Психотерапия технологиялары




НазваниеПсихотерапия технологиялары
страница2/12
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.91 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://library.psu.kz/fulltext/buuk/b231.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Әдебиет:

  1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с. — (Библиотека психологии и психотерапии, вып. 94). ISBN 5)86375)040)5

  2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

  3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

  4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

  5. Осипова А.А. Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

  6. Романин А.Н. Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.4-14.

3 тақырып. Клиентке бағытталған терапиясы.

Жоспар.

1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы, оның шығу тарихы.

2. Теорияның негізгі ережелері және түсініктері.

3. Психологиялық көмектің мақсаттары, психологтың рөлі.

4. Кеңес берушілік үдерістің кезеңдері.

1930 ж. соңында — 1940-ж басында американдық психолог К.Роджерс (1902—1987) кеңес берушілікке және психотерапияға деген жаңа, директивті емес көзқарас дамыған бірқатар еңбектер жариялады. 1940-ж. басында К.Роджерс оған «клиентке бағытталған» деген атау берді.. Бұл экзистендік ағымның адамгершілік таратылуы. Батыста кең дамыды, 1986 ж. кейін — отандық психологтар арасында да.

К.Роджерс өзінің психотерапевтік тәжірибе ортасына клиентті жеке тұлға ретінде қойды. К.Роджерс ұстанымы бастапқыдан онымен адамға деген терең сыйластық, оның қабілетінің барына деген сенім, бұл оң жеке тұлға өзгерістер шарттары айқындалып көрінетін психолог пен клиент арасындағы қатынастар болып құрылатын негізгі болжамы бар зерттеу болып жарияланды.

К.Роджерс тұжырымдамасының негізгі ұғымдары:

1. Эмпатиятолығымен «негізгі сөздер МЕН-СЕН» арқылы берілетін ұғым. Бұл клиенттің тікелей оң жеке қатынасы және оның феноменологиялық әлемді қабылдау арқылы қабылданып түсіндірілетін психологтың клиентке деген қатынасы.

2. Қамқорлық — клиенттің қандай да болсын күйінде актуальды жағдайына айқындалған дайындықпен көмекке келу және жеке тұлғалық клиент әлеуетін көру болашағымен қабылдау.

3. Конгруэнттілік — сезімдер мен пікірлер мазмұны арасындағы сәйкестік; мінез-құлықтың бір беттілігі.

4. Психологиялық климаттұжырымдамадағы негізгі ұғымдардың бірі, себебі онда терапевттік қатынастар жиналған, кәсіби (олар жеке тұлғалық) білік пен қасиеттер психотерапиядағы тұлғаның оң өсуінің (өзгерісі) басты шарты болып қарастырылады.

5. Өзіндік (self) — тұжырымдамадағы орталық ұғым. Бұл ішкі қатынастар жүйесі.

Роджерс адамның өмірі мен дамуындағы шешуші рөлі ретінде МЕН-тұжырымдаманы жатқызады, яғни оның өзін-өзі туралы көрінісі. Дәл сол МЕН-тұжырымдамасы (өзін-өзі туралы көрінісі) кез келген жағдайда адам мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайды

Негізгі мақсаты — адамға «тұтас әрекет ететін тұлға» болуға көмектесу (К.Роджерс). Ең басынан адам мәселелеріне емес, оның өзіне, оның «МЕН» дегеніне көңіл аударылады. Сондықтан психотерапияның басты мақсаты — жеке тұлға өсуінде, дамуындағы көмек, осының арқасында адам мәселелерді өзі шеше алады. Жеке-центрлік кеңес беруде клиенттер мен кеңес берушітар мақсаттары сәйкес келеді. Бұл мақсаттар Роджерс (Rogers, 1959, 1961), Уолкер, Раблен және Роджерс (Walker, Rablen, Rogers, 1960), Маслоу (Ма51о\у, 1962,19' КомбсаиСнигга (СотЬз, Snygg, 1959) еңбектерінде сипатталады.

Психолог – кеңес берушінің рөлі — қандай да болсын рөлді ойнаудан бас тартып, өзін-өзі болуға тырысу. Психолог – кеңес берушітың басты кәсіби міндеті — тиісті психологиялық климатты құру, онда клиенттің өзі қорғаныс механизмдерінен бас тартушы еді. Сонымен бірге терапевт толығымен психотерапевт рөлінен шеттеліп, қатынас жасау мен терминдердің кәсіби әдеттерінен өзінің қарапайым және табиғи сезімдер мен ойларын білдіруге көшу керек. Клиент тек қарапайым жолдастық қатынасты ғана емес, сонымен қатар терапевттің ой-пікірлердің моральдық бағалауынан толық босауын және клиент мінез-құлқын, яғни әңгімелесушінің өзін-өзі шын көрсетуін сезінуі маңызды.

Кеңес берушілік үдерістің жеті кезеңі жіктеледі:

1. ішкі қарым-қатынастың оқшаулануы (МЕН+хабарлама немесе жеке тұлғалық мағыналардың хабарламасы жоқ, мәселенің бары теріске шығарылады, өзгеріске деген тілек жоқ );

2. Өз ойын білдіре алу (клиент қабылдау атмосферасында өзінің барлық шектеулері мен салдарымен өз сезімдерін, мәселелерін ашуға бастайды).

3-4. өзін-өзі ашу және жалпы күрделілікпен, қарама-қайшылықпен, шектеумен және аяқталмағандықпен өзін клиент ретінде қабылдау үдерісінің дамуы.

5. феноменологиялық әлемге өзіндікке сияқты жатқызу үдерісі болады, — өзінің «МЕН» дегенінен жатсынушылық жойылады, және нәтижесі ретінде өзін-өзі болуға деген қажеттілік артады.

6. конгруэнттілік, өзі қабылдаушылық және жауапкершілік дамиды, еркін ішкі қарым-қатынас, орнығады, «МЕН» мінез-құлқы мен өзін-өзі сезіну органикалық, сыртық әсерсіз болады. Жалпы жеке тұлғалық тәжірибенің бірыңғай тұтастыққа интегралдануы болады.

7. Жеке тұлғалық өзгерістер сатысы, өзінің әлем ішінде ашылуы, психолог енді керексіз болады, психотерапевтикалық жұмыстың негізгі мақсатына жеттік — өзімен және әлеммен конгруэнттілік жағдайда болу, жаңа тәжірибеге деген ашықтық және “МЕН+шынайы” және “МЕН+идеалды” арасындағы шынайы теңгерім.

Жеке тұлғалық-орталық кеңес беру белгілі бір әдістемелерге сүйенбейді және клиенттер қызығушылығындағы кез келген әрекеттерді жасауды меңземейді, Роджерс «кеңес беру тиімділігі ең алдымен кеңес беруші мен клиенттің жеке өзара әрекеттесу сапасымен анықталады» деп есептеген (Rogers, 1962, >. 416). Жеке тұлғалық-центрлік кеңес беру кезінде клиенттермен бірге кеңес берушілердің де ойлары және сезімдерінің маңызы зор.


Пысықтауға арналған сұрақтар:

1. К. Роджерс тұжырымдамасының негізгі ұғымдары.

2. «Мен» тұжырымдамасының негізгі мақсаты.

3. Кеңес берушілік үдерістің кезеңдерін ата.


Әдебиет:

  1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма «Класс», 2001. — 336 с.

  2. Грановская Р. М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

  3. Карвасарский Б. Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

  4. Нельсон - Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

  5. Осипова А. А. Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

  6. Романин А.Н. Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.57-61.


4 тақырып. Гештальт терапиясы.

Жоспар.

1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы.

2. Гештальт-терапияның негізгі ұғымдары мен ережелері.

3. Психологиялық көмектің мақсаты.

4. Гештальт-терапиядағы психолог пен клиенттің рөлі.

Гештальт-терапиясы — әлемдік тәжірибелік психологиядағы кеңінен танымал және тиімді бағыт. Адамгершілік психология түрлерінің бірі болып табылатын гештальт-терапиясы жеке тұлғаның дені сау психологиялық ұстанымының күшеюіне, тұлғалық сана-сезімнің кеңеюіне бағытталған және анық көрінетін қызметтік бағыттылығы бар. Көптеген бағыттар мен тәжірибелік психология мектептер түйісуінде пайда болған гештальт-терапиясы тәжірибелік психология мектептерінің ең таралған және қол жетімді мектептерінің бірі болды.

Ф.Перлз, бағыттың негізін қалаушы бастапқыдан науқас қоғамда дені сау тұлғаның өмірмен күресу мәселесін қойды. Сондықтан гештальт-терапияның көп қырлы техникасы жеке тұлғаның психологиялық көмегін қамтамасыз етуге, адамның оның өткен және болашақтағы ауырлықтан босауына және оның «МЕНІНІҢ» »қазіргі» жеке тұлғалық өмірінің бай өзгеріске толы әлемге қайтуына бағытталған. Пёрлз ерте балалық естеліктердегі фрейділік «қопаруларды» қате және тиімсіз деп санап, классикалық психоталдаудан бас тартты. Перлз адамға және оның психологиялық мәселелеріне өткен өмірдің (тіпті ертедегі бабалық естеліктер), сондай-ақ ең алдымен осы күнгі және белгілі мөлшерде күтілетін оқиғалар әсер етеді деп санады.

Гештальт сөзі неміс тілінен тұтас бейне деп те ауларылады, сондай-ақ құрылым, осындай кең мағынада деп ұғынылады. Гештальтпсихология, гештальт-терапия сияқты, психология (әсіресе психотерапия) тұлғаның жеке бөлшектерімен, оқшауланған психикалық үдерістермен, психологиялық әсер ету факторларымен айналыспай, оларды бірыңғай кешенде және өзара байланыста қарастыру керек деген тұжырымдамадан шығады. Батыста гештальт-терапия кәсіби емес психотерапевттер арасында неғұрлым кең таралған болып табылды. Оны психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар қысқа мерзімде ғана игеріп алады.

Негізгі ұғымддар:

Осында және қазір. «Сені өткен немесе болашақ емес, бүгінгі күн толғантсын». “Осында өмір сүр”. Қолыңда жоқпен емес, барымен жұмыс жаса.

Пішін және фон. Перлз тұтастай қабылдау мүмкіндігін, клиентке әсер ететін барлық ішкі және сыртқы факторлардың өзара әрекеттесу есебін нақтылай отыра, осы тұтас суретте пішін мен фонды бөліп көрсеткен. Осындай кешенді көзқарас неғұрлым объективті бағалауға көмектеседі және гештальт элементтерінің әрқайсысы, оның ішіндегі кемшілік болып табылатыны да, кешенде психикалық бейімделудің маңызды факторы және басқа элементтердің өзара әрекеті болуы мүмкін.

Ақыл-ойдың кеңеюі. Бұл термин психотерапияның басқа да түрлерінде кең таралды, тіпті филисофия мен педагогикада. Оның мәні клиентке шешілмейтін жағдаятты басқа қырынан (немесе әр түрлі жақтардан), сонымен қатар одан шығу жолын көруге мүмкіндік туғызу болып табылады. Неғұрлым кең мағынада ақыл-ойдың кеңеюі адамның өз өміріне және өмірдегі өз-өзіне тұтастай басқаша қарауға, кедергілерді төтеп беру жолдарын ғана емес, сонымен бірге толық өзін-өзі іске асыру мүмкіндігін көруге жағдай туғызады.

Қарама-қарсылықтармен жұмыс. Келесі қағида - қарама-қарсылықтармен жұмыс. Біздің қабылдау қалыптармен «кірленген».

Сезімдердің амбиваленттілігі. Бұл кез келген психикалық дені сау адамның қалыпты қасиеті, мәселен, қызғанышта біз бір мезгілде жақсы көреміз және жек көреміз. Дәл сондай балалардың ата-анасына, ата-аналардың балаларына, ағалары мен сіңлілері қатынастарында және т.б. кездесе алады.

Аяқталмаған іс — гештальт-терапияда жеке тұлғаны өзертіп, жаңа қақтығыстар тудырып, оның актуальды мінез-құлыққа әсер ететін кідіртілген сезімдер айқындалады. «Аяқталмаған іс» тұжырымдамасына сәйкес әрекет етілмеген эмоциялар болып жатқанды актуальды тану үдерісіне кедергі келтіреді.

Қашқақтау — «аяқталмаған істің» қандай да болмасын жағымсыз күйзелісінің мойындау және қабылдаудан бас тарту тәсілдерімен байланысты мінез-құлықтың ерекшеліктері айқындалатын ұғым.

Жүйкенің төзу деңгейлері — Ф.Перлз шығарған ұғым. Жеке тұлға құрылысын метафоралық түрде пиязға теңестірген Ф.Перлз бойынша психологиялық есеюге жету үшін жүйке төзуының бес қабатын алып тастау керек деген:

1) жалған рөльдік мінез-құлық қабаты (әдеттегі стереотиптер, ойындар, рөльдер;

2) қалыптар қабаты, онда клиент өзінің аурушаң күйзелістерімен кездесуден қашуға тырысады;

3) «тұйық және ашыну» қабаты — өзіндік жеке шарасыздық күйзелісімен байланысты сәттер;

4) өзіндік «МЕН» оңай кіру қабаты (адам ренжіген сәттерде өз табандылығын сынап, өзі жағдаятпен күресуге бел буады;

5) эмоциональдық жарылыс қабаты, клиент өзінен жалған және қоқысталғанды шешіп тастап, өзінің шынайы «МЕНІНЕН» өмір сүріп әрекет ете бастайды.

Энергия және энергияның қоршалуы — психологиялық талдаудан енген “энергия” ұғымы, оның кернеуде айқындалатын орналасуы мен қоршалуы (ең алдымен денелік — күйі, қимылы, көзқарасы, дауыс үні) гештальт-терапияда түсіндірмелі терминология және оқыту құралы ретінде қолданылады.

Бүгінгі күні гештальт-терапия жиі топтық нұсқада тәжірибеленеді. Осы бағытта «ойын» және «сынақ» деп аталатын психотехникаларға гештальт-терапияда үлкен мән беріледі.

Қызба орындық. Терапевтикалық топ мүшелері шеңбер болып орындыққа отырады. Топ мүшесінің бірі өз еркімен, ол әрине, тактикалық шамада терапевтпен «арандатылады», шеңбердің ортасындағы «қызба орындыққа» отырады және шынайы түрде өз мәселелері туралы айта бастайды, сондай-ақ басқа топ мүшелерінің сұрақтарына жауап береді. Терапевт өз жұмысын осы адамнан бастайды, ал топ бұл жұмысқа қолдау ретінде және осы жеке тұлғаның белсенділігі үшін мейірбандылық жағдай тудырады. Мұндай қолдау арқылы жеке тұлға батылдық пен дербестікке ғана ие болмай, сонымен қатар басқа топ мүшелері өз мәселелерін жете ұғынуына және оның шешілуінің ұқсас жолдарын өзіндік белсендіру арқылы табуға жағдай туғызады.

Екі рөлі. «Қызба орындықта» отырған клиентке қарам-қарсы бос орындық қойылады; онда елестетілген адам отыратын тәрізді, клиентте онымен ашық немес жасырын, бірақ жабырқаңқы немесе шешілмеген кикілжің пайда болады. Клиент екі ролді атқарады. Өз орындығынан ол өз атынан елестегі серіктесіне өтінеді, ал оның орындығында максимальды түрде басқа біреудің жай-күйін түсінуге және оның орнына өз-өзіне жауап беруге тырысады. Кей кездері клиентке қарам-қарсы клиентпен таңдалған топ мүшелерінің бірі бола алады, клиент оған сол адамның рөлін түсіндіреді. Осындай түсіндіру үдерісінде ол кикілжінге еріксіз түрде басқа көзбен қарай бастайды – басқа біреуді жақсырақ түсіне бастайды.

Кері байланыс. Бұл клиент пен психотерапевттің тұрақты психологиялық байланысы, ол клиенттің өз-өзін, өз жағдаятын (мәселе) жақсырақ көретін, өз жай-күйлері мен олардың мінез-құлық құбылыстарын объективті бағалай бастайтын айна тәрізді болып табылады.

Қазір мен ұғынамын... Бұл жаттығудың мәні – бұрын еске салынған гештальттерапияның негізгі қағидасына сәйкес осы нақты сәтте өзіндік санасының мазмұнын талдауға бағытталған клиенттің белсенділік пен тырысуының машықтануы: осында және қазір. Жаттығу уақыт сайын қайталанатын клиенттің «іске қосу» »Қазір мен ұғынамын...» фразасынан айтқаннан кейін басталатын зейіннің жинақталуынан тұрады. Клиент бірнеше минут бойы бұл фразаны нақты осы сәттегі өзінің сана мазмұнының бейнелеуін қоса қайталап отырады.

«Сараптау сұхбаты» техникасы («диссоцияланған сұхбат»), «бос орындық» деген атаумен де белгілі, клиенттің ішкі кикілжіндерін талқыға салуға арналған. Техника клиенттің екі полярлық бағдары арасында болатын психодраманы пайдалануға құрылған. Сұхбат клиенттің өзімен жүргізіледі, ол ілікпе сөздерді кезекпен алдымен бір психологиялық бағдар атынан, кейін екіншінің атынан айтады.

«Шеңбер бойынша жүру» — клиент (топтық жұмыста қолданылады) барлық қатысушыларды кезекпен аралап, оларға не бір нәрсені айтады, не олармен қимылдар жасайтын психотехниканы атайды. Топ мүшелері мұндайда жауап бере алады. Техника топ мүшелерінің белсендірілуі, оларды жаңа мінез-құлық тәуекеліне және өзінің ойларын білдіру еркіндігі үшін мадақтауға қолданылады.

«Керісінше» техникасы (“аударыспақ”) — клиент өзіне ұнамайтын мінез-құлыққа қарама-қарсы ойнайды. Техника клиенттің өзін жаңа мінез-құлықта қабылдауына және тәжірибенің жаңа құрылыстарының «МЕН»-де жинақталуына бағытталған.

«Сараптамалық асыра көрсету» — дене, вокалдық және басқа қимылдардың әсірелеу жолымен өзін-өзі тану үдерісінің дамуы — бұл әдетте кез келген мінез-құлыққа тиесілі сезімдерді күшейтеді. Техниканы қолдану ішкі қарым-қатынастың дамуына септігін тигізеді.

«Мен бұған жауаптымын» — психолог бұл тәсілді қолдана отыра, кей сезімдерді білдіру туралы өтінішпен немесе «мен де бұған жауаптымын» дегенді міндетті түрде қосып алу арқылы ой-пікірді білдірумен клиентке өтіне алады.

Сезіну техникасы. Клиенттерді өз дене тілін, өзіндік тынысын, дауыс пен эмоциялардың ерекшелігін сезінуге, сондай-ақ қандай да болсын миға байланған ойларға есеп бере алатындай әрекеттер жасауды сұрайды. Шын өмірдегі сезіну техникасы кей кездері фокальды сезіну деп аталатын шоғырлану техникасы болып табылады. Бұл техника арқылы клиенттер әрбір «қазірді» ойлауға және өзінің әрбір қажеттілігін, сондай-ақ олардың бір салаға қатысты сезімдері мен мінез-құлықтары басқа салаға қатысты сезім мен мінез-құлыққа байланысты екендігін сезінуге үйренеді.

Негізгі мақсаты — адамға толығымен өз күш-қуатын іске асыруға жәрдемдесу. Бұл басты мақсат қосымшаларға бөлінеді:

1) актуалды өзін-өзі сезінудің толыққанды жұмысын қамтамасыз ету;

2) бақылау локусының ішке қарай жылжуы, тәуелсіздік пен өз-өзіне жеткіліктілікті мадақтау;

3) өсуге кедергі келтіретін психологиялық блоктардың табылуы және оларды жою.

Гештальт-терапияда психолог клиент тұлғасы «гештальтқа», бірыңғай тұтастыққа интегралданған «катализатор», «көмекші» және «жаратушы» ретінде қарастырылады. Психолог клиенттің жеке сезімдеріне тікелей енбеуге тырысады, ол осы сезімдердің айқындалуын жеңілдетеді.

Гештальт-терапияда клиенттерге өзін жеке түсініктеме беру, бағдарлар құқығы, «серікті», өзінің мінез-құлқы мен өмірінің кестесін сезінуі кіретін белсенді рөль беріледі. Клиент ұтымды етуден күйзеліске көшу керек деп жорамалданады, бұл жерде сезімдердің вербалдануы мыңызды емес, мұнда клиент шынында да сезімдерді сезініп, олар туралы жай хабарламай, олардың атынан сөйлейтіндей болатын актуальды күйзеліс үдерісінің өзін клиенттің қабылдауы мен тілегі.

Гештальт-кеңес берушінің басты мақсаты — клиентке әрдайым қоршаған ортадан жәрдем күтуінен құтылуға және тәуелсіздікке көшуге көмектесу. Гештальт-кеңес берушіліктерге өтілген клиенттер, алғашқы рет, негізінен, өз мәселелерін шешуге қызығушылық танытуда. Гештальт-кеңес берушітар клиенттерге ағымдағы мәселелерді шешуде өздерін тірек ретінде ғана емес, сонымен қатар неғұрлым «шынайы» өмір сүруге көмек көрсетеді. Клиенттер дербес болуы үшін, олар өздерінің организмикалық экзистенциалдық орталықтарымен (мен — ол менің негізгі қалпым). Өзінің организмикалық «МЕНімен» немесе сезімдерімен қатынаста болатын адамдар өзін-өзі жігерлендіргіш немесе дербес болып табылады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Психотерапия технологиялары iconВебер Г. Кризисы любви: Системная психотерапия Берта Хеллингера
Кризисы любви: Системная психотерапия Берта Хеллингера. — М.: Изд-во Института Психотерапии, 2002. — 304 с
Психотерапия технологиялары iconКоммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы
Кафедра: коммуникативті дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология
Психотерапия технологиялары iconОқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережелері
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5 бабының 25 тармақшасына сәйкес әзірленген және оқу процесін...
Психотерапия технологиялары iconКоммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы

Психотерапия технологиялары iconКоммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы

Психотерапия технологиялары iconКоммуникативті дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы

Психотерапия технологиялары iconСиллабус
Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы
Психотерапия технологиялары iconСиллабус
Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы
Психотерапия технологиялары icon«Білім берудегі қашықтықтан оқыту технологиялары – 2011» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының
Және ғылым Министрінің №10 2011 жылғы 13 қаңтардағы бұйрығына сәйкес Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің базасында...
Психотерапия технологиялары iconКҮнтізбелік-тақырыптық жоспар
Коммуникативтіқ дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница