Психотерапия технологиялары




НазваниеПсихотерапия технологиялары
страница4/12
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.91 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://library.psu.kz/fulltext/buuk/b231.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Пысықтауға арналған сұрақтар:

1. Рационалды психотерапияның негізін салушы кім?

2. Рационалды психотерапияның бірінші даму кезеңінің ерекшелігі.

3. РП – ң мақсаты.


Әдебиет:

  1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с. — (Библиотека психологии и психотерапии, вып. 94). ISBN 5)86375)040)5

  2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

  3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

  4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

  5. Осипова А.А. Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4


7 Тақырып. Трансактілік талдау.

Жоспар.

1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы.

2. Негізгі ережелері.

3. Психологиялық көмектің мақсаттары.

4. Психолог-кеңес берушіліктің рөлі.

Американдық психолог Эрик Бёрн дербес психотерапевтикалық бағытты ойлап тапты, ол трансакциялық талдау атауымен бүкіл әлемге кеңінен таралды. Трансакция сөзі өзара әрекеттесу деп аударылады, және, сәйкесінше, трансакциялық талдау ұғымы өзара әрекеттесудің талдауы, қарапайым түрде - адамдар қарым-қатынасы деп түсіндіріледі.

Трансакциялық талдау адам мінез-құлқының бейімделмеген кез келген нысаны негізінде (сәйкес емес, қанағатсыз) белгілі шала түсінік деңгейіндегі бағдарламаланған өзара қарым-қатынастар мен өзара әрекеттер жататынына құрылған. Эрик Берн бұл өзара қарым-қатынастар кестелерін біз өзіміз, соны түсінбей, бүкіл өмір бойы ойнайтын ойындар деп атаған.

Трансакциялық талдау өзара қарым-қатынастар (ойын) үлгілерін біздің МЕНнің негізгі үш рөлін ойнатуға бөлінуді қарастырады.Ол (біздің МЕН) Ата-ана, Ересек және Бала рөлінде бола алады. Бұл рөльдер тұрақсыз және бір адамның өзінде жүйелі түрде жағдаятқа және оның қатынасатын адамының мінез-құлқы мен оның бейнені қабылдауға байланысты өзгеріп отырады.

Оның тұжырымдамасына сәйкес адам өмірлік ұстанымына қатысты «ерте шешімдермен» бағдарламаланған. Ол оның туыстарының, ең алдымен, ата-анасының белсенді қатысуымен жазылған «сценарий» бойынша өмір сүреді, өткенде оның өмір сүруіне қажет болып, ал бүгінгі күні жиі пайдасыз стереотиптерге негізделген шешімдерді осы күні қабылдайды. Психотерапевтикалық үдерістің негізгі мақсаты — өмірлік бағдарларды қайта қарау негізіндегі жеке тұлғаның қайта құрылуы, осы сәтте теңбе-тең шешімдерді қабылдауға кедергі болатын мінез-құлықтың ұтымсыз стереотиптерін сезіну, өзіндік қажеттілік пен мүмкіндіктерден шыға отыра, құндылықтардың жаңа жүйесінің қалыптасуы.

Трансакциялық талдау келесілер кіреді:

1) құрылымдық талдау — жеке тұлға құрылысын талдау;

2) трансакцияларды талдау — адамдар арасындағы вербалды және вербальды емес өзара әрекеттер;

3) психологиялық ойындар талдауы — жақсы нәтижеге (ұтыс) жеткізетін жасырын трансакциялар;

4) сценарий талдауы (скрипт-талдауы) — адам еріксіз көнетін жеке өмірлік сценарийі.

Жеке тұлға құрылысы «МЕН-нің» үш жағдайымен сипатталады: Ата-ана (Экстеропсихе), Бала (Археопсихе), Ересек (Неопсихе). МЕН-жағдай – бұл адамдармен ойналатын рөльдер емес, өзекті жағдаятпен ушықтырылатын феноменологиялық шындық, мінез-құлық стереотиптері екені атап көрсетіледі. Ата-ана — бұл ата-анадан және басқа да беделді тұлғалардан балалық шақта алынған ақпарат, өсиет, уағыз, тәртіп ережелері, әлеуметтік нормалар, тыйым салулар — кез келген жағдаятта өзін-өзі ұстау және нені жасамау керектігі туралы санатындағы ақпарат. Бір жағынан, бұл пайдалы, уақытпен тексерілген ережелер жиынтығы, екінші жағынан — соқыр нанымдар мен теріс ұғымдар орналасу жері.

Ата-ана Бақылау жасайтын (тыйым салу, санкция) және Қамқоршыл ата-ана (кеңестер, қолдау, қамқоршы) түрінде бола алады. Ата-ананың жағдайын «мен тістімін», «маған болмайды» тәрізді пікірлер бойынша диагностика жасауға болады. Басқа вербальды сипаттамаларға «ылғи», «ешқашан», «доғар мұны», «еш уақытта», «сонымен, есіңде сақта», «мен саған қанша рет айттым», «мен сенің орнында», «жаным менің», «байғұс», «сұмдық» тәрізді оқытатын, сынайтын, қолдайтын немесе сыни ескертулер жатады. Ата-ананың дене белгілеріне қабағы түйілген маңдай, қымқырған ерін, бастың шайқауы, «қатал түрі», қолдың «нұсқайтын саусағы», аяқпен соғу, белдегі қолдары, кеудеде айқастырған қолдар, дем алу, басқаның басынан сипау және т.б. жатады.

Ата-ана. Әр адам өзінде ата-анасының бейнесін сақтайды және еріксіз түрде (кей кезде саналы ниет үлесімен де) белгілі жағдайларда олардың мінез-құлық үлгілеріне (немесе олардың біреуіне) еліктейді, яғни өзіни Ата-ана сияқты сезінеді.

Ересек. Әр адам жағдаятты және өз-өзін жиі немесе сирек объективті, жетілген күйде қабылдай алады. Шындықтың осындай объективті жетілген түрінде қабылдануы ересек күйі деп аталады.

Бала. Әр адам өзіндегі бала күйіндегі қабылдауын сақтайды, яғни белгілі бір жағдайларда жасына тәуелсіз өткен өміріндегі ұл немесе қыз бала ретінде сезінеді.

Адамдардың өзара әрекеттесуі кезінде (трансакция) әр түрлі МЕН-жағдайлары іске қосыла алады. Қосымша, қиылыс және жасырын трансакциялары ажыратылады. Өзра қарым-қатынас жасайтын адамдар күтетін тілектеріне сай келетін және салауатты адамзаттық қатынастарға жауап беретін трансакияларды қосымша трансакциялар деп атайды. Осындай өзара әрекеттер конфликтогенді болмайды және шексіз уақытқа жалғасуы мүмкін. Осындай әрекеттесудегі стимул және кері серпіліс параллельді жолақтар ретінде бейнеленеді.

Трансакциялық талдауда қатынас үдерісі трансакциялар деп аталатын қатынастың шартты бірліктеріне жіктеледі. Трансакциялар трансакциялық стимулдар мен трансакцялық серпілістер деп бөлінеді. Басқа адамға қаратып айтулардың барлығы трасакциялық стимулдар санатына жатады. Ал осы немесе басқа қаратпаларға қайтарылған жауаптардың барлығы трансакциялық серпілістер деп аталады.

Трансакциялық талдау (Т.Д.) тұжырымдамасына сәйкес адамдардың көпшілігі бала кезінен бастап санасыз түрде шынайы қатынасты белгілі қатынастағы ойындармен ауыстыра бастайды. Бұл баланың шынайы шындықтан, жеке жауапкершіліктен кету қажеттілігі туындағанда, моральдық (өзіндік пікір білдіру, өзін-өзі жақыс көру, құтқару және т.б.) немесе материальдық (кез келген сыйлық) түрде бір нәрсені ұтып алу жағдайларында болады.

Эрик Берн тағы ойынның патоло­гиялық таңдауы мүмкін болатынын атап көрсетеді, онда өзіңді кішкентай, бақытсыз, ең бастысы, өз мәселелерінің жауапкершілігінен (басқалардың ғана емес, өзіңнің де) қаша алатындай мүмкіндік беретін қанағаттанарлық тілектер қанағатсыздығын келтіреді.

Трансакциялық талдау тәжірибесіне сәйкес, клиенттің мәселесін шешудің бірінші қадамы оның бұған дейін өзін шынай емес, яғни ойнағаны туралы мойындағаны болып табылады. Келесі қадам - оны ойыннан бас тарту қажеттілігіне сендіру, әйтпесе, ол мәселе сонымен шешілмейтін болады. Бірақ мұнда жалғыз, бірақ өте маңызды күрделілік бар.

Басты мақсаты — клиентке өз ойындарын, өмірлік сценарийлерді, эго-жағдайларды сезінуге және қажетінше мінез-құлық пен өмір құрылымына қатысты жаңа шешімдерді қабылдауға көмектесу. Психологиялық көмектің мәні адамды мінез-құлықтың байланған бағдарламаларының орындауынан босату және оның тәуелсіз, спонтандық, толық бағалы жақындасуы. Қабілетті болуға көмектесу болып табылады.

Тұжырымдаманың жалпы түпкі ойы мен психологиялық көмек мақсаттарынан шыға отыра, психологтың негізгі мақсаты – қажетті көрегендікпен қамтамасыз ету. Бұдан оның бағдарларына деген талаптар шығады: серіктестік, клиентті қабылдау, мұғалім мен сарапшы бағдарларының үйлесуі. Трансакциялық талдаудағы жұмыс шарты контракттың қорытындысы болып табылады. Сондықтан психотерапия курсын өту шешімін қабылдайтын клиенттің бағдары жұмыс шарты мен қатынастардың сипаты туралы екі жақты келісімі тұжырымдалады. Клиентке жасырын қатысушының рөлі беріледі, ол өз мақсаттарын оларға жетудің бағалау критерийлерін көрсетіп қояды. Осындай екі жақты жұмыс нысаны тараптардың өзара жауапкершілігін көрсетеді.

Трансакциялық талдаудың психотехникалары негізінен гештальт-терапиядан келген. Бірақ консультативтік және психотерапиялық үдеріс ортасында тұжырымдама мазмұнынан шығатын өзгеше тәсілдер бар.

Трансакциялық талдауды кең түрде танытқан негізгі ерекшеліктері — оның қол жетімділігі және тиімділігі. Аз уақытты психотерапиялық жұмысқа арналған трансакциялық талдау клиентке мінез-құлықтың сезілмейтін кестелері мен шаблондары шегінен шықпауға мүмкіндік ұсынады және басқа мінез-құлықтың когнитивтік құрылымдылығын қабылдап, оның ерікті, еркін түзетілуін алуға мүмкіндік жасайды.

Психологиялық бағдар ұғымы Трансакциялық талдау негізгі ұғымдардың бірі болып табылады. Т.Д. белгілі насихаттаушысы психиатр Харрис (Harris Т. А.) өзінің «Мен о'кей — сен о'кей» кітабының арқасында болды. Кітаптың атауы адамның Т.а. үдерісінде ие болатын бағдарды айқындайды. Харрис 4, ал Инглиш (English F.) — 5 негізгі бағдарларды жіктейді.

Бірінші бағдар: «мен о'кей — сен о'кей». Бұл бағдар толық қанағаттық пен басқаларды қабылдау үйлесімділік немесе симбиотикалық болып анықталады және өзін және өзінің айналасын қанағаттық етіп (о'кей) санайтын ананың құрсағындағы эмбрионның жағдайына сәйкес. Бағдар сәби мен ана арасында бола алады, бірақ егер бала өзін өмірдегі ең маңызды адам ретінде ойлап, онда тұрып қалатын болса, уақыт өте келе түңілу және теріс күйзелістер пайда болады.

Екінші бағдар: «мен о'кей емес — сен о'кей емес». Егер бала өмірінің алдында ілтипат, жылылық, қамқорлықпен қоршалған болса, содан кейін өмірлік жағдайлардың арқасында оған деген қарым-қатынас түбімен өзгеретін болса, ол өзін қанағатсыздық болып сезіне бастайды (о'кей емес). Өмір жағымды аспектілерін жоя бастайды. Осындай жағдайдың сақталып қалуы жай-күйдің бұзылуына әсер етіп, осындай ойға келтіреді: «Өмірдің құны жоқ».

Үшінші бағдар: «мен о'кей емес — сен о'кей емес». Тез арада бала кішкентай, қорғансыз, үлкендерге тәуелді екендігіне күйзеледі, ол өзін айналадағы үлкендерге қарағанда құнсыз сезінеді. Бұл жағдай баланың өзін-өзі бағалауы артқан жағдайда ғана өзгереді. Егер ондай болмаса, мұндай қалып белгіленеді, соңында сценарийдің жүзеге асуына әкеледі. Ондағы басты рөльді депрессия, резигнация және құнсыздық сезімі ойнайды: «Менің өмірім құнсыз».

Төртінші бағдар: «мен о'кей — сен о'кей емес». Егер баланы мақтамаса, оған жаман қараса, ол келесі шешімге келеді: «Тек мен ғана өз-өзімді қорғай аламын, мен ғана жақсымын, ал басқалары – жаман». Осы бағдардағы өмірлік сценарийдің жүзеге асуы криминальдық жағдайға әкелуі мүмкін: «Сіздің өміріңіздің құны аз».

Бесінші бағдар: «мен о'кей — сен о'кей». Бұл реалистік бағдар. Ол ертедегі бала шешімдеріне негізделмейді, саналы түрде таңдалады. Оған адам өмірлік тәжірибе арқылы, құндылықтарды қайта бағалау, мораль және философияның арқасында келеді. Бұл бағдарда ешкім ұтылмайды, әрқайсысы өз бетінше өз жеңісіне жетеді: «Өмір өмір сүру үшін құнды».

Психологиялық бағдарлар өзіне және басқаларға қатысты ғана емес, басқа да жынысқа қатысты пайда болады. Психологиялық бағдарды қабылдап, жеке тұлға өзін-өзі бағлауды тұрақтандыру мен өзінің қоршаған ортаны қабылдауын сақтау үшін оны күшейтуге тырысады. Психологиялық бағдар өмірлік бағдар бола бастайды, одан ойын ойналады да өмірлік сценарий құрылады. Мәселен, бала кезінде маскүнем әкесі қинаған әйел адам 2 бағдарды қабылдайды: «Мен құнсызбын» (мен о'кей емес) және «Ер адамдар — мені ренжітетін хайуандар» (ерлер о'кей емес). Осыдан, ол өзінің өмірлік сценарийіне сәйкес белгілі рөльдерді ойнайтын адамдарды таңдайды. Осылай, ол сол «хайуанға», сол «ішкішке» тұрмысқа шығады. Осыған қосымша ол адамдардың көзінше «Зорлаушы» ойынын ойнайды: ер адамды әңгімемен аулап, оны еліктіруге тырысады; ол көнбесе, тағы да «ер адамдар — мені ренжітетін хайуандар» («сүйікті сезімдерді» жинақтау) екендігіне көзі жетіп, оны ашуланып қабылдамайды.

Сценарий — бұл жеке тұлға ойнайтын спектакльді еске салатын өмірлік жоспар. Ол бала кезде қабылданған бағдарларға байланысты және ата-ана мен баланың арасында болатын трансакциялар арқылы балалық МЕН-жағдайға жазылады. Адамдар ойнайтын ойындар сценарийдің бір бөлігі болып табылады. Жеке тұлға өз ойындары мен бағдарын сезіне отыра, өз өмірлік сценарийін түсіне алады. Оның талдауы Трансакциялық талдаудың негізгі мақсаты болып табылады. Берн бойынша адамзаттық іс-әрекеттің барлығы ерте балалықта басталатын өмірлік сценариймен бағдарламаланған. Бастапқыда сценарий ауызша емес түрде жазылады (бала кезде қабылданған бағдарлар — «мен о'кей», «мен о'кей емес», — ауызша емес жазылады), содан кейін балалар ата-аналарынан жалпы өмірлік жоспарға қатысты ғана емес, («сен әйгілі боласың», «сенің жолың болмайды, сен еш уақытта еш нәрсеге қол жеткізбейсің») адам өмірінің әр қырына қатысты болуы мүмкін ауызша сценарийлі хабарлар алады: балаға кәсіби сценарий жазылып беріледі («сен нағыз әртіс»), өзнің жынысы және тұрмыс құру-үйленуге қатысты сценарий («сен қандай нәзіксің, сен ешқашан нағыз еркек бола алмайсың», «осындай түріңмен күйеуге шығам деп ойлама»), білім беру, дін, спорт, қызығушылыққа қатысты және т.б. Сонымен қатар ата-ана сценарийлік хабарлар құрылымдық, бұзылған (тым болмағанда — өзін-өзі өлтіруге апаратын), нәтижесіз болуы мүмкін. Берн бойынша әр баланың ішінде «ханзада» немесе «ханшайым» жасырынады, бірақ өмірінің ең басында кейбір балалар оларға маңызды адамдардан кез келген нысандағы ескермеушілігі бар хабарлар алады, және бұл балаларды өз шынайы қабілеттерінен төмен әрекет етуге мұқтаж етеді. Олар «ханзада» болудың орнына, «бақа» болады («ханзада» және «бақа» — Берн «Царевна-лягушка» туралы ертегісінен алған ұқсастықтар).

Трансакциялық талдау — бұл топтық түрде өткізілетін интеракциондық психотерапия. Науқастарды Трансакциялық талдаудың негізгі ұғымдарына, мінез-құлық және олардың бұзылу механизмдерінің түсінігіне оқытады Психотерапевт және науқастар осында тақта және бормен пайдаланады. Жұмыстың мақсаты топтың мүшелері қандай Мен-жағдайының шегінде олардың жұмыс жасайтынын (құрылымдық талдау) сезіну болып табылады. Бұл сезінуді дамыта отыра, науқастар ата-аналарынан алған ертедегі бағдарламалауды, жолдауды (хабарламаларды) және өз абыройы («мен о'кей», «мен о'кей емес») мен өмірлік бағдарына қатысты өзінің ертедегі шешімерін зерттейді. Р. Гулдинг (Goulding R. L.) пен М. Гулдинг (Goulding M.) бойынша басты мақсаты ертедегі шешімдерді қайта қарау болып табылады.

Бұл авторлар Берннің біз белсенді түрде емес сценарий артынан ереміз және ертедегі негіздеменің құрбаны болып табыламыз деген түсінігін жоққа шығарады және шешімдер бізбен өмірдегі шынайы және бейнеленетін ата-ана жолдамаларына жауап ретінде қабылданады деп ойлайды, сонымен біз өзіміз бастапқыдан өз сценарийімізді құрамыз. Егер шешім ерте қабылданатын болса, онда әр түрлі психотерапевтикалық тәсілдер арқылы топ мүшелері қайтадан ертедегі балалық оқиғаларына еніп, өзіне және өз өміріне қатысты белгілі жеңілгендікті шешімін қабылдаған жағдаятты тірілте алады, ақыр соңында интеллектуальдық және эмоциональдық деңгейде жаңа шешім қабылдай алады. Авторлар Т.а.-ның өзінің принциптері мен тәсілдері гештальт-терапия, психодрама және мінез-құлық модификациясымен үйлесетін модификацияланған нұсқасын дамытты.

Трансактілік топтың интеракциондық болуына қарамастан және ондағы жұмыстың интеллектуальдық және эмоциональдық көрегендікке әкелу керек болғандықтан, көп көңіл рационалдық көзқараска аударылады. Топтың басшысы көбінесе мұғалім ретінде болады, науқастарға көрегендікті сезінуге көмектесіп, өз өмірін бақылау үшін жиі дидактикалық тәсілдер қолданылады. Соңғы мақсаты жеке тұлғаның автономиясына жету болып табылады, бұл өзіндік тағдырды анықтауға, өз әрекеттері мен сезімдері үшін жауапкершілікті қабылдауға көмектеседі.

Трансакциялық талдау тәжірибесі негізінде контракт жатыр, онда емдеу шарттары атап өтіледі. Психотерапевтикалық контракт науқастың алдына қойған мақсаттар мен сол мақсаттардың жету жолдары кіреді, мұнда психотерапевттің емдеу бойынша ұсыныстары және науқас орындауға міндеттенетін талаптар тізімі енгізіледі. Науқас белгіленген мақсаттарға жету үшін, өзінде мінез-құлықтың қандай эмоция пікірлері мен стереотиптерін өзгерту керектігін шешеді. Ертедегі шешімдерді қайта қарастырған соң, науқастар ойлана бастайды, автономияны қабылдауға тырысып, өзін басқаша сезіне бастайды

Трансакциялық талдау жас ерекшелік кең өрісінде жүйке төзуын емдеу кезінде қолданыла алады. Оның психотикалық ауруларды, сонымен қатар ауыр жүйке төзуының сөзылмалы түрлерін емдеу үшін қолдану тиімсіз. Т.Д. ұтымды жағы науқаспен жалпыға бірдей тілдің орнатылуы болып табылады, бұл психотерапевтикалық қатынастың қалыптасуын жеңілдетеді. (Лычагина Л. И., 1983).

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Психотерапия технологиялары iconВебер Г. Кризисы любви: Системная психотерапия Берта Хеллингера
Кризисы любви: Системная психотерапия Берта Хеллингера. — М.: Изд-во Института Психотерапии, 2002. — 304 с
Психотерапия технологиялары iconКоммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы
Кафедра: коммуникативті дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология
Психотерапия технологиялары iconОқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережелері
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5 бабының 25 тармақшасына сәйкес әзірленген және оқу процесін...
Психотерапия технологиялары iconКоммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы

Психотерапия технологиялары iconКоммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы

Психотерапия технологиялары iconКоммуникативті дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы

Психотерапия технологиялары iconСиллабус
Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы
Психотерапия технологиялары iconСиллабус
Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы
Психотерапия технологиялары icon«Білім берудегі қашықтықтан оқыту технологиялары – 2011» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының
Және ғылым Министрінің №10 2011 жылғы 13 қаңтардағы бұйрығына сәйкес Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің базасында...
Психотерапия технологиялары iconКҮнтізбелік-тақырыптық жоспар
Коммуникативтіқ дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница