Психотерапия технологиялары




НазваниеПсихотерапия технологиялары
страница7/12
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.91 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://library.psu.kz/fulltext/buuk/b231.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
БИОЛОГИЯЛЫҚ КЕРІ БАЙЛАНЫС (Б. К. Б.) (ағылш. — biofeedback). Бұл әдістің негізінде сыртқы кері байланысы жүйесінің қолдануымен ерікті қызметтердің орынды өзіндік реттелу принципі жатыр. Б. К. Б. әдісі оның көзі болып табылатын физиологиялық ақпаратты генерация жасайтын, сол жеке тұлғаның физиологиялық қызметінің жағдайы туралы ақпараттың ұсынылуы қамтамасыз еілген жағдайларда ғана қолданылады. Қалыпты жағдайда біз физиологиялық қызметтердің жағдайлары туралы нақты сандық ақпаратты алмаймыз, мысалы, пульстің жиілігі мен артериялық қысымның мөлшері. Бірақ физиологиялық кішкентай өзгерістерін тіркеуге мүмкіндік беретін Б. К. Б. арқылы саналы түрде оларды басқаруға болады. Б. К. Б. қолдануға негізделген әдістер медицинаның әр түрлі салаларында қолданылады: ЭЭГ патологиялық паттерндерді басуға бағытталған қояншықпен ауыратын адамдар миының биоэлектрлік белсенділігін басқаруға; инфаркт жағдайынан кейінгі науқастарға қалпына келтіру терапиясының тиімділігін арттыру.

Сыртқы ұйқы артериясының жүйесіне қатысты тамырлардың кеңеюі және бас пен мойынның бұлшық еттері, бас сақинасы ауруының көп мәрте дәлелденген байланысынан шыға отыра, Коэн және басқалары (Cohen M. et al., 1980) топта арнайы Б. К. Б. бас сақинасымен, самай жағы артериясының тарылуы, саусақтың қызуы – маңдайдың салқындауы, маңдай бөлігінің бұлшық еттер қысымының азаюымен ауыратындарды пайдаланған. Әр науқас Б. К. Б. тренингінің 24 сеансын 8-10 апта бойы аптасына 3 сеанстан алды. Сеанс 10-минуттық негізгі демалыс кезеңінен және 20-минуттық тренингтен тұрды. Барлық сараптамаларда кері байланыс науастың басының жанында орнатылған қатты дыбыс құралы арқылы берілетін тоқпен жүзеге асады. Тоқ-белгі пайда болғандағы науқастардың міндеті тоқ күшін азайту, бұл электромиограмма амплитудасының төмендеуіне сәйкес, және тоқ күшін арттыру, бұл саусақ пен маңдай темературасының айырмасының көеюіне сәйкес; мақсатты дифференциал – неғұрлым жылы саусақ маңдаймен тең келеді (бастан тыс артериялардың ваза құрылымының жанама анықталатын әсері); Б. К. Б. кезінде науқастардың бас тонусы тоқ күшін төмендетуді сұраған, бұл тамырлы тонустың көбеюіне тең келді.

Бұл ұқыпты орындалған жұмыстың талдауы келесіні көрсетті: 1) зерттелген жүйелердің тура физиологиялық өзгерістері терапиялық нәтижелермен өзара байланысы жоқ, сонымен бірге жеткілікті қарапайым;

2) Б.к.б мәні жоқ (бас сүйек артериясы, электромиограмма, температура). Сондықтан терапиялық әсердің механизмдерін қатысты физиологиялық жүйелердегі өзгерістерде ғана іздемеу керек.

Мүмкін болатын түсіндірмелері:

1) науқастардың экспериментте қатысуының арқасында плацебо әсері (олардың арнайы диаграммалар жасауы) және зерттеушілер тарапынан оларға деген көңіл бөлушілік;

2) «ортаға» регрессия, себебі науқастар өздерін жаман сезінгенде ғана көмек іздейді;

3) жалпы релаксация әсері;

4) Б. К. Б. пайда болатын физиологиялық жүйенің өзіндік бақылау туралы күйзелістен болатын танымдық әсер.

Соңғы тармақ ерекше қызықты. Науқастар оларда бұрын ешқашан болмаған Б. К. Б. өзіндік бақылау дағдыларына үйретеді деп тұжырымдайды. Сондықтан сыни өлшем ретінде физиологиялық өзгерістің дәрежесі емес, науқастың бақылау жасауға өзінің мүмкіндігіне деген сенім дәрежесі. Егер олай болмаса, бұл әсерді терапиялық нәтижені оңтайландыру кезінде есепке алуға болады.

Б. К. Б. әдістемесін қолдану кезінде психологиялық факторларды (науқастың өзіндік бағалауының артуы, өзін-өзі иландыру, плацебо-эффект және т.б.) есепке алу қажеттілігі туралы сонымен қатар отандық авторлардың деректері дәлел. Н. Л. Артемчук, Л. Н. Лежепекова (1977) олар бақылап жүрген науқастардың клиникалық жақсаруы зерттелген физиологиялық жүйелерде маңызды өзгеріссіз де жүзеге асқаны байқалды.

Соңғы жылғы әдебиеттерде Б. К. Б. (сәкесінше релаксация тренингі) жалпы алғанда адамдарды емдеудің бір тәсілі ретінде қарап, басқа медициналық және психотерапиялық әдістермен үйлестіріп қолдану керек. Гипертониядан «емделу» науқастыцң саналы түрде өзінің қан қысымн төмендетуден гөрі көп күш салуды қажет етеді. Артериялық қысымды төмендету (немесе ауруды басатын) – стереотиптелген реакцияны қалыптастырған өмірлік жағдайларды өзгертумен бірдей емес. Науқас өзінің денелік қызметтерімен қызба кезінде, тез өзгеретін ортада, зертханада және емханада бақылағысы келеді ме, тіпті, бақылай алатыны даулы.

ГИПНОТЕРАПИЯ (иландырып емдеу). Гипнөздық күйді емдеу мақсатында пайдаланатын психотерапияның әдісі. ГИПНОТЕРАПИЯ кең таралуы әр түрлі ауруларды емдеу кезіндегі тиімділігіне дәлел. Гипнөздың табиғаты туралы және оның медицинадағы қолдану әдістерінің ғылыми түсініктерінің даму тарихы К. И. Платонов (1962), П. И. Буля (1974), В. Е. Рожнов (1985), Катценштейн (Katzenstein A., 1971), Шерток (Chertok L, 1992) және т.б. авторлар еңбектерінде кеңінен ұсынылған. Иландыру мен гипнөз құбылыстары тығыз байланысты болғандықтан, П. И. Буль (К. И. Платоновтың артынан) «гипносуггестивтік психотерапия» терминін пайдаланған жөн деп санайды. Тәжірибелі мамандар ГИПНОТЕРАПИЯ нерв жүйкесінің түрлі ауруларын емдеуге, психикалық бұзулар емханасында, ішкі мүшелер ауруларында, акушерлік-гинекологиялық тәжірибеде, хирургиялық араласуда (Гипнөздағы хирургиялық операцияны қараңыз) және тері ауруларында қолданады.

ГИПНОТЕРАПИЯ деген даусыз қарама-қарсы көрсеткіштер психөздардың сандырақ формалары (әсіресе науқас өзін «гипнөздалған» деп есептеліп, оны «гипнөздан шығаруды» өтінгенде) және есірік тұлғалардың гипномандық қалпы болып табылады. ГИПНОТЕРАПИЯ қолданғанда, науқастың гипнобельділік дәрежесін есепке алу керек, оның жоқтығында немесе төмен дәрежеде айқындалуы проблема болып табылады (кейбір авторлар гипнобельділіктің дамуын мүмкін деп санайды). ГИПНОТЕРАПИЯ алдында науқастың бұл әдіске деген қатынасы мен оынң тарапынан қауіпті болдырмау мақсатында әңгімелесу. Науқасты гипнөз қалпына кез келген әдіс арқылы кіргізгеннен кейін тиісті емдеу иландыру формулалары айтылады. Фразалар қысқа, түсінікті, мағынаға толы және емқателік әсер бермейтін болу керек, бір сеансының ұзақтығы әдетте 15-20 минут. Сеанстар саны 1-ден 15-ке дейін ауытқып отырады, бұл ГИПНОТЕРАПИЯ ауру жағдайы мен терапиялық әсердің сипатымен анықталады.

Сеанстар жиілігі – күн сайынғыдан аптасына 1 ретке дейін. Кейде бірнеше апта немес ай өткен соң, қайта курсын өткізу мүмкіндігі туады. ГИПНОТЕРАПИЯ жеке немесе науқастар тобымен өткізілуі мүмкін. Гипнотерапияның көптеген нұсқалары бар. Оны бөлшекті тәсілмен өткізуге болады (Кречмер бойынша сатылы белсенді гипнөз, Фракциялық гипнөзды қараңыз). Төмен гипнобельді науқастарға гипнөздық ұйқыны тереңдету мақсатында алдын ала ұйықтатқы құралдары берілу мүмкін (Наркогипнөз қараңыз). Гипнөзбен айналысатын психоаналитиктер, аналитикалық үдерісті жылдамдату есебімен есірткі заттарын қолданады (Наркоталдау (наркосинтез) қараңыз). Науқастың санасыз күйзелістері туралы әліметтер алуға гипнопсихокатарсис әдісі ықпал жасайды. Сондай-ақ гипноэлектрұйқы әдістері де бар, ол өзін-өзі иландыру мен гипнөздың үйлесуі және т.б. ГИПНОТЕРАПИЯ әдістерінің ішінде эриксондық гипнөз ерекше орын алады.

ГИПНОТЕРАПИЯ негізгі шиеленісу кезінде — раппорттың жоғалуы, ұстамалы аурулар, спонтандық сомнамбулизм, терең сомнамбуликалық гипнөздан гипнөздық литаргияға ауысу және т.б. (Гипнотерапияның теріс салдары (шиеленіс)). Бұл шиеленістер дәрігердің сабырлы күйінде, аурудың сипатын түсінген жағдайда, гипнөз техникасына жетік білген кезде ауыр салдарға әкелмейді. ГИПНОТЕРАПИЯ сәтсіздіктерінің себептері дәрігердің жалпы психотерапиялық көзқарастарды, рационалды психотерапияны, жаттығу тәсілдері мен нақты көрсетілген жағдайда психотерапияның басқа әдістерін елемеумен бір ғана гипносуггестивтік әдісін табанды қолданумен байланысты болуы мүмкін.


Пысықтауға арналған сұрақтар:

1. Суггестия сөзінің мағынасы.

2. Иландырудың жіктемесі.

3. А. А. Ухтомский теориясы бойынша өзін – өзі иландыру әсері.

4. Бехтерев бойынша өзін – өзі иландыру.

5. Шульц бойынша аутогендік жаттығудың жіктемесі.


Әдебиет:

  1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с.

  2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

  3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

  4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

  5. Осипова А.А. Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

  6. Романин А.Н. Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.68-71.


10 тақырып. Отбасылық психотерапия.

Жоспар.

1.Отбасылық психотерапия.

2.Отбасылық кеңес беру.

3.Отбасылық мифтер.

ОТБАСЫЛЫҚ ПСИХОТЕРАПИЯ (О. П.). Өзара қарым-қатынастардың түзетуіне бағытталған және мақсаты науқастың отбасы мүшелерінде анағұрлым айқындалған эмоциональдық күйзелістерді жою болып табылатын психотерапияның ерекше түрі (Мягер В. К., Мишина Т. М., 1976).

XIX ғ. соңғы ширегінде түрлі психикалық бұзулардағы «отбасылық диагностика» және «отбасылық емдеу» туралы ілім пайда болды (Маляревский И. В., 1886; Smith Z., 1890). Ресейдегі Отбасылық психотерапия шынайы негізін салушы және әлемдегі ең бірінші И. В. Маляревский болған. 1882 ж. Санкт-Петербургте ол психикалық ауру балалар мен жасөспірімдерге арналған емдеу-тәрбиелік мекеменің негізін қалаған. Оның қызметкерлері психикалық ауру балалардың отбасыларындағы өзара қатынастарға, кез келген тәндік ауруларда көріністердің қалыптасуында үйлесімсіздік тәрбиенің рөліне баса көңіл аударды. Ауру адамдардың туыстырымен «отбасылық тәрбие» – Отбасылық психотерапия заманауи түп бейнесі.

Отбасылық психотерапия деген халықтың мұқтждығы бүкіл әлем елдерінде, әсіресе ХХ ғ. 40 жж. ортасынан бастап Екінші дүниежүзілік соғысысынан кейін(Spiegel J. Р., Bell N. W., 1959), ал КСРО-да – ХХ ғ. 70 жж. және 1990 ж. кейін (Мягер В. К., 1976; Эйдемиллер Э. Гипнотерапия, 1994). Бүгінгі күні Отбасылық психотерапия бірнеше негізгі бағыттарын бөледі: психодинамикалық (Мягер В. К., Мишина Т. М., 1976; Костерева В. Я., 1979; Трегубов И. Б., 1987; Бабин С. М., 1996; Ackermann N. W., Franklin P. F., 1985), жүйелік және стратегиялық (Эйдемиллер Э. Гипнотерапия, 1990, 1994; Чаева С. И., 1992; Haley J., 1976; Minuchin S., Fishman H. С., 1981; Palazzoli М. S. et al., 1981; Burnham G., 1991), сондай-ақ эклектикалық (Эйдемиллер Э. Гипнотерапия, 1980; Захаров А. И., 1982).

Отбасылық психотерапия тарихи бірінші, Батыста айтатындай, Фрейд талдауынан (Freud S.) «кішкентай Ганс» (Sakamoto J., 1967) жағдайына өскен психодинамикалық бағыт болды. Ганстың әкесі күнделік жазып, Фрейдке хаттар жазған, ол хаттарда атты көргенде үрейлі қорқыныштан азаптанатын баласының күйзелісін түсіндіру үдерісі туралы жазған, ал жауап ретінде осы жұмысты жүргізу боынша кеңестер алған. Психодинамикалық көзқарастың негізгі белгілері құрылды: отбасы мүшелері, олардың түсініксіз тілектері, психологиялық проблемалары мен онтогенездің ерте кезінде сезінілген және актуальды тәжірибеде жүзеге асатын өзара проекциялардың өткендегі тарихын талдау. Психотерапияның міндеті инсайтқа жету болып табылады – бұрынғы шешілмеген проблемалардың қазіргі кезде отбасы ішіндегі қарым-қатынасқа әсер ететінін және сол бұзылған қатынас контекстінен кейбір мүшелерде өмірге деген бейімделудің неврөздық белгілер мен бейімделудің құрылымдық емес тәсілдері пайда болатынын сезіну. Бүгінгі күні психотерапевттің және отбасы мүшелері тарапынан көп күш жұмсауды, көп уақытты талап ететін осындай көзқарас үнемділік жағынан маңызы аз, бірақ тиімділігі зор болып саналады.

2-ші (Краков, 1990) халықаралық конференция және 3-ші (Юваскюля, 1991) және 6-шы (Иерусалим, 1992) халықаралық конгрестер мүшелерінің құрамы көрсеткендей, психодинамикалық бағыттың өкілдері 25% болды, ал жүйелі отбасылық психотерапия қолдаушылары – қатысушылрдың жалпы санынан 60% жуық. Эклектикалық бағыттың өкілдері психотерапиялық жұмыста емдеу механизмдері бойынша әртүрлі әдістерді отбасыларына біріктіреді: гипнөз, аутогендік жаттығу, медитация, мінез-құлық модификациясы бойынша үй тапсырмалары, қарым-қатынастың талдауы мен түсініктемесі, топтық дискуссиялар және т.б.

Ұзақтығы бірнеше аптадан бірнеше жылдарға сөзыла алатын Отбасылық психотерапия барысында бірнеше кезеңдер бөледі. Отбасылық психотерапия ұзақтығы «белгі тасушының» психикалық бұзулардың ауырлығымен, отбасыдағы өзара кикілжіңмен айқындалуымен, терапиялық өзгерістерге жетуге отбасы мүшелерінің мотивациясымен ескеріледі. Психотерапияға қатысушылары Сатирдан (Satir V.) «Отбасылық психотерапия қанша уақытқа сөзылады» сұрағанда, ол «Сіздің проблемаңыз неде екендігін анықтау үшін, ұзақтығы 1 сағат 3-тен 6 сессияға дейін керек, ал әрі қарай өздеріңіз шешесіз, бұл жеткілікті мен немесе менімен жұмыс жасауды жалғастырасыз» деп жауап береді. Алдында Отбасылық психотерапия аптасына 1-2 сеанс жиілігімен, содан кейін кездесулер 2 аптада 1 рет, әрі қарай 3 аптада 1 рет өткізіледі.

Отбасылық психотерапия жиі 4 кезеңді бөледі (Эйдемиллер Э. Гипнотерапия, 1976; Эйдемиллер Э. Гипнотерапия, Юстицкий В. В., 1989):

1) диагностикалық (отбасылық диагнөз);

2) отбасылық кикілжіңді жою;

3) қайта құратын;

4) қолдайтын.

Отбасылық диагнөз отбасы мүшелеріні жеке-тұлғалық қасиеттері мен олардың біреуінің сырқатының сипаттамасы есебімен бұзылған отбасылық қатынастардың түрленуі деп ұғынылады. (Т.М. Мишина, 1983). Отбасылық қатынастар диагностикасы отбасы тобына проблемалық диагностикалық болжамлдарды тексеріп шығаратын психотерапевттің қосылу үдерісінде жүзеге асады. Отбасылық диагностика процедурасының ерешеліктері оның толассыз сипатты, яғни Отбасылық психотерапия барлық кезеңде еріп жүреді және психотерапиялық техникалар таңдауын алдын алады.

Отбасылық қатынастар диагностикасының басқа өзгешелігі оның стереоскопиялық сипатында болып табылады. Бұл егер болған туралы ақпарат біржақты кездесулерде отбасының бір мүшесінен алынған болса, онда ол басқа отбасы мүшелерінен алынған ақпаратпен және психотерапевттегі психотерапия үдерісіндегі қатысушылар мінез-құлқын бақылау және сұрастыру негізінде қалыптасқан әсермен салыстырылу керек дегенді білдіреді («отбасы бала көзімен», «отбасы ата-ана көзімен», «отбасы психотерапевт көзімен», «біздің шын мәніндегі көрінісіміз»).

Екінші кезеңде психотерапевттің науқастармен және олардың отбасы мүшелерімен біржақты кездесу барысында отбасы кикілжіңі бастауы анықталады мен кларификациясы болады және психотерапевтпен теңбе-тең қатынасты орнату нәтижесінде кикілжіңге тартылған отбасының әр мүшесінің эмоциональдық әсер ету арқылы оны жою жүзеге асады. Психотерапевт кикілжің қатысушыларына барлығына түсінікті тілмен сөйлеуге көмектеседі. Одан басқа, ол делдал рөлін алып, бір отбасы мүшесінен екіншісіне кикілжің туралы ақпараттың келісілген көлемінде беріп отырады.

Бұл ақпараттың ауызша емес компоненті «робот - манипулятор» тәсілі қолданылатын психотерапевтпен бірлескен кездесу сеансында таратыла алады. Сеансқа қатысушының қарама-қайшы хабарламасын тыңдап алып, психотерапевт оны қимыл тіліне ауыстырады, ал қимыл бейнелілігін қатысушылардың сенситивтілік пен толеранттілігімен қатыстырылады.

Осылай, осы кезеңде келесі психотерапиялық әдістер жетекші болады: көбінесе тұлғаның танылмайтын қатынастарының вербалдануына көзделген директиві емес психотерапия, сонымен қатар отбасы мүшелерінің бір-біріне әсер етудің арнайы әзірленген әдістері (қатысушылар тұлғасының әр жатарына иерархиялық тәртіпте әсер етіп, қарым-қатынасты орнатуға тырысу және әсер алу) (Эйдемиллер Э. Гипнотерапия, Юстицкис В., 1999). Отбасылық қатынастардың қайта құру кезеңінде актуальды отбасылық проблемаларды топтық талқылау жеке алынған отбасында, немесе ұқсас проблемалары бар науқастар және олардың туыстарының параллельді топтарында жүзеге асады. Осы топтарда рөльдік мінез-құлық тренингі және құрылымдық таластың ережелерін оқыту жүргізіледі. Қолдайтын кезеңде немесе белгілеу кезеңінде шынайы отбасылық жағдайларда алдыңғы кезеңдерде пайда қалыптасқан эмпатиялық қатынастың дағдылары мен рөльдік мінез-құлықтың артқан диапазоны бекітіледі, кеңес беріледі шынай өмірге қатысты қалыптасқан қарым-қатынас дағдылары түзетіледі.

Кезеңдерді бөлі Отбасылық психотерапия үдерісінің құрылымын жасауға мүмкіндік береді, диагностикалық мәліметтердің мақсаттары мен көлеміне байланысты белгілі бір психотерапиялық әдістерді қолданудың реттілігін дәлелдейді. Э. Гипнотерапия Эйдемиллер, В. В. Юстицкис бойынша «Отбасылық психотерапия кезеңі» ұғымдары және оған теңбе-тең психотерапиялық әдістеме – бір-бірімен өзара байланысты құбылыстар. Отбасылық психотерапия неғұрлым жиі қолданылатын психотерапиялық тәсілдерге келесілер жатады (Т.М.Мишина, 1983):

1) үнсіздікті тиімді қолдану;

2) тыңдай білу;

3) сұрақтар арқылы оқыту;

4) қайталау (түйіндемелеу);

5) жалпы қайталау;

6) жан күйзелісінің көрінісі мен нақытылығы (айқындылығы);

7) конфронтация;

8) рөльдерді ойнау;

9) «тірі мүсіндерді» жасау;

10) бейнемагнитофонды жазбаларды талдау (Perrez M., 1979).

Отбасылық психотерапия мазмұнын кең түрде түсінігін қолдаушылар жалпы алғанда отбасыға оң әсерді көздейтін кез келген жеке отбасы мүшелеріне психотерапиялық ықпалды Отбасылық психотерапия нұсқасының бірі ретінде қарастыруға болады (Bach О., Scholz M., 1980; Kratochvil S., 1985). Науқасты тыңдап, отбасылық диагнөз туралы болжамды ұсына отыра, психотерапевт жалпы отбаслық құрылым санатымен ойлайды және «демек, алдына ала кез келген ықпал жалпы алғанда отбасылық қарым-қатынасқа әсер ететінін бағалайтын болса», бұл жіберілгендік әділ болып саналады (Столин В. В., 1981). Одан басқа, жүйеліліктің қағида мәні отбасыдағы «шеңберлі себептілік» туралы идеясының жарық көруінде айқындалады, оған сәйкес қатынас жасау стилі, өзара әрекет ету сипаты, тәрбиелеу түрі, бір жағынан және отбасы мүшелерінің жеке ерекшеліктері – екіншіден, тұйық тұрақты іске асып отыратын гомеоститкалық циклді құрады (Andolfi М., 1980). Отбасылық психотерапия бұл циклдің бұзылуы мен отбасылық қызмет етудің құрылымдық баламасының құрылуы табылады.

ОТБАСЫЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ (О. К. Б). Отбасылық психотерапияның бір түрі болып саналады, оның өзіндік белгілері, шегі және интервенция көлемі бар. Отбасылық кеңес беру параллельді отбасылық психотерапиямен қатар дамыды және олар бірін-бірі толтырып отырды.

О. К. Б. мақсаты отбасыдағы рөльдік өзара әрекетті өзгерту және жеке тұлғаның өсу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін отбасы мүшесінің (мүшелері) сұрауын (мәселе) кеңес берушімен бірлесіп оқыту. Отбасылық кеңес беру психотерапиядан принципиальды айырмашылығы ауру тұжырымдамасынан бас тарту, жағдаят талдауындағы акцентте, отбасыдағы рөльдік өзара қатынас аспектілерінде, кеңес беру субъектілерінің тұлғалық ресурстарды іздестіру және «шешімдер желпуіші» - жағдаятты шешудің тәсілдерін талқылауда болады. Отбасылық кеңес беру тәсілдері мен әдістерінің әртүрлілігі әртүрлі теориялық тұжырымдамаларға негізделеді, олардың арасында бүгінгі күні жетекші когнитивтік-мінез-құлық психотерапия, оның ішінде рациональдық-эмоциональдық психотерапия, жүйелік және эмпирикалық бағыттар болып табылады (Минухин (Minuchin S.), Сатир (Satir V.) және т.б.). Э. ГИПНОТЕРАПИЯ Эйдемиллер (1994) Отбасылық кеңес беру негізгі қағидалары мен ережелерін келтіреді

1. Қатынасты орнату және кеңес берушінің клиенттерге қосылуы. Оптимальды қатынас жасауға, мимезис тәсілдеріне, кеңес беруші тынысы мен «өтініш беруші» мәселелерін үйлестіруге, отбаслықы мәселе туралы хабарлайтынның басты репрезентативтік жүйені айқындайтын сөйлеу предикаттарын қолдануға жәрдемдесетін құрылымдық дистанцияны сақтау арқылы жасалады.

2. Метаүлгілеу тәсілдері мен терапиялық метафораларды қолданумен клиенттің мәселесі туралы ақпарат жиынтығы. Психотерапиялық мақсаттың субъективтілігіне келесідей сұрақтар ықпал етеді: «Сізге не керек?», «Сіз қандай нәтижеге жеткіңз келеді?», «Сіз бұл туралы қарсылық шылауларсыз, оң нәтижелі терминдерімен айтып көріңізші».

3. Психотерапиялық шартты талқылау. Отбасылық кеңес беру бұл бөлігін көптеген мамандар маңызды бөліктерінің бірі деп таниды. Жауапкершіліктің бөлінуі талқыланады: кеңес беруші әдетте Отбасылық кеңес беру қауіпсіздігіне және клиенттің мәселені шешуге рұқсат беру технологиясына, ал соңғысы - өзіндік белсенділігіне, шынайылылығына, өзінің рөльдік мінез-құлқын өзгертуге деген тілегіне және т.б. жауапты болады.

Содан кейін Отбасылық кеңес беру қатысушылары жұмыстың жалғасы (орташа оның жалпы уақыты 3-6 сағат) және бір сеанстың ұзақтылығы туралы келіседі. Кездесулердің мерзімі талқыланады: әдетте алғашқыда аптасына 1 рет, әрі қарай 2-3 аптада 1 рет. Отбасылық кеңес беру маңызды жағы төлем шарттарын талқылау немесе клиентке Отбасылық кеңес беру клиенттердің терапиялық өзгерістерге мотивацияның күшеюіне ықпалын тигізетіндіктен, бюджеттік муниципальдық мекемеде жүзеге асқан жағдайдағы құны туралы ақпаратты ұсыну болып табылады. Сонымен қатар шарт талаптарын бұзғаны үшін тараптарға мүмкін салынатын айыппұлдарды атап өту керек.

4. Отбасылық кеңес беру процедурасындағы келесі қадам – клиенттің проблемасын оның максимальды түрдегі субъектілігі мақсатымен нақтылау және отбасы ресурстарын жалпы және оның жеке-жеке мүшелерінің ресурстарын анықтау. Оған келесідей сұрақтар көмектеседі: «Сіз бұрын қиындықтармен қалай күрестіңіз, сізге не көмектесті?», «Қандай жағдайда сіз мықтылық таныттыңыз, өз күшіңізді қаай қолдандыңыз?».

5. Өзіндік кеңестер өткізу. Клиенттер сенімін кеңес беру процедурасының тасбыстылық пен қауіпсіздікке күшейту керек: «Сіздің өзгерістер жасауға деген ынтаңыз, бұрынғы тәжірибеңіз, белсенділігіңіз бен шынайылығыңыз кеңес берушінің сізбен қызмет ету тілегімен үндесе келе, оның кәсіби қасиеттері мен тәжірибесі тасбысты жұмыстың сенімді кепілдігі болады». Кеңес беруге қатысушылармен қалыптасқан мінез-құлық стереотиптерінің оң және теріс жақтары келесідей сұрақтар арқылы талқыланады: «Сіздің ойыңызша, қалыптасқан жағдайлардағы ең жаманы?», «Талқыланатын жағдаяттағы ең жақсы нәрсе?» Мінез-құлықтың жаңа шаблндарын бірлесіп іздеу жүзеге асады – «шешімдер желпуіші». Кеңес беруші келесідей сұрақтарды ұсынады: «Мәселені шешу үшін, сіздің әлі жасамағаныңыз?», «Осыған ұқсас жағдаятта болған сізге маңызды адамдардың мінез-құлқы? Сіз осылай жасай алушы ма едіңіз?», «Сізге дәл осындай әрекет етуге не көмектеседі?». Көзбен шолу тәсілін қолдануға болады: транстағы клиенттер (а этому способствует «точное следование по маршруту проблемы заявителя»), жаңа жағдаят бейнесін жасайды және сонымен бірге осы кезде пайда болатын кинестетикалық сезінулерді белгілейді.

6. Отбасылық кеңес беру бұл қадамы «кологиялық тексеріс» деп аталады (Bandler R., Grinder J., 1995). Кеңес беруші отбасы мүшелеріне 5-10 жылдан кейін өздерін ұқсас жағдаятта елестетіп, өздерінің жағдайларын зерттеулерін ұсынады.

7. Отбасылық кеңес беру аяғына қарай кеңес беруші «нәтижені сақтандыру» бойынша күшін салады. Бұл клиенттердің кей кездері мінез-құлықтың жаңа шаблондарын игеру кезінде сенімділік сезімінің тууына септігін тигізетін іс-әрекеттерге мұқтаж болатынынмен байланысты. Олар кеңес берушіден кез келген үй жұмысы мен алынған нәтижелерді талқылау үшін біршама уақыттан кейін қайта кеңеске келуге шақыруды ала алады.

8. Бірқатар жағдайларда «ажырату» процедурасын өткізу қажет. Ол клиенттердің берілген мақсат пен алынған нәтижемен салыстырғанда авоматты түрде бола алады, бірақ кей кездері кеңес беруші ажыратуға жағдай жасау керек (Эйдемиллер Э. Г, 1994; Haley J., 1976). Бұл мақсатпен Хейли жиі «парадоксальдық тапсырмаларды» қолданады, олардың нақты қолдануы қарама-қарсы нәтижеге әкеледі. Мысалы, ашық немесе жасырын түрде сезімдерін білдіруге қатысты жас отбасылар кеңес алғанда, оларға келесідей тапсырма ұсынылды: «Өзінің эмоциональдық серпілуін тексеру мақсатымен апта бойы тәулікте бір сағаттан ұрысыңыз». Соымен бірге Хейли адамзатқа тән табиғатты есепке алды: ешкім саналы түрде өзіне және басқаға зиян келтірмейді. Осы тапсырманы орындауға тырысып, жасамай қойған жас отбасыларда, керісінше, бірін-бірі бағалауға деген тілектері артты және олар «жат» кеңес берушінің қызметінен бас тартты.

Бүгінгі күні Отбасылық кеңес беру Ресейдегі жұртышылықтың неғұрлым талап ететін психотерапиялық көмектің түрі болып табылады. Денсаулық сақтаудан басқа отбасылық кеңес берушітар білім беру жүйесінде – психологиялық орталықтарда, тікелей мектептерде, әлеуметтік қорғау министрліктерінде және отбасы және баланы қорғау жөніндегі комитеттері жүйесінде, сондай-ақ басқа да мекемелерде қолданыстағы консультацияларда пайда болды.

ОТБАСЫЛЫҚ МИФТЕР (О. М.). Феррейрамен (Ferreira A.J., 1966) ұсынылған термин, әрекетсіз отбасыларда бірлікті қолдауға қолданылатын белгілі қорғаныс механизмдерін білдіреді. «Илану», «пікір», «отбасылық кредо», « рөльдік экспектациялар», «келісілген қорғаныс», «отбасы бейнесі немесе «Біз» бейнесі», «аңғырт отбасылық психология» және т.б. ұғымдары О. М. синонимдері болып табылады (Эйдемиллер Э. ГИПНОТЕРАПИЯ, Юстицкис В., 1999).

О. М. клиникалық және сарапамалық-психологиялық әдістермен қорғаныс механизмдерінің психоаналитикалық түсінігі, рөльдік өзара әрекеттесу теориясы, когнитивтік психология және когнитивтік-мінез-құлық психотерапия шегінде зерттеледі. Т. М. Мишина (1983) бір бүтін интеграцияланған – отбасылық өзіндік сана-сезім деп танытқан «отбасы бейнесі немесе «Біз» бейнесі» ұғымын алғаш рет енгізген. Отбасылық өзіндік сана-сезімнің аса маңызды қызметтерінің бірі отбасы мінез-құлқының үтін реттелуі, отбасының жеке мүшелерінің бағдарлар келісімі болып табылады. «Біз» теңбе-тең бейнесі отбасы өмірінің стилін, нақтырақ, ерлі-зайыптылардың қатынастары, жеке және топтық мінез-құлықтың сипаты мен ережелерін белгілейді. «Біз» теңбе-тең емес бейнесі – әр отбасы мүшесіне және жалпы отбасыға бақыланатын бұқаралық бейне – О. М. жасайтын әрекетсіз отбасылардағы өзара қарым-қатынастар сипаты туралы келісілген таңдамалы түсініктер. Осындай мифтің мақсаты — отбасы мүшелеріндегі бар қанағатсыз қажеттіліктер мен кикілжіңдерді камуфляждау және бірін-бірі туралы идеалданған түсініктер туралы келісу. Үйлесімді отбасыларға «Біз» келісілген бейнесі тиесілі, әрекетсіз жанұялрға – О. М.

Көптеген авторлар О. М. отбасы мүшелері арасындағы белгілі танылмаған өзара келісім деп түсіндіреді, оның қызметі жалпы отбасы және оның мүшелері туралы қабыл алынбаған бейнелерді (ұғымдар) сезінуге кедергі болу. «Бетсалым», «қабыл алмау», «ыдырау» тәрізді мифтер, «аңғырт отбасылық психологияда» сипатталған О. М. белгілі мазмұны бар, заманауи Ресейдегі әрекетсіз отбасыларында жиі кездесетін кейбір когнитивтік таңдамалы сценарийлер жіктеледі (Мишина Т. М., 1983; Эйдемиллер Э. ГИПНОТЕРАПИЯ, 1994). Психологиялық қорғаныс механизмі – «ыдырау» 2 түрде болады.

Біріншісі жұбайлар ұқсас жеке проблемалары болған жағдайда кездеседі. Мұнда «қабыл алмаған жақтар» жұбайлардың әрқайсысы туралы түсініктер олармен отбасыдан тыс көрсетіледі және ынтымақтас түрде екі жұбаймен де қабылданбайды. Мысалы, жұбайлар өздерінің жеңсіктік қажеттіліктеріне байланысты ығыстырылатын жеңсіктік түрткілермен «біз таза, идеалды адамдар» мифін жасауға, ал басқа адамдарды лас, көргенсіз санап, бұл бағалауды жалпы қоғамның моральдық тірегіне таратуға бейім.

Ыдыраудың екінші формасында жұбайдың бірі екнішісінде онымен жеке тұлғаның тұншыққан аспектілерінің символы ретінде санасыз қабылданатын тұлға қасиеттерін іздеген жағдаятты айтуға болады. Өзара тыйым салу келісімінің мәні серіктестің әрқайсысы өзінің жұбайында санасыз түрде өзінде мойындамайтын қасиеттердің айқындалуын қолдайтыны болып табылады. Үйлесімді келісімнің орнына, нақтырақ, жеңсіктік жарамдылық мәселелері бойынша серіктестің бірінде басқасын өзі іске асыруға қорқатын мінез-құлық формаларына ынталандыруға талпыну сезімі пайда болады. Бұл жағдайда өзінің жеңсіктік қажеттіліктерін қанағаттану жолдарын іздеумен бірге сенімсіздік, қорқыныш пен кінә күйзелісі болады.

Отбасы мүшелерімен қабылданатын когнитивтік аспектілер, отбасы қызметі туралы отбасы бірлігі ұсталып тұратын когнитивтік отбасы сценарийлері негізделетін келісілген түсініктердің пайда болуы когнитивтік психология және когнитивтік-мінез-құлық психотерапия шегінде қарастырылады (Ellis A., 1977, 1981, және т.б.). Когнитивтік отбасы жағдаяттары белгілі отбасы контекстіндегі тұлғалардың жеткілікті ұзақ тіршілік ететін, динамикалық және интерференцияға резистенттік қызметінде немесе әрекетіндегі үлгісі болып табылады. Ол бар элементтердің дифференциациясы мен интеграциясы арқасында дамиды (қондырғы, өкім және пікір, эмоциональдық-мінез-құлық реакциялар және т.б.) және екі жеке тұлға, тұлғаның өзара ауысып отыратын әрекеттесу сипатында және отбасы мен ортаның талаптарында қажеттілік бойынша актуалдануы мүмкін.

Э. ГИПНОТЕРАПИЯ Эйдемиллер (1995) бойынша әрекетсіз отбасылардағы неғұрлым жиі келесі О. М.болады:

«Біз сондай керемет жанұямыз, бірақ басқалары оны ұқпайды», «Оның оңбағандығы соншалық (өз баласы туралы), біздің қамқорлығымызға тұрмайды», «Ол өте сезімтал (бала, отбасының сырқат мүшесі) және ерекше қарым-қатынасты талап етеді; біз сол үшін өмір сүреміз». Айналадағыларға (мұғалім, таныс, психотерапевт) ұсынылатын ұқсас О. М. отбасы рөльдерінің белгілі құрылымын белгілейді: «кумирі бар отбасы», «сырқат мүшесі бар отбасы», «қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан» және т.б.

Осы мифтер негізінде белгілі түрде отбасы мүшелерін біріктіретін танылмайтын эмоциялар жатыр: күнә, эмоциональдық шеттету, белгілі отбасылық рөльде қатысуға жауапкершіліктен қорқу. «Біз» бара-бар бейнесі отбасылық контекстінің динамиклық жүйесінде мүшелер (элементтер) мінез-құлықының бүтін реттелуіне ықпалын тигізеді, ал теңбе-тең емес жанұядағы әрекетсіз қатынастарды ұстап тұратын септігін тигізетін О. М. формасын қабылдайды, оның нәтиесінде мүшелерінің өсу мен өзгерістегі, өзін-өзі жігерлендіру және кооперацияға деген қажеттілік қанағатсыз болады, ал жанұя үлкен жүйе – қоғамдағы өзгерістерді көп есепке алмай жалпы өзінің бұрыңғы тәжірибесін ебедейсіз жүзеге асырады.


Пысықтауға арналған сұрақтар

1. Отбасы психотерапиясының негізін салушы.

2. Отбасылық психотерапия кезкңдері.

3. Отбасылық психотерапиялық тәсілдерге не жатады?

4. Отбасылық кеңес берудің мақсаты.


Әдебиет:

  1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с.

  2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

  3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

  4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

  5. Осипова А.А. Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

  6. Романин А.Н. Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.68-71.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Психотерапия технологиялары iconВебер Г. Кризисы любви: Системная психотерапия Берта Хеллингера
Кризисы любви: Системная психотерапия Берта Хеллингера. — М.: Изд-во Института Психотерапии, 2002. — 304 с
Психотерапия технологиялары iconКоммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы
Кафедра: коммуникативті дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология
Психотерапия технологиялары iconОқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережелері
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5 бабының 25 тармақшасына сәйкес әзірленген және оқу процесін...
Психотерапия технологиялары iconКоммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы

Психотерапия технологиялары iconКоммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы

Психотерапия технологиялары iconКоммуникативті дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы

Психотерапия технологиялары iconСиллабус
Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы
Психотерапия технологиялары iconСиллабус
Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы
Психотерапия технологиялары icon«Білім берудегі қашықтықтан оқыту технологиялары – 2011» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының
Және ғылым Министрінің №10 2011 жылғы 13 қаңтардағы бұйрығына сәйкес Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің базасында...
Психотерапия технологиялары iconКҮнтізбелік-тақырыптық жоспар
Коммуникативтіқ дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница