Психотерапия технологиялары




НазваниеПсихотерапия технологиялары
страница9/12
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.91 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://library.psu.kz/fulltext/buuk/b231.doc
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Пысықтауға арналған сұрақтар:

1. Арт – терапия термині нені білдіріді?

2. Арт – терапияның негізгі бағыттары.

3. Арт – терапияның мақсаты.

4. Арттерапевтің міндеті.


Әдебиет:

  1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с.

  2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

  3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

  4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

  5. Осипова А.А. Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

  6. Романин А.Н. Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.68-71.


12 тақырып. Дене-бейімделу психотерапиясы.

Жоспар.

1.Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы.

2.Психологиялық көмектің жалпы ережелері және мақсаттары.

3.Психолог-кеңес берушітың рөлі.

4.Талаптар мен клиенттен күтілетн нәтижелер.

Мақсаты денеге икемделген әдістемелік тәсілдер арқылы адамның психикалық әрекет етуінің өзгеруі болып табылатын психотерапияның көп мағынада түсіндірілетін бағыты. Дене-бейімделу техникаларының дұрыс теориясының, ықпал ету ерекшеліктерінің нақты түсінігі мен қолдану принциптерінің жоқтығы дене-бейімделу (Д. П.) психотерапиясы мәні шегінің негізсіз кеңеюіне әкеледі. Бүгінгі күні аз дегенде, «денемен жұмыс» тәрізді анықталатын 15 әртүрлі көзқарастар сипатталған. Олардың кейбіреулері мәні бойынша таза психотерапиялық, ал басқаларының мақсаты тәннің денсаулығы болып табылатын терапияның әдістері ретінде неғұрлым нақты белгіленген.

Рөльфинг, биоэнергетика және гештальт-терапия; Александер әдістері (Alexander F. М.), Фельденкрайз әдісі (Feldenkrais М.) және гештальт-терапия (Рубенфельд — Rubenfeld I. әдісі); гипнөз, қосалқы кинезиология; Яновтың бастапқы терапиясы, Райх терапиясы (Reich W.) және гештальт-терапия тәрізді аралас әдістердің тәжірибесі кеңінен таралған.

Райхтың мінезтанушылық талдауы, Лоуэннің биоэнергетикалық талдауы, Фельденкрайздың тән ұғыну тұжырымдамасы, Александердің қөзғалыстардың бірігу әдісі, Селвер (Selver С.) және Брукстың (Brooks С. V. W.) сезінушілік ұғыну әдісі және рөльфтің құрылымдық бірігуі және т.б. Д.П. ең белгілі түрлері болып табылады. Еліміздегі аса танымал емес биосинтез (Boadella D., 1987), бондинг техникалары (Rynick G. М., 1994), Рөзен әдісі (Rosen M., Wooten S., 1993), Баскаков «танатотерапия» техникасы (Баскаков В., 1996).

Д.П. практикалық тәжірибе мен ағзаның қызметіндегі рухани және тәндік өзара байланысын көп жылғы бақылау негізінде пайда болды. Ол психотерапияның басқа бағыттарына қарағанда, дамуы әрдайым артып жатқан холистикалық бағытты ұстанады. Дене мен сана дуализмін жеңу және біртұтас тұлғаға оралу адамның мінез-құлқын түсігудің терең өзгерістеріне әкеледі.

Бүгінгі күнгі Д.П. әдістері біртұтас тәсілдің барлық талаптарына жауап береді: оларға адам — бір саладағы өзгерістер басқа саладағы өзгерістермен бірге жүретін дене мен психиканың қорытпасы, бірбүтін әрекет ететін бүтіндік. Оларды адамға бүтіндік сезімін қайтаруға, шеттетілген ақпаратты түсінуге ғана емес, сонымен бірге осы уақытта дене мен психиканың бірлігі, бүкіл ағзаның бүтіндігін сезінуге үйретуге тырысу біріктіреді. Д.П. барлық әдістері науқас өз тәірибесін психикалық және тәндік өзара байланысы ретінде қайғыра алатындай, өзінің әрекет етуінің жақсаруына мүмкіндік беріп, өзін сол күйде қабылдау жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған (Сергеева Л. С., 2000).

Д.П. ең белгілі әдістерінің бірі мінез талдауы және Райхтың вегетотерапия тәжірибесі болып табылады. Райх науқастармен жұмыс жасауда табиғат пен мінез-құлық қызметтеріне түсініктеме беретін алғашқы аналитик болған. Ол жеке тұлға мінез-құлығының физикалық аспектілеріне, әсіресе «бұлшық ет сауыты» деп атаған сөзылмалы бұлшық ет қысқышына назар аударудың маңыздылығын атап айтқан. Райх адам денесіндегі тұрақты бұлшық ет күштенуін оның мінез-құлқы мен ауыртатын эмоциональдық тәжірибе қорғанысының түрімен байланыстырып, «бұлшық ет сауыты» теориясын әзірлеген. Оның ойынша, сөзылмалы бұлшық ет қысқыштары үш негізгі эмоциональдық жағдайды блоктайды: үрейлілік, ашу және жеңсіктік қөзу. «Бұлшық ет сауыты» адам сезімдерін шектеп және бұзып, қатты эмоцияларды сезіну мүмкіндігін бермейді. Райх жазған: «Бұлшық еттің құрысуы ығыстыру үдерісінің денелік жағы және оның ұзақ мерзімді сақталу негізі болып табылады» (Reich W., 1997).

Райх теориясының негізінде адам психикасының қалыпты қызметін қиындататын қорғаныс механизмдерге денеге тікелей әсер ету арқылы қарсы әрекеттер жасауға болатыны туралы ұғым жатыр. Ол «вегетотерапия» деп атаған қорғаныс бұлшық етке тікелей әсер етуден «мінез-құлық талдауы» және «биофизикалық қызмет саласындағы мінез-құлық талдауы» деп атаған өзінің аналитикалық түсіндірулерін атаған. Райх тұлға өсуінің негізгі кедергісін адамға айналадағы адамдар мен қоршаған табиғатпен үйлесімді толыққанды өмір сүруге бөгет болатын қорғаныс бұлшық ет сауыты деп көрген. Ол денені қамтитын «бұлшық ет сауытының» жеті сегментін жіктеген: 1) көз тұсы, 2) ауыз және жақ, 3) мойын, 4) кеуде, 5) диафрагма, 6) іш, 7) жамбас.

Райх «бұлшық ет сауытының» босаңсуы маңызды либидинөздық энергияны босатады және психикалық талдау үдерісіне көмектесетінін анықтаған. Райх белгілі бұлшық ет тобының сөзылмалы күштенуін төмендетуге, сол арқылы сол күштенуді тежеп тұрған эмоцияларды босатуға мүмкіндік беретін арнайы терапиялық әдістемені әзірледі. Ол науқастың әртүрлі дене мүшелеріндегі өмірлік сезімдерін қалай басатынын сезінуге мүмкіндік беру үшін, бөлшекті түрде науқастың қалпына және оның физикалық әдеттеріне талдау жасайды. Райх науқастардан сол дене бөлігімен байланысты эмоцияны жақсы сезініп және анықтау үшін белгіленген қысқышты күшейтуді өтінді. Ол науқас жабырқаңқы эмоцияны қабылдап, өз көрінісін тапқан соң, соңғысы толығымен өз қысқышынан бас тартуға болатынын байқады. Бірте-бірте Райх байланған эмоциялардың босатылуына ықпал ету үшін, қолдарымен уқалап, қысылған бұлшық еттермен тікелей жұмыс жасай бастады. Райхтың түсініктер дамуының динамикасын бақыласақ, бірыңғай ауызша тілге негізделген аналитикалық жұмыстан мінез-құлық және «бұлшық ет сауытының» психологиялық және тәндік аспектілеріне, ағзадағы биологиялық энергияның еркін таралуын қамтамасыз етуге бағытталған, содан кейін бірыңғай бұлшық ет қорғаныс сауытымен жұмыс жасау акцентіне қарай дамығанын байқауға болады.

Лоуэн биоэнергетикасы мінез-құлық талдауында дененің рөліне топталған, оған Райхтың тыныс алу әдістемесі кіреді, көбі оның эмоциональдық босату техникаларынан. Заманауи психикалық талдауға ұқсас әдістемені сақтай отыра, биоэнергетикадағы психологиялық жұмыс арнайы қалыптарда терең тыныс алу аясында күш салынған бұлшық еттерге жанасу және қысым жасауды қолданады, сонымен бірге ағзаның психофизикалық бірігуіне көсектесіп, дененің кең сезінуіне, сыртқы әсерсіз бейнеліліктің дамуына мүмкіндік береді.

Лоуэннің пікірінше, неврөз, жабығу және психикалық тәндік бұзылуларының себебі сезімдердің тұншығуы болып табылады, ол адам ағзасындағы энергияның еркін ағуын жауап тастайтын және жеке тұлға қалыптасуының өзгерісіне әкелетін сөзылмалы бұлшық-ет күш салулармен бірге болады.

Сонымен бірге Лоуэннің биоэнергетикалық терапиясы Райхтың терапиясынан айырмашылығы орасан зор. Мәселен, Лоуэн бұлшық-ет сауыты блоктарының басынан аяғына дейін – бірізді әлсіреуіне талпынбайды. Ол басқаларына қарағанда психоталдауға тән науқаспен тікелей қатынасты қабылдамауды жеңе білетін ағзаға қолмен емдеу тәсілін сирек қолданады. Одан басқа Лоуэн Райхтың неврөздың жеңсіктік табиғатына деген көзқарастарымен келіспейді және сондықтан оның жұмысы замандастар арасында құпталады. Лоуэн өз сезімдерін елемеу және түсінбеу ауруларға әкеліп соғады және өз денесінен сезілетін түйсіктер өзінің эмоциональдық жағдайын түсінудің кілті болып табылады.

Адам ағзаны босату арқылы өмірлік энергияның еркін айналуымен ере жүретін бұлшық-ет күш салуынан босайды, бұл Лоуэн пікірінше науқастардың терең жеке өзгерістеріне әкеледі. Есейген тұлға өз сезімдерінің айқындалуын бақылау, сондай-ақ сыртқы әсерсіз ағымға беріліп, өзін-өзі бақылауды тоқтату сияқты тең дәрежеде болады. Ол қорқыныш, ауыру, ашу немесе реніш сияқты жағымсыз сезімдермен қатар, қанағаттандыратын жеңсіктік күйзелістер, қуаныш, махаббат сияқты сезімдерге тең дәрежеде қол жеткізе алады. Адамның өмірге деген қатынасы мен мінез-құлқы дене бітімінде, қалпында, қимылында айқындалады, адамның дене өлшемдері мен оның мінезі мен тұлға құрылуының арасында тығыз байланыс бар, деп ойлайды Лоуэн. Ол адамның психикалық және дене көріністерін негізге алып, адам мінезінің бес түрін жіктейді: «есалаң», «ауызды», «психопатиялық», «мазохистік» және «ригидтік» түрі. Одан басқа биоэнергетикалық терапияда «энергия», «бұлшық-ет сауыты», «жерге қосу» жататын ұғымдар қатары әірленген. Сонымен бірге соңғысы биоэнергетикалық терапияда маңызды категория болып табылады, оның пайда болуы Лоуэннің Райх теориясының дамуына принципиальды үлесі саналады. Бұлшық-ет шандырларымен қимылдар жасау, тыныс алу гимнастикасы, эмоциональдық босаңсу техникасы, дененің құрысып қалған бөліктеріне энергия жіберу үшін күшейтілген қалыптар («Лоуэн аркасы», «таздық арка»), белсенді қөзғалыс жаттығулары, эмоцияларды босатудың вербальды тәсілдері, терапиялық топ мүшелерінің дене қатынастарының түрлі нұсқалары және т.б. биоэнергетиканың негізгі тәсілдері болады. Мұндай қатынастар топ мүшелеріне қолдау бола алады. Тренинг үдерісінде топтық жаттығуға қатысушыларға қатынас бойынша жағымсыз эмоциялардың айқындалуына ықпалын тигізетін жаттығулар қолданылады. Ыза, қорқыныш, мұң, өшпенділік сияқты жағымсыз сезімдердің көрінісі барлығы дерлік ажғымды эмоциялардың алдында болады. Биоэнергетика жақтаушыларының пікірінше, жағымсыз сезімдер оң сезімдер мен рақаттылыққа деген терең қажеттілікті жасырады. Барлық жаттығулар циклі бойында дене жағдайын әрдайым науқастың талқыланатын психологиялық мәселелерімен сәйкестендіруге талпынулар болады.

Адам денесі мен психиканың қызметтік бірлігін атап көрсететін өмірде денені тиімді қолданудың Д.П. мүлдем басқаша бағдарлары Александер және Фельденкрайз әдістері болып табылады.

Александр әдісін мүсін мен үйреншікті қалыптарды түзету техникасы ретінде қабылдайды, бірақ бұл шын мәніндегі қызметінің бір бөлігі ғана болады. Шын мәнінде бұл өзін-өзі тануға аса терең бағытталған жүйелі бағдар, ағзаға жоғалған психофизикалық бірлікті қайтаруға тырысатын әдіс. Александр бойынша аданың бүкіл әрекеті оның денемін басқару қабілетіне байланысты. Осыған көптеген қарама-қарсы мүмкіндіктер бар, бірақ әр жағдайда нәтижеге жеңіл және жылдам жетудің ең жақсы тәсілді қамтамасыз ететін бір ғана жол болады. Александр ағзаның ауруларға әкеліп соғатын қызмет ету тәсілі дене бұлшық-еттерінің теріс (тиімсіз) қолдануымен айқындалады, ол бұлшық-ет күш салуы арқылы жүзеге асады. Ол қөзғалысты орындаудың үйреншікті тәсілдерінің орнына өзіндік денені жақсартуға септігін тигізетін, ағзаны сауықтыруға ықпалын тигізіп, жаңаны құруды ұсынған. Александер пікірінше, нерв жүйкесімен ауыратын адамдар әрдайым «қысылған» болады, оларға тегіс емес бөлінген бұлшық-ет жүктемесі (тонустың құбылмалдылығы) мен жаман мүсін тән. Ол неврөздар «... ойлармен емес, дененің ойларға деген тонустық реакциялармен пайда болады...», бұлшық-ет реакциялары есебінсіз психотерапия табысқа әкелмеуі мүмкін және жан жарақаттарының себептерін зерттеуге ғана емес, бұлшық-еттерді басқарудың жаңа жүйесін құруға көңіл аудару қажет деп тұжырымдаған. Александер әдісі екі іргетас қағидаға негізделген – тежеу қағидасы және директива қағидасы. Тежеу – оқиғаға тікелей реакцияның шектелуі. Александр ойынша, ізделіп отыратын өзгерістердің іске асуы үшін алдымен өзінің үйреншікті тума қасиетті реакцияны нақты қөздырғышқа тежеп (немесе тоқтату), және содан кейін ғана директиваны қолданып, осы жағдайдағы әрекеттің ең тиімді тәсілін табу керек. Ол келесідей директиваларды қолдануды ұсынды: дененің сөзылып кеңеюі үшін, мойынды бастың алға және жоғары қарай жылжитындай етіп босату керек. Александер бас пен мойынның өзара қатынасына аса мән берді. «Бастапқы бақылау» - бас, мойын және дененің өзара байланысын сипаттайды - басты рефлекс, ол үйлестіру және денені теңгерімді басқаруды қоса, барлық басқа рефлекстерді бақылайды. Ол мойын бұлшық-еттерінің қысылуы мен бастың артқа қарай ауытқуы нәтижесінде адам қөзғалысының табиғи үйлестіруі ғана емес, сонымен қатар қөзғалыстан кейінгі қалыпты жағдайға оралудың механизмі бұзылады. Александер әдісін оқыту үдерісінде адам қандай жағдайда бұлшық-еттерінің теңбе-тең емес күш салуы пайда болатынын ұғыну, тиісті бұйрыққа қөзғалысты жасаудың кез келген рефлекторлық әрекетін тежеуге, саналы ойлау арқылы бұлшық-еттердің күшін шешуді үйрену керек.

Александерден қарағанда Фельденкрайз тек «ұғыну әрекетті ниетке сәйкес жасайды» деп санап, көп көңілді сезінуге бөлген. Фельденкрайз әрекет бейнесінің теориясының әзірлемесіне үлесін қосып, ағзаның қалыптасуына деген біртұтас көзқарас мәселесіне арналған әдісті әзірледі. Ол қызметтердің бұзылуы қате құрылғылармен ғана емес, сонымен бірге адам ойланғанды орындау үдерісінде қате қимылдар жасайтынымен де байланысты деп тұжырымдайды. Фельденкрайз пікірі бойынша «мақсатты әрекетке» кедергі болатын іс-әрекет үдерісінде көптеген артық, кездейсоқ қимылдар жасалады; нәтижесінде кей әрекеттер оған қарама-қарсы бір мезгілде жасалады. Бұл адамның өзінің тек түрткілері мен әрекет нәтижесін ұғынатытынан, ал соңғының үдерісі танылмайтын болып қалады. Фельденкрайз бұлшық-ет қөзғалысын адам қимылының маңызды құрамдас бөлігі деп санаған және денені басқарудың жаңа тәсіліне үйретіп, мінез-құлықты өзгертуге тырысқан. Ол өз жұмыстарында өз бейнесі мен қимыл бейнесі ұғымдарын қолданған. Фельденкрайзқа сәйкес аамның мінез-құлқын өзгерту үшін өзімізге тән бейнені өзгерту керек, ал бұл реакция серпілісінің, мотивация табиғаты мен осы қимылға жүгінген барлық дене бөліктерінің жұмылдырылуын талап етеді. Фельденкрайз әзірлеген жаттығулар мақсаты өзінің әрекеттерін ұғына отыра, ең аз күш салумен қөзғалу мүмкіндігі мен аса жоғары тиімділікті туғызу. Ерікті қөзғалыстар жасауға қатысатын бұлшық-еттерге назарды шоғырландырып, артық болатын және ұғынылмайтын бұшық-ет күш салуларын анықтауға болады. Сонымен бірге субъектінің бастапқы мақсатына қайшы келетін әрекеттерден құтылуға мүмкіндік бар. Фельденкрайз өзінің идеяларын іске асыру үшін әртүрлі дене мүшелерінің өзара әрекеттесуіне, түйсіктердің саралап жіктелуіне, қөзғалыстың стандарттық паттерндерін жеңуге бағытталған жаттығуларды әзірледі. Ол сезімталдылықты жетілдіру арқылы қөзғалысты неғұрлым нақты басқаруға үйретіп, адамның мінез-құлқын өзгертуді ұсынды.

Райхтың классикалық терапия тәжірибесі шегіне жатпайтын Д.П. жеке түрлері бондинг, сезіктік ұғыну әдісі, құрылымдық интеграция әдісі болады.

Сезіктік тәжірибе ұғымы, оның сараланып қабылдануы және күйзелу сезіктік ұғыну әдісіндегі негізгі болып табылады. Сезіктік түсіну – бұл дене түйсіктерін ұғыну үдерісі, дене түйсіктері, эмоциялар, бейнелерді саралап қабылдауды және олардың арасындағы байланысты орнатуды оқыту. Адам жастайынан өзіндік тәжірибе маңыздылығын төмендетуге үйренген және «өзгелердің тәжірибесінде үйренеді», яғни өз тәжірибесін айналадағыларды қанағаттандыратын құрылымдармен ауыстырады. Сонымен бірге өзінің дене түйсіктері еленбейді. Сезіктік түсіну әдісі бойынша сабақтар бұл тосқауылдан өтуге көмектеседі, неғұрлым толыққанды дене-түйсіктік қызмет етуге оқытады.

Сабақтар барысында қабылдау біршама, ал біздің ойлауымыз жиі шынайы өмірден емесеайналадағылардан алынатын субъектілік ақпаратқа негізделеді. Әдістің басты ережелерінің бірі тәжірибеден алынатын түйсіктерге бағдар беру біздің ойлауымызды неғұрлым объективті етеді, ал мінез-құлықты көп дәрежеде біздің ниетімізге сәйкестейміз. Сезіктік ұғыну әдісінің басқа маңызды аспектісі болып топ мүшелерінің өзара байланысындағы қарым-қатынас үдерісі мен жанасу мәнін зерттеу болып табылады. Жақындық пен дистанциялылық дәрежесі, өзара көмек және жауапкершілік, айналаны сезу және субъектінің айналамен сезу және қабылдау – бұл топ қатысушыларының дене деңгейінде жеңіл және жылдам ұғынылатын үдерістің жақтары.

Гиндлер (Gindler Т.), Селвер, Штольц (Stolze H.) – осы әдістің даму негізінде тұрған мамандардың толық емес тізбесі.

Біздің жүзжылдығымыздың 20 жж. Гиндлер дене терапиясының жаңа түрін әзірледі, оның негізінде ағзаны өзінен-өзі реттелуіне әсер ету талпынысы жатыр.

Селвер АҚШ-тағы Гиндлердің идеяларын кеңінен таратқандардың бірі болды. 1938 ж. бастап сезіктік ұғыну (sensory awareness) әдісі деп атаған әдіспен белсенді түрде жұмыс жасады. Нәтижесінде оның жұмысына психоаналитиктер қатары қызығушылық танытып, олардың кейбіреуі Фромм (Fromm E.) және Перлс (Perls F.) — оның шәкірттері болды.

Селвер және Брукс жұмыстары көбінесе оның ұстазының жұмысымен үндесетін онымен «сезімді қөзғау» (sensory awakening) деп атаған техниканы шығарған Гунтерге (Gunther В., 1974) әсерін көп тигізді.

Бұл техниканың жаттығулары өз денеңді сезінуге және өз сезімдерімен үйлесуге, басқаларға жанасуға және жанасуларды қабылдай білуге үйренуге көмектеседі.

Қарастырылғанна бөлек тұратын Д.П. келесі әдісі құрылымдық интеграция немесе өзінің шығарған адамы рөльф есімімен аталған рөльфинг болып табылады. Дене құрылысы, жүрісі, отыру әдебі, қарым-қатынас стилімен жұмыс жасау кіретін денені ұғынуға бағытталған кешенді көзқарас болып табылады. рөльф пікірінше, адам ағзасы қызметінің бұзылуы тек қана психикалық емес, сонымен бірге физикалық факторларға да байланысты. Ол адамның дұрыс қызмет ететін денесі тік жағдайда минимальды энергия жұмсағанда тік болады, бірақ титықтау әсерінен ол соңғының әсеріне икемделіп, өзгереді. Бүкіл дене құрылымының өзара байланысының нәтижесінде бір бөліктегі күш салу басқа дене мүшелеріне компенсаторлық әсер етеді. Қорытындыда сүйек-бұлшық-ет жүйесінің дезинтеграциясы дене салмағының тепе-тең бөлуінің жоғалуы мен оның құрылысының өзгеруіне әкеледі, ағзаның дұрыс қызмет етуін бұзады. Құрылымдық интеграция әдісіне бұлшық-ет шандырларының жағдайын өзгертуге, дененің тепе-теңдігі мен иілгіштігін қалпына келтіруге сепігін тигізетін денемен тікелей қимылдар кіреді. Шандырлармен жұмыс жасау буындардың жұмсақ тіндері табиғи жағдайын келіп, буындар дұрыс қөзғалады, ал бұлшық-еттер неғұрлым келісілді қысқартыла бастайды.

Әдістің басты құрайтыны 10 сессия ішінде шандырлардың жүйелі түрде босаңсуына бағытталған саусақтар, буын және шынтақ арқылы массаж болады. рөльфинг процедурасы ауру мен дененің құрылымдық зақымданумен байланысты болған соң, оны тек қана тәжірибелі мамандар ғана жүргізу керек. рөльф пікірінше, шандырлар босаңсығанда, бұрын өткерілген естеліктер босайды. Сеанс барысында науқас өткеннің жарақат жағдайын қайта сезінуі мүмкін. Сонымен бірге сабақтар мақсаты дене интеграциясына басымдық танытады, үдерістің эмоционльдық-мінез-құлық аспектілері арнайы талдаудың объектісі болмайды.

Жеке тұлға рөльфингпен қамтамасыз етілген өзгерістер санасын дене құрылысы мен қызметінде сақтаса, алынған әсер тұрақты болады. Ол үшін қалып пен дене тепе-теңдігімен жасалатын жаттығулар кіретін «құрылымдық паттерндер қамтамасыз етілуі» жүйесі бар.

Көптеген мамандар рөльфингтің физикалық жағдайда оң нәтижелерге жетіп, алдағы уақытта әсер етудің психологиялық әдістерін неғұрлым тиімді жасауға мүмкіндік туғызады деп атап көрсетеді.


Пысықтауға арналған сұрақтар:

1. Дене – бейімделу психотерапиясының мақсаты.

2. Д – БП-ң белгілі әдістерінің бірі.

3. Райх теориясының негізіне не жатады?

4. Александр әдісінің мәні.


Әдебиет:

  1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с. — (Библиотека психологии и психотерапии, вып. 94). ISBN 5)86375)040)5

  2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

  3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

  4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

  5. Осипова А.А. Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

  6. Романин А.Н. Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.43-49.


13 Тақырып. Экзистенциалдық психотерапия.

Жоспар.

1. Концепцияның жалпы сипаттамасы.

2. Экзистенциональдық психотерапияның негізгі ұғымдары, ережесі және өкілдері.

3. Психологиялық көмектің мақсаттары.

4. Кеңес беруші – клиент қатынасы.

Гуманистік психотерапияның ішінде таралған түрлерінің бірі (әсіресе шығармашылық интеллигенция арасынан) экзистенциональдық психотерапия (Э.П.) болып табылады. Бұл терапия экзистенциализм деп аталатын одан да белгілі философиялық бағыттың идеялар негізінде пайда болды.

Экзистенциализм ғылым мен мәдениеттің көптеген белгілі өкілдері идеяларының шығармашылық бірлесуінен шықты (Кьёркегор, Гуссерль, Сартр, Камю, Ясперс, Хайдеггер және т.б.). Бұл бағыттың аты Кьёркегор еңбектерінде жиі қолданылатын экзистенция терминінен шықты (яғни мән, тіршілік ету), олар экзистен­циализмнің дербес флософиялық бағыт болуына бірінші себеп болды.

Экзистенциализмнің басқа даму көзі Гуссерльдің феноменологисы болып есептеледі.

Себебі экзистен­циализм философиядағы басты орынды адамдардың субъект және оның субъективтік күйзелістерін зерттеуі алып жатыр, ол психологтар назарын айдартпай қоймайды, олар болашақта өздері де экзистен­циональдық философияға маңызды психологиялық үлестерін қосты, сонымен қатар психология мен психотерапияда экзистенциализм идеяларын қолданды және дамытты.

Экзистенционалдық психологияның дербес психологиялық бағыт ретінде танылуында ең алдымен В.Дильтей, Э.Фромм, В.Франкл, Ф.Пёрлз және т.б. психолгтар мен философтардың рөлін атап өту керек. Осылай Ф.Пёрлз әрқашан онымен әзірленген гештальттерапия терапиясының бағыты экзистен­циальдық психотерапия түрінің (бағыты) бірі деп есептеген.

Бүгінгі күні экзистенциональдық психотерапияның көптеген түрлері, мектептері және модификациялары бар, оларды бір жұмыстың ішінде қарастыру мүмкін емес. Сондықтан экзистенционалдқ психотерапияның өкілі және негізін салушылардың бірі Виктора Франклдыңтеориялық және тәжірибешілік көзқарастырмен шектелеміз.

В.Франклдың пікірі бойынша адамның басты талпынысы – өзінің тіршілік ету мәнін түсініп табу. Егер ол мүмкін болмаса, адам фрустрация немесе экзистенциональдық вакуумды сезінеді (бостық, тіршілік етудің мәнсіздігі). В.Франкл бойынша өмірдің мәні туралы сұрақты адам қоймайды, керісінше адама өмір қояды, демек ол соған сөзбен емес, іспен жауап қайту керек.

Экзистенциональдық терапияның жақтаушылары тіршілік ету мәні әрбір дұрыс адамға қол жетімді, ол жынысқа, жасқа, интеллектке, мінез-құлыққа, қоршаған ортаға, дінге және идеологиялық көзқарастарға қатысы жоқ болады. Сонымен бірге экзистенциалистер бұған үйрету мүмкін емес деп есептейді, себебі тіршілік ету мәні жеке дербес жеке әр адам өзі тауып түсіну керек және кез келген өір жағдайларында өзінің және басқа адамдар алдында жауапкершіліктен бас тартпау керек.

Экзистенциалистер пікірі бойынша адам өзінің тіршілік ету мәнін назарды жеке тұлғаның ішкі күйзелісінен шындыққа белсенді бірлесе жұыс жасауға, басқаларға тәжірибешілік көмекке ауыстырып, тек өзінің жеке Мен шегінен тыс жерде таба алады. Неғұрлым адам проблемаларының пассивтік күйзелісі күйінен көп сыртқа шығып отырса (белсенді пайдалы іске, басқаларға көмек), соғұрлым ол нағыз дені сау адам болады.

Жоғары өмірлік масаттары бар адамдар сенімі, идеологилқ көзқарастары және т.б. бар адамдар төтенше ауыр жағдайлар мен жоғалтуларды жеңіл көтеретіні белгілі. Бұл протопоп Аввакум да, Эрнст Тельман да, және көптеген фашистік және сталиндік концлагерьлердің тұтқындары. Бұған батылдықпен Освенцим мен Дахауды бастан кешірген В.Франклдың өзін де жатқызамыз. Ол көптеген адамдар үшін қиын да күрделі жағдайларда өз ойлары мен сезімдерін өткен өмірге деген сағыныш пен бүгінігі күнгі күйзеліске емес, керісінше, неғұрлым жоғары мақсаттарға, істерге және басқаларға көмек үшін болашақтағы өзінің тіршілік ету мәнінің тәжірибелік жүзеге асуына назарды шоғырлағандар басымдық алды деп есептеген.

Кең мағынада (Франклдың негізгі идеясын суреттей отыра) адам жиі бақытсыз, ауру, жалғыз, жұмыссыз, кедей болудан қорқатын ойлар нәтижесінде бақытсыз, ауру, жалғыз болады. Яғни ол қорқыныштың алдында әлі болуға қорқатын ойлардан алдын ала эмоция, үрей және күйзелісі жетегінде өмір сүріп, сол бейнені сомдап, нәтижесінде сондай болады. (Бұл үдеріске «қарсы жүрісте» имаготерапия (image сөзінен - бейне) құрылады, мұнде жеке тұлға өзін сол адамдай көргісі келетін адамға - өз Менінің ең жақсы бейнесін сомдайды.

Франкл сексуалдық бұзылулардың жабысқақ күйлері нерв жүйкесінің көбі клиенттің сексуальдық рахатқа деген талпынысы және оның оның рахат ала алмай қаламын деген ойына байланысты деп тұжырымдайды. Яғни Фраклдың негізгі идеясы бейнеленеді – адам өз бақытын (рақат) қуып іздеуде, оны жоғалтады. Жеке тұлға рефлексияға кетеді және толығымен сексуальдық байланысқа берілудің орнына, әрдайым қолынан келмейтініне сенімсіздікен қарап, сезімдерінталдайды және шет жағнан бақылап отырады.

Экзистенциальдық кеңес беруде адамдардың әлемде болуды сипаттайтын әлемнің үш түрін бөледі. Біріншіден, Umwelt бар, «сыртқы әлем». Umwelt табиғи әлем, табиғат заңдары мен қоршаған орта. Umwelt жануарларды да, адамдарды да өзіне биологиялық қажеттіліктер, талпыныстар, түйсіктер қосады. Сонымен бірге ол әр ағзаның күн сайынғы және өмірлік циклдерін жатқызады. Табииғ әлем шынайы әлем сияқты қабылданады. Екіншіден, Mitwelt бар, «бірлескен әлем». Бұл адамдардың оларға ұқсас адамдармен жеке жеке және топпен қатынас жасаудың әлеуметтік әлемі. Осындай жеке және топтық қатынастарда адамдар бір-біріне және дамитын мәннің құрылысына әсер етеді.

Мэй былай жазады: «Қатынас жасаудың мәні – кездесудегі екі адамның өзгеретінінде» (May et al., 1958, т. 63). Басқа адаммен қарым-қатынастың маңыздылығы оған деген қатынасқа байланысты (оның серіктесіне қатысты қаншалықты құндылығы, маңызды, тартымды). Дәл осылай топ өміріне араласу деңгейінен оларға деген топтың маңыздылығы байланысты. Үшіншіден, Eigenwelt, немесе «ішкі әлем». Eigenwelt әр адамда қайталанбас және өзіндік тану мен өзін-өзі сезінудің дамуына негіз болады. Eigen­welt сондай-ақ зат немесе адам мәнін түсіну негізінде жатыр. Жеке тұлғаның зат пен адамдарға өзіндік жеке қатынасы болу керек; мысалы, «Бұл гүл әдемі» сөзі «Маған бұл гүл әдемі» дегенді білдіреді.

Ялом (Yalom, 1980) төрт шекті экзистенциальдық алаңдауды бөлді, олар өліммен, бостандықпен, тұйықталумен және мәнсіздікпен баланысты. Бұл алаңдаулар кеңес беруде үлкен мән беріледі.

Экзистенциальдық кеңес беру — бұл қатаң жүйеден гөрі, адамның өмір сүруін қарастыруға деген көзқарас болып саналады. Шын мәнінде, экзистенциальдық кеңес берушітар ескертусіз барлық адамдарға кленттер ретінде қарайды. Алайда кеңес берушітардан гөрі, клиенттер көп қиындықтар көреді.

Экзистенциальдық кеңес берудің басты мақсаты — клиенттерге өз тіршілігін шынайы мағынада ұғынуына үйрету. Негізгі бастапқы жағдай келесідей: іргетас неврөздық үдеріс — бұл болмысты сезінуден айырылу мен әлеует және түсіну тереңдігінің азаюы кіретін онтологиялық мәнді басу. Себебі кеңес берушітар, ең алдымен, клиенттерге олардың тіршілік еу мәнінің ұғынуына көмек көрсетумен айналысады, кез келген белгі беру «емдеу курсы» екінші рет болып саналады. Экзистенциальдық кеңес берушітар клиенттердің белгі беру «емін» алуға апаратын, оларға механикалық көзқарас тарапынан қашуға тырысады, бірақ онда олардың тіршілік етуі шектелетін болады.

Клиенттерге объектіге сиқты емес, белгілі мінез-құлқы тән, жеке тұлға ретінде көңіл аударуына басты назар аударылады, сондай-ақ дұрыс қатынастағы кеңес беруші – клиент.

Экзистенциальдық кеңес берушітар клиенттерге олардың ішкі кикілжіңдерін өліммен, бостандықпен, тұйықталумен және мәнсіздікпен байланысты шекті экистенциальдық проблемалар бары есебімен түсінуге тырысады. Кеңес берушілер клиенттерге қорғануды тең емес механизмдерін сәйкестендіруге және олардың әрекеттерінің теріс салдарын түсінулеріне көмек көрсетуге тырысады. Экзистенциальдық кеңес берушілер бастапқы, немесе экзистенциальдық үрейді жеңудің басқа тәсілдерін ғана таппай, сонымен бірге клиентердің өзіне-өзі және басқаларға шекті қарым-қатынасты түзетіп, екінші мәрте болатын үрейді әлсіретуге тырысады. Экзистенциальдық кеңес берушітар басқа да кеңес берудің репертуарына кіретін әртүрлі әсерлерді қолдана алады, егер бұл әсерлер басты экзистенциальдық құрылыммен сәйкес болса.

Кеңес беруші – клиент қатынасының сапасына экзистенциальдық консультацияда үлкен көңіл бөлінеді. Кеңес беруші – клиент қатынасы трансфер көзқарасы тарапынан қаралмайды және өткенді анықтау үшін көп уақыт кетпейді. Экзистенциальдық кеңес берушітар үшін клиенттердің шекті алаңдаулармен конфронтация айқындығы маңызды болғандықтан, осы сәтте олар клиентттердегі осы уақытқа қалыптасқан жағдайлар мен қазіргі кездегі толғандыратын қорқыныштарды түсіндіруге тырысады.

Кеңес берушітар клиенттерге өз ойлары мен сезімдерін міндеттемейді. Сонымен бірге олар бұрынғы қарым-қатынас көзі болы табылатын клиенттерге ойлар мен сезімдерді ауыстырмайды (осындай ауыстыру кейде контрауыстыру деп аталады). Ялом (Yalom, 1989) оны толық әйелдер жағымсыз сезімдер тудырғанын есіне түсіреді, және ол оған артық салмақтан құтылу үшін офиске көмекке келген клиентке тиімді көмектесу үшін, сол жағымсыз сезімді жеңу керек болды. Одан басқа экзистенциальдық кеңес берушітар клиенттердің өз проблемаларымен өтінбеуге мүмкіндік беретін кеңес берушілердің арандатушылық қосылуларының түрлі тәсілдеріне жүгінетінін түінеді.


Пысықтауға арналған сұрақтар:

1. Экзистенциализмнің басқа дамукөзі.

2. Экзистенциалдық кеңес берудегі әлемнің түрлерін ата.

3. Экзистенциализмнің кеңес берудің басты мақсаты.


Әдебиет:

  1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с. — (Библиотека психологии и психотерапии, вып. 94). ISBN 5)86375)040)5

  2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

  3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

  4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

  5. Осипова А.А. Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

  6. Романин А.Н. Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.63-65.


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Похожие:

Психотерапия технологиялары iconВебер Г. Кризисы любви: Системная психотерапия Берта Хеллингера
Кризисы любви: Системная психотерапия Берта Хеллингера. — М.: Изд-во Института Психотерапии, 2002. — 304 с
Психотерапия технологиялары iconКоммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы
Кафедра: коммуникативті дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология
Психотерапия технологиялары iconОқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережелері
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5 бабының 25 тармақшасына сәйкес әзірленген және оқу процесін...
Психотерапия технологиялары iconКоммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы

Психотерапия технологиялары iconКоммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы

Психотерапия технологиялары iconКоммуникативті дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы

Психотерапия технологиялары iconСиллабус
Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы
Психотерапия технологиялары iconСиллабус
Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы
Психотерапия технологиялары icon«Білім берудегі қашықтықтан оқыту технологиялары – 2011» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының
Және ғылым Министрінің №10 2011 жылғы 13 қаңтардағы бұйрығына сәйкес Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің базасында...
Психотерапия технологиялары iconКҮнтізбелік-тақырыптық жоспар
Коммуникативтіқ дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница