Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы




Скачать 409.37 Kb.
НазваниеБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
страница1/4
Дата конвертации14.02.2016
Размер409.37 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.enpf.kz/download/12354/ yurist - [Ќr ЂlttyЌ bankІ basЌarmasynyЊ 2013.27.08 № 240 Ќaul
  1   2   3   4
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 04.12.2014 11:13:50


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 240 Қаулысы

(2014.27.08. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 22 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

 

Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Г. Марченко

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2013 жылғы 27 тамыздағы

240 қаулысымен

бекітілді

 

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы
зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және
ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру

қағидалары

 

Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 2003 жылғы 2 шілдедегі және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - Қор) және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - ЕЖЗҚ) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін белгілейді.

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қордың Директорлар кеңесі және басқармасы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің Қағидаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді және Қордың құрылымдық бөлімшелерінің және қызметкерлерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылауды жүзеге асыру саласында өздеріне жүктелген міндеттерді орындауына жағдай жасайды.

2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) корпоративтік басқару - Қордың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның акционерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған және акционерге Қордың қызметіне тиімді бақылау мен мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін, акционерлердің жалпы жиналысының, директорлар кеңесінің, басқарманың және өзге де органдары арасындағы өзара қарым-қатынастар кешені болып табылатын Қорды стратегиялық және тактикалық басқару жүйесі;

2) мүдделер қайшылығын басқару - Қордың лауазымды тұлғасының немесе қызметкерінің мүдделері олардың шешімдер қабылдауының және міндеттер атқаруының әділдігіне және тәуелсіздігіне әсер етуі, сондай-ақ олардың Қор салымшыларының (зейнетақы төлемдерін алушыларының) және (немесе) Қор акционерінің мүдделерінде әрекет жасау міндеттемесіне қайшы келуі мүмкін жағдайларына жол бермеу тетіктерін құру;

3) операциялық тәуекел - ішкі процестерді жүзеге асыру барысында қызметкерлер тарапынан, ақпараттық технологиялар мен жүйелердің жұмыс істеуі барысында жол берілген кемшіліктердің немесе қателіктердің нәтижесінде, сондай-ақ сыртқы оқиғалар салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі, оған:

жауапкершілікті бөлуді, есеп беру және басқару құрылымын қоса алғанда, Қордың анық емес және тиімсіз ұйымдық құрылымына;

ақпараттық технологиялар саласындағы тиімсіз стратегияларға, саясатқа және (немесе) стандарттарға, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы кемшіліктерге;

шындыққа сай келмейтін ақпаратқа не оны тиісінше пайдаланбауға;

қызметкерлерді тиімді басқармауға және (немесе) Қордың білікті емес штатына;

Қордың қызметін жүзеге асыру процесінің құрылу тиімділігі жеткіліксіз не ішкі қағидаларды сақтауды бақылаудың нашар болуына;

Қордың қызметіне сыртқы ықпал етудің күтпеген немесе бақыланбайтын факторларына;

Қордың қызметін реттейтін ішкі құжаттарында (қағидаларында) кемшіліктердің немесе қателердің болуына;

Қор басшылығының және қызметкерлерінің клиенттік базасының тарылуына, клиенттердің және (немесе) қарсы әріптестердің Қорға деген сенімсіздігіне немесе теріс қабылдауына әкелген кәсіби емес іс-қимылдарына байланысты тәуекелдер кіреді;

4) бедел тәуекелі - қоғамның жағымсыз пікірі немесе Қорға деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;

5) тәуекелдерді басқару жүйесі - төрт негізгі элемент: тәуекелді бағалау, тәуекелді өлшеу, тәуекелді бақылау және тәуекел мониторингі кіретін үдеріс;

6) форс-мажор жағдайы - төтенше және еңсерілмейтін (осы жағдайлар кезінде) оқиға (дүлей күш);

7) ішкі аудит қызметі - Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес құрылған, негізгі функциясы Қордың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасау болып табылатын Қордың бөлімшесі;

8) ішкі бақылау жүйесі - Қордың рентабельдіктің және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, Қордың саясатын, ішкі қағидаларды және рәсімдерді сақтауға, Қордың шығындар тәуекелін немесе бедел тәуекелін төмендетуге ықпал ететін қаржылық және басқарушылық есептілігінің дәйектілігін қолдаудың ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруын қамтамасыз ететін ішкі бақылаудың рәсімдері мен саясатының жиынтығын білдіретін тәуекелдерді басқару жүйесінің элементі;

9) ішкі құжаттар - Қордың, олардың органдары, құрылымдық бөлімшелері (филиалдары, өкілдіктері), қызметкерлері қызметінің талаптарын және тәртібін реттейтін құжаттар.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.08. № 168 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

3. Қор жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау жөніндегі есепті ұсынады, оған:

1) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың тізбесі;

2) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкессіздігін) дербес бағалау;

3) тәуекелдерді басқару жүйесінде кемшіліктер анықталған жағдайда түзетілуі тиіс кемшілікті, кемшілікті жою үшін қажетті іс-шаралар, жауапты адамдар және іс-шараларды орындаудың нақты мерзімдері көрсетілген оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары кіреді.

4. Қағидалардың 1-тармағының талаптары (директорлар кеңесінің және басқарманың тәуекелдерді басқару жүйесінің сәйкестігін қамтамасыз етуі және құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлердің тәуекелдерді басқару саласында өздеріне жүктелген міндеттемелерді орындауына жағдай жасауы бөлігінде), сондай-ақ Қағидалардың 3-тармағының талаптары ЕЖЗҚ қызметіне қолданылады.

 

 

2. Тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына негізгі талаптар

 

5. Қорда тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы Қор қызметінің корпоративтік басқару, ақпараттық жүйелердің және басқару ақпараты жүйелерінің жұмыс істеуі жөніндегі талаптарға сәйкес келуін көздейді.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.08. № 168 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

6. Қордың тәуекелдерді басқару жүйесі оның қызметінің мына бағыттарын қамтиды:

1) салымшыларды (зейнетақы төлемдерін алушыларды) тарту және зейнетақы жинақтарының есебін жүргізу процесін ұйымдастыру, жүргізу және басқару;

2) Қордың қызметі барысында пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етудің аудиті;

3) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес ішкі рәсімдерді және құжаттарды әзірлеу және бекіту;

4) салымшылармен (зейнетақы төлемдерін алушылармен) жұмысты ұйымдастыру тәртібін белгілеу және олардың зейнетақы жинақтарын есепке алу, оған мыналар кіреді:

есептің дәйектілігін және жеке зейнетақы шоттарының уақтылы ашылуын және салымшылардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына ақшаның уақтылы келіп түсуін, зейнетақы жинақтарын уақтылы төленуін және аударылуын қамтамасыз ететін рәсімдер;

салымшылар (зейнетақы төлемдерін алушылар) шағымдарының және өтініштерінің белгіленген мерзімде мәні бойынша қаралуына кепілдік беретін рәсімдер;

салымшылардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) зейнетақы жинақтарын аударудың және төлеудің уақтылы жүзеге асырылуына кепілдік беретін рәсімдер;

салымшыларға (зейнетақы төлемдерін алушыларға), сондай-ақ Қормен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартын жасауға ниеттенген адамдарға жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметі мәселелері бойынша өтеусіз консультациялық қызметтер көрсету бойынша рәсімдер;

зейнетақы және меншікті активтерді есепке алудың Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ететін рәсімдер;

комиссиялық сыйақының дұрыс есептелуін тексеруді жүзеге асыру тәртібі;

Қорда салымшылармен (зейнетақы төлемдерін алушылармен) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасау жөніндегі қызметтің ұйымдастырылуын бақылау рәсімдері;

салымшыларға (зейнетақы төлемдерін алушыларға), сондай-ақ Қормен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартын жасауға ниеттенген адамдарға жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету жөніндегі функциялары жүктелген Қор қызметкерлерінің қызметін бақылау рәсімдері;

5) Қорды басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымын құру;

6) Қордың уәкілетті органмен өзара әрекеттесуі;

7) зейнетақы активтері мен жинақтары жөніндегі ақпаратты жинау, енгізу, сақтау және тарату.

Қордың тәуекелдерді басқару жүйесі қосымша Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес ақпарат алмасу жүйесін ұйымдастыру бойынша, сондай-ақ Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесіне қолдау көрсету үшін пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету бойынша бағыттарды қамтиды.

7. Тәуекелдерді басқарудың және бақылаудың мақсаты:

1) тәуекелдерді және қауіптерді уақтылы анықтау;

2) тәуекелдер көрсеткіштерінің ең жоғары жол берілетін мәндерін бағалаудың сапасын арттыру;

3) тәуекелдерді бақылаудың балама тетіктерін дамыту;

4) тәуекелдерді барынша азайту және басқару бойынша уақтылы шараларды қабылдауды қамтамасыз ету;

5) тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшені қоса алғанда, Қордың жекелеген құрылымдық бөлімшелерін тәуекелдерге мониторинг жүргізу және бағалау процесіне тарту, сондай-ақ Қор қызметкерлерінің тәуекелдерді басқару саласындағы жауапкершілігін арттыру болып табылады.

8. ЕЖЗҚ тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру барысында Қағидалардың
  1   2   3   4

Похожие:

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №76 Қаулысы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы №237 Қаулысы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай...
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін беру қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №56 Қаулысы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы...
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconНациональный Банк Республики Казахстан
Зейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы...
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconЗейнетақы активтер есебінен жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №28 Қаулысы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconЖинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекіту туралы
Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында...
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы iconСалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бөлігінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница