Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу




Скачать 115.89 Kb.
НазваниеСауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
Дата конвертации14.02.2016
Размер115.89 Kb.
ТипКонкурс
источникhttp://economy.gov.kz/upload/Files/Styand_gos_uslugi_prinyat_resh_o_predostav_zem_iz_gos_sobstv_



Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2016 жылғы « »

№ бұйрығына

қосымша





«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі  мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі  Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, селолардың, селолық округтердің әкімдері (бұдан әрі  көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі  портал) арқылы жүзеге асырылады.


2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті беруші мен порталға құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап  30 (отыз) жұмыс күні;

2) құжаттар пакетін тапсыру үшін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты  15 (он бес) минут;

3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты  15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

сауда-саттықтың конкурстық нысаны кезінде  жер учаскесін жалдау туралы шарты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;

сауда-саттықтың аукциондық нысаны кезінде – жер учаскесін немесе жалдау құқығын сатып алу туралы шарты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі  ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік көрсетілген қызметті қағаз түрінде алуға өтініш жасаған жағдайда көрсетілген қызметтің нәтижесі электрондық нұсқада әзірленеді, қағазға басылып шығарылады және көрсетілген қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі  көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші  Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін;

мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде көрсетіледі;

2) порталда  жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс күні аяқталған кезде, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не құжат бойынша заңды тұлғаның өкілеттілігін растайтын, нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

сауда-саттықтың конкурстық нысаны кезінде:

көрсетілетін қызметті берушіге:

заңды тұлғалар үшін

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің меншік құқығын (жалдау) сату бойынша конкурсқа қатысуға өтініш;

2) уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлға болып табылатын қатысушының ұсынған конкурстық өтініш келесідей құжаттарды қамтиды:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

2) қатысушы ұсынатын бизнес-жоспар немесе жер учаскесін пайдаланудың еркін түрде дайындалған бағдарламасы;

3) кәсіпорынның штатында ауыл шаруашылығының мамандықтары бойынша біліктілігі мен жұмыс стажы көрсетілген, кем дегенде 2 маманы бар болуы туралы, бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, заңды тұлғаның мөрі басылған анықтамасының түпнұсқасы;

4) ауылшаруашылық дақылдарды өндіру үшін қажетті ауылшаруашылық машиналары бар болуы туралы (бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, заңды тұлғаның мөрі басылған) анықтаманың түпнұсқасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызмет көрсетуді сатып алу және т.б.) шартының көшірмесі;

5) қатысушыға, конкурстық комиссия жеңімпазды анықтағанда ескерілетін, өзі туралы басқа да сенімді ақпараттарды ұсынуға болады;

жеке тұлғалар үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің меншік құқығын (жалдау) сату бойынша конкурсқа қатысуға өтініш;

2) уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген жеке тұлға болып табылатын қатысушының ұсынған конкурстық өтініш келесідей құжаттарды қамтиды:

1) қатысушы ұсынатын бизнес-жоспар немесе ауылшаруашылық дақылдар өндіру үшін қажетті ауылшаруашылық машиналары көрсетілген ерікті түрде дайындалған жер учаскесін пайдалану бағдарламасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызмет көрсетуді сатып алу және т.б.) шартының көшірмесі;

2) білімі туралы дипломның көшірмесі (болған жағдайда) немесе ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек қызметі және жұмыс стажы туралы мәліметтері бар өмірбаяны;

3) қатысушыға, конкурстық комиссияның жеңімпазды анықтауда ескерілетін, өзі туралы басқа да сенімді ақпарат ұсынуға болады.

порталға:

заңды тұлғалар үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің меншік құқығын (жалдау) сату бойынша конкурсқа қатысуға электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлға болып табылатын қатысушының ұсынған конкурстық өтініш келесідей құжаттарды қамтиды:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған электрондық көшірмесі;

2) қатысушы ұсынатын бизнес-жоспардың немесе жер учаскесін пайдаланудың еркін түрде дайындалған бағдарламасының электрондық көшірмесі;

3) кәсіпорынның штатында ауыл шаруашылығының мамандықтары бойынша біліктілігі мен жұмыс стажы көрсетілген, кем дегенде 2 маманы бар болуы туралы, бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, заңды тұлғаның мөрі басылған анықтамасының электронды көшірмесі;

4) ауылшаруашылық дақылдарды өндіру үшін қажетті ауылшаруашылық машиналары бар болуы туралы (бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, заңды тұлғаның мөрі басылған) анықтаманың электрондық көшеірмесі және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызмет көрсетуді сатып алу және т.б.) шартының электрондық көшірмесі;

5) қатысушыға, конкурстық комиссия жеңімпазды анықтағанда ескерілетін, өзі туралы басқа да сенімді ақпараттарды ұсынуға болады;

жеке тұлғалар үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің меншік құқығын (жалдау) сату бойынша конкурсқа қатысуға электронды өтініш;

2) уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген жеке тұлға болып табылатын қатысушының ұсынған конкурстық өтініш келесідей құжаттарды қамтиды:

1) қатысушы ұсынатын бизнес-жоспардың немесе ауылшаруашылық дақылдар өндіру үшін қажетті ауылшаруашылық машиналары көрсетілген ерікті түрде дайындалған жер учаскесін пайдалану бағдарламасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызмет көрсетуді сатып алу және т.б.) шартының электрондық көшірмесі;

2) білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі (болған жағдайда) немесе ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек қызметі және жұмыс стажы туралы мәліметтері бар өмірбаянының электрондық көшірмесі

3) қатысушыға, конкурстық комиссияның жеңімпазды анықтауда ескерілетін, өзі туралы басқа да сенімді ақпарат ұсынуға болады.

сауда-саттықтың аукциондық нысаны кезінде:

көрсетілетін қызметті берушіге:

заңды тұлғалар үшін:

заңды тұлғалар үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің меншік құқығын (жалдау) сату бойынша аукционға қатысуға өтініш;

2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электронды үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты;

3) өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжат;

жеке тұлғалар үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің меншік құқығын (жалдау) сату бойынша аукционға қатысуға өтініш;

2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электронды үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты;

3) өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжат.

Құжаттардың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Порталға:

заңды тұлғалар үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің меншік құқығын (жалдау) сату бойынша аукционға қатысуға өтініштің электрондық көшірмесі;

2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электронды үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;

3) өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;

жеке тұлғалар үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің меншік құқығын (жалдау) сату бойынша аукционға қатысуға өтініштің электрондық көшірмесі;

2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электронды үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі;

3) өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жер учаскесіне ауыртпалықтардың жоғы, жер учаскесінің құқығын растайтын және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге  құжат пакетінің қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, кеңсеге тіркелгені туралы белгі соғылған көшірме қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

порталда  «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсетуге сауалдың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға:

1) егер конкурстық өтініштің әрекет етуінің қысқа мерзімі көрсетілген жағдайда (конкурстық өтініштері бар конверттер ашылған күнінен бастап конкурстық өтініштің әрекет ету мерзімі 30 күннен кем болмауы керек);

2) егер конкурстық өтінішінде, қателерді түзету қажет болған жағдайды қоспағанда, қатысушының грамматикалық немесе арифметикалық жол арасында қосымша жазылған қосулары, өшіру немесе қосып жазуы болған жағдайда;

3) егер қатысушының конкурстық өтініші «Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға берген кезде конкурстарды ұйымдастыру және өткізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 165 және Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2005 жылғы 25 ақпандағы № 24-ө бірлесіп бекітілген бұйрығының 27 тармағында көрсетілген критерийлеріне сәйкес келмеген жағдайда;

4) егер конкурсқа немесе аукционға қатысушы ұтылған болып танылған жағдайда.




3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі



11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оны лауазымды тұлғасының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

1) шағым Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші, Министрлік басшысының атына беріледі;

шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады;

шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады;

2) портал арқылы жүгінген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.

Шағымда:

1) жеке тұлға үшін  оның тегі, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлға үшін  оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.


4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар



13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414.

Похожие:

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу iconҚазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты...
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу iconҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты...
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу icon«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау
Бұл нұсқау мемлекеттік қызметті алудың, соның ішінде электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарымен жұмыс істеу үшін Tumar csp криптопровайдерін...
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен...
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу iconБағалы қағаздарды / талап ету құқығын есепке алу бұйрығы
Негіздеме // ж сатып алу/сату; сыйға тарту; мұра қалдыру; өзге мәміле; номиналды ұстауға аудару/шығару
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу icon«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтер стандарты
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу icon«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу iconСҮт безінің Қатерлі ісігі және оның алдын алу бадамбекова Жарқынай Ераханқызы
Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізген әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан – табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны,...
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Бұл міндет әрбір мекемеде жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында нормативті –жарлықшы құжат түрлерін азаматтық қарым-қатынаста...
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Жыныстарының және жер бетінің жылжу процесін, тұрақтылығын зерттеуге байланысты құрастырылған. Олар жарықшақтардың кеңістік бағыты...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница