Психотерапия технологиялары




НазваниеПсихотерапия технологиялары
страница3/12
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.91 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://library.psu.kz/fulltext/buuk/b231.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Пысықтауға арналған сұрақтар:

1. Гештальттерапияның негізін қалаушы кім?

2. Гештальт сөзінің мағынасы.

3. Сезімдердің амбиваленттілігі дегенді қалай түсінесін?

4. Жүйкенің төзу деңгейлерін ата.

5. Гешталь – кеңес берушінің басты мақсаты.


Әдебиет:

  1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с.

  2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

  3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

  4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

  5. Осипова А.А. Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

  6. Романин А.Н. Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.49-54.


5 тақырып. Когнитивтік психотерапия.

Жоспар.

1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы.

2. Альберт Эллистің тиімді-эмотивтік терапиясы.

3. Аарона Бектің когнитивтік психотерапиясы.

4. У.Глассердің шынайы терапиясы.

Когнитивтік психотерапия эмоциональдық серпілістер мен психикалық бұзушылықтар бұрын пайда болған танылатын құрылыстар мен актуальдық танылатын үдерістермен жанамаланған сияқты қарастырылатын мінез-құлық психотерапияның дамуы болып табылады, басқаша айтқанда, мұнда аралық ауыстырылатынның орнына ой (когниция) жүреді.

Танылатын парадигма кеңес беру мен психотерапияда — тәжірибелік психологиядағы таза американдық бағыт. Олардың мінез-құлық пен эмоцияларға деген АКЦЕНТ пен Бихевиоризм мен гештальт-психологиясына реакциясы ретінде танылатын психология дамуымен байланысты, когнитивтік психотерапия негізінен психиканың танылатын құрылысына көңіл аударады және жеке тұлға, жеке тұлғалық құрылымдар, және тұтас логикалық қабілеттерге сүйенеді. Ең соңғы жылдары когнитивтік бағыт өзінде үш түрін біріктірді: А.Эллистің рационалды-эмотивтік терапия (РЭТ), А.Бектің когнитивтік терапиясы және Э.Бернның трансактілік талдауы.

РЭТ негізін қалаушы А. Эллис ортодоксальдық психоаналитик сияқты бастаған, содан кейін К.Хорни басшылығында оқыды. Жиырмасыншы ғасырдың елуінші жылдарында А.Эллис тәжірибешілік психологиядағы жаңа бағыттың негізін қалаған ережелер қатарын тұжырымдаған. А. Эллиспен жиі айтылатын сондай ережелердің бірі тарихшы Эпиктеттің нақыл сөзі болып табылады: “Адамдарға нәрселер емес, оларды қаншалықты көру көзқарасы бөгет жасайды”. А.Эллис тұжырымдамасында адам екі жағы бар белгілі күш-әлеуетпен туады: рациональды және рациональды емес; махаббат пен өсуге және бұзылу мен өзін-өзі кінәлауға ұмтылатын құрылымдық және бұзылған.

РЭТ-тегі маңызды ұғым «қақпан» болып табылады – дәлелсіз (жүйке төзғандық) қорқыныш, ашушаңдықты сезінетін барлық когнитивтік құбылыстар.

А.Эллис латын әліпбиінің алғашқы әріптерімен (А+В+С+D — теория) аталған жеке тұлғаның мінез-құлық актілерінің көп компонетті құрылысын ұсынды. Бұл теория тәжірибелік психологияда кең қолданысын тапты, себебі ол клиенттің өзіне күнделік жазбалары түрінде тиімді өз-өзін байқау мен өзін-өзі талдауына жағдай жасайды. Бұл А тұжырымдамалық кестеде – активтеген оқиға, В (belief) — оқиға туралы пікір, С (consequence) — оқиғаның салдары (эмоциональдық немесе мінез-құлық); D (dispating) — оқиғаға деген кейінгі серпіліс (ойлау өңделуі нәтижесінде); Е (effect) — аяқтайтын құнды пайымдау (құрылымдық немесе бұзылған).

Жалпы РЭТ психологиялық келесі алғышарттары бар:

1) өз мәселелеріне жеке жауапкершіліктің мойындалуы;

2) бұл мәселелерге табанды әсер ету мүмкіндігінің бары туралы идеяны қабылдау;

3) эмоциональды мәселелер рациональды емес түсініктерден шығатынын мойындау;

4) осы түсініктердің табылуы (сезінуі);

5) сол түсініктерді талқылаудың пайдалылығын мойындау;

6) өзінің ұқсас көзқарастарының конфронтациясына күш салуға келісу;

7) РЭТ-ті қолдануға келісім.

Басты мақсаты — пікірлер, нормалар мен түсініктер жүйелерін қайта қарауға көмек. Жеке мақсаты — өзін-өзі кінәлаудан босау. Осы тұжырымдамамен жұмыс жасайтын психолог-кеңес беруші немесе психотерапевттің бағдары директивті. Ол түсіндіреді, сендіреді, ол — олардың нақсыздығы мен еріксіздігіне нұсқай отыра, қате пікірлерді жоққа шығаратын беделді болып табылады. Клиентке оқушының рөлі беріледі, және сәйкесінше, оның табыстары оқушының рөлімен мотивациясы мен сәйкестендірумен байланысты түсіндіріледі. Клиент көрегендіктің үш деңгейінен өтеді деп жорамалданады: үстіңгі (мәселені сезіну), тереңдетілген (өзіндік түсіндірулердің танылуы) және терең (мотивацияның өзгеру деңгейінде).

РЭТ-ке жақын А.Бектің когнитивтік психотерапиясы болып табылады, онда ең басты эмоционалдық бұзуларға көңіл бөлінеді. Эмоционалдық бұзылу А.Бекпен ең алдымен танылатын бұзылу ретінде түсіндіріледі. Психотерапия процедурасы психологпен қатынас жасауды арнайы ұйымдастырудан тұрады, онда: «Егер...., сен неден айырыласың?» немесе «Сен білесің бе ..... тырысуға нәтижесіз...». Өзін-өзі кінәлау, өзін-өзі сынау деңгейі, баламалық шешімдер мен әрекет ету тәсілдерін шығару қарастырылуда.

Рационалдық-эмоционалдық психотерапия тәрізді, когнитивтік психотерапия объект не оқиғаны сезіну ойлау арқылы жүзеге асады, және тек сол көмекші түйінді түсінген кезде ғана жеке тұлғаның серпілісін, ең алдымен эмоциональды және мінез-құлық аспектілерін түсінуге болатынынан шығады. Қоршаған орта мен жеке тұлғаның өзара әрекеттесу кестесі S->O->R (түрткі — ең алдымен қабылданғанның когнитивтік өңделуі кіретін О аралық ауысу серпілісімен болады) түрінде айқындалады. Когнитивтік психотерапия нейрофизиологиялық бұзылулар кезеңінің алдындағы психологиялық бұзылулар ойлау аберрациясымен байланысты. Бек ойлау аберрациясын объекті мен жағдаятты көруін жоятын ақпараттың когнитивтік қайта өңдеу сатысындағы (белгілеу, сұрыптау, шоғырлану, түсіндіру) бұзылулар деп түсінген. Бұзылған танулар (когницийлер) жалған түсініктер мен өзіндік белгілердің, демек сәйкес емес эмоциональдық сірпілістердің себебі болып табылады. Сондықтан К.п. мақсаты сәйкес емес когницияларды түзету. К.п. өмірлік міндеттерді оң жолымен шешуде және олардың шешілуінің мәселелі салаларға топтап қорытуындағы науқас тәжірибесін максимальды түрде қолдану неғұрлым қажет болып саналады. Бек когнитивтік психотерапевт жүргізетін жұмысты музыкалық аспапта ойнау кезінде қөзғалмалы стереотиптің түзетуімен салыстырды.

Ақпараттың сәйкессіз өңдеу ережелерін сезіну және оларды дұрысына ауыстыру К.п. басты міндеттері. Ол адамдарға неғұрлым өзін-өзі байқау және өз ойларын талдай білу қабілетімен көрсетілді. Психотерапевт пен науқас арасындағы өзара серіктестікке жақын екі жақты қарым-қатынасын айтады. Науқас және психотерапевт ең басында психотерапия мақсаты (түзетуге жататын орталық мәселе), оған жету құралдары, емделудің мүмкін болатын ұзақтығына қатысты келісімге келу керек. Психотерапия сәтті болу үшін, науқас жалпылай К.п. эмоциялардың ойлауға тәуелділігі туралы базистік деңгейді қабылдау керек: «Егер біз сезімдерді өзгерткіміз келсе, оларды тудырған идеяларды өзгерту керек». Қатынастың орнауы науқас ауруының біртіндеп К.п. бағдарына ауысатын сырқаты туралы психотерапевтттің бірнеше түсініктерін қабылдаудан басталуы мүмкін. Психотерапевттің артынан білмей жүру және жоғары скептицизм – алдағы болатын емдеуге теріс қарым-қатынастың полюсі. Сондықтан орталыққа осындай бағдарларды келтіру – психотерапия сәттілігінің кепілі.

1960 жж. У.Глассермен жасалған шынайылылық терапия бастапқыдан жас құқық бұзушы әйел адамдармен психологиялық түзету жұмысына арналған болатын. У Глассер мінез-құлықтары ауытқыған қыз балаларға арналған мектепте жұмыс істеп, өз тұжырымдамасын әзірлеген, оның негізгі тағайындалуы — шынайы көріністегі ақиқат контекстінде, жауапты және шынайы мінез-құлыққа оқыту.

У.Глассердің шынайы терапиясы адамның өзіндік шешімдерімен мінез-құлқын негіздеуден сондай-ақ психодинамикалық көзқарастың кейбір бағдарларынан шығады. У.Глассердің ойынша адам — негізгі психологиялық қажеттіліктері бар өз-өзінен детерминаланған тіршілік иесі. Адам — өз өмірінің субъектісі, ол өз-өзіне жасайтын әлемнің субъектісі.

Негізгі ережелер:

1) жеке тұлға өз бағдарын өзі таңдайды — құрбан немесе жаратушы;

2) жеке тұлға әрдайым оларға бақылау жасай отыра, армандайтын әлем мен тілейтін мінез-құлықты өзі таңдайды;

3) психотерапияның медициналық үлгісін және, әрине, терминологиясын жоққа шығару;

4) персоналдану мен оң жеке тұлғалық бағыттылықтың табыстылығы — жеке тұлға денсаулығының шарты.

Ең бастысы — клиентке парасатты және эмоциональдық жағынан тұрақты болуға көмек көрсету. Жеке мақсаттар — жеке тәуелсіздікке жету, өзін-өзі сезіну деңгейін арттыру және өзін-өзі жетілдіру жоспарын әзірлеу. Психолог бағдары мұғалімге жақын тәрізді анықталады; белгілі кәсіптік қасиеттер қажет: сензитивтілік, эмпатичность, талапшыл болу қабілеті және мінез-құлық үлгісі болу.

Психотехникамен пайдаланбай, (түсіндіру, көрегендік, іркіліс, қарсыласу талдауы), шынайылылық терапияның өкілдері тәжірибешілік жұмыстың негізгі құралы ретінде (У.Глассердің артынан) психопедагогикалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін клиентпен бірге жасайтын жұмыстың жеті кезеңінің (қадам) бірізді іске асуында деп тапты:

1.Клиентпен қарым-қатынасты орнату.

2. Өткенді ұмыту және негізі көңілді ағымдағы мінез-құлыққа аудару.

3.Клиент мінез-құлқын бағалауда мадақтау. Мұндағы маңызды сәті — клиенттің жасағаны оған көмектесетінін немесе кедергі жасайтынын анықтауға жәрдемдесу.

4. Әрекеттердің баламалық тәсілдерін іздеуге және жоспарды әзірлеуге көмек көрсету.

5. Жоспарды орындау туралы міндеттемені алу.

6.Кешірімдерді қабылдаудан бас тарту.

7.Қатал болу, бірақ жаза қолданудан аулақ болу және бастысы, еш уақытта клиенттен, клиентпен жұмыс жасаудан бас тартпау.


Пысықтауға арналған сұрақтар

  1. РЭТ – ң алғышарттары.

  2. РЭТ – ң басты мақсаты.

  3. У.Глассердің шынайы терапиясының негізгі ережелері.


Әдебиет:

  1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с.

  2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

  3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

  4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

  5. Осипова А.А. Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

  6. Романин А.Н. Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.49-54.


6 тақырып. Рационалды психотерапия.

Жоспар.

1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы.

2. Даму сатылары.

3. Негізгі ережелері.

4. Психологиялық көмектің мақсаттары.

Ең алғаш рет жан-жақты және жүйелі түрде швейцарлық невропатологы Дюбуа (Dubois P.) «Психоневрөзы и их психическое лечение» (1912) кітабында баяндалған. Иландыру терапиясының баламасы ретінде пайда болған Р.п., ең алдымен, науқастың ақылы мен ойлауына негізделді (лат. ratio — разум, рассудок).

Р.п. бірінші даму кезеңінің ерекшелігі әр түрлі психикалық сырқаттану кезіндегі ойлаудың бұзылуын толық сипатталуы, жетістіктерді формальды және «психоневрөз» ауруымен сырқаттардың қате ойларын түзету мақсатымен диалектикалық логикасын қолдану болып табылады.

Осы күнге дейін рациональдық-эмоциональдық және танылатын — когнитивтік-мінез-құлық психотерапия әдістеріР.п. қатысты анықталмаған, бұл, бір жағынан, Р.п. ұғымдарының жойылуына әкеледі, ал екінші жағынан — Р.п. әдісі дербестігінен бас тартуға. Р.п. шегін нақты белгілеп алу үшін, Р.п. негізгі ережелермен қасиеттері бір психотерапевтикалық әдістерді салыстыру аспектісінде көрсету керек.


1 кесте

Рационалдық, когнитивтік және когнитивтік-эмоционалдық психотерапияның салыстырмалы сипаттамасы


Психотерапия әдісінің негізгі сипаттамасы


Психотерапевттік әдістер


Рационалдық психотерапия

Когнитивтік психотерапия

Рационалды-эмоционалдық психотерапия

Негізін салушылар

Поль Дюбуа

Аарон Бек

Альберт Эллис

Психикалық бұзылулардың негізгі түйіндері


Формалды логиканың қателері, «иллогизмдер» («осыдан кейін, осы себептен» — салдар мен себептің араласуы, негіздеменің жеткіліксіздігі және т.б.), диалектикалық логиканың категориялары мен заңдарын ескермеу, бұзылған «аурудың ішкі суреті»

Когнитивтік бұзылулар, пікірлердегі қателер: персоналдау, ойлаудың дихотомиялылығыіріктелген абстрактылау, ерікті ой қорыту, шамадан тыс топтап қорыту, апаттылық

Қатал когнитивтік-эмоционалдық байланыстар, рационалдық емес белгілер: өз қажеттіліктерінің міндетті іске асырылуы, бағалау белгілері (шамадан тыс жалпылау немесе қысқарту). Немесе он екі және одан да көп «негізгі рационалды емес идеялар»

Этиология

Аурудың дамуы

Жеке тұлғаның танымдық немесе когнитивтік үдерісіндегі қате оқыту

Тұқым қуалаушылық пен қоршаған ортаның белгілі рөль атқарса да, қазіргіден маңызы зор емес

Әдістің негізгі мақсаты

Ауру туралы ұғымдар мен түсініктердің қалыптасуы, логикалық қателердің көрсетуі, сырқаттың дәрігердің негізгі тезисінде көндіру

Когнитивтік бұзулардың түзетілуі

Пікірлер жүйесін қайта құру, талаптар мен қатаң рационалды емес ойлардан бас тарту

Логикалық компонент

Формалдық және диалектикалық логика саласы

Формалдық логика саласы

Формальдық логика саласы

Дидактикалық тәсілдер

Психологиялық негіздемелерден басқа адамгершілік, моралдық қағидалар қолданылады, осыдан оның тәсілдерін қолданудың жүйелілігі

Психологиялық бағдарлардың дидактикалық тәсілдері

Психологиялық бағдарлардың дидактикалық тәсілдері

Риторика тәсілдері

Риторика тәсілдерін белсенді және жүйелі пайдалану

Риториканың жеке тәсілдерін белсенді пайдалану

Риториканың жеке тәсілдерін белсенді пайдалану

Бастапқы кезең


Сырқатпен қарым-қатынасты орнату. Сырқаттың өз мәселесінің мәнін баяндау.

Сырқатпен қарым-қатынасты орнату. Әдіс тиімділігін түсіндіру және негіздемесі. Сырқаттың өз мәселесінің мәнін түсіндіруі, оның мәселелі жағдайды шешудің нұсқаулары

Сырқатпен қарым-қатынасты орнату. Әдіс тиімділігін түсіндіру және негіздемесі. Емдеу әдісіне сырқаттың келісімін алу.

Диагностика

Логикалық қателерді, сырқаттың өз жағдайына байланысты қате ойларын анықтау. Аурудың анамнезі. Клиникалық және параклиникалық (объективті) деректер.

Түрдің нақты техникалары: «не, егер», «байқалатын ойлар мен бейнелер», «автоматты ойларды» ұстап алу. Бектің торығу шкаласы, үмітсіздік шкаласы. Жеке теріс үлгілерді анықтау.

«Не, егер» техникасы, «Джонс, Кассинове, Байсдена, Шоркидің рационалды емес пікірлерінің тізбесі», мәселелі жағдаяттарда сырқаттың рационалдық емес пікірлеріне қатысты өзін-өзі талдау.

Емдеу сатысы

1. Түсіндіру және түсініктеме беру, «ақпаратпен қаныққан» (түсініктердің қалыптасуы)

2. Пікір (жалған пікірлерді түзету), формалдық және диалектикалық логика қағидаларына оқыту

3. Қайта бағдарлау (ауруға деген қатынасты өзгерту, құндылықтар иерархиясының өзгеруі, өмірлік мақсаттардың тұрақты өзгеру)

4. Психогогика

1. Жалған идеялармен когнитивтік келіспеу

2. Мінез-құлықтық келіспеу

1. Иррационалды идеялармен когнитивтік келіспеу — «пікірталас сатысы»

2. Жеделдетілген оқиғаларды ұсыну, оқиғалар туралы жаңа, шынайы және рационалдық пікірлердің дамуы — «әсерлер сатысы»

Әсер ету деңгейінің спектірі

Жеке, когнитивтік, эмоционалдық, мінез-құлық

Когнитивтік, эмоционалдық, мінез-құлық

Когнитивтік, эмоционалдық, мінез-құлық

Нөзологиялық бағыттылық деңгейі

Көбінесе ойлаудың өзгеше бұзылуымен сипатталатын ауруға бағытталған. Аурыдың этиопатогенезін есепке алатын каузалдық себепті терапияға жақын.

Көбінесе синдромға бағытталған (әлсіреу, қияли, желікпе, депрессиялық), симптомдарға сирек (қорқыныш, үрей). Жеке синдромдарда болатын ақыл-ой бұзылуының шартты ерекшелігі

Көбінесе жеке құбылыстарға (белгілер), ойлаудың бұзылуына бағытталған.

Когнитивтік техникалар

Сократ сұхбаты, ұқсастықтар әдісі, өзін-өзі талдау (интроспекция)

Сократ сұхбаты, «мағынасыздықты толтыру» техникасы, декатастрофизация, ұқсастықтар әдісі, реатрибуция, қайта тұжырымдау, децентрализация

Сократ сұхбаты, когнитивтік диспут, өз ойын бақылау, ұқсастықтар әдісі, өзін-өзі талдау (интроспекция)

Мінез-құлық психотерапияның техникалары

Шынайы өмірде науқас пікірінің негізділігін тексеру көрнекілігі мен иллюстрациясы мақсатында сирек қолдану.

Мінез-құлық техникаларын белсенді қолдану ( рөльдік ойындар, экспөзициялық терапия, әрекетті жоспарлау, көңіл аудару техникалары)

Мінез-құлық техникаларын белсенді қолдану ( рөльдік ойындар, шұғыл ескерту және т.б.)

Жеке бағдар

Тұлғаны кең диапазонда қарастырады, психотерапия үдерісінде жеке ерекшеліктер серпілісін есепке алады

Тұлғаның өзін-өзі жігерлендіруі негізнен ойлаудың жалған сипатының танылуы есебінен, өзін түзетуге жауапкершілікті өзіне қабылдаудан. «Когнитивтік осалдық» тұлға құрылысына жатады.

Тұлғаның өзгеруі интегративті түрде «ABCDE» кестесі бойынша жасалады.

Теоретикалық алғышарттар

Формалды және диалектикалық логикаға жету. Иландыруға деген жағымсыз қатынас

Эмоционалдық бұзылулардың теориясы, депрессияның когнитивтік үлгісі. Психикалық талдауға жағымсыз қатынас.

Дюбуаның рационалдық психотерапиясы, сезімнің мағынасына арналған Дежерин мен Гоклер жұмыстары.

Түсіну аппараты

Дәстүрлі медициналық, психологиялық, философиялық

Психологиялық ұғымдар басым

Психологиялық ұғымдар басым

Көрсеткіштер

«Ойлау түрінің» науқастары, ипоходрикалық жүйке төзуы, жабысқақ жағдайлар жүйке төзуы, психосоматикалық аурулар, әр түрлі фобийлер, ятрогениялар

Интроспекцияға бейімділігі бар, өз ойларын талдай алатын, депрессиялық генерализацияланған эмоционалдық бұзушылықтары бар науқастар

Психикалық аурулары жоқ жақсы дамыған сөйлеу ерекшелігі мен жеткілікті жақсы айқандалған ақыл-ойы бар науқастар

Өткізу нысаны

Топтық емес, жеке құпталады

Жеке

Жеке, топтық, өз-өзіне көмек


Рационалды психотерапияның (Р.П.) ең алдымен ауруға деген нөзологиялық көзқарасқа бағдарланған және өзінің қолданысына жеткілікті деңгейде көп көрсеткіштері бар интегративтік әдісі болып табылады. Рационалды-эмоционалдық психотерапия және когнитивтік — когнитивтік-мінез-құлық психотерапия — өз мәнінде рационалды психотерапия әдісінің нұсқалары болып табылады. Бұл көзқарас когнитивтік және рациональды-эмоциональдық психотерапиямен, сондай-ақ психотерапевтикалық емдеу мақсатына бірыңғай теориялық көзқараспен салыстырғанда, рационалды психотерапевтикалық әсер етудің неғұрлым жүйелілігі мен молдығымен негізделген.

Одан басқа бұл терапия идеяларына диалектикалық логика мағынасы салынған, бұның формальды логикаға жетуді қолданудан гөрі болашағы зор. Рационалды психотерапия әдістері жүйесінде жұмыс жасайтын психотерапевт логиканың жетістіктерін жақсы елестететіп, дәлелдеменің заманауи теориясын игеру керек. Науқастардың контекстуальдық дәлелдерге қарсылық білдірудің күрделілігін белгілеу қажет (дәстүр мен бедел, ішкі түйсік пен наным, саналы ой дәлелдері), яғни қарсылық білдіруге логиканы білудің арнайы білім қажет дәлелдер.

Аталмыш терапия нейролингвистикалық бағдарлау әдісімен де, кейбір бірдей ұқсас жағдайлары бар, бұл табиғи болып табылады, себебі ойлау және тіл негізінен бір-бірінен ажырамайды, өзінің терапевтикалық қатынаста бұл әдістер тек әр түрлі деңгейі мен ұйыту мәнімен, сонымен қатар нейролингвистикалық бағдарлаудың нейропсихологиялық аспектілерімен ажыратылады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Психотерапия технологиялары iconВебер Г. Кризисы любви: Системная психотерапия Берта Хеллингера
Кризисы любви: Системная психотерапия Берта Хеллингера. — М.: Изд-во Института Психотерапии, 2002. — 304 с
Психотерапия технологиялары iconКоммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы
Кафедра: коммуникативті дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология
Психотерапия технологиялары iconОқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережелері
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5 бабының 25 тармақшасына сәйкес әзірленген және оқу процесін...
Психотерапия технологиялары iconКоммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы

Психотерапия технологиялары iconКоммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы

Психотерапия технологиялары iconКоммуникативті дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы

Психотерапия технологиялары iconСиллабус
Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы
Психотерапия технологиялары iconСиллабус
Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы
Психотерапия технологиялары icon«Білім берудегі қашықтықтан оқыту технологиялары – 2011» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының
Және ғылым Министрінің №10 2011 жылғы 13 қаңтардағы бұйрығына сәйкес Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің базасында...
Психотерапия технологиялары iconКҮнтізбелік-тақырыптық жоспар
Коммуникативтіқ дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница