранзит» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді
Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық, Еңбек кодекстеріне, «Акционерлік қоғам туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница