Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны 5-12б




НазваниеСалықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны 5-12б
страница4/7
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.35 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/03/Дип.-Салық-жүйесі2006.doc
1   2   3   4   5   6   7

2 Тарау Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қатынастарға әсер ету тұрғысындағы салық жүйесі.

Қазақстан Республикасының жалпы салық жүйесі тікелей және жанама салықтардың қосындысынан түрады. Тікелей салықтар салық төлеушілердің табысына немесе меншігіне тікелей қойылады. Біздің елімізде оларға: жер салығы, мүлік салығы, табыс салығы және т.б. жатады. Ал жанама салықтар - тауар бағасына немесе көрсетілетін қызметтер тарифіне үстеме ретінде қойылып, түтынушылармен төленеді. Тікелей салық салу кезінде акшалай қатынастар мемлекет пен салықты төлеушілер арасында пайда болса, ал жанама салықтарда - салық субъектісі болып мемлекет пен төлеуші (тауарды немесе қызметтерді түтынушы) арасында делдалдық қызмет атқаратын тауарды (қызметті) сатушылар саналады.

Тікелей салықтар сондай-ақ нақты және өзіндік болып жіктеледі. Нақты салықтар мүліктің жеке түрінен төленсе, ал өзіндік салықтар заңды немесе жеке түлғалардың табыс көзінен немесе декларация бойынша өндіріліп алынады. Мүнымен қатар, тікелей салықтардың бір түрі тек заңды түлғалармен төленсе, екіншілері - тек жеке түлғалармен, ал үшіншісі - әрі заңды, әрі жеке түлғалармен төленеді.

Жанама салықтар да сипаты жағынан сан қырлы. Олардың құрамына жеке (тауардың ерекше түрлері мен топтары бойынша) және әмбебапты акциздер мен кеден баждары кіреді.

Салықтың алғашқы жіктелуі XVII ғасырдың бастапқы кезінде салықтарды жер иелерінің табысына (жер салығы - тікелей салық, басқалары - жанама) салу негізінде қүрылды. Бертін келе А.Смит өндіріс факторларына (жер, еңбек, капитал) сүйене отырып, жер иелерінің табысын капиталдан және еңбектен түсетін табыстар деп толықтырып, сәйкесінше тікелей салықтар қатарына да екі - капитал иесінің кәсіпкерлік пайдасына және жалдамалы жүмысшының жалақысына салынатын салықтарды енгізді. Жанама салықтар жайлы А.Смит былай деп айтып кеткен: "бүл шығынмен байланысты салықтар болғандықтан, осылайынша түтынушыларға беріледі" .

Барлық салықтар ҚР-ның салық заңдылығы мен Конститутциясының талаптарына сәйкес Парламентпен және кейбір жағдайларда елбасымен белгіленеді.

А.И. Худяков пен Г.М. Бродскийдің «Салық салу теориясы» атты еңбегінде, салықтарды пайдалану сипатына байланысты жалпы және арнайы (мақсатты) салықтар деп жіктейді. Салық салу жүйесінде кейбір салықтар бюджетке келіп түскен соң, бюджеттің басқа да кірістерімен араласып, жалпы қажеттіліктерге жүмсалады, яғни бүл - жалпы бағыттағы (абстракциялы) салықтар. Ал енді кейбір салықтар нақты бір шараларды қаржыландыру үшін қолданады, яғни бүл арнайы салықтар. Мәселен бүған әлеуметтік салықтарды жатқызуға болады. Қазіргі кезде арнайы салықтар (бүрын бюджеттен тыс қорларға аударылатын) бюджетте ерекшеленіп көрсетіледі. Айта кету керек, көп жағдайларда арнайы салықтар бюджеттен тыс арнайы қорлардың табыс көзі ретінде бекітіледі .

Экономикалық әдебиеттерде арнайы салықтар туралы әртүрлі пікірлер қарастырылған. Мәселен С.Г. Пепеляев өзінің еңбектерінде осы арнайы салықтардың жақсы жақтарына былай сипаттама береді: біріншіден, психологиялық көзқарас бойынша салық төлеушілер мүндай салықты бар ынталарымен төлер еді; екіншіден, салықтардың мақсатты сипаттамасы белгілі-бір (мақсатты) шығындарды жүзеге асыру қажеттілігімен айқындалады.

Барлық салықтардың бюджетке өз жолдамалары бар, яғни оларды дүрыс есептеу, төлем мерзімі және т.б., сондай-ақ бересіні (мезгілінде төленбеген салық) өндіріп алу да мемлекеттің ортақ кызметімен қамтамасыз етіледі.

Салықтың бірнеше белгілері бойынша жіктелуінің толық сипаттамасын келесі суреттен көре аласыздар (кесте 1).

Салықты жіктеудің және бір белгісі больш, олардың экономикаға тікелей немесе жанама әсер етуі саналады. Осы белгілері бойынша салық төлемдерінің жалпы жиынтығынан мынадай: баға қүрылымын, өндіріс шығынын, инвестицияны және жұмыспен қамтуды реттейтін салықтар ерекшеленеді. Салықтардың экономикалық жіктелуінің осы түрі, әрбір


Кесте 1 - Салықтың жіктелуі


Белгісі

Салық түрі

Қысқаша сипаттамасы

Салықтарды пайдалану сипаттамасына байланысты

Жалпы

Салықтардың бюджеттің басқа кірістерімен араласып жумсалуы

Мақсатты

Нақты шараларды пайдалану үшін қолданылады

Салық төлеуші мен мемлекеттің өзара қатынасы бойынша

Тікелей

Салық төлеушілердің табысына немесе меншігіне тікелей қойылады

Жанама

Тауар бағасына немесе көрсетілетін қызметтер тарифіне үстеме ретінде қойылып, түтынушылармен төленеді.

Салықтарды өндіріп алу органдарына байланысты

Республика лық

Мемлекет табысы болып саналатын салықтар


Жергілікті

Жергілікті бюджеттің табыс көзі болып саналатын салықтар

Салықтарды төлеу формасына байланысты

Ақшалай

Ақшалай формада төленетін салықтар

Натуралды

Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімінде белгіленген, кен өнімдерінің үлесі .ретіндегі салықтар

Субъекті бойынша

Заңды тұлғалар

Субъектісі болып заңды түлғалар, с.қ., резидент және резидеыт емес, түрақты мекемелердің корпорациялық салығы.

Жеке тұлғ.

Жеке түлғалармен төленетін жеке салықтар

Объектілердің экономикалық белгілері бойынша

Табыска салынатын

Кез-келген салық салу объектісінің табысынан алынатын салықтар


Түтынуға салынатын

Тауарлар мен қызметтерді түтыиғаны үшін төленетін шығын салықтары

Бюджетгік реггеу кұралы ретінде

Бекітілген

Бюджеттің белгілі түрінің табыс көзі ретінде заңға сәйкес бекітілген салықтар

Реттеуші

Жыл сайынғы бекітетін бюджет процессінде жоғарғы бюджеттен төменгі бюджетке оны теңестіру мақсатында берілетІн салықтар

Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне байланысты

Кадастрлік

Салықтарды есептеу және өндіріп алу - салық объектілерінің тізімдемесі негізінде, олардың нақты табыстарын есепке алмай, көрсетілген табыс нормасымен жүзеге асырылады

Деклара ция бойынша

Салық толеуші табыс көлемін, қажетті жеңілдіктері мен шегерімдеріы көрсетеді және салық сомасын есептейді

Табысты алу көзінде

Табысты алған жерде салық төлеушінің жүмыс істейтін заңды түлғаның бухгалтерімен сол жерде есептеліп, төленеді

Патент негізінде

Кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі қызмет түріне патент енгізуінде

Есептік экономикалық мақсаттарға сай

айналым шығынына жататын салык; өнімнің (жұмыстың, қызметтің) сатылу құнына енген қаражат нәтижесіне жататын (пайдадан салық алынбай тұрған) салық.





салықтың шаруашылық қызметтеріне жан-жақты әсер ететіндіктен, шартты сипаттамада болады және экономикалық қатынастардың барлық салаларына жалпы әсерін тигізеді. Қандай да бір салық түрінің, экономикалық қүбылыстың нақты бір түріне жатқызуы кезінде, оның үстемдік әсері ескеріледі.

В. Фроловтың еңбегінде әдеттегідей емес, салықтардың ерекше жіктелуі беріледі. Ол жіктеудің басты белгісі ретінде «әрбір салықты өндірушінің жүзеге асыруын экономикалық бағалауын» үсынды, ал ол өз кезегінде салықтарды: тіркелген немесе өндіріс деңгейіне тәуелді (мүліктік салық, қызметтің жеке түрлеріне арналған салықтар) және қайта бөлуші (табыс салығы, акциздер) деп талдады.

Баға құрылымын реттейтін салықтарға ҚҚС және акциздер жатады. Бүлар тауардың жіберілу бағасына үстеме ретінде қойылатындықтан, өнімді түтынуды реттейді. Акциздер, ерекше сүранысқа ие тауарларға анағүрлым қатаң ставкамен қойылып отырғандықтан, салық салу механизмін табысқа толығымен ауыстыра алады.

Өндіріс шығынын реттеу салықтарына кеден баждарын, жер қойнауын пайдаланушыларға, жолдарға салық салуды және мемлекеттің бюджеттен тыс қорларына аударымдарын жатқызуға болады.

Инвестицияны реттеу салықтарына - кәсіпорындардың пайда салығы, мүлік салығы, акциялар мен бағалы қағаздардың табыс салығы, .дивидент салығы және басқалары жатады.

Мемлекет салық саясатын жүргізу барысында тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізуді, бағаның бірқалыптылығын қамтамасыз етуді, жүмыссыздық деңгейін төмендетуді, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды, сыртқы экономикалық қызметті теңестіруді мақсат түтады. Осы аталған мақсаттардың бәріне бірмезгілде қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да салық саясатының басым түрі, қоғамның саяси күштерінің қүрылғысына, экономикалық конъюнктураға байланысты болады.

Салық жүйесінің жалпы жүйелік функциялардың нәтижелігі салықтардың рөлімен, эволюциясымен анықталады және мемлекеттік бюджетте қалыптасуында көрініс табады. 2003-2005 жылдарда салық түсімдерінің жылпы сомасы сәйкесінше 81 %, 81 %, 88 % құрады. Бұл салық түсімдердің өсімі туралы айқындайды. (Кесте 2)

Кесте 2. 2003-2005 жылдарда мемлекеттік бюджетке түсімдердің жалпы шамасындағы салықтардың түрінің динамикасы

Түсімдер

Жылдар

2003

2004

2005

1

2

3

4

табыстар

710173753

875896221

1241736393

С.і.










Салықтық

579964940

717358881

1101574114

КТС

269312332

310944940

524393349

ҚҚС

208598520

242122016

292831666

Акциздер

4716525

5871022

9260692

Бонустар

4036468

1170400

15168877

Роялти

5017630

75815208

122268191

Кеден баждары

31945139

39178115

49933038

Басқа да салықтар

745600

150000

96513

Салықтық емес түсімдер

51524488

63684189

36624437

Көзі: ҚР 2003, 2004, 2005 ж 8 айдың Республикалық бюджеттің орындалуы туралы мәліметтері.№12(6)

Салық салудың рөлі туралы жеке салықтар мен түсімдердің жалпы шамасы арасындағы қатынасы көрініс береді.. Осы мәліметтерді салыстыруы фискалдық реттеуші рөлі қай салыққа берілетінін анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда салықтардың ЖІӨ-дегі үлес салмағы соңғы жылдары 40%-ға жуық, бүл басқа мемлекеттерге қарағанда біршама жоғары.

Қоғамдық ұдайы өндіріс процесінің қай кезінде болмасын, үкімет салықтық реттеу арқылы ықпалын тигізеді. Ал салықтық реттеу саясатының негізгі құралы больш салық жеңілдіктері, шегермелері және несиелері жатады. Әйткенімен, бұл жеңілдіктер барлық салық төлеушілер үшін бірдей немесе олардың кейбір топтары үшін арнаулы болуы мүмкін. Салық жеңілдіктері салық минимумын, яғни салық салынатын пайдадан салық төлеушілердің табысы мен шығысының кейбір түрлерін есептен шегеруін, алдынғы төленген сомаларды қайтаруын, төлем мерзімін үзартуын, салық шегерімдері мен салық несиелерін арнайы атап өтуге болады. Осы аталған салық жеңілдіктерінің ішінен салық несиесі мен салық шегерімдерін жеке топқа бөліп көрсетуге болады. Салық шегерімдеріне - пайдаға немесе табысқа салынатын салыққа абсалютті сома немесе пайыз ретінде қойылатын шегермелері жатады. Мүның қатарына: инвестицияға, жер қойнауының тозуына, әртүрлі корларды ұйымдастыруына және т.б. жатады.

Инвестициялық шегерімдердің формасы әртүрлі болғанымен, олардың бәрі жаңа техниканы игеруді ынталандыруға және қолданбалы ғылымды дамытуға бағытталған. Жер қойнауының тозуына берілетін салық жеңілдіктері, жер қойнауынан оларды өндіріп алудың эксплуатациялық шығындарының анағүрлым жоғары болуымен байланысты, пайдалы қазбалардың ескі орнын өңдейтін, қазба саласындағы кәсіпорындарына беріледі. Осының нәтижесінде пайданың едәуір бөлігі салықтан босатылады. Ал ол өз кезегінде, салық төлеушілердің жер қойнауынан пайдалы қазбаларды көптеп өндіріп алуын ынталандырады. Мүндай салықтық шегерімдер батыс елдерінде және АҚШ-та көптеп пайдаланады. Осы тәжірибені, біздің еліміздің табиғи және экономикалық жағдайларының ерекшелігін ескере отырып пайдалануға болады. Ал әртүрлі қорларды қүру кезіндегі салық шегерімдеріне тоқталатын болсақ, мәселен жапон фирмаларында ғылыми зерттеу жүмыстарының бағдарламасын жүзеге асыру кезінде болатын шығындарына кепілдік алуы үшін, арнайы резерв қорын қүру кезінде пайда салығынан босатылуын атап өтуге болады.

Жай салық шегеріміне қарағанда, салық несиесінің өз ерекшелігі бар. Ол пайдаға салынатын салық емес, есептелген салық сомасынан тікелей шегерумен көрсетіледі. Бүл салық төлеушілер үшін ең пайдалы салық жеңілдігі. Мәселен, инвестициялық салық несиесі өндірісті қайта қүру мен кеңейту, ғылым мен техниканың дамуымен байланысты кеткен салымдар мен шығындардың көлеміне пайызбен қойылады. Ал несие мөлшері осы шығындардың өтемділігі мен қүрал-жабдықтардың қызмет ету мерзіміне байланысты.

Салықтарды шектен тыс көтеру - бүл өндірісті, кәсіпкерлік белсен-ділікті, еңбек пен инвестициялық ынтаны төмендетуге, сондай-ақ, халықтың және кәсіпкерлердің салықты төлеуден жаппай қашкақтауына әкеп соқтыратыны бәрімізге мәлім. Салық мөлшеріне ықпал ететін жалпы факторлардың қүрамына мыналар да енеді: халық табысы, салық салу объектілерінің қүрамы мен қүрылымы, салық ставкалары мен тарифтерінің көлемі, табиғи және әлеуметтік факторлар. Осы жердегі маңызды жағдайдың бірі, рыноктық экономикасы дамыған елдердің ҰТ-ның ішіндегі салықтардың алатын үлесі, экономикасы жәй дамыған елдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары, өйткені ол жан басына шаққандағы табыс деңгейіне тікелей байланысты.

Көптеген елдерде ұлттық өнім мен ЖІӨ-гі салық қысымын есептеу кезінде, орталық және жергілікті бюджетке келіп түсетін салықтардың, сондай-ақ мемлекет тарапынан тегін көрсетілетін әлеуметтік қажеттілік пен қызметтер шығынын алып тастағандағы, әртүрлі әлеуметтік жарналарды қоса есептегендегі жалпы сомасы ескеріледі. Ал біздің елімізде болса, осы күнге дейін әлемге әйгілі салық жүктемесін есептеу әдістемесі өңделмеген.

Мемлекеттің әлеуметтік аяны реттеудегі салық саясатының ерекшелігіне келетін болсақ, кез-келген мемлекет, халқының әл-ауқатын, тұрмыс деңгейін жақсарту мақсатында белгілі-бір әлеуметтік саясат жүргізуі тиіс. Ал мемлекеттің кірісті қайта бөлу функциясы, біз жоғарыда айтып өткендей, мемлекеттің салық жүйесі арқылы, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар, түрмыс деңгейі нашарларға - мемлекеттік көмек көрсету, жүмыспен қамту аясында да белгілі саясаттар жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Егерде әлемдік тәжірибеге сүйенетін болсақ, кез-келген елдің даму дәрежесі әлеуметтік саланы қаржыландыру шығынының дәрежесіне тікелей байланысты. Қазіргі заманның өзінде, дамыған батыс елдерінің көпшілігінде инвестицияны әлеуметтік аяға, соның ішінде адами капиталына салу, ұлттық байлықтың материалды-заттай элементтеріне салынатын капитал салымына қарағанда әлдеқайда жылдам артуда. Сондықтан да бағытты әлеуметтік жағдайға қарай бүрған кезде, қайта бағытталудың мақсаты мен соңғы нәтижесі болып, экономикалық өсудің негізгі көзі мен экономиканың ең негізгі факторы - адами капиталының өсуі ескеріледі.

Халыктың түрақты өмірлік деңгейін қамтамасыз ету, тек таза әлеуметтік міндет қана емес, сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық та, яғни мүнда кері байланыс принципінің іс-әрекеті де байқалады: бір жағынан халықтың түрмыс деңгейі, сол елдің экономикалық даму деңгейіне тәуелді болса, ал екінші жағынан тұрғындардың материалдық әл-ауқаттық деңгейінің өзі мемлекеттің экономикалық мүмкіндік дәрежесіне әсерін тигізеді. Соңғысы халық табысын белгілі-бір дәрежеде реттеуге, қүрылып жатқан және жинақталған байлықты әділетті бөлуді қолдауға міндетті. Бүгінгі күнде бөлу заңы мен механизмі «экономикалық теорияның» негізгі сүрақтарының бірі болып табылады. Бүл ҰӨ-ті әлеуметтік реггеудің негізгі функциясын атқарады және қоғамдық өндірістің серпіні мен тиімділігін де анықтайды.

Еліміздегі теңсіздіктің тереңдеуі елеулі дәрежеде ресми кіріс алу мүмкіндіктерін жоғалтудың және осының салдарынан, табыстың негізгі көзі ретіндегі халықтың белсенді түрде өзін-өзі жұмыспен қамтуына көшудің нәтижесі болып табылады. Алайда, ауылдағы өзін-өзі қамту ең алдымен жеке кәсіпкерлік қызметтің дамуын емес, көптеген үй шаруашылықтары үшін ақырғы күнкөріс қүралдарына айналған жеке меншік, ауладағы табиғи ауыл шаруашылығына көшуді білдіреді.

Қазақстан бойынша кедейілік тарауында елеулі айырмашылықтар бар: өңірді орташа еңбекақы деңгейі бойынша саралау жалпы алғанда үш есе, ауыл шаруашылығымен айналысатындардікі екі есе артық (соңғы бірнеше жыл ішінде жалпы алғанда ең жоғары еңбекақы Маңғыстау облысында, ең төменгісі Алматы облысында байқалған; ауыл шаруашылығындағы ең жоғарғы еңбекақы деңгейі Қостанай облысында, ең төменгісі Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген).

Сонымен бір уакытта, жекелеген аумақтардың экономикалық жағдайын жақсартуға айналатыны сирек қүбылыс. Мәселен, Маңғыстау және Атырау облыстарындағы жалпы өңірлік өнім көрсеткіші жан басына шаққандағы ең жоғарылардың бірі болып келгенімен, алайда кедей халықтың, әсіресе ауылдық жердегі, елеулі үлесі тап осы облыстарда.

Сондықтан да, қаржы түрақтылығының жалпы тәртібі бойынша, дағдарыс кезінде де және экономикалық есу кезінде де қаржы ресурстары мен бүларға қарама-қарсы қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері сәйкес болуы керек.

Қоғамның өлеуметтік-экономикалық қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі, өндірілген жалпы қоғамдық өнімнің көлеміне байланысты. Ұлттық табыстағы әлеуметтік қажеттілік көлеміне шектеу енгізу минималды күнкөріс деңгейін; минималды түтыну бюджеті; түтыну себетінің қүны; еңбек ақы, зейнет ақы, жәрдем ақы және стипендия төлеудің минималды мөлшері сияқты түтынудың әлеуметтік нормативтерін пайдалануды мүқтаж етеді. Инфляциялық жағдайда халықтың өмір сүруінің қажетті әлеуметтік деңгейін сақтап түру үшін еңбек ақы мен әлеуметтік төлемдерге индексация жүргізіледі, өтемдік үстемақылар үсынылады. Мүнымен қатар, халықтың әлеуметтік қажеттілігі мен оны қанағаттандырудың негізі болып табылатын, еңбек ақы түрлері мен жүйелерін салықтык реттеуі, яғни әлеуметгік салық пен жеке түлғалардың табыс салығының ставкасы арқылы түтынуға бағытталған қордың өсімін немесе еңбек ақы төлеудің жалпы қорын реттеуі саналады.

Табыс салығынан босатылған сома ретіндегі «күнкөріс минимумының» үғымы табыс салығын енгізгеннен кейін, көп үзамай пайда болды.

Біздің елімізде күнкөріс минимумын анықтау 20-шы жылдардың соңына қарай жүргізіле бастады. Ол жылдары минималды түтыну бюджеті жыл сайын есептеліп, осының негізінде еңбек ақы төлеудің минималды деңгейі анықталған. Күнкөріс минимумын есептеу тәжірибесі біраз жылдарға тоқтатыльга, оны қайтадан қолдану қажеттілігі тек 60-шы жылдары ғана қайтадан қажет болды. Сол жылдары Қазақстанның еңбек комитетінің еңбекті Ғылыми Зерттеу Институтының минималды түтыну бюджетінің есебі бойынша 1967 жылдан бастап айына минималды жалақыны 60 сомға дейін көбейтуді негіздеді (бүған дейінгі минималды жалақы директивті түрде айына 40 сом деңгейінде болды). Мемлекетпен кепілдендірілген және табыс салығынан босатылған табыс деңгейі, жақсы тамақтануға және барлық коммуналдық қызметті төлеуіне шын мәнісінде жетіп түрды. 1974 жылы түрмыс деңгейі нашарларға арнап, жанүяның әрбір мүшесіне айына 50 сом мөлшерінде минималды жанбасылық табысты бекіткен болатын.

Қазіргі кезде экономикасы дамыған бірқатар елдерде «күнкөріс минимумы» үғымының орнына «кедейілік шегі» көрсеткіші қолдануда. Осы кедейілік шекке сәйкес келетін табыс деңгейі уақыт өте қайта-қайта қарастырылып отырады, мәселен Ұлыбританияда ол - табыс индексациясына байланысты болса, ал АҚШ-та - ол жыл сайын қарастырылады. Қазіргі уақытта, Құрама Штаттарда халықтың шамамен 12-15%-ы кедейілік шегінен төмен деңгейде өмір сүреді, бірақ-та олардың сол төмен деңгейлі табысының өзі, адамның өмір сүруінің негізгі қажеттіліктерін салыстырмалы түрде қамтамасыз ете алады. Осы жерде Дж. Стилицтің халықтың әлеуметтік жағдайына байланысты әділеггі пікірін айта кетуге болады. Ол: «кедейілік индексі халықтың қаншасы одан төмен немесе жоғары екендігін анықтайтын көрсеткіш емес... Кедейілік индексін пайдалану, үкіметтің назарын кедейілік шегінен төмен және одан жоғары түратындарға аударуына мүқтаж етеді. Бүл әрине шығын жағынан қарастырғанда кедейлер санын қысқартудың анағүрлым тиімді тәсілі болғанымен, табысы төмен халықтың осы мәселесін шешу үшін ештеңе істей алмайды .

Егерде бізде мәселен ҚР-ның Халык Банкінде қайта қаржыландыру ставкасының шегінде салым бойынша есептелген пайыздарға табыс салығы салынбайтын болса, ал Үлыбританияда Жинақ банкінің пайыздық есебі бойынша алынған тұрақты сомадан - 70 фунтқа дейін табыс салығы салынбайды.

Кез-келген мемлекет өз елінің қаржы жағдайының түрақтылығына, қоғамдық өндірістің тұрақты өсуі негізінде, қаржы ресурстарын үнемі арттыруының арқасында қол жеткізеді. Экономикалық дағдарыс жағдайында, әлеуметтік-экономикалық даму қажеттілігіне арналған қаржы ресурстарының көлемі азаяды. Осының салдарынан көптеген қажеттілік қанағаттандырылмай қалады. Мемлекет бірінші кезекте тұрған тактикалық және стратегиялық міндеттерді бүза отырып, шектелген қаржы көлемін бірінші қажеттіліктегі шығындарды жабуға қарай жүмсайды, яғни алдағы мақсаттарын таңдауына шектеу қойылады. Ал мүндай әрекет, әлеуметтік жағдайды одан да бетер түрақсыздандыра түседі.

Жалпы, салықтар мемлекет табысының негізгі қайнар көзі болғандықтан, мынадай нақты талаптарға сай болуы қажет:

1. Салық жүйесінің тұрақты - фискалдық болуы және оның мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуді қамтамасыз етіп түруы;

2. Салық жүйесі салық төлеушіге түсінікті және түрақты болуы керек. Салық қүрылымына өзгерістерді жыл басынан енгізу, яғни тауар өндірушілер осы өзгерістерге байланысты қалыптастыруына уақыт беруі;

3. Салық салу механизмі барлық меншік түрлерінің шаруашылық субъектілері үшін, олардың қүқықтық-үйымдастырылу формасына қарамастан, бірдей болуы;

4. Салық жүйесі әділетті, ал салық жүктемесін салық төлеушілер арасында бірдей бөлу қажет. Біріне көптеп салык салу есебінен, екіншісіне салық жеңілдігін беруге де болмайды;

5. Салық жүктемесін төмендету, яғни салық төлеушілердің пайда түсіруіне, ғылыми-техникалық прогресті дамытуына, инвестициялық қызметті жылдамдатуымен байланысты қажетті шығындарды салық салудан босату;

6. Салық төлеушілердің мүддесін қорғауды қамтамасыз ету, яғни салықты төлеуші әрдайым дүрыс және заңды түрде салық тәлкегінен қорғалуы қажет;

7. Салық салудан қашқақтаудың жариялық және жариялық емес тәсілдерін жою, салық төлемдерінің дүрыстығын тексеретін бақылаудың тиімді жүйесін қүру.

8. Өңірдің және жергілікті басқару органдарының бюджетінің кіріс бөлімінің көздері нақты көрсетілуі қажет.

Азаматтардың конституциялық қүқына байланысты әркімнің жеке табысына қарамастан жалпы білімге, жасына байланысты әлеуметтік қамтамасыз етілуіне, мүгедектікке, асыраушы адамын жоғалтуына байланысты, балаларды тууы мен тәрбиеленуіне, жүмыссыздарға және ауруына байланысты тегін дәрігерлік көмекке күкықтары бар. Басқаша айтқанда, әлеуметтік аяда, нарық механизмінің әрекеті әлеуметтік мемлекеттің имандылық принциптерімен шектеледі. Сондықтан да ақылы қызметтерді, әсіресе дәрігерлік және жалпыға білім беруді үйлестіру, халық табысыньщ саралануымен және оның деңгейімен теңестірілуі қажет .

Қазіргі уақытта Қазақстанда минималды материалдық қамтамасыз ету көрсеткішінің орнына, 2005 жылы қысқа мерзімге енгізілген минималды тұтыну бюджетінің күнкөріс минимумы қолданылады. Бірақ та, оның мөлшері мемлекеттің минималды ақшалай табысын алуға беретін кепілдігі мен азаматтарды қорғаудың басқа да әлеуметтік шараларын жүзеге асыруына жетпейді. Соңғы жылдардағы елімізде күнкөріс минимумынан төмен табыс алатын халық саны төмендегі кестеде көрсетілген (кесте 3).

Кесте 3. 2003-2004 ж. Қазақстанда күнкөріс минимумынан төмен табыс алатын халық саны



Күнкөріс минимумынан төмен табысты халық

Жылдар




2003

2004

2005

Мың адам

5160,4

4736,9

4215,0

Жалпы халық санына %-бен

34,5

31,8

28,4

Көзі: Уровень жизни населения в Казахстане. Статистический сборник /Под

ред. А.А. Смаилова, Алматы, 2002, 268с (8).

Осы аталған түжырымдамаларды қорыта келгенде, Қазақстан халқының табысын саралау екі бағытта жүргізіледі екен, атап айтатын болсақ, бір жағынан, нарыққа өту, өндіріс қүралдарына деген меншіктің әртүрлі формаларының рөлін түбегейлі өзгертті. Еліміздің басшыларымен таңдалған жеке меншікті жылдамдатьш қалыптастыру бағыты ірі меншік иелерінің шағын бөлігінің жылдық табысының мөлшерін бірнеше жүздеген миллион, миллиард теңгеге жеткізсе, ал халықтың екінші, үлкен бөлігінің өмірлік деңгейі жүргізілген жекешелендірудің арқасында, әсіресе ауылды мекендерде күрт төмендеп кетті. Міне сондықтан да, біздің ойымызша мемлекет халықтың осы екі тобы арсындағы әлеуметтік қайшылықтарға көз жұмбастан, халық табысын негізгі салық әдістері арқылы реттеу қажет.

1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны 5-12б iconСалықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны 5-12б
Тарау Қазақстан Республикасының әлеуметтік қатынастарға әсер ету тұрғысындағы салық жүйесі 33-42б
Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны 5-12б icon2. Қазақстан Республикасындағы салықтардың негізгі түрлері
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратың ұлттық табыстың...
Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны 5-12б iconКіріспе
Салықтардың экономикалық мәні, қағитаттары, қызметтері түрлері
Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны 5-12б iconБюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың...
Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны 5-12б iconБюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың...
Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны 5-12б iconI Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын өндіруге және экспорттауға салынатын салықтардың экономикалық мәні
Кіріспе
Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны 5-12б iconСалықтардың Әкономикалық МӘні салықтар қаржының алғашқы санаты Салықтардың айырым белгілері
Салықтар бұл, белгіленген мөлшерде және көрсетілген мерзімдерде мемлекеттің өзінің қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруының көзі...
Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны 5-12б iconСалықтардың экономикалық мазмұны мен функциялары
Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуінің және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға...
Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны 5-12б iconТікелей салықтар және жанама салықтар
...
Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны 5-12б iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Тақырып Салықтардың экономикалық мәні. Салық және салық салу жүйесінің құрылу негіздері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница